Инфоурок Другое СтатьиСочинение на тему "Мен сені сүйемін- Анашым" "

Сочинение на тему "Мен сені сүйемін- Анашым" "

Скачать материал

 

СҚО

Тайынша ауданы

Чкалов селосы

«№2 Чкалов орта мектебі» КММ

11-сынып оқушысы

Нұғыманов Медеу  Нұрланұлы

Жетекшісі: Шауенова Алтын Балгановна

Телефон:87029161739

Электронды пошта:altyn.shauenova@mail.ru

Мен сені сүйемін-Анашым!

Ана десем, шешек атып жанары, 
Өмірімнің бастау алар жаңа әні. 
Ана деген тіршілікке пана боп, 
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 

 

Анам маған: «Өмір үлкен теңіздей. Сол үлкен теңіздің ішіндегі сен жай ғана ағып бара жатқан шағын ғана кеме тәріздісің.Сол кемеңді теңіздің үстінде болатын дауыл,толқындарына қарсы есе біл, әйтпесе сені сол толқындары іліп әкетеді»  деп айтып отырады.

Мен бұны кейде есейген қалыппен түсініп, кейде балалық еркелікпен түсінбеген кейіп танытамын. Сол сәтте анам қабағын түйіп ренжіген кейіп танытады. Ал мен «түсіндім, түсіндім, жай еркелеп жатқаным ғой»,-деп айтқым келеді, айта алмаймын. Бірақ, іштей қайталаймын.

Бұл сәтті мен қайта-қайта еске аламын. Бұл анамның маған деген ыстық сезімінің белгісі. Мен үшін алаңдағаны.

 “ Іштен шыққан шұбар жылан ” , -деп халқымыз айтқандай.Баласы қандай болса да, кез-келген ана баласына алаңдайды, жаны ашыйды. Баласын сүюден, аялаудан танбайтын  ана жүрегі жомарт, асыл, нағыз мәрт.Тіпті жер бетінде қыбыр еткен жан атаулы анадан туады,  ананың махаббатына бөленеді.  

Мұхаммед пайғамбарымыз  «Табиғат-құдіреттің тіршілікке тарту еткен ең үлкен сыйлығы – ана. Он сегіз мың  ғаламның  мызғымайтын бір заңы болса, ол - ананың перзентіне  деген махаббаты»,-деп бекер айтпаған болар.            

Ендеше, сондай шексіз махаббат иесі-анадан артық, қымбат не бар?

Бүгінгі аналар мерекесі қарсаңына өткізіліп отырған шығармалар сайысына қатысу, маған да  «Ана» құдіретін жеткізуге берілген, анама айта алмай жүрген жақсы тілектеріммен, сезімімді жеткізуге берілген бір мүмкіндік деп қабылдап отырмын.

Ана жайлы тіл қатпау зор күнә болса,  ана жайлы жан-жүрегіңмен құлай беріліп, сезініп, шынайы сүйіп, сүйсініп тіл қату - зор ерлік” дер едім.  

Онда, анама, жан анама деген  жүрек сырымды ақтарып көрейін. Анам- мен үшін бәрі. Анам-өмірімнің мәні.

“Жұмақтың кілті ананың аяғының астында ”,-  десе Мұхаммед пайғамбарымыз. Біздің қазақ халқы да әйел затын ерекше қадір тұтқанын, ұрпаққа да жауапты деп қарағанын  “Шешесін көріп қызын ал”, деген мақалдан көруге болады.

Және мен әдебиет сабағында  «Абай жолы» роман-эпопеясын оқығанымда, ондағы аналар образы өте таң қалдырды.Абайдай ғұлама адамның қалыптасуына «Зере» мен «Ұлжан» аналарымыздың ықпалы көп екеніне көзім жетті.Кішкентай күнінен халық ауыз әдебиетімен сусындатып қана қоймай қазақтың болмыс –бітімін, тәрбиесін бойына сіңірді. Бұл аналарымыз бойынан қазақтың тәрбиесінің аңқып тұрғанының, ақылдың көзінің  дәлелі.

Ал, Ғабит атамыздың шығармаларындағы аналар бейнесі ше, тұнып тұрған қайсарлық, батылдық, ананың бала, ұлт,жалпы адам үшін шыр-пыр болғанын байқатпай ма?!

Бұл аналар бойындағы қасиет менің анамның да бойында да бары сөзсіз. Ана бойындағы аналық махаббат олардың жасына, түр-түсіне, уақытқа қарамайды.

Осындай кезде әттең ақын болып тусам...  деген ой келеді, ақын боп тумағаныма өкінем.Үйткені жүрегімнің айтқысы келетін дүние көп, бірақ әттең керемет жеткізетін тіл жоқ. Сонда да Қадыр Мырза-Әлі атамыздың:

« Тағамның асылы –қара нан,Адамның асылы –қарт анаң» деген сөздерімен...

Одан кейінгі мұзбалақ ақынымыздың:

Ана!

          Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.

Сондықтан жыламағын, жыламағын...  деген өлең жолдарымен ана жайлы ойымды жеткізе келіп, біз үшін ананың орны өлшеусіз екнін, бізге өмір сыйлағанын жүректі шымырлатып тұрып, жеткізген әннің пайғамбары Шәмшінің  «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» деп, аналардың бар қасиетін бір жолға сыйғызған өлең тармағымен ойымды толықтырып, менің анам –менің жәннатым, аман болшы- жан анам»,- деп ақтарып отырған сырымды аяқтағым келеді.

Мен сені сүйемін-Анашым!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сочинение на тему "Мен сені сүйемін- Анашым" ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 766 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2017 1130
    • DOCX 15.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шауенова Алтын Балгановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шауенова Алтын Балгановна
    Шауенова Алтын Балгановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48731
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой