Инфоурок Другое КонспектыСабақ жоспары: Қалқаман Сарин (Сөз өнері факультативі бойынша)

Сабақ жоспары: Қалқаман Сарин (Сөз өнері факультативі бойынша)

Скачать материал

Күні: 23.01.2016

Пәні: Сөз өнері

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Қалқаман Сарин. «Ертіс...Семей...»

Сабақтың  мақсаты:

       Білімділік:  Өлең құрылысына талдау жолдарын еске түсіру

       Тәрбиелілік: Оқшылардың бойында туған жерге деген  сүйіспеншілік сезімін ояту

      Дамытушылық:Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу; шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың  типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тіл дамыту,

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар Пәнаралық байланыс:музыка

                                      Сабақ  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.(2 минут)

   Үй тапсырмасын пысықтау:

Жаңа сабақ барысы

Құрметті оқушылар! Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге әннен жұмбақ жасырғым келіп тұр.

М. Беспаев, МуАРТ тобы, К. Төленбаева, С. Майғазиевтердің орындауында көпшілік құлағына сіңген әндерді қосып, оқушыларға орындаушының кім екенін жасырамын. Жұмбақ шешілгеннен кейін тақтағы автордың суреті ілінеді. Осыдан кейін оқушыларды автордың өмірбаянымен таныстырамын.                                Сарин Қалқаман Айымғазыұлы1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдары аспирантураны тәмәмдаған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері.  Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. ҚР Үкіметінің «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Жазушылар одағының мүшесі. «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы. «Жібек сезім – Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім», т.б. ән мәтіндерін жазған.Бүгінде ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, "Астана" теле-арнасындағы «Кеш емес» ток-шоуында жүргізуші болып істейді.

                           

 

 Ертіс... Семей...

Есімнен еш кетпейсің Ертіс, Семей...
Еңсемді езе берді-ау сол кішкене ой.
Барар ем барлығын да құрбан етіп,
Бұйырып бүгін, ертең жол түссе ғой.

 

Кеудемде күмбір-күмбір шулайды орман,
Әуреге салған жанды бұл қай жалған?
Сылаңған сері күндер артта қалып, 
Бір арман қолын тағы бұлғайды алдан.

 

Осылай ой тербетіп жолда келем,
Тулайды тұла бойда толғақ - өлең.
Әп-сәтте сезім кешіп абыр-сабыр,
Беймаза мұндай күйде болмаған ем.

 

Қайтейін, ғұмыр қысқа, ал, жол ұзақ,
Тар көше, тас қаланың таңдары жат.
Аңсатып баға жетпес балалығым,
Жеткізбей бара жатыр арман ұзап.

 

Ілесіп кеттім екен қандай көшке?
Үмітім өшпесе екен. (Жанбайды өшсе.)
Есілде ел сүйсінер еркелік бар,
Ертісті бірақ, әттең, салмайды еске...
 

 

Сұрақтар:

1.     Өлеңнің тақырыбына тоқталыңыз?(Туған жерге деген сүйіспеншілік, сағыныш сезімі)

2.     Автордың суреттеуі сіздің ойыңызбен сай келе ме? Сіз туған жерге деген сағынышыңызды қалай жеткізер едіңіз?

3.     Өлең неше шумақ, тармақ, бунақтан тұрады? (5 шумақ, 20 тармақ, 3 бунақ)

4.     Өлең жолдарындағы буын санына тоқталыңыз (11 – 13 буынды)

5.     Өлең ұйқасы: (қара өлең)

6.     Өлеңде кедесетін троп түрлеріне тоқтал: (Метафора: толғақ – өлең.)

 

Шағын ой – толғау жазу:

Тақырыбы: Туған жер

 

Үйге  тапсырма: Ертіс... Семей... өлеңін жаттау

 

Оқушыларды  бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

                       

 

Ертіс... Семей...

Есімнен еш кетпейсің Ертіс, Семей...
Еңсемді езе берді-ау сол кішкене ой.
Барар ем барлығын да құрбан етіп,
Бұйырып бүгін, ертең жол түссе ғой.

 

Кеудемде күмбір-күмбір шулайды орман,
Әуреге салған жанды бұл қай жалған?
Сылаңған сері күндер артта қалып, 
Бір арман қолын тағы бұлғайды алдан.

 

Осылай ой тербетіп жолда келем,
Тулайды тұла бойда толғақ - өлең.
Әп-сәтте сезім кешіп абыр-сабыр,
Беймаза мұндай күйде болмаған ем.

 

Қайтейін, ғұмыр қысқа, ал, жол ұзақ,
Тар көше, тас қаланың таңдары жат.
Аңсатып баға жетпес балалығым,
Жеткізбей бара жатыр арман ұзап.

 

Ілесіп кеттім екен қандай көшке?
Үмітім өшпесе екен. (Жанбайды өшсе.)
Есілде ел сүйсінер еркелік бар,
Ертісті бірақ, әттең, салмайды еске...
 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары: Қалқаман Сарин (Сөз өнері факультативі бойынша)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 927 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2017 1961
    • DOCX 19.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алпысбекова Гульнур Алпысбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20941
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек