Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағат "жаңа жыл" (8 сынып)

Тәрбие сағат "жаңа жыл" (8 сынып)

Скачать материал

Тақырыбы : Төрлет, Жаңа жыл!

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын,Ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Бармысыздар,замандас,бауырлар,шабытты шәкірттер!
1-жүргізуші: «Қош келдің,Жаңа жыл 2017» атты  кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып,арайың.
Жанға шуақ,бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді,бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2-жүргізуші:
Жазира, білесің бе,осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп,әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды.Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық.Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып,жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп,еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді.
2-жүргізуші: Құрметті,
достар, ұстаздар,оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы-Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Олай болса,көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:Жаңа жыл тек қана бақыт,қуаныш әкелсін дей отырып, құрметті,жамағат «Жақсы сөз-жарым ырыс!»-деп дана қазақ айтқандай,жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді
№98 жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Қалымбетова Б.ға сөз кезегін  береміз.
Жүрек жарды тілектен кейін тамаша әнге кезек берейік. «
8-Ә сынып оқушысы Жайынбай А.ның орындауында әсем  әнімен 8 «Ә»-сынып қыздарын қарсы алыңыздар.


1-жүргізуші:
Жаңа жыл –қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
8- «А» сынып қыздарының  орындауында «Флешмоп».  Қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
Өзінің құттықтау әнімен ортаға әнші қыз
ымыз 8- «Ә» сынып оқушыларының орындауында вальс Әнші: О,ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата,не Ақша қар жоқ.Қалай болғаны?Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек.Аяз ата мен Ақша қар келмей,мен ән айта алмаймын.
2-жүргізуші: Ойбуууу,ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой.Достар,ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық.Қалай қарайсыздар?!
1-жүргізуші: «Ақ киімді,денелі, ақ сақалды»,-деп Абай атамыз жырға қосқандай,ұзақ күттірмей,барлық балалардың қуанышы Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырайық.
Аяз ата! Ақша қар! Аяз ата!
2-жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне,достар,не тұрыс,шын ниетпен,бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Ақша қар! Аяз ата!


І жүргізуші.
Қуаныңдар,ағайын,тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.
2- Жүргізуші
Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
Аяз атаның сөзі:
Амансыздар ма,Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары,аяулы аналар,ардақты ұл-қыздарым,бүлдіршін балаларым!
Уа,жұртым,жиналған.
Көңілдерің дүр маржан,
Айналайын ұлдардан,
Айналайын қыздардан.
Аяз та,Ақша қар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан.
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар,ұстаздар,ата-аналар! Өздеріңізді сағынып келдік. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Маймыл  жылы табыс жылы болсын! Береке,бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: О,қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім.Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау сотүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақшақар: Аяз ата,дұрыс айтасыз! Иә,достар.Біз келгенше көптеген жерлерде болдық.Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
Аяз ата: Қарашы ,балаларымыз қандай әдемі.Шыршан
ы  да әсем безендірілген екен.Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.Бірақ шыршаның шамы жағылмапты.Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық.Ақша қар,шыршаны сенің сиқырлы таяғыңның күшімен жағсақ қайтеді.
Ақша қар: Аяз ата,мен шырша шамын жағатын,сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз ата: Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын.
Ақша қар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
2-Жүргізуші.Ақша қар,сиқырлы таяғыңыз қандай еді?
Ақша қар: Менің таяғым жылтыр,көбелекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
1-Жүргізуші: Бір жерде жатқан болар,жаңа мыстан ұшып бара жатып,қалтасынан жылтыраған бір затты түсіріп алды,сол емес пе екен? Қане,іздеп көріңдерші,сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
(сол кезде
қой  келеді де,сиқырлы таяқты тауып алғанын айтады.)
Аяз ата: Жарайсың,ескі жыл,
Қой  досым! (бетінен сүйеді)
2-Жүргізуші: Қане,бізде шырша жағуға көмектесейік.
1-Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар ортамызға үлкен қуаныш ала келдіңіздер.Сіздер келмесе ән салмаймын деп,әншіміз ренжіп отыр.Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.
Аяз ата:
Келтірейін сәніңді
Бұзба енді мәніңді.
Әнші балам,тоқтама,
Шырқап жібер әніңді.

 Жалпы  7-8  сынып оқушыларының орындауында  би. Қарсы алыңыздар!
2-Жүргізуші: Аяз ата,көрдіңіз бе,біздің жастар өнерлі.Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерлерін тамашаласақ.
Ендеше ортаға биші қыз
дарды  шақырайық. «Үнді» биі. Қарсы алыңыздар.
Аяз ата:
Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамсанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Тамаша,тамаша.
Ақша қар,сыйлықтар қайда,қане, берші.Мен мына жастардың жарқын жүздеріне,тамаша өнеріне тамсанып отырмын.
1-Жүргізуші: Аяз ата,бізде ақын болмаса да,өлеңді нақышына келтіріп оқитын жастарымыз бар.Сол жастардың сізге және Ақша қарға, жаңа жылға арнаған жүрекжарды жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыздар.
Аяз ата:
Мынау жатқан қазақтың жері емес пе?
Ақындарын сыйлаған ел емес пе?
Ендеше бабына келіп отырған жүйріктерді жібер ортаға! Өнеріне бір тамсанайық!
2-Жүргізуші: Құрметті Аяз ата,Ақша қар,халайық! Жаңа жылдық мерекелеріңізбен құттықтап өнердің өрінде жүрген тағы бір өнерпазымыздың өнеріне куә болыңыздар.
8- «Ә» сынып оқушылары дайындаған ойынға кезекті береміз.
1-Жүргізуші:Тыңдаңыздар,Тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар. «Ескі жыл есіркесін,жаңа жыл-жарлықасын» демей ме? Ортамызға тарихтан өтер «
Қой» жылы келе жатыр.Ескі жылымызды есімізге түсіріп,еңсемізді көтеріп қарсы алсақ,қалай қарайсыздар?
Аяз ата: Бәрекелді,қарақтарым! Келсін,
қой келсін...
Қой  жылы. Ассалаумағаллейкум,ағайын! Армысыздар,Аяз ата,Ақша қар!
Аяз ата: Иә,
Қой жылым қайда тарттың?
Қой: Тарих қойнауына.Осы жерде қой бауырыма жолығып кетейін деп келдім.
Жаңа жыл: - Ассалаумағаллейкум,ағайын! Ассалаумағаллейкум,Аяз ата! Армысың, Ақша қар! Ассалаумағаллейкум,жылқы аға!
Аяз ата: Бар бол балам!
Қой: Уағалейкумсаллам,сен қоймысың?
Жаңа жыл: -Дәл өзімін.
Қой  жылы: Айналайын келші,өзіңді бауырыма басып құшақтайын. Ал,қой бауырым! Кімдер даттап,кімдер мақтайды,өздері білсін. Жақсылы,жаманды жыл болдым.Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем.Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың.Әлі де болса атқарылар істер көп.Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам,қарағым.
Жаңа жыл: Аманатқа адал болуға,халыққа жайлы, ел тілегіне сай болуға ант етемін.
Қой  жылы: -Ал,мен жолымнан қалмайын,ағайын! Келген жылдарыңыз құт,береке сыйласын!
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.
201
6 жылы қадам басқан,
Гүлденіп көркейе бер,Қазақстан!
2-Жүргізуші: О,халайық,жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Қой жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
Біз қоштасып қалайық!

7- «А» сынып қыздарының орындауында әсем би. Қабыл алыңыздар!
1-Жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы Қой  жылын шығарып салайық.
Барлығы хормен: Қош, ескі жыл!
Қош келдің Жаңа жыл!
Сымбат , біздің Ақшақарымыздың көңіл күйі түсіп кетіпті ғой,қане көңілін көтерейікші.Аяз ата,Ақшақар бізбен би билесеңіздер қайтеді.
2-Жүргізуші: Аяз ата, қасыңыздағы сұлу да сымбатты Ақша қардың қандай өнері бар?
Ақша қар: Менің өнерімді көргілерің келсе, мен бірнеше жұмбақ қоямын. Соның жауабын дұрыс шешулерің керек. Келістік пе?
1. Суды елекпен қалай тасуға болады? (мұз қылып қатырып)
2. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинасын бір қолымен кім тоқтата алады? (жол полициясы)
3. Патша кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштараздың)
4. Бір үйде елу батыр,үй сыртында өліп жатыр. (сіріңке)
5. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар (мен)
6. Жеген сайын жылататын нәрсе? (таяқ)
7. Теңіздің суы неліктен тұзды? (балықтар иістеніп кетпуі үшін)
8. Су астында қандай тас болмайды? (құрғақ)
Ақша қар: Бәрекелді, барлық жұмбағымның жауабын дұрыс шештіңдер.Мен жеңілдім.

Ендеше 7- «Ә» сынып қыздарының орындауында Флешмоп қарсы алыңыздар!

1-Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар! Сағат тілі соғып жатыр.Жолға шығатын уақыттарыңыз болған сияқты. Әрине,әлі де барар жер,басар тауларыңыз көп болғандықтан,сіздерді бөгемейік.
2-Жүргізуші:
8- «Ә» сынып дайындаған ойын. Тамашалаңыздар!
1-жүргізуші:
Кел,Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып,
Дастарханды отырмыз саған жайып.
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс,талай ел,талай халық.
2-жүргізуші
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
7- «Ә» сынп оқушыларының орындауында би.

1-жүргізуші:
Ұлы болсын бастаған осы көшің.
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен,
Қазақ деген халықтың несібесін.
Келген сайын көңілді өсіресің,
2-жүргізуші:
Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші қызың ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті
7- «А» сынып оқушысы орындауында әсем биіне  кезек берсек.

1-жүргізуші.
Жаңа жыл-жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл-ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл-партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

8- «а» сынып оқушысы Жанузакова Баянның орындауында ән.
2-жүргізуші:
Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,
Бақытын өз елінде тапқан ұдай.
Тай құлындай жарысып бірге өскен,
Балауса балалықтың шақтарындай,

1-жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!...
2-жүргізуші:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса,жаса достық,бірлік,туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен.
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
1-жүргізуші:
Қуантатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын.
2-жүргізуші:
Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.Жаңа жылдарыңыз құттты болсын! Келе
сі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағат "жаңа жыл" (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2017 6996
    • DOCX 58.5 кбайт
    • 254 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Буранова Наргиза Алимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Буранова Наргиза Алимжановна
    Буранова Наргиза Алимжановна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67382
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой