Инфоурок Другое Научные работыТақырыбы: "Сөйлем түрлері" эссе

Тақырыбы: "Сөйлем түрлері" эссе

Скачать материал

                                    Өзін - өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Қ.Қайдосов орта мектебі

Тақырып: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Адалдық, шыншылдық,қарапайымдылық

Мұғалім: Ералина Асем

 Сынып: 8

Сабақ мақсаты:

Достар арасындағы рухани жақындықтың ақиқат құндылық ретіндегі мәнін ашу.

 Міндеттері:

1.Білімділік:оқушыларға әңгіменің мазмұны арқылы адами қарым-қатынастағы және достар арасындағы шынайылық, дос жүрегіне қаяу түсірмеу туралы түсінік беру;

2.Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойдың,сөздің және істің бірлігін сақтау,барлығынан  жақсылықты көру,өз-өзіне-адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге дағдыландыру;

 

3.Тәрбиелік:оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар мәліметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Орманға саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз.  Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.

·         Үй тапсырмасы: Екі дос (Аңыз әңгіме)

 

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

·         Достық нешеу?- деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:

·         Достықтың екі түрі болады.Бірі- адал достық та,екіншісі- амал достық.

·         Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?- дегендерге:

·         Адал достық- өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады, адал дос қашан да жаныңнан табылады.Ал амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың,-деп жауап берген екен Әйтімбет.

·         Аңыз әңгіменің идеясы неде?

·         Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

-Өз достарыңа көмек көрсетіп жүрсіңдер ме?

«Пікір алысу»
1. Дос пен жолдастың айырмашылығы қандай?
2. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
3. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
4. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?
Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

(Оқушылармен талдау)

Дос жүрегі - шар айна

Сындырып алма абайла

 

Әңгімелеу.  Мұғалім сыйы  « Тақтаға қағылған шеге »

-  Өткен заманда бір кісінің өте бұзақы, сотқар мінезді баласы болған екен.Баласының бұл мінезіне кейіген әкесі күндердің бір күнінде оны шақырып алып, былай дейді.

Әкесі: -Міне, мұнда тақта мен шеге, балға қойдым.Сен енді күнде қаншама адамды ренжітсең, тақтаға сонша шеге қағып жүр. Апта соңында тағы сөйлесеміз.

-          Аптаға толмай бала 3 күнде 37 шегені бірден қағып тастайды, апта соңында тақта толып, баланың шегесі таусылады.

Баласы: -  Әке, мен тәртіпті бала болғым келеді.Достарымды ренжіте беремін. Ол үшін не істеуім керек?-дейді.

Әкесі: - Ендеше, күнде қанша адамды сыйласаң, сонша шегені алып тастап отыр.

-          Бала айтқанын істеп, шеге бір күнде 2-3, екінші күні тағы көптеу, солай барлық шегені тауысады.Сонда әкесі келіп:

Әкесі: - Балам, мұның жақсы, түзелгенің ғой.Бірақ мына тақтайдың беті алғашқыдай бола ма? Қанша тырыссаң да, енді оның бетіне дақ қалды.

 

  1. Мазмұны бойынша сұрақтар:

Әңгімеден не түсіндіңдер?

  1.  Құндылығын айқындайтын сұрақтар:

Бұл бала қандай?

-Ол өзін қалай түзетті?

-Бала өз қателігін түсінді ме?

  1. Өмірмен байланысты сұрақтар:

 

-Өмірде досыңды ренжіткен кезің болды ма?

-Қалай татуластыңдар?

 

 

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 

Топтарға тапсырма беру.

Төмендегі тақырыптарды постер арқылы (сызба жұмыстары)

 кластер құрып қорғайды.

1-топ. «Дос-ана»

2-топ  «Дос-құрбы»

3-топ  «Дос-ұстаз»

Достық жайында кім қандай  мақал- мәтелдер біледі екен?

1.       Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

2.      Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды

3.      Достық қымбат өмірде

4.      Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіртіп айтар

5.      Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көріне мақтар

6.      Күлме досыңа, келер басыңа

7.      100 сом ақшаң болғанша, 100 досың болсын

8.      Сыйласаң – сыйлы боласың

9.      Бірлесе көтерген жүк жеңіл

10.  Түсінесе білу – жақсы қасиет

11.   Білімдімен дос болсаң, сасқанда ақылын айтар

Білімсізбен дос болсаң, топ ішінде бетің қайтар

12.   Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең

13.   Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы

14.   Дос адам артық сұрамайды

15.   Дос достың кемшілігін кешіре береді

16.   Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас

17.   Екі ердің достығы, асулардан асырар

Екі елдің достығы, ғасырлардан асырар

18.   Дос табу оңай – сақтауы қиын,

Жау табу оңай – тоқтауы қиын

Ойын: «Ол кім?»

Топтың берген мінездемесі бойынша кім туралы айтып тұрғанын табу керек.Әр топтан бір оқушы шығып сыныптағы бір оқушыға мінездеме береді,басқа топ мүшелері сол берген мінездеме иесінің кім екенін анықтау үшін қолдарын көтеріп жауап береді.

«Сен нағыз дос екенсің!» кезеңінде топпен көрініс көрсету

(өмірдегі өздері куә болған түрлі жағдайлардан)

 

 

Топпен ән айту.Жан-досым(Т.Молдағалиев)

1.      Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!

2.      Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.

Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!

3.      Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.

Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін

 

8.Үй тапсырмасы.

 «Менің досым» тақырыбына коллаж жасау

 

 Қорытынды:

Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақты есімізге түсірейік;

-Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?

-Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегімізге жеткізіп сақтайық.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Сөйлем түрлері" эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 670 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 579
    • DOCX 21.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ералина Асем Серикбаева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ералина Асем Серикбаева
    Ералина Асем Серикбаева
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14339
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой