Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістерін пайдаланудың тиімділігі.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістерін пайдаланудың тиімділігі.

Скачать материал

Тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістерін пайдаланудың тиімділігі.
Мақсаты: сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану  арқылы оқушыларға сапалы білім игертіп, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру.

Барысы

  • Тренинг (3 минут)
  • Шар арқылы тілек айту.
  • Слайд арқылы тақырыпқа түсініктеме беру.

·         XX ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» - деген екен.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог - ғалымдар мен республика мұғалімдері жан - жақты ізденіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп нұсқалық қағидасын бекітті. Оның өзіне оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез - келген технология мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен педагогикалық шеберлік, жан - жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының 60 - тан астам стратегиялары бар:
Соның ішінде:
1. Топтастыру
2. Венн диаграммасы
3. Ішіне - сыртына
4. Дөңгелек үстел
5. Бес жолды өлен
6. Ой шақыру
7. Ой қозғау
8. Семантикалық карта тағы басқада
әдістерді сабақтарымда пайдаланамын.

Мысалы: “Кубизм” әдісімен етістік, етістік түрлерін

ВЕНН диаграммасы

  

Топтастыру әдісі

Шығармалардағы кейіпкерлер бейнесі

Шығарманың аты

Тараулар

Басты оқиғалар

Кейіпкердің іс-әрекеті

  

(Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазу қажет)

А) Қ.Аманжолов .........................    дүниеге келген.

ә) Қ.Аманжоловтың ақын,азамат болып қалыптасуына  .............           әсер етті.

б) 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы ......................... деген атпен жарық көрді.

в)  Ақын өлеңдерінің тақырыбы   .........................................

г)       ............................ Қасым мәңгілікке көз жұмды.

д) Ақынның  ........................ поэмасы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған

Фонетикалық талдау сызбасы

   Ақылды


                                               
жуан, жіңішке,аралас       буынды сөз

                                        буын :   ашық/а.б./

                                           тұйық/т.б./

                                            бітеу/б.б./

 

                               тасымал

                                екпін

                               буын үндестігі

                               дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал

                                                        кейінді ықпал

                                                        тоғыспалы ықпал

Хронологиялық кесте

 

жылдар

оқиғалар

өлеңдері

1.

1846

Жамбыл дүниеге келді.

2.

1916

Жамбыл көтеріліске қатысады.

“Зілді бұйрық”, “Патша әмірі таралды”.

3.

1917

Қазан төнкерісінің куәгері болды

“Менің әкеме”, “Шабданға”, “Шалтабайға”, “Қалиге”

4.

1919

Жетісу ақындарының слетына қатысты

5.

1934

1 Республикалық слетіне қатысты

6.

1936

Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді

“Мәскеу”

7.

1938

Ромен Роллан мен М. Шолохов 75 жылдығымен құттықтады

8.

1945

Қайтыс болды


Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруда «Венн диаграммасын», «Семантикалық картаны», «түртіп алу әдісін», пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, «екі түрлі түсініктеме күнделік» жұмыстарын қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас қалыптастыра бастайды.
Тақырып бойынша сын тұрғысында ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытамын. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды. Менің мақсатым - оқушыларды ойлау салысының ең төменгі деңгейінен жоғарғы, терең ойлау деңгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.
Соның нәтижесінде оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді:
1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді.
2. Ақыл - ойын дамытады.
3. Шығармашылық белсенділігін арттырады.
4. Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.
5. Тіл байлығын жетілдіреді.
6. Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
7. Барлық жұмысты өздері атқаруға ынта қояды, белсенділігі жоғары болады.
8. Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады.
Көрнекілік әдістерінің тәсілдері пайдалантып көрнекіліктің түріне қарай өзгеріп отырады. Көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар.
Олардың бұрын алған білімін де кенейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл - күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастарын көре білуге дағдыланады.
Сондықтан мұғалім көрнекіліктері көрсеткенде сөзбен байланыстырып, толықтырып отыруы керек. Себебі кез келген көрнекі құрал жеке нәрсені көрсетуге арналады. Табиғат суреттері арқылы адам баласының өмір шындығына тікелей қатынасы ашылады. Қазіргі таңдағы келесі проблемалардың бірі болып табылатын ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып тәлім - тәрбиеге пайдаландым.
Көрнекіліктің оқушыға берері.
1. Оқитын тақырыпты терең түсінуге, негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.
2. Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді.
3. Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.
4. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Көрнекі оқыту - ақыл - ойын, логикалық ойлауды дамыту.
Сабаққа тиімді қолданылған көрнекілік түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен таңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары айналадағы көрген нәрсеге қызыққыш келеді.
Тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайды.
Ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады. Сөздік қорларын көбейтуге, өз ойын жүйелеп байланыстырып баяндай білуге, тіл байлығын арттыруға көп септігін тигізеді. Байқампаздығы артады.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.
«Әр бала бір жұлдыз,
Жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері: инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру жолдары.

Бейнефильмді көрсету. (5 минут)

Флипчартағы сабақтар үлгісін көрсету.

Оқушылардың жұмысын көрсету.

 

Мұғалімдермен жұмыс

Әдебиет сабағынан компьютермен жұмыс түрлерін көрсету.

Ә.Тәжібаевтың  «Толағай »атты әдеби ертегіні  жұптасып оқу, аудио арқылы бір-біріне сұрақ қойып, жоспар құру.

Төмендегідей  тақырыптарды қорғау:

Әдеби ертегінің  тақырыбы мен идеясы.

Ә.Тәжібаевқа  хронологиялық кесте.

·       «Толағай» ертегісін бөлімдерге бөліп, әр бөліміне ат қойып мазмұндау,мақалмен аяқтау.

·         «Толағай» ертегісінің композициялық құрылымына талдау


Ертегінің басталуы

Ертегінің дамуы

Ертегінің байланысуы

Ертегінің шиеленісуі

Ертегінің шарықтау шегі

Шешімі

Өз пікірің


соваРАФТ


Бұл әдісті «кейіпкерге хат»  деп алса да болады. Формасын түрлендіруге  мүмкіндік бар: хат,  хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама.


     Ой толғаныс. HotSeatЫстық орындық

  • Ерлер есімі халық есінде.
  • Критериалды бағалау

Берілген  тақырыптар бойынша ой бөлісу:

  • Сабақта АКТ-ның қандай түрлерін пайдаланасыздар?
  • Оқушының білмге деген қызығушылығын қалай арттырасыз?
  • АКТ-ның оқушыға және мұғалімге тигізер пайдасы қандай?
  • Дәстүрлі сабақ беру мен АКТ арқылы сабақ беруді салыстырыңыздар.
  • АКТ –ны дамытып қолдануға қалай қарайсыз?
  • Тест тапсырманы орындату.
  • Сергіту сәті

ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім.
«Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» (Ш. Таубае
в)

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.
«Әр бала бір жұлдыз,
Жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістерін пайдаланудың тиімділігі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.09.2016 2028
    • DOCX 451.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймуханова Гулмиран Абилхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9390
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой