Инфоурок Другое СтатьиСтатья на тему "Елін сүйген ұрпақ – ұлт мақтанышы "

Статья на тему "Елін сүйген ұрпақ – ұлт мақтанышы "

Скачать материал

                              Елін сүйген ұрпақ – ұлт мақтанышы 

                                     

                                                           Бекбашева Клара Хайруллиновна

                                                     Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің  оқытушысы   

 

 

        Бүгінгі таңда қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер әрбір жасөспірім жеткіншектің өміріне өз әсерін тигізуде. Әрбір жеткіншек өзінің балалық шағынан есею кезеңіне өтуде. Алайда қоғамның түбірлі өзгерістері, әрбір жеткіншектің жеке дамуына да өзгерістер әкелуде. Оның ең бастысы жастардың көбісі патриоттық сезімнің не екенін түсінбеуде. Әрине кедейліктің өсуін, қоғамның ішінен байқау қиын емес. Сонымен қатар, ең ауыры – нашақорлыққа үйреніп, бұл жолға түсіп жатқан жастардың саны күннен – күнге көбеюде. Ал нашақорлық жастарымыздың денсаулығын бұзуда, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді ұмыттыруда.
         Олай болса, қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселенің бірі деп айтуға болады

           Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға». Қазақстан тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», — деген ашық ұстаным айтты.
Иә, әрбір халықтың бақыт шекарасын айқын¬дайтын өлшемдер бар десек, оның ең бі¬ріншісі – тілі, екіншісі – асыл діні, үшін¬шісі – ғасырларға созылған тарихы.
            Патриоттық құндылық дегенiмiздің өзі — елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, ділін, салт — дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.
            Ал қазақстандық патриотизм — қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің әлемдік биіктен көрінуі үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауы.
            Қазақстандық патрио¬тизм – бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке ша-қыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру.
            Отансүйгіштік рух — тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен өз қадір-қасиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек.
            Әр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дәстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.
Саналы азамат болып қоғамға пайда келтіру, білім мен тәрбие алу, ата-ананы сыйлау және қартайған шағында оларға қамқорлық жасау әрбір жасөспірімнің парызы болып саналады.
Ал ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау.
“Парыз — ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтиды…, және де
Парыздан мықты күш жоқ,
Парыздан берік сауыт жоқ,
Парыздан нәзік сезім жоқ,
Парыздан қатал қазы жоқ”, — дейді халық батыры Бауыржан Момышұлы.
Қымбатты жас өрен, қай заманда болмасын тарихтың қозғаушы күші сол дәуірді тудырған әйгілі тұлғалар.
             Халқымыздың ұлы ақыны Абай “адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”,-деген тұжырым жасайды. Ал отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани-адамгершілік сезімнен бастау алады.
Қазақстандық патриотизм – еліміз бен жеріміздіңің тәуелсіздігі, білім мен ғылымда, мәдениетте, спортта әлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу.
Қазақстандық патриотизм — әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауы
.

          Қазақстан көп ұлтты ел. Біздің Республикамызда 120-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етуде. Ұлтаралық келісім дегеніміз – мәдени, саяси, әлеуметтік - экономикалық факторлардың құрамдас бөлігі деп атауға болады. Әр адам бала күнінен осы факторлардың барын сезінеді және патриоттық тәрбиені интернационалдық, ұлтаралық келісім, жат қылықтарға төзбеушілікпен байланыстыра отырып бойға сіңіреді деуге болады.
          Бірақ қазіргі кезеңде Отан алдында борышын өтеу қасиетті сезімі ойыншыққа айналған сияқты. Бұны айтып отырған себебім келешекте жұмысқа түсу үшін міндетті түрде әскери билетті сұрайды. Сондықтан Отан алдындағы борыштан бұрын, өз қамымды ойлап жұмыс табу үшін ғана әскерге барамын деушілер жоқ емес.

Бүгінгі күнге дейін біздер кеңестік патриотизмді мақтан етіп келдік, ал егер де Отанға деген сүйіспеншілік болмаса, кеңес халқы фашизмді құртып, жеңіске жетер ме еді?
Олай болса, бүгінгі күні ең бастысы болашақтың адамды қандай болуы керек, өз бойына азаматтық және патриот деген сезімдерді сіңіре білуінде жатыр.
Сондықтан да қазіргі жастардың патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударыла бастағанын айтар едім. Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: 1 - ұлттық - этникалық, 2 - жалпы адамзаттық, 3 - әлеуметтік - топтық. Ұлттық – этникалық дегеніміз – ұлттық намыс сезімі.

          Өз Отанын, туған жерін, еліне, халқына шын берілген адам ешуақытта ештеңемен санаспайды. Мысалы Ұлы Отан соғысында қасық қандары қалғанша соғысқан Ізғұтты Айтықов, Иван Варепо, Қасым Қайсенов т. б. аталарымызды айтуға болады. Олар қазақ жері не басқа жер деп бөлмей Отан алдындағы борыштарын атқарды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:« Біз мемлекетіміздің қолда бар мүмкіншіліктерінің арқасында, көп ұлтты Отанымыздың әр азаматының достығын сақтауға, бір – біріне сенімді болуға, жалпы Отан – үйіміздің - Қазақстан Республикасының және ешкімге осы антын бұздырмауға тиістіміз.» - деген еді.
- Өз ойымды Қазақстан Республикасының Ата заңының 36 бабымен қортындылағым келеді:
«Қазақстан Республикасын қорғау - әр азаматтың қасиетті міндеті және борышы
.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Елін сүйген ұрпақ – ұлт мақтанышы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 642 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2016 877
    • DOCX 15.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекбашева Клара Хайруллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекбашева Клара Хайруллиновна
    Бекбашева Клара Хайруллиновна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4082
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой