Инфоурок Другое Другие методич. материалы8 сыныпқа арналған сабақ жоспар «Елім деп соғар жүрегім…»

8 сыныпқа арналған сабақ жоспар «Елім деп соғар жүрегім…»

Скачать материал

Мектеп: Ильинка орта мектебі
Пән: Өзін өзі тану
Сынып:
8
Пән мұғалімі: Қаппас Н.И.
Күні ...........                                 
Сабақтың тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім…
Сабақтың мақсаты:  «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік  құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.  Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі:  Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.
Дамытушылығы: Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі:  Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тыныштық сәті
Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі.  Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен  шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық  дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.
Ойланайық, пікірлесейік  
—  «Туған ел»,  «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?
—  Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
—  Отанға, елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?
—  Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер?
—  Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?
— Кіндік қандарың  тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?

Дәйексөз    (Дәйексөздің мағынасын түсіндіру)
«Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.»
М. Әуезов

«Шет елде білім алу, шетелдік болып кету деген сөз емес- Отаныңа деген сүйіспеншілікті ешқашан да жоғалтуға болмайды.»
Н. Назарбаев
Жаңа ақпарат
Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.
Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең . Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы екенін түсініп,  үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет .
1. Бейнекөрініс     1986жыл Тәуелсіздік .
Тәуелсіздікке жету жолындағы   қазақ халқының басынан өткерген тарихи кезеңдері.

1991 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» заң қабылданғаны белгілі. Биыл тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтудің арнайы тұжырымдамасы дайындалды. Қазір Қазақстан бүкіл әлем мемлекеттері ішінде   өз орнын таба білді. Әлем жұртшылығы Қазақстан мемлекетін мойындады. Алғашында мал бағып жүрген көшпенді халықтың болашағы өркендейді деген ешкімнің ойына да кіріп шықпаған. «Ырыс ынтымағы жарасқан елді төңіректейді» дегендей , Қазақстан қазір ұлттық әл-ауқат жөнінен әлем мемлекеттері рейтингісінде 110 елдің қатарында 50 ші орында тұр. Президент Н. Ә. Назарбаевтың кемеңгер басшылығы арқасында мемлекетті қалыптастыруда ғасырдың жүгін арқалаған уақыттар өтті. Қыруар істер 20 жылда жүзеге асырылды. Ең бастысы-аспанымыз ашық, халық бірлігі жарасқан елміз.

2. Бейнекөрініс    Тәуелсіздікке 20 жыл.  « Көк тудың желбірегені»

Мәтінмен жұмыс.
Оқулықта берілген Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасынан үзіндіні оқу. Мәтіндегі негізгі идея мен түйінді сөздерді оқушыларға тапқызып , мағынасын талқылау.
Мәтін бойынша сұрақтар қою:
қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндіресіңдер?
Қарт туған жерін неге аңсады және осы мәтіннен өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
Шығармашылық жұмыс
«Менің елім Қазақстан» тақырыбында коллаж дайындау.

Оқушылар коллаж дайындап шығармашылықпен жұмыс жасап жатқанда қазақ елінің бас қаласы Астана туралы бейнебаян көрсетіледі.

Ей, Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзінен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр,бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім

Домалап қазағымның өрге тасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,
Асқақтай бер, елімнің Астанасы

Ойын «Әріп таңдау»
Ойынның мақсаты : оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру және тез ойлай алуға, ұтымдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: ойнаушылар дөңгелене отырады.Әркім өзіне бір әріпті
А, Ә, Б, Г, Д, Ғ, Ө немесе тағы бір әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы қандай әріп алғандарын сұрап , ойынды жүргізеді. Оқушылар жауабы сабақтың тақырыбына байланысты болады. Ойын басқарушының әр берген сұрақтарына тек алған әрпімен басталатын ғана сөздер болуы керек. Мысалы:
— Өз елің үшін қандай ерлік жасар едіңіз?
— Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қандай тілек айтасыз?
Ойын осылай жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс.
Мұхтар Шахановтың «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа , ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» деген қанатты сөзін өз ойларыңмен жалғастырып жазу.
Жүректен жүрекке.
Оқушылар  шеңберге жиналып , әрқайсысы арқаларына ілінген жүрекшелерге бір-бірінен деген ыстық лебіздерін, жүректерінен шыққан жылы сөздерін, жақсы әдемі тілектерін жазады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8 сыныпқа арналған сабақ жоспар «Елім деп соғар жүрегім…»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 788 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 1308
    • DOCX 18.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каппас Нурдаулет Ибрагимулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каппас Нурдаулет Ибрагимулы
    Каппас Нурдаулет Ибрагимулы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 6860
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой