Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Статья на тему: "Қазақ тілі сабағындағы ойынның рөлі"

Статья на тему: "Қазақ тілі сабағындағы ойынның рөлі"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырып: Қазақ тілі сабағындағы ойынның рөлі

Өзге ұлтты мектептерде жұмыс істейтін ұстаздар қауымының басты мақсаты- өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету, сұрақтарға жауап қайтара білуге үйрету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда сабақтарда түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану мақсатқа қол жеткізудің бастамасы болып саналады.

Қазақ тілі сабағында өзге ұлтты балаларға сабақ қызықты да тартымды өту үшін ойынның рөлі өте жоғары. Оқушылрдың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үдерісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде, яғни сабақ барысында жаттығу орындауда қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.

Оқушылар сабаққа қарағанда ойынды ұнататын белгілі. Ойын оқушылар сабақта зерігіп, шаршаған кездерінде сергіту мақсатында ғана емес, оларға негізгі ұғым, түсініктерді толық меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып, өткен тақырыпты берік меңгерту, саналарында сақталып қалуға жұмыс жасау. Сондықтан ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы керек. Тек сол жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жеткуге септігін тигізеді.

Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар.

Олар:

  • ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;

  • ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс;

  • ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;

  • ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.

Оқытудың ең басты әрі негізгі мақсаты- білімнің сапалы, нақты, толық болуында.

Сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру, оқытудың тәрбиелік қызметі мен тәжірибелік бағытын нығайту осы ойынға қойылған мақсат- міндеттерден туындайды.

Сабақта ойын элементтерін пайдалану сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір бөлшегі. Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланған өте тиімді. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес таңдалынып алынса, оның берер пайдасы мен танымдық, тәрбиелік маңызын күшейте түсері анық. Оны тиімді қолдану мен іске асыру сабақтың әсерлігін, тартымдылығын дамытып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.

Қазақ тілі сабағында қоладнуға болатын ойындардың атаулары мен шарттары:

«Түймедақ» ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі. Таблицаның басына «Түймедақ» деп жазылады да , оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған сөздер жазылған қағаз жолақтар жасалады. Ойнау шарты: атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар бала оны дөңгелек тіліне іледі.

«Еске сақта» бұл ойынды сөздерді меңгеру барысында қолданған тиімді. Оқушылар үнтаспадан жазылған сөздерді тыңдайды, қайталайды. Есте сақтаулары арқылы дәптерлеріне жазады. Бұл ойынның тағы бір тиімділігі оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады.

«Суретті билет» ойыны. Сан есімді өткенде оқушыларға суреті бар кәртішкелер беріледі. Сөйлем құрап, сан есімді табады. Мысалы: оқушыларға гүл, торғай, қоян суреттері беріліп, солар бойынша заттың түрі мен түсі туралы сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлемді тез, дұрыс құрап, ондағы заттың түсін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып тұрғанын айтып айтып берсе, сол бала жеңеді. Мысалы: Әдемі гүл өсіп тұр. Бір торғайға ұя жасадық.

«Үндемес» ойыны. Сөйлем мен сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенде, қайталағанда жүргізуге болады. 5 оқушыға орны ауысқан сөздері бар сөйлемдер жазылған қима қағаздар беріп, оларды дұрыстап жазу тапсырылады, немесе интерактивті тақтадан көрсетіледі. Анам, әкелді, қызыл, алма, ұшады, жылы, құстар, жаққа. Оқушылар сөйлем дұрыс құрып болған соң үндемей қол көтереді де тақтаға жазады. Дұрыс жазса оқушылар алақандарын соғып қуаттайды. Егер дұрыс жазылмаса, басқа бір бала дұрысын жазып береді.

«Білім мен дәстүр сыны» ойыны.

Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрін біліп, өздігінен іздену үстінде болады.

Ойынның шарты: 1- сұрағы сабақ мазмұнына байланысты, 2- сұрағы ұлттық дәстүрлеріміздің сол сабақпен байланысты тұстарын алу.

Қазіргі уақытта қазақ тілін үйренуде оқытудың иннавациялық әдісін қолданып оқыту болғандықтан, сабақта түрлі жағдаяттарды тудыра оқыту өз жемісін береді. Ауызекі сөйлеуде сұрақтар тудыру тіл үйренушілерді әрі қызықтырады, әрі жағдаяттар тудырып, сол жағдайларға қарам-қарсы пікір айту үшін сөйлеу интенциясын сабақта беріп отыру керек.

«Қонақ» ойыны.

Қонаққа келген адамның өзін таныстыруы. Үй иелерін, яғни, шаңырақ мүшелерін қонақпен таныстыру. Бұл ойынға 4-5 оқушы қатысуына болады. Бұл ойынды отбасы мүшелерін, туыстық атауларды өткен кезде пайдаланған дұрыс. Себебі оқушылар жаңа сөздерді меңгерумен қатар сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

«Қай буынды жоғалттым ?» ойыны.

5 сыныпта буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге жаттықтыру үшін алғашқы ойын тсілін пайдалануға болады. Мысалы: қалам, мектеп, досым сөздеріндегі қа... , ... теп, дос... жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң, әрі көп тапқан оқушылар ұтады. Бұл ойынды интерактивті тақтада өткізген әсерлі, әрі тиімді болып табылады.

Сабақта әртүрлі әдістерді пайдалану оқушыларды жалығудан алшақтатады, сөздік қорының баюына ықпал етеді.

Сабақ берудің жаңа технологияларын меңгере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыруға тырысамыз. Жаңа әдістердің ерекшелігі – жеке тұлғаны қалыптастыруда, өз бетімен жұмыс істей алуда, шығармашылыққа баулуда ерекше рөл атқарады.

Түрлі дидактикалық, грамматикалық ойын жаттығуларының түрлері мен әдістері сабақтың белсенділігін күшейтуге зор пайдасы бар. Тіл сабақтары саяси- идеялық, эстетикалық, адамгершілік, еңбек және патриоттық тәрбие беруде өте ықпал ететін пән болғандықтан, тіл маманынан терең білімді, ізденушілікті, қажырлықты талап етеді. Бұл орайда оқушалардың өз бетімен жұмыс істей алуы, ортаға мән бере білуі, жан- жақты қабілетті болғаны жөн.

Грамматикалық ойындар еркін шығармашылық іс- әрекет ретінде оқушы ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын молайтып, өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландырады және оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттырып, ойлау қабілетін дамытып, ұжымшылдыққа тәрбиелейді және тапқырлық пен алғырлыққа, жалдамдыққа баулиды. Оның үстіне оқушы іскерлік пен түрлі дағдыны меңгеріп, бекітуді, қорытынды жасауды үйренеді.

Сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру, оқытудың тәрбиелік қызметі мен тәжірибелік бағытын нығайту осы ойынға қойылған мақсат- міндеттерден туындайды.

Сабақта әртүрлі әдістерді пайдалану оқушыларды жалығудан алшақтатады, сөздік қорының баюына ықпал етеді.

Сабақ берудің жаңа технологияларын меңгере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыруға тырысамыз. Жаңа әдістердің ерекшелігі – жеке тұлғаны қалыптастыруда, өз бетімен жұмыс істей алуда, шығармашылыққа баулуда ерекше рөл атқарады.

Сондықтан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде, әсіресе өзге ұлтты мектептерде сабақтың формаларын ауыстырып, балалардың тақырыпты тез меңгеруіне қол жеткізу мақсатында ойын элементтерін пайдаланып сабақ өткізу арқылы мұғалім тіл үйретуді біршама жетістіктерге қол жеткізері анық .

Ойын- тіл дамыту жұмысының нәтижесінде оқушының сөз байлығын молайтып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді, сөйлеу мәдениетін меңгеріп, қалыптастырады. Өйткені сөздерді дұрыс айту, дұрыс жаза білу – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Мұғалім мәңгі ізденіс үстінде болып, сабағының қызықты да тартымды болуына жағдай жасайды. Бұл дегеніміз мұғалімнің шығармашылық қабілетін шыңдай түседі, әрі өз алдына қойған мақсатына жетуге ықпал етеді.





















Автор
Дата добавления 23.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров69
Номер материала ДБ-095604
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх