Инфоурок Другое Статьи"Тіл халықтың - күретамыры"

"Тіл халықтың - күретамыры"

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл – халықтың күре тамыры»

Мақсаты: оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу. Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын  молайту, ой- өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: тәрбиелік шара

Көрнекілігі: слайдтар, ұлттық киімдер, мақал- мәтелдер

Жүрісі:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тіл- халықтың күретамыры» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Біздің еліміз- көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастердеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс- шаралар жүргізіліп келеді. 22- қыркүйек- Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.  Қазақстанда 100- ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Біз бүгін кейбір ұлт өкілдерін қонаққа шақырған болатынбыз.

Қонақтарымызды ортаға шақырайық. (әрбір ұлт өкілдері ортаға шығады)

Ана тілі- әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көрінетін қазынасы, асыл мұрасы. Енді қонақтарымызға сөз берейік.(әрбір ұлт өкілі өз тілдері, өз мәдениеті туралы слайд арқылы мағлұмат береді).

Біздің мақсатымыз: «Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлету»

Тәрбиелік шарамыздың келесі айдары «Полиглот».

Құрметті оқушылар слайд арқылы сіздерге қазақша сөздерді көрсетеміз. Ал сіздер осы сөздердің орыс тілінде, ағылшын тілінде, өзбек тілінде, татар тілінде аудармаларын айтасыздар.(оқушылар бір- бірден залды аралап, оқушылардан сұрап шығады)

1.Мектеп- школа- school-maktab - мәктәп

2.Тіл- язык-language-til- тел

3.Мұғалім- учитель-teacher-muallim- укытучысы

4.Оқушы- ученик-people-odamlar-укучысы

5.Кітап- книга – book – kitap-китап

Жүргізуші:

Ғасырлар бабаң жиғанын

Шашылтып алма, жан балам!

Ана тіл- арың, иманың

Айырсаң бере кім саған?!

Кіршіксіз ардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат

Ұрпақтар! Атар ақ таулар

Аманат, саған аманат.

Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. (оқушылар залды аралап, мақал жалғасын залдағы оқушыларға айтқызады).

Тіл туралы мақалдар:

1.Шебердің қолы ортақ,  (Шешенның тілі ортақ.)

2. Тілден артық-  (қазына жоқ).

3.Тіл буынсыз – (ой түпсіз)

4.Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).

5.Ат жүйрігі айырады, (Тіл жүйрігі қайырады)

6.Тілге құрмет-  (елге құрмет).

7. Анам берген туған тілім-  (Атам берген құрал тілім)

8.Жыланның уы тісінде,  (адамның уы тілінде).

9. Тіл жоқ жерде --- (ұлт жоқ)

10.Ана тілің – (алпыс тілге татиды).

Бишілерімізді ортаға  шақырайық.

 9 «ә» сынып оқушысы Қуатова Аружанның  орындауында

 «Ақ Жайық” қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім , мен де бірге өшемін- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы, біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет.

 

 

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы

 

 

 

 

 

 

«Тіл- халықтың күретамыры»

(ашық тәрбиелік шара)

 

 

 

 

 

Өткізген: 9 сыныптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тіл халықтың - күретамыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2017 1263
    • DOCX 37 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Силкимбаева Ляззат Курбановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Силкимбаева Ляззат Курбановна
    Силкимбаева Ляззат Курбановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3582
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой