Инфоурок Другое Рабочие программы"ТҰРАҚТЫ ТОК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ" (кОЛЛЕДЖ)

"ТҰРАҚТЫ ТОК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ" (кОЛЛЕДЖ)

Скачать материал

         

                                                                                                                                            

Тақырыбы:   Тұрақты тоқ қозғатқыштары                         

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Сабақ тәслі:

Репродуктивтік тәсілмен сәйкестендірілген демонстративтік-түсүндірушілік.

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік: ТТ- қозғатқыштар туралы білім-білік, танымдылығын арттыру.

б) Дамытушылық: Еріктілігін, сөздік қорын, ойлау қабілетін, берілген тапсырмаларды  дұрыс және толық орындауға дағдыландыру, тыңдай білуге, ұқыпты орындауға, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.

в) Тәрбиелік: Сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, еркін сөйлеуге, өз ойын ортаға салуға, өзгелердің пікірін тыңдауға, белсенділікке, өзгелермен мәдени қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекі-құралдары:

ТТ- қозғатқыш макеттері, плакаттар, сұлбалар,мультимедиялық проектор.

Оқыту әдісі: Ауызша түсіндірмелі хабарландыру, репродуктивті әдіс.

Пәнаралық байланыс:

Электротехниканың теориялық негіздері, Электр жетегі, Физика.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. М.Исаханов, Ш. Өмірзақов  « Электр машиналары»  Н1. Бет162-173

2. Б.С.Попов   «Общая элетротехника с основами электроники» Н2. Бет 354

3.  М.Ф.Сацукевич, Ф.В.Мехедко   «Справочник электротехника»

4. Web сайт«eiektron»

Сабақтың барысы мен мазмұны:

1.Ұйымдастыру кезеңі 3-5 мин.(сәлемдесу, түгелдеу, студенттің зейінін сабаққа аудару)

а) Студенттермен сәлемдесіп сабақ барысысына дайындау

б) Студенттермен сәлемдесіп түгелдеп, олардың көңілін сабаққа аудару.

в) Студенттердің сабаққа дайындықтарын тексеру.

г) Оқыту сабағының тақырыбы, мақсаты  және құрылымымен таныстыру.

2.Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаттары мен міндеттерін қою:

Тұрақты тоқ қозғатқыш туралы жалпы түсінік, олардың құрылысы мен іске қосу схемаларын анықтау. Тұрақты тоқ қозғатқыш қолдану салалары.

Мультимедиялық проекторды қолдана отырып,сабақты түсіндіру

3.Үй тапсырмасын тексеру. 15-20 мин.

Үй жұмысын ауызша сұрауда оқушылармен пікірлесе отырып, олардың ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту барысында жауаптар алынады.

Сабақ соңынан барлығы талқыланып, толықтырылып, талдау жасалынып, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға жоғары баға қойылады.

Оқушылардың білімін сұрақтар арқылы бақылау.

1.Электр генератор дегеніміз не? эл машинаның кай тұріне жатады?

2.Тұрақты ток генераторында кенінең таралған кандай коздыру?

3.Тұрақты ток генераторының ЭҚК-нің мөлшері неге байланысты?

4.Тұрақты ток машиналарының қызметі жене олардың қолдану аймағы?

5.ТТМ-негізгі және қосымша полюстерінің қызметі

6.Тұрақты тоқ генераторы қандай энергияны, қандай энергияға айналдырады?

7.Тұрақты тоқ машинелерінің полюс ұштамалары мен якорь арасындағы

   беттеріндегі полюс бөлінісі арасындағы қашықтықтағы ауа саңылауларында

   индукция қалай таратылады және оны немен алмастыруға болады?

8.Тұрақты тоқ генераторы якорінің орамасындағы қандай ЭҚК және қандай заң

    негізінде индукцияланады?

9.Тұрақты тоқ генераторлары сыртқа шыққан ұштарында соғатын  ЭҚК неге

    болады және оның соғу деңгейі неге байланысты?

10.Тұрақты тоқ генераторының ЭҚК інің мөлшері неге байланысты?

11.Тұрақты тоқ генераторының ЭҚК-нің теңдеуіне кіретін пропорционалдық

     коэффицентінің шамасын, қандай құрылыстық өлшемдер анықтайды?

 

4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлау.

Тұрақты тоқ қозғалтқыштардын қолдану саласы,құрылғысы жұмыс істеу принцип негіздері мәселелерін қарастыру талқылау жұмыстарын хабарлау.

5. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту.

Жаңа сабақты түсіндіру іскерлік, дағдыларды дамыту. 50-55 мин.

 

Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштары

Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштарының міндеті мен қолдану аймағы. Тұрақты тоқ машинелері өзара қайтымды электрлі техникалық құрылғы. Олар ешқандай құрылыстық өзгерістерге түспей-ақ генератор немесе қозғалтқыш ретінде істей алады. Тұрақты тоқ қозғалтқыштары, негізінде айналу жылдамдығын кең ауқымда ақырындап реттеу мүмкіндігі болғандықтан, біртіндеп өзгертуді қамтамасыз ететін электр жетектерінде, сондай-ақ арнайы құрылыстағы есептеу және басқару машинелеріне қолданатын шағын жүргізгіштер ретінде қолданады.

4.1 – сурет. Тұрақты ток машинесі бөлшектенген күйде: а-статор; в-ротор (якорь) коллекторымен; с-айгөлек қалқаны; d-щетка құрылғысы; е-щеткі.

 

Тұрақты тоқ  қозғалтқыштарының құрылысы. Тұрақты тоқ генераторы

мен қозғалтқышы құрылымдық тұрғыдан бірдей машинелер болғандықтан құрылыстарын бірге жұмыс жасау принциптерін жеке-жеке қарауға болады. Тұрақты тоқ машинесі статор жармасынан (статина), якорьден (статор), негізгі және қосалқы полюстерден, коллектордан, щетка құрылғысынан, полюс ұштамаларынан, якорь орамасынан қоздыру орамасынан және т.б. құрылғы көмекші арналымды  бөлшектерінен тұрады. Мәшине құрылысының негізгі элементтері 4.1. және 4.2-суреттерінде көрсетілген.

Статор жармасы. Статор табаны тұрақты тоқ машинесінің қозғалмайтын бөлігі, ол полюстер мен машиненің өзін іргетасқа бекітуге қызмет етеді.

 

4.2 – сурет. Тұрақты ток машинесі негізгі бөлшектерінің сызба көрісіні.

 

 

 

 

 

 

 

4.3 – сурет. Тұрақты ток машинелері якорінің ойықтары

 

Статинаның полюстер бекітілетін бөлігі жарма деп аталады. Ол магнит өткізгіштің бөлігі болып табылады, сондықтан ол арқылы тоқ өтетін магнит ағынына қолайлы жағдай жасау үшін, оны жоғары магнит өткізгіштігі бар болаттан болмаса арнайы шойыннан жасайды. Жарманы жасау технологиясы құйма болаттан немесе тұтас тартылған болат құбырдан даярлайды (4.2-сурет). Негізгі полюстердің магнит өрісі тұрақты болғандықтан, мұнда гистерезис құбылысы мен құйынды тоқтар болмайды.

 Якорь (ротор). Якорь машиненің айналатын бөлігі, ол қалыңдығы 0,5 мм қалыпты, тисті дөңгелек электротехникалық болат қаңылтырдан жиналған цилиндр (4.8б-сурет). Қаңылтырларды жинаған соң, арнайы тетікпен қысады, якордың сыртқы бетін бойлай ойықтар мен тістер қалыптасады. Якорьдің ойықтары, әдетте ашық болады, ал шағын машинелер үшін асинхронды машинелер роторының ойықтары сияқты жабық болады (4.3-сурет). Жинағаннан кейін пайда болған бойлық ойықтарға якорьдың орамаларын төсейді (4.4-сурет).

 

 

 

 

 

 

4.4 – сурет. Ішіне орама өткізгіштері салынған, тұрақты ток  машине якорінің жартылай жабық (а) жзәне ашық (б) ойықтары.

 

4.5 – сурет. Тұрақты ток машинесінің негізгі (бас) полюсті: 1-өзекше; 2-полюс ұштамалары; 3-қоздырғыш орама; 4-катушканың қаңқасы; 5-станина; 6-бекіткіш болт.

 

 

Негізгі (бас) полюстер. Негізгі бас полюстер машинеде негізгі магнит ағынын жасауға және өткізуге арналған Полюс өзектен және полюстік ұштамадан мұны кей жағдайда "башмак" деп атайды, себебі мұның констукциясы темір жол башмағына ұқсайды, (4.2-сурет) полюс ұштамаларына мұндай пішін ауа саңылауы арқылы магнит ағынын өткізуді жеңілдету мен оның якорь бетінің полюсіне бір тегіс орналасуын қамтамасыз ету үшін берілген.

Қосымша полюстер. Қосымша полюстер қосымша магнит өрісін жасауға арналған, ол якорь реакциясының орынын толтырады және машине жұмысының түрлі тәртібінде, коллектордегі щеткінің ұшқынсыз жұмысын қамтамасыз етеді. Оларды соғылған болаттан немесе электр болатының қаңылтырынан жанайды. Қосалқы полюстер, негізгі полюстердің арасында орналасады және жармаға болаттармен бекітіледі 4.6-суретте қосымша полюстер көрсетілген.

 

 

4.6 – сурет. Тұрақты ток машинесінің қосымша полюсі 1-өзекше; 2-қоздырғыш орама.

 

4.7 – сурет. Тұрақты ток машине коллекторының қаңылтырларының құрылысы.

 

Коллектор. Коллектор механикалық түзеткіштің құрамдық бөлігі, ол якорь орамасында индукцияланатын айнымалы синусойдалы ЭҚК-ін генератордан шығатын тұрақты (үзбелі) ЭҚКке айналдырады. Коллекторды сына тәрізді етіп, мыс қаңылтырдан жасайды, оларды бір - бірінен сондай-ақ коллектордың сыртынан миконит төсеніштермен және манжеттер арқылы оқшаулайды.

Коллектордың қаңылтырларын ыстық кезінде цилиндр корпусқа  оның қисық беттері дәл цилиндр сияқты болу үшін айналдыра жонылады. Коллектор қаңылтырларының құрылысы 4.7-суретте көрсетілген. Жылдам айналатын машинелерде айналу жылдамдығы жоғары кезінде, щеткелер дірілдемеуі үшін, диск тәрізді коллектор қолданылады, олардың жанасу беті айналу білігіне тік орналасқан. Типті коллектор, якорымен бірге 4.8а –суретте көрсетілген.

 

 

4.8 – сурет. Тұрақты ток машинелері коллекторының жиналғандағы түрі (а) және якорь қаңылтыры (б).

 

4.9 – сурет. Тұрақты ток машинесінің щетка аспабы: 1-щеткі ұстағыш; 2-щеткі; 3-қаңылтыр серіппе.

 

Қоздыру орамасы. Қоздыру орамасы машиненің якорь айналатын полюс аралық кеңістігінде магнит өрісін туғызуға арналған. Қоздыру орамасы полюс өзекшесіне кигізілетін, каркасқа оралған шарғы түрінде жасалған (4.5-сурет). Якорь орамасы. Якорь орамасы тұрақты тоқ машинесінің маңызды құрамдық бөлігі, ол электр энергиясын магнит энергиясына (қозғалтқыш) немесе магнит энергиясы электр энергиясына айналдырады (генератор). Якорь орамасының орамдарының өткізгіштері якордың  бойлық ойықтарына орналасады, ал олардың ұштары коллектордың қаңылтырларына жалғанады.

 

 

4.10 – сурет. Тұрақты ток машинесі якорінің шамалы (а) және толқынды (в) орамаларының екі орамды бөлімдері.

 

4.11 – сурет. Тұрақты ток машинесі якорінің бір орамды (а) және үшорамды (в)  бөлімдері.

 

Орамалардың симетриялылығын сақтау үшін бөлімдердің жалпы саны қатарлас тармақтардың әр қайсысына олардың бүтін саны келетіндей етіп алады, демек:

 с/а =к/а=бүтін сан,                             (4.3)

мұндағы с-секция саны; к- коллектор қаңылтырының саны; а-якорь орамасының параллель тармағындағы жұптар саны; жалпы жағдайда:

С=к=Zэ                                      (4.4)

мұндағы Zэ- секция жақтарының жұп қатары санына тең, элементарлық ойын саны (4.12-сурет).

 

4.13 – сурет. Тұрақты ток машинесі якорінің шамалы (а) және толқынды  орамалардың қадамдары.

 

Орамалар қадамдарымен сипатталады (4.13-сурет). Бірінші қадам У1-бөлімнің ені немесе бөлімнің бас және аяқжақтарының арасындағы қашықтығы. Екінші қадам У2- біріншінің аяқ жағы мен келесі бөлімнің бас жағы арасындағы қашықтық.

 

 

 

    

 

4.14 – сурет. Тұрақты ток машинесі якорінің қарапайым шамалы ормалары: а- оң (қиылыспайтын); в-сол (қиылысатын).

 

4.15 – сурет. Тұрақты ток машинесі якорінің күрделі шамалы ормасының бөлігі у=ук=2.

 

Қорытындылаушы қадамдар жұп полюстер санына теңелуге тиіс болғандықтан, толқынды орамның қорытындылаушы қадамы былай өрнектеледі:

                У=(с Ғ n) /P                                 (4.5)

 

мұндағы "-" айқаспайтын (оң) орамға; "+" айқасатын (сол) орамға сәйкес келеді. 4.16-суретте қарапайым оң және сол орамалар көрсетілген. Толқынды орамалар үшін қатарлас жұп тармақтар  санына қарапайым ойықтар санына n тең, демек: а=n. Осыны ескерсек (4.5) теңдеуі мына түрге келеді:

 

                                      у=(сҒn)/р=(кҒа)/р=ук                            (4.6)

 

а=1 болғанда толқынды қарапайым орамы болады. а>1 болса толқынды күрделі орамашығады. Толқынды қарапайым орама үшін (а=1), (4.6) теңдеуі мына түрге келеді:

 

                у=(сҒ1)/р                                     (4.7)

 

қорытындылаушы қадам (у) тұтас емес, бөлшек саны болуы мүмкін, ол технологиялық жағынан орындалмайтын іс.

Мұндай жағдайда коллекторға қосылмаған немесе жасанды түрде "орамаға тұйықталған" "өлі" секцияны пайдалану делінетін жасанды тәсілге барады. Толқынды қарапайым орама, қуаты төмен (50 кВт-қа дейін) кернеуі қалыпты (110…120) Вольттық және орташа қуаты (50...500) кВт, қуаты жоғарылатылған (440…600) В және кернеулі мәшинелерде қолданылады.

Тұрақты тоқ қозғалтқышының электр энергиясын білікті айналдыратын механикалық энергияға айналдыруы. Тұрақты тоқ қозғалтқыштары білікті айналдыратын механикалық энергияның көзі, оны қозғалтқыштардың тұрақты тоқ желісінен тұтынған электр энергиясын механикалық энергияға айналдырып онымен қоса, негізгі полюстердің магнит энергияларын пайдалану арқылы алады. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру былай іске асырылады. Якорь орамасы мен полюстердің қоздыру орамалары, щеткі тетігі арқылы тұрақты ЭҚК көзіне қосылады. Якорь орамалары мен негізгі полюстердің магнит өрістері, өзара әсерлесуі қорытындылаушы магнит өрісін диогоналдық симметриясыздыққа келтіреді және электрмагниттік момент пайда болуына әкеледі. Ол мынаған тең:

         М=Cм Ія Rя                                  (4.12)

мұндағы Ія- якорьдің магнит өрісін туғызушы якорь тоғы А; Ф-негізгі полюстердің магнит ағыны, Вδ; См – мәшиненің құрылыстық өлшемдеріне тәуелді пропорцианалдық коэффиценті:

                                          (4.13)

Электромагниттік момент полюстермен якорға бірдей әсер етеді де полюстер қаңқаға айгөлек арқылы білікке мықтап бекітілгендіктен, якорь айналады. Сонымен тұрақты тоқ желісінен тұтынылған электр энергиясы полюстердің магнит өрістерінің әсерлі өсуінен қозғалтқыш білігін айналдыратын механикалық энергияға айналады. Тұрақты тоқ қозғалтқышының электрлік тепе-теңдік теңдеуі, тұрақты тоқ генераторының электрлік тепе-теңдігі сияқты

болады, айырмасы жалғанған электр энергиясы (желі кернеуіне пропорцианал) қозғалтқыш білігінде өрістейтін механикалық энергиядан (якорь ЭҚКіне пропорционал) электр шығындары шамасындай артық болуы тиіс.

 

Демек:                     U = E +Ія łRя                            (4.14)

 

 

4.17 – сурет. Тұрақты ток мәшинесінің қорытынды магнит өрісінің суреті:

 а-жүктемесіз жұмыста; в-якорь өрісі; с-жүктелгенде; n-n геометриялық бейтарап m-m физикалық бейтарап.

 

Егер нөлдік индукциясы бар нүкте арқылы өтетін сызықты физикалық бейтарап (m=m) деп атасақ онда, якорьдың магнит өрісінің әсерінен геометриялық бейтарапқа қарағанда (n=n1) белгілі бір бұрышқа бұрылады (4.17с-сурет). Бұл бұрыштың шамасы мәшиненің жүктелу шамасына, демек якордағы тоқ шамасына тәуелді, ол щеткіден алынатын ЭҚКтің мөлшеріне әсер етеді. Якорь орамасында тоқ жоқ кезінде (жүктемесіз жұмыс) мәшиненің физикалық және геометриялық бейтараптары сәйкестеледі (4.17а -сурет). Сонымен, егер щеткі геометриялық бейтарапқа орналасса, онда, бос жүріс кезінде ЭҚК-тің, мүмкін болған, ең көп мөлшерін алады, ал жүктемеленгенде, егер щеткі геометриялық  бейтарапта тұрса, онда ЭҚК, жүктеусіз жұмыс кезіндегі ЭҚКпен салыстырғанда азаяды.

Бұл мәшиненің қорытынды магнит өрістері полюстерінің генератор якорінің айналған жағына қарай ығысқандығынан болады (4.17с-сурет), ол геометриялық және физикалық бейтараптар арасындағы орналасқан өткізгіштер бөлігінде, бос жүріс кезіндегі ЭҚК-ке қарама-қарсы бағыттағы ЭҚК-тің индукциялануына әкеледі.

Тұрақты тоқ қозғалтқышындағы коммутация.

Коммутация - дегеніміз бөлімдердің якорь орамасының бір тармағынан екіншісіне секіріп қосылуы, ол дискретті қаңылтырлардан тұратын коллектордың айналу кезінде щеткілер

арқылы ауық -ауық бірде жанасып, бірде ажыратуының қайталануынан болады. Коллекторлы электр мәшинелеріндегі коммутация күрделі процесс

болып саналады, ол көптеген факторларға байланысты, олардың кейбірін талдау теориялық тұрғыдан қаралатын, ғылыми қағидаларға жатады. Сондықтан электр мәшинелеріндегі коммутация процесстері теориясында бірқатар жорамалдаулар бар, олардың негізгілері:

-     коллектор мен щеткілер кез келген айналу жылдамдығында механи

           калық тұрғыдан алғанда толық жетілген деп қарау;

-     щеткі мен коллектор арасындағы меншікті кедергі тұрақты және қаңылтырдың жанасу бетінің аумағына түйіспедегі тоқ тығызды байланыс емес;

-     коллектор қаңылтырлары арасындағы оқшаулағыш төсеніштердің қалыңдығын елемеу;

-     бірінші жуықтауда, щеткінің ені мен коллектор қаңылтырларының ені бірдей деп қарау.

Төменде тұрақты тоқтың коллекторлы мәшинелеріндегі коммутация процессінің физикалық құбылысы қарастырылған.

Тұрақты магниттерден қоздыру жүйесі. Қоздыру жүйесі магниттен жасалған полюстердің негізгі магнит ағынынан болатын тұрақты тоқ мәшинелері магнитті электрлі машина деп аталады. Оларда қоздыру орамалары болмайды.

Тәуелсіз қоздыру жүйесі. Мұндай мәшинелердің негізгі полюстерінің қоздыру орамалары тұрақты ЭҚКі бар сыртқы көзден коректенеді (аккумлятор батареясы, тұрақты тоқ генераторы және т.б.) (4.19а-сурет). Тәуелсіз қоздыру жүйесі электр сұлбаларында "ОВ" (обмотка возбуждения)  ал олардың қысқыштары Ш1 және Ш2 деп белгіленеді.

Параллель қоздыру. Мұндай мәшинелердің қоздыру орамалары шунттық деп аталады, щеткі арқылы якордің орамасына параллель жалғасады (4.19в-сурет). Мұндай орамалы мәшинелер өздігінен қозу мәшинелері немесе шунттық мәшинелері делінеді. Параллель қоздыру орамасы жүйесі электр сұлбаларында "ШОВ" (шунтовая обмотка возбуждения), ал олардың қысқыштары Ш1 және Ш2  деп белгіленеді.

Тізбектей қоздыру жүйесі. Мұндай мәшинелердің қоздыру орамалары сериесті делінеді якорь орамасына тізбектей жалғанады (4.19с- сурет). Оны электр сұлбасында "СОВ" (сериесная обмотка возбуждения), ал олардың қысқыштары С1 және С2 арқылы белгіленеді.

 Аралас қоздыру жүйесі. Аралас қоздыру жүйелі айнымалы тоқ мәшинесі, компаудты делінеді, негізгі полюстерінде екі орамасы – шунтты және сериесті болады. Шунттық орама қимасы жіңішке өткізгіштен жасалады, орам саны өткізгішінің қимасы якорь орамасымен бірдей, аз орамды сериес орамасына

қарағанда, айтарлықтай көп болады. Шунттық орамалар, якорь орамаларымен параллель, ал сериестік тізбектай жалғанады (4.19d-сурет).

 

4.19 – сурет. Тұрақты ток мәшинелерінің қоздыру жүйелерінің негізгі сұлбалары: а-тәуелсіз қоздырғыш; в- параллель қоздырғыш; с-тізбектей қоздырғыш; d-аралас қоздырғыш.

 

Шунттық орама арқылы қоздыру тоғы аз бөлігі өтеді, ол якордің қалыпты тоғының (1…5)%іне тең, қоздырудың сериесті орамасы арқылы якорь тоғы өтеді. Параллель және аралас қоздыру мәшинелері ең көп тараған олар тәуелсіз қоздырғышы барлар сияқты негізгі магнит ағынын туғызу үшін қосымша тоқ көзін керексінбейді.

Қорытынды кезең:

  Окушылардын игерген білімің сұрақ-жауап аркылы сабақ қорытыңдылауы:

1.       Тұрақты тоқ қозғалтқышымен қандай энергияны қандай энергияға айналдыруға болады?

2.       Тұрақты тоқ қозғалтқышының электр энергиясын білікті айналдыратын механикалық энерияға өзгертуін қай диаграмма көрсетеді?

3.       Тұрақты тоқ қозғалтқышының білігіндегі механикалық қуат, желіден тұтынылған қуаттан неге және қаншаға аз?

4.       Тұрақты тоқ қозғалтқышының жылдамдық сипаттамасы деген не?

5.       Тізбектей қоздырғышты тұрақты тоқ қозғалтқышын жұмысқа жүктемесіз қосуға неге болмайды, ал параллель қоздырғышты тұрақты тоқ қозғалтқышын жұмысқа жүктемесіз-ақ қоса беруге неге болады?

6.       Тұрақты тоқ қоздырғыштарының қандай қоздыру жүйесі бар түрін, көліктің электржетегі үшін пайдалануға болады және неге?

7.       Тұрақты тоқ қозғалтқышының айналу бағытын өзгерту деген не және оны қалай жүзеге асыруға болады?

8.       Тұрақты тоқ қозғалтқышы білегіндегі айналдыру моментінің шамасы неге байланысты?

9.       Тұрақты тоқ қозғалтқышының моментті теңдеуіне енетін пропорционалдық коэффицентінің шамасын Се құрылыстық қандай өлшемдері анықтайды?

10.   Тұрақты тоқ қозғалтқыштары якорінің қысқыштарындағы кернеу, ЭҚКтен неге көп және қандай шамаға?

 

Үй тапсырмасы:

Н1.Бет162-173

Тақырып бойынша дайындалу, қосымша материалдар қарастыру.

 

                                Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

1. М.Исаханов, Ш. Өмірзақов  « Электр машиналары»

2. М.Қ.Қайырбаев  «Электротехника»

3. «Electric» Web сайттар

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ТҰРАҚТЫ ТОК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ" (кОЛЛЕДЖ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2017 14523
    • DOCX 1.7 мбайт
    • 163 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акбаев Дархан Турсынбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акбаев Дархан Турсынбекович
    Акбаев Дархан Турсынбекович
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49303
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Государственная политика и федеральные программы в сфере общего образования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе