1482558
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Проект «Инфоурок» совместно с Министерством финансов РФ приглашает учителей и всех желающих к участию в Марафоне финансовой грамотности Все участники получат бесплатные документы Принять участие
Инфоурок Математика Другие методич. материалы"Студенттердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда жобалау технологиясын қолдану" баяндама

"Студенттердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда жобалау технологиясын қолдану" баяндама

библиотека
материалов

hello_html_d2628ad.jpg


Ж.Досхұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің математика пәні оқытушысы

Гүлбаршын Мүтиғоллақызы Сапахова.





Студенттердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда жобалау технологиясын қолдану.

Педагогикалық оқу орындарында білікті матеметика мұғалімдерін даярлау – мектеп оқушыларының математика пәні бойынша алатын білімдерінің жоғары деңгейде болуының кепілі. Бұл мәселенің шешімін табу арқылы біз педагогикалық және жалпы мәдени деңгейі жоғары, өз ісін жетік меңгерген жеке тұлғаны қалыптастырамыз. Оның шешімін іздеудің әртүрлі жолдары бар.

Жалпы білім беретін мектепте оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін практика жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамытуына бағыт беру. Осы міндетті орындауда болашақ мамандардың терең білімін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін білімін жалпылауға, нақтылауға, салыстыруға, меңгерген білімді өзінше пайымдауға бағыттау керек. Бұл міндетті шешуде математика пәнінде оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі жобалау технологиясын қолдану тиімді деп есептеймін.


Қазіргі уақытта математика пәнінде қолданылып жүрген жобаның көптеген түрлері бар, соның ішінде ең көп тарағаны:

  • ғылыми жоба;

  • шығармашылық жоба;

  • ойын түріндегі жоба;

  • ақпараттық жоба.

Аталған жобалармен жұмыс істеудің басында оқытушыға қажеттісі:

жобаға қатысты оқу мақсаттарын, оны әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді ойластыру;

жобаға қатысушылардың санын анықтау;

жобаны бір немесе бірнеше пәннің арнасында анықтау;

жобаға қанша оқытушы жетекшілік жасайтынын анықтау;

зерттеудің орындалу мерзімін белгілеу;

ақпарат көздерін анықтау (анықтама материалдар, кеңес дәріс, анкеталар, бақылау, интернет, арнайы әдебиет, білім беру мекемелері, т.б.).

Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:

жоспарлау;
• талдау кезеңі;
• ақпаратты жалпылау кезеңі;
• алынған нәтижені көрсету кезеңі.

Осы кезеңдер бойынша атқарылатын жұмыстар өзім дәріс беретін студенттермен мектеп математика курсы пәнінің әр тақырыбында атқарылып отырылады. Назарларыңызға кейбір жобаларды ұсынамын.


Жоба атауы: «Сан ұғымының кеңеюі»

Жоба өзектілігі: мектеп математикасында қолданылатын сандар мен оларға қатысты амалдардың мән-мағынасын ашып көрсету. Осы таңда дүниетанымдықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда математикалық модульдеу идеяларын сезінуде, математикалық тілді жалпы әлемдік тіл ретінде меңгеруде математикалық білім мен білктіліктің алар орны ерекше. Қоршаған ортаны және олардың заңдылықтардың математикалық тілде баяндау, оны оқып-үйренудің студенттердің дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу.

Жоба мақсаты: жоба тақырыбы бойынша психологиялық– педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау. Сан ұғымына берілген тапсырмаларда қажетті заңдылықтарды қолдануға болатынын өз бетімен тез анықтай білу, нәтижелерін өңдеп қорытындылау.

Жоба типі: ақпараттық, шығармашылық

Жоба әдістері: ақпарат қорларын зерттеу, салыстыру, индукция, дедукция

Жоба технологиясы: АКТ, проблемалық

Зерттеу нысаны: арнайы әдістеме

Зерттеу пәні: «Мектеп математикасы курсы негіздері» пәніндегі сан ұғымы тақырыбы

Жобаның мазмұны:

  1. Сандар тарихына шолу.

  2. Теңбе – теңдіктер.

  3. Сандармен амалдар қасиеттері, сандық өрнектерді түрлендіру.

  4. Тепе – теңдіктерді дәлелдеуге есептер шығару.

  5. Өрнектерді түрлендіруде болжам жасай білу.

Жобаның нәтижесі:

5-9-сыныптың «Математика», «Алгебра» пәнін оқытуда қолданылатын әдістемелік құрал.

І кезең. Жоспарлау.

Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады. «Сан ұғының кеңеюі» тақырыбы бойынша оқушылар алдына мынадай міндеттер қойылды.

  • Тақырыпты анықтау және таңдау.
  • Мәселені іздеу және талдау
  • Жобаның мақсатын қоя білу.
Топтар тақырыпты талқылады, нәтижесінде 3 тақырыпша бөлініп, оны зерттеу үшін топтың студенттері үш топқа бөлінеді: «Натурал және бүтін сандар», «Рационал сандар және нақты сандар», «Комплекс сандар».
ІІ кезең. Талдау.
Бұл кезеңде оқытушы жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін тағы да нақтыландырады. Әрбір топ тақырып бойынша өзбетімен жұмыс жасайды, ақпараттарды іздеп, жинақтап талдайды. Ақпаратты жинақтау тәсілін студент пен оқытушы бірлесіп таңдайды. Ол бақылау, эксперимент, әдебиетпен жұмыс және басқа әдістер болуы мүмкін. Студентке зерттеу әдістері бойынша оқытушы кеңес беріп отырады. Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты іздеудің, оны салыстырудың және класификациялаудың, байланыстарды орнатудың және аналогияны жүргізудің, талдау мен синтезді жүзеге асыру, топта жұмыс істеу дағдысын меңгереді; жеке бақылау мен эксперименттен, әдебиетпен жұмыстан алған пікірлер бір жүйеге келтіреді .
ІІІ кезең. Ақпаратты жалпылау.
Бұл кезеңде алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім, іскерлікпен дағдыны жинақтау жүзеге асырылады.
ІV кезең. Зерттеуден алынған нәтижені көрсету.
Бұл кезеңде оқушы алынған мәліметтерді және нәтижеге жетудің тәсілдерін ұғынады. Оқушылар ақпаратты алуының және талдануының әдіс-тәсілдерін суреттейді, алған білімі мен іскерліктерді көрсетеді.

Жобаның нәтижесі талданып, сапасы бағаланады.



1-топ жұмысы: «Натурал және бүтін сандар».

мақсаты: а)ақпараттық: Оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, қорытуға және сөйлеу мәдениетіне баулу. Натурал, бүтін сандардың қасиеттері тарихы туралы жинақтаған білімдерін ортаға салу жаттығулар орындауда қолдана білу.


ә)коммуникативтілік: Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, нақты айта білуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Есептер шығаруда сан жиынының қасиеттерін қолдануды үйрету.


б) проблеманы шешу: өз бетімен ойлау қабілетін арттыру, салыстыра білуге, өз білімін бағалай білуге дағдыландыру. Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу


2-топ жұмысы: «Рационал сандар және нақты сандар»

мақсаты: а)ақпараттық: , рационал, нақты сандары туралы ақпарат беру, талдау, қорыту, құрылымдау, тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинақтау;

ә) коммуникативтілік: рационал, нақты сандарының негізгі құрылымын анықтауды жүйелі түрде жұмыс істеуді қалыптастыру, өз ойын нақты айта білу;

б) проблеманы шешу: күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетіне проблема қою және шешу арқылы ұйымдастыруда өз қызметінің нәтижесін бағалауға бағыттау.

3-топ жұмысы: «Комплекс сандар».

мақсаты: а)ақпараттық: комплекс сандары туралы ақпарат беру, талдау, қорыту, құрылымдау, тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинақтау;

ә) коммуникативтілік: комплекс сандарының негізгі құрылымын анықтауды жүйелі түрде жұмыс істеуді қалыптастыру, өз ойын нақты айта білу;

б) проблеманы шешу: күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетіне проблема қою және шешу арқылы ұйымдастыруда өз қызметінің нәтижесін бағалауға бағыттау.


Егер математик–зерттеушіге ауқымды математикалық білімдермен қатар оның аясы тарлау бөлімін терең меңгеру талабы жүктелсе, ал математик–педагог үшін мүлдем басқаша талаптар қойылады. Алдымен оның қазіргі заман математикасының құрылымы жөнінде тұтас түсінігі болуы тиіс. Одан соң ғана математиканың басқа ғылымдармен байланысын және өмірде қолдану мәселелерін жақсы білу қажет. Демек, математиканы таным құралы ретінде танып, қазіргі заман математикасының шеңберінен мектеп математикасын көре білуі, математика ғылымдарының жоғары қабатынан элементарлық математиканың қазіргі ғылымда алатын орны мен маңызын дәл бағалауы және қазіргі заман математикасының тармақтарын кең көлемді білуі қажет. Мұғалім қазіргі математика мәселелерінің жалпы философиялық негіздерімен де, ғылыми тарихымен де таныс болуы керек.

Жобалау технологиясын оқу үрдісінде қолдану мұғалімдердің, студентердің, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыеттілік деңгейін көтереді.












 






 

 

 

Қолданылған әдебиет:

      1. Дьюи Дж. «Школа и общество» (1925) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. К журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 – с.

  1. Е.Г. Сатарова «Метод проектов в трудовой школе» (1926) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 – с. 12.

  2. Килпатрик У.Х. «Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе» (1928) – цит. по   «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 – с. 6.

  3. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С. Полат – М.:2000.

  4. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист, №1, 2004 – с. 42.




Курс профессиональной переподготовки
Учитель математики
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Педагогикалық оқу орындарында білікті матеметика мұғалімдерін даярлау – мектеп оқушыларының математика пәні бойынша алатын білімдерінің жоғары деңгейде болуының кепілі. Бұл мәселенің шешімін табу арқылы біз педагогикалық және жалпы мәдени деңгейі жоғары, өз ісін жетік меңгерген жеке тұлғаны қалыптастырамыз. Оның шешімін іздеудің әртүрлі жолдары бар.

Жалпы білім беретін мектепте оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін практика жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды.

ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку


Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.