Инфоурок Другое СтатьиТақырыбы: "ЖАМБЫЛЫМ - ЖЕР ЖАННАТЫМ"

Тақырыбы: "ЖАМБЫЛЫМ - ЖЕР ЖАННАТЫМ"

Скачать материал

Жамбылым – жер жаннатым

 

Әлемнің ұстазы саналатын Аристотельдің айтуынша, адам туған топырағына тартып туады. Рас, қазақтың киелі топырағы от тілді, орақ ауызды ақындарды, би-шешендерді, жаужүрек батырларды дүниеге әкелді. Топырағына тартып тумаса маң-маң дала Маңғыстауда Махамбеттер дүниеге келер ме еді? Ақ түтек бораны буырқанған Жуалы Бауыржандай батырды бізге берер ме еді? Сұлу Көкше Сәкендей асылды жарық дүниеге әкелер ме еді? Ежелден-ақ көзі қарақты, көкірегі ояу ұлыларды тудырған Семей қазаққа Абайдай дананы берді емес пе? Сондықтан да болар, біздің халық даналығында «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген терең мағыналы сөз бар.

         Ағымдағы жылы Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толғалы отыр. Облыстың аты қазақ  және кеңес ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақ даладан ТяньШаньға , Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мы км². Облыс орталы – Тараз қаласы. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылды округтерде 379 ауыл бар.

Міне, мен де өз туған жерімнің асыл қасиеттерін айтып, мақтан тұтпақпын. Туып-өскен Жамбыл жерім шынында нағыз жұмақтың өзі - жер жаннаты. Ежелден-ақ аты Ұлы Жібек жолы арқылы күллі әлемге танымал болған мекенім тұмса табиғатымен де көптің көңілін сүйсіндіреді. Ән-күй, жыр өнерін ерекше көкке көтерген суырып салма ақын, жырау Жамбыл Жабаев осы жердің тумасы. Әулиеата, Мирзаян, Жамбыл,Тараз деп аталған бұл жер ең тарихы бай өлкелердің бірі. Сәулет өнерінің үздік нұсқасы болып табылатын Айша бибі, Қарахан, Бабаджа қатын кесенесі де осы мекеннен орын алған. Дәл осы өңірде 550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргесін қалады. Осы бір тамыры тым терең жатқан Жамбыл жерін түлетіп, атамекеннің атағын асқақтатқан қөптеген биік тұлғалар шыққан. Атағы жер жарған ақын-жазушы, әртіс, әнші, композитор, спортшылар шығып облысымыздың мерейін асқақтатып жүр.Шындықтың жебесіндей атылған әйгілі жазушы Шерхан Мұртаза, нәзік иірімдердің, мөлдір ойлардың иесі Күләш Ахметова қазақ әдебиетіндегі айрықша есімдер. Қазақ кино өнеріндегі біртуар тұлғалар Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, ән өнерінің күміс көмей, жез таңдай әншілері Ілия Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Мэлс Өзбеков, Мейрамбек Беспаевтарды атасақ, айтыс ақындары марқұм Аяз Бетбаев, Әзімбек Жанқұлиев, Мұхамеджан Тазабеков, Айнұр Тұрсынбаева талай айтыста топ жарғандар.

Қазақ поэзиясына құйындатып, жауындатып келген Маралтай Райымбекұлы, бұл күнде қазақтың көрнекті ақыны атанды. Өлеңде өзгеше өрнегі бар Ерлан Жүніс, Жұлдыз Бейсек, Данияр Әлімқұл, Жанғазы Ахмет, Нұрболат Сатымқұл, Нұрболат Жолдасбек, Наурызбек Саршаев, Арайлы Жақсылық сияқты жас ақындар легі бұл күнде республика көлеміне танылып келе жатыр. Одан бергіде байрақты бәсекелерде топ жарған жеңімпаз спортшыларымен, өнер майталмандарымен де абыройы асқақтап келеді.

Әйгілі сазгер Мэльс Өзбековтың «Келші Құланға» әні жергілікті әнші Досымжан Таңатаровтың орындауымен қалың елге жетіп, жүрегінен орын алғаны белгілі.

«Үмбет құмын асып,

Жібек жолын басып,

Келші, сәулем, келші,

Біздің Құланға» деп өрілген өлең туған жердің перзенті үшін тым ыстық екенін сездірмей ме?

–Өнер адамы болған соң жолда көп жүреміз ғой. Ауылымның тұсындағы күре жолмен қайда тартсам да тоқтап, саф таза ауасын жұтып, сағынышымды басамын. Алыс жолдан шаршап-шалдыққанда осы бір Шал тауының баурайындағы кішкене ғана ауылым үнемі перзенттерін күтіп тұрғандай сезіледі маған, -дейді белгілі әнші Досымжан Таңатаров.

Ал, Сидней олимпиадасының жеңімпазы, танымал боксшы Ермахан Ибраимов:

–Менің туған жерім өте киелі. Әйтпесе осыншама тұлғаларды тудыра ма? Әрдайым жері қасиетті туған ауылым, ел-жұртым жүрегімнің төрінде тұрады. Оларға деген махаббатым шексіз, -деп тебіренеді өскен өлкесі жөнінде әңгіме қозғағанда.

         Жамбыл өңірі жайсаңдардан кенде емес. Әрбір азаматтың өзінің орыны, өзіндік үні бар. Жалпы, Жамбыл жері, Әулиеата мекенін қасиетті сөз қонған өлке. Қазақтың қай қиырынан да ұлттың сөз өнеріне айтулы үлес қосқан ақындар мен жазушылар шыққан. Ал Жамбыл аймағынан шығып, барша қазаққа ортақ болған тұлғалар біз үшін әрдайым мақтаныш.

Күні бүгінде Жамбыл жері адам танымастай өзгеріп келеді. Табиғаты тұнық, таулары биік, өзендері мөлдір, суы шипа, жері құнарлы, елі бай, тұрғандары жайсаң киелі Жамбыл жерін Алланың бізге берген сиы деп айтар едім. Көп ұлтты Жамбыл жерінің тұрғындыры бір үйдің баласындай тату, бір-біріне қамқор. Кең пейілді, қонақжай.

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен,- дегендей туған жердің топырағы жамбылдықтар үшін қашанда ыстық та қадірлі. Осындай тұлғаларды тудырған топырақтан шыққан әрбір саналы азамат, бүгінгі жас буын туған жерінің бір қажетіне жарайтын, абыройын асқақтатар ұланы болары хақ. Дәйім солай болсын!

 

Айгуль Оралбаева

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

 қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "ЖАМБЫЛЫМ - ЖЕР ЖАННАТЫМ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 019 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2019 654
    • DOCX 15.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оралбаева Айгуль Сенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оралбаева Айгуль Сенбековна
    Оралбаева Айгуль Сенбековна
    • На сайте: 4 года и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94895
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов