Предпросмотр материала:
1. “Тапқыр болсаң, тауып көр” 2. “Ойлы болсаң, озып көр” 3. “Жүйрік болсаң, шауып көр” 4. “Полиглот” 5. “Сөз түбін сөз табар”
Ит Жержауабы: ит өлген жер Мысық Қасқырмағ: Алыс, ұзақ, қашық Түлкі
Бас Суытты жауап: аяқ суытты Қол Аяқмағ: біраз демалды, тынықты Мойын
Қарақұрт Қаптадыжауап: қарақұрттай қаптады Шаян Өрмекшімағ: быжынай түсіп, топтала ұмтылды. Қоңыз
Сауысқан АдымЖауап: қарға адым жер Торғай Шымшықмағ: халықтық өлшем өте жақын деген мағына да Қарға
Саусақ Сұқтыжауап: қол сұқты Аяқ Қолмағ: талан – таражға салды, ұрлады. Табан
Қырық Шілдежауап: қырық күн шілде Отыз Елумағ: сарша тамыз. Жаздың нағыз ыстық кезі. Жиырма
Есек Аяңжауап: өгіз аяң Сиыр Түйемағ: шабан жүріс, баяу қарқынды іс. Өгіз
II- кезең
1. Өнер алды ... қызыл тіл 2. Тіл тас жарады... тас жармаса, бас жарады 3. Бас кеспек болса да ... Тіл кеспек жоқ 4. Ас атасы - ... нан 5. Басқа пәле тілден
6. Жері байдың ... елі бай 7. Өнерлі... өрге жүзер 8. Тіл қылыштан ... да өткір 9. Қына тасқа бітеді, ... білім басқа бітеді 10. Бірлік болмай, ... тірлік болмас
III - кезең: Шарты: Балалар берілген жаңылтпаштарды жаңылмай айтып беру.
IV- кезең: Шарты: Жұмбақтарды шешіп, қазақ және орыс тілінде айтып беру керек.
Үлкен алты табақтан, Әлемге нұр таратқан Күн - Солнце Күн
Төрт қырлы өзі аппақ, Тақтадағы ізі аппақ. Бор Бор - мел
Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар. Түйе Түйе - верблюд
Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады. Сабын Сабын - мыло
Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады. Қар Қар - снег
V- кезең Шарты: Ата-аналар берілген сөздердің мән-мағынасын ашып, түсіндіру.
Жақұт 1. 2. Бұғалық 3. Терілік Көк, жасыл, қызғылт түсті, қымбат, бағалы асыл тас Асау ұстауға арналып, есілген қыл арқан Тоқымның астына салынатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі
Мәйек 4. 5. Тоқымқағар 6. Шидем Жас төлдің ұлтабары, іріткіш зат жас жігітті ұзақ сапарға шығарып саларда ауыл елінің арнайы ас беруі. қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы киім.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауының тілдерді дамыту саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында және тілдер күніне орай «Тіл - халық қазынасы» тіл танымдық сайысы ұйымдастырылды. Ортаңғы «Балапан» тобында ата-аналары балаларымен қатысты. Сайысымыз бес кезеңнен тұрды:
1. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
(Бұл кезеңнің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, мағынасын ашып айтып беру керек.) (ата-аналар үшін)
2. «Ойлы болсаң, озып көр»
(Ойынымыздың екінші кезеңінде мақал-мәтелдердің жалғасын табу.) (Балалар үшін)
3. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
(Жаңылтпашты жаңылмай айт) (балалар үшін)
4. «Полиглот»
(Жұмбақтарды шешіп, шешуін қазақ және орыс тілінде айтуы қажет) (ата-аналар және балалар үшін)
5. «Сөз түбін сөз табар»
(Бұл кезеңде берілген сөздің мән-мағынасын ашу, түсіндіру) (ата-аналар үшін)
Тапсырмалар слайдпен ұсынылды.
Әділқазылар сайланды: 1. «Балдәурен» МдҰ әдіскері: А. Қабдығалиқызы
2. Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББМ қазақ тілі және әдебиет пәні маманы, әрі ата-ана Ө. Тельманқызы
3. «Балдәурен» МдҰ психологі: Ф. Дидарқызы
Ойыншылар белсенділік танытып, керемет сайыс болды. Әділқазылар шешімімен марапат қағаздары және балаларға шағын сыйлықтар ұсынылды.
Наурызбай Нұрасыл анасымен «Сөз мерген»
Нұрымбай Сабина анасымен «Озық ойлы»
Жұмабаев Аян анасымен «От ауызды, орақ тілді»
Қаршыға Шахназ анасымен «Сөзге шешен»
Қыдырбай Мақсат анасымен «Жүзден жүйрік»
Еламан Қуанышбек әкесімен «Сөз тапқыр» атақтарына ие болды.
Тапқышбек рөлінде – Аугалиева Назгүл қонаққа келіп көрермендердің білімдерін сынады.
Профессия: Тьютор
В каталоге 7 585 курсов по разным направлениям