Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Қарттарым—асыл қазынам"

Тәрбие сағаты "Қарттарым—асыл қазынам"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Қарттарым—асыл қазынам

(Тәрбие сағаты)

Мақсаты: Өмірлерін еңбекпен өткізіп келе жатқан адамдардың өмір жолдарын таныстыра отырып, жасс жеткіншектерге, ата-аналарына үлгі ете отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Әжелерімен бірігіп өнерге баулу. Отбасында береке-бірлікке шақыру. Ынтымыақтаса еңбектенуге баулу.

Көрнекілігі: «Күз сыйы: Өнерлінің қолы алтын» көрмесі, Нақыл сөздер: «Адам үшін ең асыл қазына-еңбек ете білу», «Бала өсті дегенше, батыр өсті дегейсің, Батыр өнер білмесе, қапыл өсті дегейсің», «Еңбекпен кешіп өмір өткелін, Байқамаппыз жылдар жылжып өткенін», «Жігітті тәрбиелеген-әскерді тәрбиелейді, Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді», «Қарттарым-асыл қазынам».

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз:

Қазақ халқы қай заманда болмасын тәлім-тәрбиеге аса мән беріп, ерекше көңіл бөлген. «Қыз өссе ұлы жақсымен, ұлы өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген бабалар өсиетін берік ұстауға тырысқан.Осы сөздердің тереңіне үңілер болсақ, тәрбие ана құрсағынан, отбасы бесігінен басталатынын аңғару қиын емес. Оны кеңінен «қазақи ұлттық тәрбие» деп атайды. Мағжан Жұмабаев «Баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті, сұлу дене мен сұлу қозғалысты көріп өскен балалардың денесі де, қозғалысы да сұлу болады»-демеп пе еді.

Халқымыздың қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайырымдылықты қастерлейтін игі дәстүрі және балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипаты-қанымызға сіңген ұлттық тәрбиеміздің жетістігі деп білеміз.

Қиналғанда халқымыз қара суды тамшылатып бөліп ішкен, қара нанды қақ жарып бөліп жеген. Бауырмал ағайын бір-біріне әрдайым қарайласқан. Халқымыз анасын ардақтап, қызын ұлға балап аялаған, жақсы сөз айтып көңілін тасытпаса, қатты сөйлеп жасытпаған ел.

Қазақ болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр ел. Бұл қасиеттер қазақтың қоғамдық өміріне орасан зор әсер етіп, таңғажайып өмір-салтын қалыптастырады. Бұл өмір-салт-қазақ мәдениетінің мәйегі. Ал, қазақ мәдениеті әрбір қазақ адамының рухани тірегі.

Осыншама өнегелік пен әдептілікті бойына сіңірген қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесі мен мәдениеті тұрғанда, қазіргі жастарымыздың «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, батыстың жат мәдениетіне еліктеуі ақылға қонбайды. Сондықтан, жастарға бағыт беріп, дініміз бен ділімізді, тіліміз бен рухани ішкі дүниемізді көркейту-ұлттық тәрбиеге негізделеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, адамгершілік және әдептілік тәлімнің бесік өркенініде, ана өнегесінде, ата құдіретінде, баба тәлімінде, баланың қан тамырында, ұлттық салт-дәстүрінде екендігін баса айтайық. Бұл-құнды қасиет. Оны жетілдіру-біздің жас ұрпақтың еншісінде!

Осынау қазақы ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі, тірегі қазыналы қарттарымызды мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, бастарына амандық тілейміз! Өмір өткелдерін еңбекпен кешіп, қымбат та қызыққа толы жылдарының жылжып өткенін байқамаған ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге арналған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім:

Қариясы бар үйдің-дариясы бар деп біл.

Дастарханда жаюлы даяр асы бар деп біл.

Шаршап келсең шалдығып, жылы ұясы бар деп біл.

Қариясы бар үйдің- шежіресі бар деп біл.

Инабатты, тәртіпті шөбересі бар деп біл.

Қариясы бар үйде есейсең де баласың.

Қариясы бар үйде көңілдің хошын табасың.

Қариясы бар үйге иіліп сәлем берейік!

« Ата-әже, сен қартаймашы» деген сәби тілегін қабыл алып, қарттарымызды немерелерімен ортаға шақырамыз!

I бөлім. «Есімдер сыры» деп аталады. Өзі мен немересінің атын көпшілікке таныстырып, есімдерінің қойылу сырынан түсінік береді.

II бөлім. «Өнерлінің қолы алтын» бөлімінде «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, әже мен немере қолынан шыққан «Алтын күз» сыйы көпшілікке ұсынылады. («КҮЗ СЫЙЫ» атты шағын көрме ұйымдастырылады)

III бөлім. «Халық тағылымы» бөлімінде сынақ-сұрақтар беріліп, жастарға ұлттық тәрбие үлгілері ұсынылады.

Өмір деген асау толқын дарияда міне, биыл 4-5-мүшел жасқа жеттіңіздер. Бүкіл саналы ғұмырларыңызды ұрпақтарыңыздың білімі мен тәрбиесіне арнадыңыздар. Бүгінгі күні сол жеткізген ұрпақтарыңыздың арасында еңбектеріңіздің жемісін, жастайларыңызда көрген бейнеттеріңіздің зейнетін көріп шаттық-думанда өмір сүріп отырсыздар. Кімді де болса сіздердің өмір жолдарыңыз, ой-арман тілектеріңіз қызықтырады. Сондықтан бүгін немерелеріңіздің алдында «бақтарыңызды» сынамақпыз.

«Тілазар» деген кім? Оны жөнге қалай саламыз?

ХХІ ғасырдың баласы қандай болмақ? Сіздің ойыңыз.

Немереңіздің қандай мамандық иесі болғанын қалайсыз?

Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен баласынан» көрініс көрсетсеңіздер.

Ұрпақтарыңыз неден сақтансын деп ойлайсыз?

Өз ата-анаңыз қандай жандар еді?

Немереңізге арнап айтқан «Бесік жырының» есіңізге түсіріп көріңіз.

Балдай тәтті балалық шағыңыз туралы айтып өтіңізші.

Еңбек жолын қай жастан бастадыңыз?

Немереңізге арнап ән айтып берсеңіз.

Ұстаздық етіп жүргенде қиналған сәтіңізді еске түсіріңізші.

Туған күнді қалай қарсы аласыздар?

Қалаған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

Аға буын ретінде бүгінгі жас ұрпаққа не айтар едіңіз?

Бас ұстаған ақсақал балаға нендей бөлігін ұсынады? Неге?

Өнерлеріңіз өрттей лаулап жалындасын,

Өрістеріңіз кеңи берсін, тарылмасын!- деп келесі бөлімге өтелік.

IV бөлім. «Әжеміздің сүйікті асы» бөлімі шығармашылыққа арналған. Мұнда немерелері әжелерінің сүйікті астары жайлы зерттеулеріне тоқталады.

V бөлім. «Немере тілегі» бөлімі әдеби монтажға арналған.

1.Лаула:

*Қарттарым-асыл қазынам,

Бақытым да сен бағым-ән.

Мәңгі бақи өтермін,

Қарыздар боп мен саған.

2.Мирас:

*Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

3.Тұрар:

*Ауылымның тірегі өздеріңсің қарттарым,

Есімдеріңізді құрметтейді тұяқтарың.

Қан жүгіртіп тамырларды тірілткен,

Ауылдағы әр үйдің бір-бір жүрегі.

4.Сайын:

*Бір үйдегі әже менен немере,

Ажырамас екеуі де бір дене.

Әне, екеуі үйден шығып барады,

Өздерінше серуендеуге көшеге.

5.Айым:

*Жалғыз жүрсе әжесі тайып кетер деп,

Жүреді ылғи бірін-бірі жетелеп.

Жығыласың дейді оған әжесі,

Жүгірсе егер немересі дедектеп.

Ән «Сенің анаң алтын» (Ораз, Ердәулет, Тұрар, Шыңғыс,Дильназ,Бекасыл,Алмаз,Мирас,Алмат)

6.Асылан:

*Менің әжем-ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

7.Аяла:

* Менің әжем-гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

8.Ораз:

* Менің әжем-нар әжем,

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда мен үшін,

Әр сүйгені дәрі әжем.

9. Сара:

*Менің әжем-жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Би: «Домбыра»

10.Думан:

* Мені жақсы көретін,

Сені жақсы көретін.

Ірімшігін, мейізін,

Бізге сақтап беретін.

Еркелетіп өсірген,

Айналайын, дана-әжем.

11.Айзада:

* Ертегі айтып, әлдилеп,

Әлпештеген, жебеген.

Көп қой бізге айтатын,

Ақыл-кеңес өнегең.

Еркелетіп өсірген,

Айналайын, дана-әжем.

12. Алмаз:

*Әкеміздің анасы,

Ақ жаулықты ақ әжем.

Айналайын, құлыным,

Деп айтатын дана-әжем,

Еркелетіп өсірген,

Айналайын, дана-әжем.

13.Алмат:

*Жанды ғой бағы елімнің,

Сендерге қуат, дем берсін.

Киесі де оның сендерсің,

Иесі де оның сендерсің.

Ән «Ақылшым мұғалім»

14.Дильназ Ж:

*Алдында жүрші көзімнің,

Асылым, алтын қазынам,

Ауыра қалсам өзіңнің,

Пейіліңнен-ақ жазылам.

15. Бекасыл:

*Көкке өрлеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол жан әже,

Ұзақ болсын ғұмырың.

16.Еркежан:

*Әжетай қандырып құмарымды,

Еркелеттің жан ата ұланыңды.

Ризамын аяулы пейіліңе,

Ризамын тым ыстық мейіріңе.

17.Шыңғыс:

*Тым ыстық әже, маған алақаның,

Әжетай, ер жетті ғой балапаның.

Ризамын тым ыстық мейіріңе,

Ризамын ұлағат-пейіліңе.

18.Аружан:

* Асыл әжем әні

Нұрболсын.

Асыл.

Дильназ Ә.

Аялаған, саялаған

Бар бақытым, берекем-

Әжетайым, құттықтаймын!

Бүгін-сенің мерекең!

23. Аспанда Күн ыстық.

Ал жерде кім ыстық?

-Ата мен әжеміз.

Сүйікті тым ыстық.

24. Бәрінен тыныштық

Деген сөз тым ыстық,

Достық пен тыныштық!

ХОР: *Бүгінгі ел ішінде,

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме,

Жағалай малдас құрған.

Жаңғырып салт-дәстүрім,

Жалғасын тапса дейміз.

Ұрпаққа аманат боп,

Ұмытпай сақта дейміз.

Қамқор боп кішілерге,

Үлкенге жол берейік,

Ибалы ұл-қыздар боп,

Жайқала гүлденейік.

VI бөлім.

Осы әже–аталарымызды күтіп отырған, әр үйдің үкілеген, еркелеген келіндері мен ұлдары арамызда отыр. Әжелерге, аталарымызға арнаған өнерлерін тамашалайық!

Әсемгүл, Әсел, Гүлжан аналар ән орындайды.

VII бөлім.

«Әнге әуес, күйге құмар, әдемілікті бағалай білер бала, жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» дейді туғанына 115 жыл толып отырған мықты жазушыларымыздың бірегейі, ауылымыздың атасы «Төленнің төртеуінің» бірі Жақсылық Төленұлымен кезінде Қарқаралыда өткен «Қазақ автономиясының бір жылды тойын» бірге ұйымдастырып, бірге жүрген, әлемге Абай аталарыңды танытқан Мұхтар Омарханұлы Әуезов атамыздың көзі тұнған әдемілігіне бәріміз куә болайық.

Кезекті «Күз маусымындағы» сән үлгісіне береміз.

ҚОРЫТЫНДЫ:

-Қариясы бар үйден киелі әлем көрейік,

Қариясы бар үйде – ақыл-ойдың нәрі бар.

Қариясы бар үйден- не керектің бәрі бар.

Сол үйдің қариясын сыйлайық, аялайық.

Жүректің бар жылуын берейік, аямайық.

Оларға сенің бар байлығыңның керегі жоқ,

Ақ пейіл-ықыласың-оларға керегі сол.

-Қарап отырсам, біздің сыныбымызда ғана 5 ұстаз әже Жолан мұғалім мен ұрпағына техниканың тетігін үйретіп, шөп шабудың сырын меңгертіп жүрген Әлжаппаров Болат атайдың немерелері, Қадиша мұғалім, Мәржапия мұғалім мен,Жақсия мұғалім, Қайнар ауылының тұңғыш пионер вожатыйы- Дәмен апалар бар.Ол кісілер жайлы жергілікті ақын, мектебіміз атын алып отырған Асқар ағаларыңның әкесі Ахмет атай былай деп толғайды:

Қадиша, Жақсия, Жолан, Күлзейнелер,

Жүзінде тек жылылық бейне бар.

Еңбегінің жемісін бүгін көріп,

Құрметке бөленген зейнеткерлер.

Мәдени, Қари, Базархан ұстаздарым,

Армандаған, аңсаған білім нәрін.

Үйретуден балаға жалықпа деп,

Арнаған солар үшін қыс пен жазын.

Өмірден үшеуі де ерте өтті,

Аңсаған армандарына жетпей кетті.

Ауасын Сарыарқаның лайлаған,

Полигон ақырында түпке жетті.

- Социалистік Еңбек Ері атанған шопанның шөбересі осы сыныпта.

Күш қосқан ауылымның еңбеккері,

Бал тамған саусағынан соның бәрі.

Қарт шопан Айтмолданы мақтан етем,

Атанған Социалистік Еңбек Ері.

Ауданға аты шыққан табысымен,

Майталман еңбеккері шабысымен

Жүзінен жүз отыздан қозы алып,

Атаққа ие болды намысымен.

Еңбегі ерлерімнің мерей болған,

Жыл сайын оза шауып көңіл қонған.

Әрқашан әруағына бас иеміз,

Айтмолда бізден шығып Герой болған.

Жарыс жалауын қолдан бермеген озат шопан Ташмағамбетов Кенжебай атаның немересі, майталман шопандарға серік болған, жаздың ыстығында, қыстың ызғарында дала кезген Төлеубек ата, Рымбике апа, Мәкен апа, Жұматай апа, Қарлығаш апа,Тиыштық апа, Күлән апа,Үмітжан апалар бар.

Үлгі алған Айтмолдадан біздің жастар,

Бұл күнде оза шауып топты бастар.

Кенжебай, Марат, Бейбіт көпке мәлім,

Еңбекте басқаларға үлгі тастар.

Айтқанда ауыз толады Кенжебайды,

Жарыста көштің басын бермей қойды.

Сыйлыққа өткен жылдың аяғында,

Ақшалай он жеті мың санап алды.

Мал басын отарында аман сақтап,

Қосымша алпыс бес қой және алды.

Бұл күнде саңлақтарым толып жатыр,

Озаттар қатарында болып отыр.

Орденді Тайтөлеу мен Кенжебайым,

Шебері мал бағудың болып отыр.

-Еңбеккер аналарға:

Жыл сайын еңбек етіп агрегатта,

Алдына жан салмайды алғы сапта.

Әсия, Рымжан, Бақыштармен,

Келеді үзеңгілес Тыныштық та....

- Ең алғашқы әйелдер арасында ауылдық кеңестің төрайымы болған Ақша әженің шөбересі осы сыныпта

Сонымен қатар Толықбай Болтайұлы бос сөзді білмейтін, қақ соқпен жұмысы жоқ, мінезінің қаталдығы мен қайырымдылығы қатар жүретін Ұлы Отан соғысының ардагері, сол кездегі Чапаев атындағы колхоздың сиыр фермасының меңгерушісі болған, онан кейін де ұзақ жылдар бойы колхоз малын бағып зейнеткерлікке шығып, 86 жасында дүниеден өткен еңбеккер жан жайлы айтпасқа болмас, себебі ол кісінің бәйбішесі Теңге(ел ортасында Ақша аталған) Кенжеболатқызы Тобықты руынан шыққан ана. Соғыс кезінде ерлердің орнын жоқтатпай, Чапаев колхозына қарайтын Сарыапан ауылдық кеңесінің төрайымы болған. Соғыс бітіп, азаматтар оралған соң сиыр фермасында сауыншы болып, кейін төл алысып, шаруашылық жұмыстардың бәріне өз үлесін қосқан ақкөңіл, жайдарман, дастарханы әркез жаюлы, көрші-қолаң, туған-туысқа мейірімді, табиғаты дархан жан болған. Қиссаның неше түрін жатқа білетін, арасында өзі де ән айтатын жайдарлы екен. «Құдай туғаннан бере ме, тумағаннан бере ме» дегендей, немере қайнысының екі жасар баласы Рысқұлды бауырына салып алған ол кісі түнгі қой күзетіне шыққанда баласын алдына алып отырып, «Мұңлық-Зарлық», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» қиссаларын бірінен-бірін төгілткенде Рысқұл бала талай сағатқа дейін көз ілмейді екен.Ол кісінің ән-күйге жақындығы өзінің айтуы бойынша Тобықтының атақты батыры Тәукемен туыс. Келіншек кезінде өздері «кіші ата» деп атаған Тәуке батырдың өз аузынан шыққан:

Ақ қойтас, Қара қойтас Бұғылы, Машан,

Ақбастау адыра қалды әлдеқашан.

Кір жуып, кіндігімді кескен жерім,

Көрермін енді қашан ? немесе:

Тіккенім айдалада алтын шатыр,

Сарғайып абақтыда Тәуке жатыр.

Дәм жазып аман-есен кете қалсам,

Артымда не болады Тоғас батыр.- деген жырларын Сібірге айдалып бара жатқанда және түрмеде жатқанда айтқаны екен. Ананың сол мейірімі әсер етті ме, әлде табиғаты солай ма, Рысқұл аға бәйбішесі Мағзура екеуі өле-өлгенше әке-шешесін бағып-қағып шығарып салған. Бұл күнде сол халық ауыз әдебиетінің маржандарымен сусындаған әулет балалары мен немерелері сапалы білім, саналы тәртіптерімен көрініп жүрген нағыз еңбекқор жандар.

Еңбек жолын егін басында өгіз бен ат айдаудан бастаған Мұхамеджанов Зәрубай ақсақал мен тыл ардагері Ләззат әжейдің немересі

Біз бүгін еске аламыз осыларды,

Олар енді бізге қайтіп қосылмайды.

Ұрпағың, жеткіншегің артта қалған,

Аманатын солар ғана орындайды.

Бейбіт күнін әйгілер,

Сақ болыңдар тірілер.

Алғабасты білгің келсе, замандас,

Сонау қарттың жолын күтіп амандас.

Жатыр оның көкірегінде ой тұнық,

Ұлы сапар шалғысындай ақ алмас дей келіп ауылдастарымды, кейінгі ұрпақ өкілдерін ауылымыздың әлі де зерттелмей жатқан рухани қазыналарын, су түбінде жатқандарын бетіне шығаруға ат салысуларын сұраймын.

Общая информация

Номер материала: ДВ-494355

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG

Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Менеджер по продажам»
Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»