Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Айырмашылықтар әлемі"

Тәрбие сағаты "Айырмашылықтар әлемі"

Скачать материал

Тәрбие сағатының  тақырыбы: Айырмашылықтар әлемі

Мақсаты: Оқушыларға «Айырмашылықтар әлемі» тақырыбының   мазмұнын ашып, өзіндік тұлға, ерекшелік, ұлтаралық айырмашылық, толеранттылық, нәсілдік ерекшелік сөздерінің мағынасын түсіндіріп, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал жасау.

Көрнекілік: плакат, тақырыптық суреттер.

Әдісі: пікірталас, ойын, әңгіме, сұрақ-жауап.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) психологиялық дайындық.

Әр атқан таңымыз,

Қуанышқа толы болсын.

Біз бүлдіршін баламыз,

Мұғалім тілін аламыз.

Жақсы ұғып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Ә) түгендеу.

Б) сабаққа әзірлікті тексеру.

ІІ Негізгі бөлім:

А) Сиқырлы қорапша (ойыны)

Қораптан суреттерді алып оған тән белгілерді атап шығу.

Мыс: Алма, гүл, доп, құс, жануар, адам.

- Заттардың арасында айырмашылық болады екен байқадыңдар ма?

- Ал адамдар арасында айырмашылық бар ма?

(ия, адамдар 3 топтық нәсілге, және ұлттарға бөлінеді. Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі, мейрамдары болады.)

-Қазақтың қандай мейрамдарын білесіңдер?

-Басқа ұлттар мейрамдарын көрдіңдер ме?

Ә) Ситуациялық тапсырмалар.
1-ситуациялық жағдай.
Мен қалада тұрамын.Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды.
Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты. Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді.
Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
Бұдан кейінгі менің әрекетім:
• Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім.
• Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
• Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар едіңдер?

2-ситуациялық жағдай.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Сен Тибет еліне саяхатқа бардың.
Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап қайтарар едің?

Мұғалім сөзі:

1.   Толеранттылық-жеке қасиет.

2.   Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.

3.   Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны түсіне білетін адам.

4.   Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды.

Қорытынды.«Толеранттылық ағашын» жасау. Оқушыларға А4 қағазын үйлестіріп өз ойларын бейнелеп ағашты түсінгендері бойынша безендіреді. «Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

 

 

Сынып сағатының тақырыбы:

Айырмашылықтар әлемі

 

http://www.penza-press.ru/images/uploads/news/2016/5_2016/dialog.jpeg

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Тлекова Г.Т.

 

 

Курчатов қаласы

2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Айырмашылықтар әлемі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2016 1108
    • DOCX 168.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлекова Гулзат Тлековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлекова Гулзат Тлековна
    Тлекова Гулзат Тлековна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30214
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой