Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Достық әнің жырлайық»

Сценарий 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Достық әнің жырлайық»

Скачать материал

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған  «Достық әнің жырлайық»

 

Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, бәрімізге белгілі бір кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулық әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі Қазақстанда 130 - дан астам ұлы үлкен өкілі бар. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр.

Қазақстан төрінде күн нұрын төксін

Жерінде жұпар иісті гүлі сепсін!

Алтын дәмді даламыз бай болсын

Ақ күмістей қаламыз көп болсын!

Бұзылмасын сәніміз

Барлық ұлттар бірлесіп

Қазақстан жерінде

Жасасын той мереке

Дей отырып «Достық әнің жырлайық атты шағын мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз.

Гимн орындалады

Қазақстанда тұратын барлық еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Сол ішінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз. Бала болсақ та, біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Сондықтанда да достар бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам басайық, қазақ екенімізді мақтан тұтайық.

Құтықтау сөз кезегін ауыл әкімі Сейтқожаев Қайсар Күнтуғанұлына береміз. Келесі құтықтау сөз кезегі Шұбар орта мектеп директоры Идрисов Асқар Ануарбекұлына беріледі.

Қазақ осы айтатұғын елге сыр.

Қазақ осы аңғыл - саңғыл жабусыз.

Қазақ осы ағыл - тегіл көл - көсір

Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы қарасын ба? Ақсын ба?

Қоңырсын ба? Жатырқауды білмейтін- деп - Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің басқа шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын сіздер мен біздерге мәлім.

«Жез киік» әні, орындайтын Иманбаева Айгерім

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

Алтынбек Қоразбаевтің әні «Сағындым Алматымды», орындайтын Оспанов Ермек

 Ел бірлігі ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге қазақтарға керек деп көркемдікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің дамуы болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі.

Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.

Бейбітшілік жасасын!

Ынтымақтық жасасын!

Қазақстан жасасын!

 Ұйғыр биі «Әппақ тошканлар», орындайтын «Наз» би тобы

Достығымыз жарасқан

Ақпыз, қара, сарымыз

Ортақ дала, туымыз,

Ақпыз, қара, сарымыз

Баршамызға Ұлы Отан

Татардан, немістен, түріктен

Көп ұлтты шаңырақ біріккен

Бәрінің жүрегін жібіткен

Ынтымақ ұраны мекенім

Әлімжанов Әділеттің орындауында «Жан-жарым» әні

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілді түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек берейік. Руслан Мамытовтің әні «Қазақстан бақыты»,  орындайтын Жұмеке Ақмарал

Тірлік деген тәтті ғой баурайды анық,

Жанарларда нұр сәуле лаулай жанып

Мамыр айы келгенде шаттанады - ау

Әрбір адам өзінше тауға айналып

«Грузин» биі

Қоштасамыз көктегі жыл құсымен,

Сүтке айналды көк шөптер гүл түсімен.

Ұжымдасқан, ұлттарым, ұлыстарым,

Сөйлеседі ақ жүрек күлкісімен

«Наз» би тобының орындауында  «Қазақ биі»

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы

Еңбек ортақ, жыр ортақ

Ортақ бізге барлығы

«Атамекен» әні орындайтын Иманбаева Айгерім

Тағдырдың төзіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты етінен түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз» Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!  «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Ендеше, бейбітшілік жасасын! Ынтымақтастық жасасын!
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! 
Бір
ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

«Бірлік бар да, тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

Осымен, бүгінгі шағын мерекелік концертімізді аяқтаймыз.

Сау - саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Достық әнің жырлайық»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2016 2950
    • DOCX 35.5 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумеке Айгерім Бакытбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумеке Айгерім Бакытбекқызы
    Жумеке Айгерім Бакытбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17628
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой