Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағат "Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы"

Тәрбие сағат "Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы"

Скачать материал

                                

                    И.Тайманов атындағы №27орта білім беретін мектеп

 

 

                  

 

                     Тәрбие сағатының  

               тақырыбы:   

   «Желтоқсан - тәуелсіздіктің 

                   ұлы рухы»

   

         Өткізген: 5 «В»сынып

 

 

 

 

 

 

                    

                                            Атырау қаласы   2016 - 2017жыл

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы»

Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
 Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: 
Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. 
«Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы суреттер және слайд. 
Қанатты сөздер.

1-жүргізуші:Ақжол
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан
оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Гаухар
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Оқушылар тұрып ән ұран орындалады.

1-жүргізуші:Ақжол

Қанша жыл өтсе де қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар қатарынан орын алған желтоқсан оөиғасы мәңгі жүрегімізде!

Ұмытылмайтыны-оның тағдырымызбен байланыстылығында.1986 жылы желтоқсан көтерілісі де ауыл үйдің жәй ғана әңгімесі емес,дүмпуі алып құрлықты аралап,ғалам тарихи оқиғаларының бірі.

2-ж Гаухар

Желтоқсанның желі аязы ызғарлы,

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға,

Азап шекті қайсар қазақ қыздары мен ұлдары.

 1-Әлішер
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-Айша

 Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

3-Досымжан
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.                                          

4-Бегім                                                                                                                    

  Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1-
ж Ақжол:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі 
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ 
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі. 

4-Ақниет:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.                                                                     

5-Жантемір:

 Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.                                                                     

6-Дәулет                                                                                                         

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

2-ж:Гаухар
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып 
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің 
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
1-ж Ақжол:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Не жаңалық шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына 
В.Колбинді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!

8-Алихан: 
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

2-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
1-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».

9-Арман: 
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

2-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып жанын елі
үшін құрбан еткенін еске түсіруге болады.

1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді
.1минут үнсіздік.

Рахмет.                                                                                                                                      

10-Құрмет: 
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын. 


Ән : «Желтоқсан желі» Орындайтын:Ұзақбай Әлішер.

2-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды.
Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.

1-жүргізуші:
Ия, қазақта құйын 86 деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері арамыздан кете барды.

11-Нұрсұлтан: 
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
                                                                                                                                                                           12-Эльвира:                                                                                                            

  Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін
.                                                                                                   

13-Темірлан:
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.                                                                                               

14-Сабина:
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.                                                                                                                         

 15-Дильназ:
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!

2-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына 
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін 
үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт 
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп 
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен 
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. 
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, 
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат: 
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? 
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. 
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! 
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)


 16-Асылхан:
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!                                                                                          

17-Аружан: 

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

1-жүргізуші:Гаухар,егемендік деген ұғымды қалай түсінесің?

2-жүргізуші:

Ақжол,егемендік иесі мен деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін бір шылбырын өзі алған ,

Көркем жігіт болып өссе деген сөз.

1-жүргізуші:

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күні.

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
1-жүргізуші: 
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы
17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші: 
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
1-жүргізуші:2016жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл торқалы тойын тойлаудамыз.
1-жүргізуші:
Егемендік бұл елімнің елдігі,

Егемендік барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік елін жерін қорғаған

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

2-жүргізуші:

Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін

Жүректерге сақтау керек үнемі!!

18-Бегім:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

 Биікке іліп қояды.

Туымызға жас,туған

Бір қарамай өтпейді,

Сол көк тудың астында

Көгереміз,көктейміз!

Ән: «Көк тудың желбірегені» (хор)

1-жүргізуші: Міне,желбіреген көк байрағымыз,айбынды ән ұранымыз,жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.Осының өзі зор бақыт! Ол бақыт үшін тәубе дейміз!

2-жүргізуші:

Тәуелсізбін,тәуелсізбін  мен бүгін

Келді міне азаттығым теңдігім

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

1-жүргізуші:Баршаңызды тәуелсіздік күнімен құтықтай отырып,Нұрлы Отанымыз –тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып,абыройы арта берсін қымбаттылар!!! Бар болыңыздар нар болыңыздар!!!

Ән: Жаса ,Қазақстан (хор)
Би: «Қазақ биі»

2-жүргізуші:Осымен тәрбие сағатымыз тәмәндалды.Келесі ұуанышта кездескенше,күн жақсы болсын!!!Сау болыңыздар!!!

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағат "Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 1087
    • DOCX 86 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенесова Гулнара Кайыргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3283
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 675 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 384 человека