Инфоурок Другое КонспектыҮстеу тақырыбына арналған сабақ жоспары

Үстеу тақырыбына арналған сабақ жоспары

Скачать материал

Күні:   .02.2016

Пәні:Қазақ тілі

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Үстеу туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

         Білімділік: Үстеу білдіретін ұғымды өз беттерімен жинақтауға талпындыру,әрекеттендіру,іздендіру,ой қорытуға жеткізу;

Дамытушылық: Теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндай білуге,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу,ұлттық қасиетке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, талдау

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ,деңгейлік тапсырмалар,тест,шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,бейнелеу

Пәнішілік байланыс: Зат есім,сын есім,сан есім,есімдік,етістік, үстеу

                                                                                              Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, кезекші мәлімдемесін тыңдау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару /2мин/

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

А. Қызығушылықты ояту.

«Жіңішке, жалпақ сұрақтар» стратегиясы.

 

Жіңішке сұрақтар

 

Жалпақ сұрақтар

1. Тұйық етістіктің жұрнағы қандай?

 

 2.Әрі есім, әрі етістік болатын етістік түрін айт.

 

3. Қимыл-іс әрекет пен оны жасаушы арасындағы байланыс не деп аталады?

4. –ды, -ді,-ты, - ті жұранғын қажет ететін етістік қай етістік?

1. Тұйық етістіктің жұрнағы неге жалғанады?

2. Есімшенің жұрнақтарын ата.

 

 

3. Етіс деген не, оның түрлерін ата.

 

 

4. Сабақты, салт етістік деген не?

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Балалар, олай болса, біздің бүгінгі күні өтетін тақырыбымыз-үстеу сөз табы.

Мақсатымыз-үстеу туралы жалпы түсінік алу. Дәптерлеріңізді ашып, күннің жадын, тақырыпты жазыңыздар Мына суретке қараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, киносын да көріп жүрсіздер.

(Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»)Қожаның қай сәтінен көрініс бейнеленген?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз.(сөз табына талдату,таныс емес сөз табын табу)

1.Қожа сөмкеге бақаны лезде салды.  (сын-бейне)

2.Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не мақсатпен? мақсат үстеуі)

3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.(неге?себеп-салдар үстеуі)

4. Қожа сөмкеге бақаны салып,кейін кетті. (қайда?мекен үстеуі)

5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. (қашан?мезгіл үстеуі)

6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. (қаншалықты?мөлшер үстеуі)

7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды. (қандай?күшейткіш)

Не байқадыңыздар, оқушылар?

1.Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұр? (етістік)

2.Үстеулер дегеніміз не? Етістіктің,яғни қимылдың,іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін,сипатын,жай-күйін білдіретін,өзгертуге,грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе бермейтін сөздер.

3.Түрленбейтіндігін мысалдағы лезде үстеуімен дәлелдеу.(жалғаудың түрлерін сұрау)

         Синтаксистік талдаулар барысында үстеулер мен сын есімдерді бір – бірімен жиі шатастырып жатады.

Сын есімдер заттың сынын, мөлшерін, сипатын, түр – түсін, көлемін білдіреді.

Үстеулер қимыл, іс әрекеттің мезгілі, мекенін, сыни сипатын, себебі мен мақсатын білдіреді.

Жақсы (қандай?) адам

Үлкен (қандай?) ауыл

Сапалы (қандай?) білім

Биік (қандай?) мақсат

Бүгін (қашан?) жеткізді.

Лажсыздан (не себепті?) келісті.

Әдейі (не мақсатпен?) айтты.

Алысқа (қайда?) кетті.

Жаңа тақырыпты бекіту жұмыстары:

264 - жаттығу (ауызша): Берілген жұмбақтардан үстеулерді сұрақ қойғызу арқылы тапқызып, морфологиялық талдау жасату

265 – жаттығу: Берілген сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрғызу

Мақал-мәтелдерден,тыйым сөздерден,болжамдардан үстеулердітабу. Үстеулі жұмбақтарды шешу


І – нұсқа                                        

Мақал - мәтелдер

1.Қамшы жарасы тез бітер,            

Сөз жарасы бітпес.

2.Еріншекке бүгінінен, ертеңі оңай.

Болжамдар

1.Қыстыгүні үйде шыбын ұшса, боран болады.

2.Масалар кешке дуылдап ұшса, ертеңіне жауын-шашын болады.

Тыйым сөздер

1.Түнде суға барсаң,кесек тастамай өтпе.

2.Аяқ киімді жоғары көтерме.

Жұмбақтар

1.Жылт-жылт етеді,

Әдейі тепшіп өтеді.

2.Жардай дәулер соғысты,

Кезек-кезек оқ ұшты.

 

ІІ – нұсқа

Мақал мәтелдер

1.Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

2.Қатты жауған күн

Тым тез ашылады.

Болжамдар

1.Тауық тым ерте қонақтаса,ертеңіне жауын-шашын болады.

2.Құстар төмен ұшса да, ауа райы бұзылады.

Тиым сөздер

1.Кешқұрым күл шығарма.

2.Түнде тырнақ алма.

Жұмбақтар

1.Таңертең тұрдым,

Екі сайды қудым

2.Күндіз қашады,

Түнде аспанды басады.


 

266 – жаттығу:Берілген өлең мәтінінен сұрақ қою арқылы үстеулерді тапқызу.

Сабақты бекіту:

1.Үстеулер қай сөз табымен тіркеседі?

2. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Үстеудің анықтамасына тоқтал

Үйге тапсырма:Ереже жаттау, 267 – жаттығу: Берілген үстеулерді қатыстыра отырып сөйлем құрастырып келу

Оқушыларды бағалау

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үстеу тақырыбына арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 115 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2017 1882
    • DOCX 17.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алпысбекова Гульнур Алпысбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20944
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе