Инфоурок Другое Рабочие программыТақырыбы: Мамандығым - мақтанышым

Тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым

Скачать материал

Алпанова Айнұр Сағындыққызы

Мамандығым – мақтанышым

Маман. Бұл сөдің мәні терең. Кез-келген істі атқаруға болады. Бірақ мәселе оның орындалғанында емемс, қандай деңгейде орындалып жатқандығында деп ойлаймын. Әркім өз ісінің майталман маманы болуға тырысу керек.  Ал ол үшін мамандығын жүрегімен қалап,көңілімен таңдау керек.

Педагог. Ұстаз. Тәрбиеші. Бұл мамандықты таңдаған жандардың жүрегі кең,жаны жайсаң жандар болары анық. Өйткені бұл мамндық- күрделі де жауапы іс. Ағарып атқан ақ таңда күнәсіз сәбилерді қарсы алу,олардың пәк күлкісіне бөлену,тәтті тілдерінен сөз тыңдау,тәрбиеші үшін бір бақыт. Әр баланың өзіндік ерекшеліктері,қылықтары,талабы мен икемдері тәрбиешінің назарынан бір сәт те тыс қалмауы керек. Құнарлы жерге жаңадан отырғызған жас шыбықтай сәбилерді мәпелеп,күте білу керек. Балабақшаны алып баққа теңесек,тәрбиеші – алып бағбан дер едім. Тәрбиеші бірнеше жыл өзі өсіріп,баққан балаларымен қоштасар алдында қалай тебіреніп,толғанады десеңізші. Ұлы жолдарына сәттілік тілеп қала береді. Олардың жетістіктеріне сырттай мақтанып,марқайып та жүреді. Тәрбиешінің алдына келген әрбіір бала өзінің қолтаңбасын мәңгіге қалдырады.
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі білім берудің неше түрлі арналардың күрделі механизмі, онын негізгі арқауы, келелі мәселелерін шешетін балабақша болып табылады.
Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қайта құрудың басты шарты – балабақшаға қолайлы жағдай жасау, оларға тәрбие мәселесінде еркіндік беру, мектепке дейінгі мекемелердің материалдық техникалық базасы, кадр т.б. өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін экономикалық қуатын арттыру. 
Тәрбиеші – балабақшадағы басты тұлға. 
Сондықтан балалар тобындағы психологиялық ахуал, балалардың өзара жарасымды қарым – қатынасы олардың балабақшаға келуінің ынталылығы, көптеген басқа да жәйттер тәрбиеші жұмысына байланысты. Ол ата – аналармен бірге баланың дұрыс өсіп жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанада жүргізетін ықпалды тұлға. 
Мектепке дейінгі мекеме жүйесін қайта құру ісіне педагогтардың қатысуына жағдай жасау үшін шығарымпаздығын, жаңашылдығын, өзін іс жүзінде көрсете алуын қуаттай білуі қажет. 
«Адамды адам ғана тәрбиелей алады» деген қағида кімге болса да басшы болуы тиіс. 
Аталғандармен қатар тәрбиеші еңбегінің жарасымдығын қамтамасыз ету үшін нақтылы шаралар белгілеп, оны іс – жүзіне асыру қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мүдделеріне сәйкес кадрларды іріктеп даярлау, олардың жұмыс әдістерінің тиімділігіне берілетін баға шегін анықтау, экономикалық ынталандыру, психологиялық – педагогикалық, әлеуметтік қызмет көрсету сияқты жанды мәселелер шешуілуі қажет. 
Соңғы уақытқа дейін тәрбиешіге қойылған талаптар балаларды пәндік дағдыларға үйрету, ойын, оқу еңбегіне жаттықтыру жағы басым болды да тәрбиешінің де, балалардың да жеке бастарын қалыптастыру жағы бірталай жағдайларда назардан тыс қалып келді. 
Баланың жеке басының адам болып қалыптасуына көңіл бөлетін уақыт жетті. Мұндағы мақсат – баланың жасына, жеке басының ерешеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптатыру болып табылады. Осыған қарай тәрбиешінің міндеті баланың қалыпты дамып, оның ұнамсыз жағын тезге салуға ықпал жасауына жағдай тұғызу қажет болады. 
Негізгі бағыт – бала бойында дүниетаным қалыптастыру, әлеуметтік және психологиялық мәдениет тәрбиелеу, құбылысқа толғана, тебірене білуге

үйрету. 
Бұл бағыттардағы іс әрекеттерді балабақша мен әлеуеттің бірлесе атқаратын қарым – қатынасына баса көңіл бөлуіне тиіс. Ата – ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да бірінің жұмысын екіншісі ауыстыра алмайды, сондықтан олардың қарым – қатынасы бірін – бірі толықтыру, бір – бірімен түсінісу, бір – бірінің бағытында құрылуы тиіс. Бала толық мәнінде адам санаты өсуі үшін үлкендермен тілдесе, толғана, тебірене біліп, жұмыс үстінде араласып, үлкендерді қадір, құрмет тұтып, оларға қамқорлық жасай білуі керек. Сондықтан балабақша мен әлеуметтің табиғи жалғасы болып, ата – аналар мен тәрбиешілердің біртұтас педагогикалық ұжымы құрылуы тиіс. Мектепке дейінгі мекеме өмір әулет, қалың жұртшылық басқа да әлеуметтік орталардың көз алдында өтетіндей құрылуы керек. Ата – аналар өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өтіп жетілетіндігі, интелектуалдық және қабілетінің қалыптасатынын көріп біліп отырғаны абзал. Осы мақсатқа байланысты мектепке дейінгі мекеме мен ата - аналардың қарым – қатынасына қолайлы, олардың құқығы мен міндеттерін анық белгілейтін ережелер қағидасын жасау қажеттігі туындайды. 
Балабақша табиғатын баланың әулеттігі әлеуметтік тұрмысына жақындайтын кейбір құрылымдылық және ұйымдастырушылық жағдайлармен толықтыру керек болып отыр. Оны ең алдымен балабақшаларды ықшамдаудан, олардың типін кеңейтіп, әр жастағы топтар ұйымдастыру сияқты шаралардан бастау пайдалы болмақ.

Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар,мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қолжеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» - дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін

дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ деген бұлжымыс заңдылық ерте уақыттардың өзінде –ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жыиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам... Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының,жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. мұғалімге қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екендігі айқындалады.

Ұстаз көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет.Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті - әдеп. Әдеп  мұғалімнің әрбір нақты ісүстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріпәкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағандапедагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрысмәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының айнасыболып есептелінеді. Әдепті ұстаз болмай тұрып, шебер ұстаз болу мүмкін емес. Сонымен,ұзтаздық шеберлік  тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығығана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойғасіңіруін үйретуі. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оныңынтасы, пәнге деген қызығушылығы артпайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан - аяқ өзіталдап, өзі түсіндіріп, оқушының ойлау қабілетін дамытпайды. Ал қазіргі жаңа технологияғабайланысты білім беруді оқушы өзі ізденіп, өз білгенін жолдастарына жүйелі түрде жеткізебілсе, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді. Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі. Алдымызда отырған шәкірттер – білімді қажет ететін шәкірттер. Олар заман талабына сай қазіргі компьютер тілін жетік біледі, интернеттен хабардар, барлық затты ажырата алатындәрежеде. Сондықтан олар мұғалімнен көп жаңалықтар күтеді.  Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі. Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі. Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Сондықтан мұғалімнің жан – жақты болуы шарт. Сонда ғана болашақ жастардың білімі мен тірбиесінің  толықтай дұрыстығына сенімді бола аламыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 709 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 852
    • DOCX 51.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алпанова Айнур Сагындыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алпанова Айнур Сагындыковна
    Алпанова Айнур Сагындыковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15755
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой