Инфоурок Технология Рабочие программыСәулет өнері сабақ жоспары "Сәулет өнерінің сипаттамалары"

Сәулет өнері сабақ жоспары "Сәулет өнерінің сипаттамалары"

Скачать материал

Технология. Сәулет өнері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды Астана қаласының сәулет өнерімен таныстыру, оның қазіргі кездегі маңызы жайлы мәлімет беру.Сәулет өнерінің әлеуметтік ортада алатын орны туралы ұғындыру.Астана қаласының бейнелі суреттеріне сүйене отырып саяхат жасау.
Түрі: бейнелі суреттер, слайдтармен жандандырылған сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, сызу, әдебиет т.б
Сабаққа қажетті құрал- саймандар; фотосуреттер, сәулет өнеріне байланысты кітаптар, журналдар, сәулет өнері туралы сөздер.Карта ҚР.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Жалпы қоғамдық, мәдени орындарда балалардың өзін- өзі ұстауы жайында түсіндірме жүргізу.
б)Өтілетін сабақтың мақсатымен таныстыру.

2.Кіріспе бөлім. 1- слайд
Тастан кірпіштен, ағаштан сәнін келтіріп, суретті сарайлар салу- сәулет өнері.

Сәулет дегеніміз- ғимараттар мен құрылыстарды салу ғана емес, сонымен бірге адам баласының өмір тіршілігіне қажетті кеңістік пен ортаны ұтымды ұйымдастыра білу өнері.

А.Байтұрсынов.

Қазіргі кезде қоғамдағы адамдар сәулетті де салтанаттылықта өмір сүргісі келеді.Сондықтан сәулет өнері әрқашанда дамып отырады.Дүние жүзі халықтарының сәулет өнеріндегі өзіндік ерекшелігі ең алдымен қоғамдық даму сатысына, мәдени өркендеуіне және тұрмыс- салты мен ұлттық дәстүріне байланысты қалыптасады.

Сәлеттік құрылыстың жобасын сызып, қағазға түсіретін адамды сәулетші (архитектор) деп атаймыз.Бәрімізге белгілі Қазақстанда Астана, Алматы, Атырау т.б, қалаларда биік әрі әсем үйлердің бой көтеруі Қазақстандағы сәулет өнерінің елеулі жетістіктері болып табылады. Астана- еліміздің бас қаласы, жаңа қала, ондағы жаңадан салынған және салынып жатқан ғимараттар қазіргі ғажайып жетістігін көрсетеді.3.Негізгі бөлім

Бар бойынан табылмаған кемісі.
Сәулетіңмен тамсандырған қаламды,
Кең екенін көрсет елдің өрісі.
Әз Астана- ел жүрегі, тірегім,
Ғасырларға даңқың жетсін, тілегім.
Көк байрағым көкке қолын созып тұр,
Ұлы елімнің мұраты деп білемін.

2- слайд.Балалар Астана қаласы отанымыздың қай жерінде орналасқан?

Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыздың қасиет тұтып, қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

3- слайд. Астана қаласының елтаңбасы. Төлтаңба негізіне жетілу, шексіздік пен мәңгілікті білдіретін шеңбер алынған. Екі символ — Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру оның орталық айшықтары. Осы көркемдік шешім қаланың белгісін-де, елдің символын да өз бойына тұтастырған қазіргі Қазақстан дамуының кезеңдік сипатын да танытып тұр. Бәйтерек — төрткүл дүниені құшағына сыйғызған алып, ағаш. Ол дамып келе жатқан ғарыш кеңістіндегі тірі, ағза ретінде қабылданады. Бұл ортадағы символикамен тығыз байланысып тұр. Шаңырақ — өзің өсіп-өнген отбасыңның әлем кеңістігімен ортақтастығын білдіреді.

Осылайша ол көркемдік шешім тұрғысынан алғанда, екі символды — Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру арқылы жүзеге асырылған. Бәйтеректің негізіне, аңыздағы Самұрық құстың самғауын танытатын «құсқанаты» оюы өрнектелген. Бұл ұстаным сол жағалаудың түйіндік символикалық безендірілуі (ұясынан ұшқан Самұрық құстың көлеңкесі Президенттік паркке түсіп тұр). Төлтаңбаның бүкіл аумағы екі сақинадан тұрады, сондай-ақ оның да өзіндік бейнелі мәні бар. Сыртқы сақина ұлы даланың тарихы терең қатпарларда жатқандығын білдіреді. Ал сыртқы сақинаның қызыл түсі Оттың аластаушылық құдіретінен туған. Ежелгі түркілер отты туу, жетілу және даму ұғымымен байланыстырып, тіршіліктің тірегі ретінде бағалаған. Ошақтың отын күннің жылуына балаған. Сондай-ақ қызылмен көмкерілген от-жалынды кірер есікті білдіреді, одан өткен әрбір адамның жаны тазарып, рухы артпақ. Көшпенділер көп жағдайда қызыл түсті ерлік рух пен айбынды жеңісті бейнелейтін жауынгерлік тудың түсі ретінде қабылдаған. Ал ішкі сақина тәуелсіз Қазақстанның жаңарған бейнесін және Астананың асқақтығын танытады. «Көгілдір аспан» түсі — ұлттық иедеология тәуелсіздігінің орталық негізін айқындайтын мемлекеттік тудың түсі. Ал Бәйтерек пен Шаңырақтың біріктіріле бейнеленуі қазіргі Қазақстан тарихының терең тамырлы екендігінің белгісі. Төлтаңбада негізгі астарлармен үйлесім тауып отырған өзгеде бірнеше айшықтар бар. Әрлендіру түрінде қолданылған жасыл қаусырма көктем сайынғы жаңару мен мәңгілік жасару мұратын білдіреді. Төменгі титульды ойманың безендірілуіндегі «Астана» жазуынан симетриялық сызықтар шұғыласы тарайды. Олардың әрқайсысы шаңыраққа қадалған уықтарды білдіріп тұр. Төлтаңба халықаралық геральдикалық символикалар талаптарын сақтау негізінде орындалған. Ондағы бояу мен кескіндік тәсілдер еліміздің тәуелсіздік алуы мен дамуында шешуші рөл атқарған тұлғаларға байланысты қала өміріндегі оқиғалар төлтаңбаға идеялық-мазмұндық мән беріп тұр.

4- слайд.
Қаланың қалыптысу кезеңдерін кім біледі?

Қаланың қалыптасу кезеңдері; қаланың негізі 1832 жылы қаланған;
1961 жылға дейін Ақмола қаласы болды;
1961-1962 жылға дейін Целиноград қаласы болды;
1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес, 1997 жылы 10 желтоқсанан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз қазақ мемлекетінің астанасына айналды.Ал Елбасының 1998 жылы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.

5-6 слайд. Енді Астанамыздың архитектурасы жайлы не білеміз?

Жаңа мыңжылдық тоғысында бой көтерген астанамыз- 21 ғасырда тәуелсіз Қазақстанның болашаққа сеніммен бет түзеген алып жолдарының жарқын бір айғағы. Астананың бас сұлбасын жасауда жапон сәулетшісі Киси Курокаваның эскиз- ойлары негізге алынғаны белгілі.Қаламыз қазір екі бағытта қанатын кең жаюда:бүгінгі көне орталық жаңа сәулетті ғимараттармен бой түзей бастаса, Есіл өзенінің сол жақ жағалаудағы ашық алаң зәулім құрылыстармен таң қалдыра бастады.

7-8-9-слайд.Қаланың көрнекі орындары туралы кім айтады?

  Елордамыз- Астана қаласының күннен- күнге гүлденіп, көркейіп, аумағы кеңейіп келе жатқанына барлық қазақстандықтардың көңілі толып, қуанатыны күмәнсіз.

Қаланың басты даму бағыттары; құрылыс бизнес орталықтары, сауда орталықтары;тұрғын үйлер құрылысы;Есіл өзенінің сол жақ өңіріне жаңа қаланы тұрғызу; көпірлер мен айналмалы жолдар жүйесінің құрылысын салу; әр түрлі ойын- сауық, демалыс орындарын құру;спорттық- сауықтыру кешендерінің құрылысын салу, білім саласы, мәдени және денсаулық сақтаудағы қызмет көрсету орындарын дамыту.Астана аумағының мемлекеттік жобасына қарасты бірнеше жобалар жоспарланып отыр.

10-11-12-13-14-15-слайд.Қазақстан сәулет өнерінің қандай көне ескерткіштерін білесіңдер?

Отырар қаласы орнының маңындағы Арыстан бабтың мешіт- кесенесі бірнеше рет бүлініп,20-шы ғасырдың басында соңғы жөндеуден өтті.Ол күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.Оның тік бұрышты пішімі және күмбезі төбесі бір- бірімен жарасымдылықта әсем көрінеді.Намаз оқитын залы, кітапханасы және күзетші бөлмесі мен қажылар тұратын үйлері бар.Алдыңғы бөлмеде Арыстан бабтың үш шәкірті, ал ішкі бөлмеде өзінің сағанасы жатыр.Үйдің көрнекті қасбеті оңтүстікке қаратылып, симметрияға жуық композиция құрған.Арыстан баб кесенесінің сәулеттік жобаларын ойлап табуда берілген жаңа түр- оның композициясының фронтальды болуы, оның порталына сәулетті өңін келтіріп тұрады.Ұшы- қиыры жоқ ұлы далада сұлулықты, табиғатпен тамаша үйлесімдікті бойына сіңірген дала адамы мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін де жасады. Бұған «Ахмет Йассауи кесенесі» тәрізді көне дәуір мұралар дәлел бола алады. Әдетте, тарихи маңызы бар ескерткіштерді шын мәнінде ғылыми тұрғыда қалпына келтіру үшін мүмкіндігінше сол мұраның түп нұсқасы сақталуы керек. Қазақстанның түпкір- түпкірінде сақталған ескі тұрғын үйлер арқылы халқымыздың өткендегі өмірін, өнері мен мәдениетін зерттеп білуге болады.

16-17-слайд.Шет ел сәулет өнерінің қандай көне ескерткіштерін білесіңдер?

Ең үлкен масштабтағы сәулетті ғимараттардың бірі, аса зор анфитеатр ежелгі Римнің архитектуралық ескерткіші- Колезей «Әлемнің жеті кереметінің» біріне жатады.Ол өзінің аумақтылығымен Египет пирамидасын еске салады.Колезей- біріншіден, мерекелік, екіншіден, ақсүйектер мен барша халық үшін пайдаланатын орын.Оның кіру және шығу есіктері көрермен топты жылдам өткізіп жіберуге мүмкіндіктер ашады.Колезей амфитеатрына елу мың көрермен сиятын болған.

18-19-20-21-22-слайд.Әлемнің жеті кереметін кім атайды?

Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келді.Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің өкінішке орай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол- пирамидалар, ежелгі Египет патшалары- перғауындардың тастан қаланған сағаналары.ең үлкен Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі147 м, біздің заманымыздан бұрынғы 2 –ғасырда, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Әлемнің ендігі бір кереметі- Семирамиданың аспалы бағы:ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы- Вавилонда болған.Ел аузында қалған аңызға қарағанда бұл бақты патша Ханым Семирамида салдырса керек.Гректің әйел пірі Артимиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы ғибадатханасы әлемнің үшінші кереметі деп есептелген.Ол кілең мәр- мәр тастан жасалған.120 жыл бойы салынып, жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Грекияның оңтүстігінде олимпиялық ойындар орталығы- Олимпиядадағы ғибадатханада ежелгі гректердің сыйынатын құдайларының бірі Зевстің мүсін бейнесі болған.Олимпия Зевстің бұл мүсіні бұдан 2500 жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған.

Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы.Галикарнаста (қазіргі Түркияның Бордум қаласы) бесінші керемет аталады.Бұл- Мавсол патшаның кесенесі болған.Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Родос аралына атақты қолбасшы Деметрий шабул жасайды.Алайда, Деметрий еркіндік сүйгіш родостықтарды жеңе алмайды.аралды жан қиярлықпен қорғаған қаһарман ерлер құрметіне олар жер бетіндегі ең үлкен мүсін ескерткіш орнатады.Бұл алтыншы керемет- радос алыбы деп аталады. Бәрің білетін «фара» (үлкен шам) атауы әлемнің жетінші кереметі.Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында.Александрия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен шамшырағы орнатылған.Бұл үш қабат мұнараның биіктігі120 мболған.Әлемнің жеті кереметі деп есептелетін мүсіндер мен құрылыстар, пирамидалардан басқасы құрып біткенімен, олардың атағы ғасырлар бойы өмір сүреді.

«Біз сәулетші» ойыны.

Оқушыларға таратпалар таратылады, әр оқушы Астанадағы ұнайтын ғимараттардың жоба суреттерін салып, өз ойларын жазу керек.

Сұрақ- жауап кезеңі.
1.Сәулет өнері дегеніміз не?
2.Сәулет өнері қай өнерге жатады?
3.Астананың әсем ғимараттарын ата.
4.Әлемнің жеті кереметін ата.
5.Қазақстанның көне ескерткіштерін ата.

Сонымен; қортындылайық.

Бәрі көз алдымызда өзгеруде, осы аз уақыт, серпінді жылдар Астана қай жағынан болсын көркейді.Сәулетімен де, зиялы әулетімен де, ой- парасатымен де еуразиялық кеңістіктің діңгегіне айналды.Бүгінгі Астана- Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып көркеюінің тетігі.Қазақ елінің әлемдік қауымдастықта өз орнын айқындаудың куәсі.Осы Астананың тірегі, болашақтан үміт күтер ұрпағы мына тұрған жас жеткіншектер, өздеріңсіңдер.Осы қаланы көркейтіп, көтеріп кету өздеріңнің қолдарыңда.Тыңдап қатысқандарың үшін рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сәулет өнері сабақ жоспары "Сәулет өнерінің сипаттамалары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 190 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2018 6779
    • DOCX 52.8 кбайт
    • 69 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таштаева Айганым Мухамеджанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19732
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 094 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 074 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 988 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 583 человека

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека