Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыШәкіртім Сүлейменова Санияның шығармашылығы

Шәкіртім Сүлейменова Санияның шығармашылығы

Скачать материал

img001                                             

           

Мен анамды сүйемін...

 

     «Ана» - әлемдегі ең әдемі сөз. Әр сәбидің  тілі   осы сөзден  басталады. Ананың баласына деген сезімі ешқашан өзгерген емес. Ананың қолы- аялы қол. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғылымдар жүргізілген бір қарапайым тәжірибе осыған дәлел болса керек.

     Ғалымдар  аналарынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, ал денесін қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп жасаған екен. Маймыл балалар сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі ана мейірімі, ана құшағы ғана екен.

     Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. Онда «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, алла соның өмірін ұзартады» делінген. Сондықтан да бізге ең жақын да, қасиетті де, қастерлі адам бұл- Ана. Мен үшін дүниеде анадан қымбат, анадан артық ештеңе жоқ. Мен анамды қатты жақсы көремін, анамды ешқашан ренжітпеуге тырысамын. Анамның ақ сүтін ақтау- парызым. Сол парызымды орындағым келеді, адам болғым келеді.  Мен неше жаста болсам да, анам мені әлі де бой жетпеген қыз деп есептейді. Мен  анама өзімнің барша махаббатымды көрсете алмаймын. Бірақ өзімнің жүрегімдегі сезімімді өз анама ұлы ақындарша  осы өлең жолдары арқылы білдіргім келеді.

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым,күнім»-дейтін

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе де мен де...

Батырларша батырданам.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген Ақ мамамды

Жүрсін деймін шаттандырып.

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің сүйікті ұстазым

 

      Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

      Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Яғни, бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

        Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Сондықтан, әр шәкірттің өзіне пір тұтар ұстазы болады, сол сияқты менің де өзіме жақын көретін, «ұстаздардың ұстазы» деп танитын мұғалімім –  Залгаринова Алмагүл Имангалиқызы. Ол кісі туралы айта бастасам көкірегім қуанышқа толып, жүзім ажарлана түседі.

       Алмагүл Иманғалиқызы бізге 5- сыныптан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. Ұстазымды  жұмысына аса ұқыпты, білімді, өз пәнінің шебері,  әр балаға үлгі болардай жан десем артық болмас. Оның   әр сабағында көздерінен шашылған мейірім шуағы мен лаулаған жалыны әрқайсысымыздың  жүрегімізге  жылу сеуіп, нұр құяды Сабақ үстінде өзінің бар білгенін оқушыға үйретуге ерінбейді, балалармен тез тіл табысады, ата-аналармен де арасы жақын. Ал мектептен тыс әңгіме-дүкен құрғанда тіптен басқа адам болып шыға келеді. Сырласып, қиындықтарымызды сеніп айтуға болатын екінші анамыздай болып кеткен.

         Аяулы ұстазым өткен оқу жылында мұғалімдердің біліктілігін арттыратын «Өрлеу» білім жетілдіру курсын оқығанда, біздің сыныбымызды, яғни 8 «А»сыныбын, тәжірибеден өтуде таңдап алды. Біздің   көкірек көзімізді ашып, дүниетанымымызды кеңейтуде көптеген жұмыстар атқарды. Біздер сабақта  өз ойымызды еркін айтып, түрлі шығармашылық жұмыстар атқардық.Сабақта ән айтып,би де биледік,сурет те салдық,әңгіме,өлең де жаздық. Алмагүл Иманғалиқызының   өткізген бір күнгі сабағының  өзі бізге шабыт беріп,сабаққа қызығушылығымызды арттырды.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

                            Жай мұғалім хабарлайды,

                            Жақсы мұғалім түсіндіреді,

                            Керемет мұғалім көрсетеді,

                                     Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дегеніндей , біздің жанымызға білім дәнін сеуіп қана қоймай,сабаққа деген ынтамызды арттырды. Осыдан кейін ұстазымыздың  әр сабағын асыға күтетін болдық.

Жаңалыққа жаны құштар жарқылдаған, 
Жігер, қайрат бойында сарқылмаған.
Сіздей жандар өмірде көп болса екен,
Жаны жайсаң, ақ ниет аңқылдаған,- деп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   Алмагүл Иманғалиқызын  келе жатқан ұстаздар мерекесімен құттықтап, зор алғысымды білдіргім келеді.

                                                  

                                                   Сүлейменова Сания,

                                                   Өлеңті орта мектебінің 9- сынып оқушысы

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шәкіртім Сүлейменова Санияның шығармашылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өлеңті орта мектебінің 9- сынып оқушысы Сүлейменова Сания - шығармашыл тұлға. Ойы көркем, тілі шұрайлы. Өзіндік ой- пікірі бар. Сіздерге ұсынылып отырған шығармалары аудандық "Ерейментау" газетінде жарияланған. Алғашқы шығармасы  ана тақырыбына арналған. Осы шығарма аудандық шығармалар байқауында 3- орынды иеленген. Ал екінші шығармасы Ұстаздар күніне орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне, яғни, маған арналған. Өз ұстазына деген ақ тілегін арнаған. Болашақта өз шәкіртіме журналистика саласында үлкен табыстар тілеймін! Болашақта бәрімізде осындай шәкірттер қатары көбейе берсін!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2015 769
    • DOCX 54.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Залгаринова Алмагуль Имангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 248890
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Педагогическая деятельность по физической культуре в рамках основного и среднего общего образования в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 408 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы психологии детского спорта в деятельности тренера-преподавателя, спортивного психолога в учреждениях физкультурно-спортивной направленности

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания раздела физической культуры "Гимнастика" в рамках дистанционного образования

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе