Инфоурок Иностранные языки Конспекты3 сынып қазақ тілі орыс сыныптарында. сыныптан тыс

3 сынып қазақ тілі орыс сыныптарында. сыныптан тыс

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу.

Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың әдістері: эвристикалық, репродуктивтік
Сабақтың тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу

1 - жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.

2 - жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3 - сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.

1 - жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)

2. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: мақал, жаңылтпаш)

3. «Ыстық орындық» (сұрақ-жауап)
4.
Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
5.
Топ басшыларының сайысы. (ия/ жоқ)
6.
Үш тілде сөйле.  (шар ішіне сурет салынады, оқушы оны үш тілде айтады)
7. Кім тапқыр?  (нұсқау сөйлемдер арқылы суретті табу)
8. Карточкамен жұмыс. (Фонетика)

9. сандарды сөйлет.

 

2 - жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1 - жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2 - жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

1 - жүргізуші: Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.
(Қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші, ақ асықты алғандар үшінші)

1 кезең. Таныстыру
І топ. «Жас қыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жас қыран»

ІІ топ. «Жас тұлпар»
Тұлпардың байқа шабысын,
Таңдаймыз жолдың алысын.
Білім менен өнерде
Қорғаймыз елдің намысын!

 

2 кезең. «Өнерпаз болсаң...» 
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық

3 кезең «Ыстық орындық»

Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы шығып орындыққы отырады.  1 сұрақ қойылады. Берілген сұраққа тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек. 
"Жас қыран
" тобына

1.     Сен қай ауылда тұрасың?

2.     Сен қай мектепте оқисың?

3.     Сенің сүйікті ісің?

4.     Оқу құралдарын ата?

5.     Апта күндерін ата ?

6.     Қалам не үшін керек?

7.     Жыл мезгілдерін ата?

8.     Қазақ тілінде неше әріп бар?

9.     Кітап не үшін керек?

10. Сен неше жастасың?
"Жас
тұлпар" тобына: 

1.    Сен неше жастасың?

2.    Сен қай көшеде тұрасың?

3.    Отбасыңда неше адам бар?

4.    Қазір қай жыл мезгілі?

5.    Өшіргіш не үшін керек?

6.    Бүгін аптаның қай күні?

7.    Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

8.    Қазақ ақшасы қалай аталады?

9.    Үй жануарларын ата?

10.      Күз айларын ата?

 

4 кезең.  Сөздер сөйлейді. Шашыраңқы сөзерден сөйлем құрайды.

"Жас тұлпар" тобына: 
1. Әжем, менің, жаста, 70 - Менің әжем 70 жаста. 
2. Барады, менің, балабақшаға, інім
. – Менің інім балабақшаға барады. 
3. Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада - Кітапханашы кітапханада жұмыс істейді.
 
4. Мектепке, барасың, сен, атаңмен. - Сен мектепке атаңмен барасың.
 

"Жас қыран" тобына:
 
1. Әкең, жаста, сенің, 30. - Сенің әкең 30 жаста.
 
2. Жұмыс, істейді, аспаз, асханада - Аспаз асханада жұмыс істейді.
 
3. Қарындасың, 2-сыныпта, сенің, оқиды. - Сенің қарындасың 2-сыныпта оқиды.
 
4. Балалармен, Асан, ойнады, футбол. - Асан балалармен футбол ойнады.
 

5 кезең Топ басшылар сайысы. Әр топтың топ басшысы ортаға шығып, қойылған сұрақтарға тек ия немесе жоқ деген жауап қайтарады.

«Жас тұлпар» тобының басшысы:

1.     Бүгін ауа райы ыстық па?

2.     Алматы қаласы қазір астана ма?

3.     Сен сабақ жақсы оқисың ба?

4.     Бүгін жаңбыр жаумады.

5.     Қыста қар жауады.

6.     Бота сиыр төлі.

7.     Талда жүзім өсе ме?

8.     Бір аптада жеті күн бар.

9.     22 наурыз - аналар мерекесі

10.  Жылқының сүті шұбат.

 

« Жас қыран» тобының басшына:

1.     Бүгін ауа райы салқын.

2.     Елордамыз Астана қаласы.

3.     Қазақ тілі сабағы қызық.

4.     Бүгін жаңбыр жауды.

5.     Жазда күн ыстық

6.     Лақ қой төлі

7.     Алма суда өседі.

8.     Бір тәулікте 25сағат бар.

9.     8 наурыз - жаңа жыл

10.  Жылқының сүті қымыз.

6  кезең. Үш тілде сөйлейік. Шар ішіне сурет жасырылады. Оқушылар шарды жарып, ішіндегі суретті үш тілде айтады.

 

Доп, алма, мектеп, кітап, мысық, балмұздақ, ана, қолшатыр, үй, көйлек.

 

7 кезең. « Кім тапқыр» Нұсқау сөзер арқылы суретті табу.

«Жас қыран» тобы                        «Жас тұлпар» тобы

1.     Дәрігер                                1.

2.     Ара                                       2.

3.     Аспаз                                    3.

4.     Машина                                4.

8 кезең. Жоғалған әріпті табу.

Көз, кұлақ,

 

9 кезең. Сандарды сөйлет. Дайындалған карточкадағы сандарды оқушылар айту керек.

 

1-жүргізуші: 
«Қазылар орнықтырар әділдікті, 
Кімдердің жауаптары кәміл шықты. 
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік
ІІІ. Қорытындылау 
2-
жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалайатты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар! 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "3 сынып қазақ тілі орыс сыныптарында. сыныптан тыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 643 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2016 1817
    • DOCX 25.9 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оралбаева Аида Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оралбаева Аида Серикбаевна
    Оралбаева Аида Серикбаевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36985
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 473 человека

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе