Инфоурок Другое СтатьиСтатья на тему "АКТ-ны қолдану"

Статья на тему "АКТ-ны қолдану"

Скачать материал

 

Нұртазина Замзагүл Далабайқызы,

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Астана қаласы  №41 орта мектеп

 

 

 

БІЛІМ  МАЗМҰНЫН  ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА  АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ  ҚАЗАҚ ТІЛІ  САБАҒЫНДА  ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

 «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі- тұман» ,-деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақты тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.

      «Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол». 
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне
жағдай тудыру. 

          Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - ақпараттық  технология әдістерін қолдана отырып,дамыта оқыту,қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттары негізінде оқушыларға сапалы білім беру.
       «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне еңгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

        XXI ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, мұғалімдерге үлкен талаптар жүктеледі. Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, отаншыл, ең саналы бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі – ақпараттық технология. Ал ақпараттық технология дегеніміз не? 
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өндеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік құралдардың жиынтығы. Оқытуда ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі, кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. 
             Жаңа технологияларды қолданып, оқушы бойына тіл заңдылықтарын сіңіріп, қолдана білу, ауызекі сөйлеу және ойын жазбаша беру біліктерін, дағдыларын тиімді меңгеруге  мақсат қоямын. 
       Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: 
1. Түрлі-түсті иллюстациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. 
2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым. 
3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды: 
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас; 
б)бірнеше рет тыңдау мен оқып білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанда дейін меңгертіледі. 
4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады. 
5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады. 
6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

      Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып,тән  дыбыстарды меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.
        Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі ізденістер, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын қажет етеді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, ізденіс, ойын, театр, еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Жалпы бастауыш және орта буын сыныптарымен жұмыс істеу барысында  әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеремін. 
Дамыта оқыту мен ойын технологиясын, компьютерлік және сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданып,  оқушылардың сөйлеу тілі мен жазба тілін дамытуға ерекше көңіл бөлемін. 
Барлық тілді оқығандағы ортақ әрекет – мәтінді оқу, түсініп, тыңдап айтып беру, сөздікпен жұмыс істей алу, тезис, конспект құрастыру. Осы жағдайда тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының орны ерекше. 
Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. 
       Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: 
біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; 
екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді; 
үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. 
Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәтін түсінуге тырысады.        

      Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. 
      Сабақ арасында мұндай ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, әрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Оқытудың техникалық құралдары үшін қолданылатын құралдар көп. Кейбір сабақтарымда берілген тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, еске сақтау, ауызекі сөйлеу, жазу шеберліктерін дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. 
(  «Сөзжұмбақты шеш!» немесе   практикалық тапсырмалар). 
        Мектебімізде осындай техникалық құралдарды пайдалану үшін толық жағдай жасалған. Ол үшін арнайы лингафон, мультимедиа, компьютер кабинеттері жабдықталды, интерактивтік тақталар орнатылды, интернетке шығу жолы бар. 
      Оқушыларға тез есте сақтау, сөйлемді ойда сақтау дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. Компьютер экранына бір слайдта сөйлем немесе мақал жазылады. (Мысалы, «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас!» немесе «Отан үшін отқа түс күймейсің!»). Ол сөйлемдер немесе мақал-мәтелдер белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем немесе мақал-мәтелдер жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізуге тиісті. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады.

   АКТ-ны  сабақтың басынан аяғына дейін қолданбай, керек кезінде ғана іске қосу керек. Сонымен қатар САНПиН ді де ұмытпау керек деп ойлаймын. Яғни АКТ пайдалануда оның денсаулыққа зиян екенін біле отырып, мүмкіндігінше ретімен қолданған жөн.

      Жалпы, менің оқытудағы  проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жүргізуге  тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Кез келген уақытта АКТ-ны қолдану арқылы  оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады.

      Қорыта келгенде: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел  Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

         Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Сабақты қызықты өткізу үшін, оқыту процесінде қажетті әр түрлі әдіс-тәсілдерді, тіл дамыту жаттығуларын, тест, ойын элементтерін,  дидактикалық көрнекліктерді тиімді әрі жүйелі пайдаланса оңытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тыңдағандарыңызға рақмет! 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 61-71 б.б.

2.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».

3.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».

4.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».

5.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері».

6. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23-б.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "АКТ-ны қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 042 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2016 682
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуртазина Замзагуль Далабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 759
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе