Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты : «Қазақстан Республикасының наградалары»

Тәрбие сағаты : «Қазақстан Республикасының наградалары»

Скачать материал

Сабақ жоспары

......7..сыныбы

Күні:.............

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының наградалары»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:1) Оқушыларды Қазақстан Республикасының наградаларын таныстыра отырып, тәрбиелік мәнің ұғындыру

Дамыту:2)Есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:  3) Адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:    Аралас

Сабақтың көрнекілігі:    слайд, плакат,фламастер.

Пәнаралық байланыс:  Тарих , әдебиет.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.  1)Оқушыларды  түгендеу

                                            2) Назарларын сабаққа аудару

                                            3) Жыл мезгілдері арқылы оқушыларды топқа бөлу.

                                            4) Оқушыларды сабақ мақсатымең таныстыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.  Қазақстан Республикасының наградалары   

 Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады.  
     
Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады. 
       Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. 
      Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 

Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi

     "Алтын Қыран" (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады.  "Алтын Қыран" орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады. 
"Халық қаhарманы" (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. 
      "Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi - Алтын жұлдыз және "Отан ордені" тапсырылады.        10-1-бап. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. 
      "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз жөне "Отан" ордені тапсырылады. 

11-бап. Қазақстан республикасының ордендерi мыналар: 
      - "Отан"(Отечество) 
      - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" (Первый Президент Республики Казахстан — Лидер Нации Нурсултан Назарбаев)" 
      - "Барыс" (Барс) 
      - "Даңқ" (Слава) 
      - "Айбын" (Доблесть) 
      - "Парасат" (Благородство) 
      - "Достық" (Дружба) 
      - "Құрмет" (Почет)
      - «Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава).

"Отан" орденiмен азаматтар: 
      - мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi; 
      - экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы; 
      - мемлекеттiк, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады.

 "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. 

Барыс" орденімен наградтау: 
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі; 
      - бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі; 
      - мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі; 
      - халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі. 
      "Барыс" ордені үш дәрежеден тұрады: 
      - I дәрежелі "Барыс"; 
      - II дәрежелі "Барыс"; 
      - III дәрежелі "Барыс". 
      I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі. 
      Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін. 

"Даңқ" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері:
      -
әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін; 
      -
әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады. 
      "
Даңқ" ордені екі дәрежеден тұрады: 
      - I
дәрежелі "Даңқ"; 
      - II
дәрежелі "Даңқ". 

"Айбын" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: 
      -
жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; 
      -
әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады. 
      "
Айбын" ордені үш дәрежеден тұрады: 
      - I
дәрежелі "Айбын"; 
      - II
дәрежелі "Айбын"; 
      - III
дәрежелі "Айбын". 
      I
және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады. 
      I
дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. 
     
III дәрежелі "Айбын" орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады. 

"Парасат" орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет    пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады.

"Достық" орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады. 
      "
Достық" ордені екі дәрежеден тұрады: 
      - I
дәрежелі "Достық"; 
      - II
дәрежелі "Достық". 
     
Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін. 

     "Құрмет" орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттiк органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады.

      «Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және материалдық өндірістің басқа да салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлері бір кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жемісті ұзақ жылғы еңбегі, сондай-ақ еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін наградталады.
      «
Еңбек Даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады:
      I
дәрежелі «Еңбек Даңқы»;
      II
дәрежелі «Еңбек Даңқы»;
      III
дәрежелі «Еңбек Даңқы».

 Қазақстан Республикасының медальдары мыналар: 
      - "
Ерлiгi үшiн" (За мужество) 
      - "
Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" (За воинскую доблесть) 
      - "
Ерен еңбегi үшiн" (За трудовое отличие) 
      - "
Шапағат" (Милосердие).

 Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленеді:
      "
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" (Заслуженный деятель Казахстана);
      "
Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана).
      "
Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.

ІҮ.Сабақты бекіту:

Қазақстан Республикасының қандай наградаларын білесіндер?

Наградаларды қандай кезде береді?

 

Ү.Үйге тапсырма: «Қазақстан Республикасының наградалары» қосымша материал,суреттерін салу

 

ҮІ.Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары.

....5...сыныбы

Күні.........

Сабақтың тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев - ғасыр ақыны » 
1. Білімділік: Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру. 
2. Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру. 
3. Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: ізденіс,зерттеушілік сабағы,"өрмекші торы" ойыны,шығармашылық жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, шығармалар көрмесі,слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар. 
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,музыка,сурет. 
Сабақтың эпиграфы: «Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»: 
"Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де" 
І.Ұйымдастыру кезеңі.Сергіту сәті."Өрмекші торы" ойыны. 
Оқушылар жіпті кезекпен бір-біріне ұсына отырып,Мұқағали өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап береді. 
1.Мұқағалидың шын есімі? 
2.Мұқағали дүниеге келген ауыл? 
3. Мұқағалидың анасының есімі? 
4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің? 
5.Мұқағали өмір сүрген жылдар? 
6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды? 
7.Мұқағалидың туған күні? 
8.Мұқағалидың туған жері? 
9.Мұқағалидың әкесінің есімі? 
10.Мұқағалидың балаларының есімі? 

ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Ой-қозғау. 
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. "Қарасаздан ұшқан қарлығаш"-деген өлеңінде: 
"Мен өзім жайында мынаны айтам: 
Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. 
Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ..."- деп жазған екен. 
ІІІ.Тұсаукесер.Мұқағали Мақатаевтың жанды дауысы жазылған бейнежазбаны тамашалайды. 
ІҮ. Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды.
 
- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім, 
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің. 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев 
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- 
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды. 

Ү.Мағынаны тану: 1-оқушы:Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: "Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз" 
2 оқушы:Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. 
3-оқушы:Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. 
4-оқушы:1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті; 
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы; 
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады; 
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады; 
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі. 
5 оқушы:1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды; 
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі; 
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді; 
1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. 
6-оқушы:Поэзиядағы алғашқы қадамдары. 
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960). 
7-оқушы:Шығармалары мен аудармалары. 
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. 
8-оқушы:Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. 
9-оқушы:Поэмалары: 
Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 
10-оқушы:Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын.Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. 
11-оқушы:Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. 
12-оқушы:ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 
ҮІ. Ой толғау.Топтық шығармашылық жұмыс. 
Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығы туралы плакатқа постер құрады. 
ҮІІ. "Жазылар естеліктер мен туралы..." 
13-оқушы:Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның Халық жазушысы: 
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған». 
14-оқушы: Қадыр Мырзалиев, Қазақстанның Халық жазушысы: 
"Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат,көк тіреген күмбез,сұлулық сарайы деп есептесек,сен соның таланттытас қалаушыларының бірі едің". 
ҮІІ.Сен қазақтың қазақтығын жырладың, 
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. 
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген 
Қара өлеңнің – жалындаған жырларың. 
Зулап күндер, жылдар аунап барады, 
Жырларыңнан қазақ бақыт табады. 
Қадіріңді сәл кешірек білсек те, 
Мәңгі есімің жадымызда қалады. 
(«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады) 
Қорытынды. 
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. 
Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!

Үйге тапсырма: «Мұқағали ғасыр ақыны» эссе жазу

Рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

......5...сыныбы

Күні:.............

 

Сабақтың тақырыбы: «Гепатиттің алдын алу»
Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру.
Ә) Дамытушылық: Жұқпалы аурулар туралы білімдерін жетілдіре отырып, оның болдырмаудың жолдары бар екендігіне көздерін жеткізу.
Б) Тәрбиелік: Жеке бас тазалығына тәрбиелеу және адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық - ұжымдық жұмыс
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сызба – нұсқалар, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
2. Темекінің, ішімдіктің, есірткінің адам организміне әсері қандай?
3. Зиянды әдеттерге байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау.
Ағзаларға ауру туғызатын жұқпалы аурулар бес топқа бөлінеді:
1. Бактериялар, яғни микробтар туғызатын аурулар ( туберкулез, іш өту, өкпе қабынуы, т. б.)
2. Вирустар, бактерияға қарағанда кішкентай микробтар туғызатын аурулар ( сары ауру, құтыру, тұмау, т. б.)
3. Грибок туғызатын аурулар ( қышыма, теміреткі, аяқтағы грибок, т. б.)
4. Денеде тіршілік ететін ішкі паразиттер тудыратын аурулар ( безгек, іш сүзегі, т. б.)
5. Денеде тіршілік ететін сыртқы паразиттер тудыратын аурулар ( бит, бүрге, қотыр, қышыма, т. б.)
Біз бүгін вирусты «А» гепатитімен танысамыз.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бауыр дегеніміз не, және оның адам денесіндегі орналасқан жері, атқаратын қызметі жайлы мына суреттерге қарап, танысамыз.
Бауыр – ең ірі без. Массасы шамамен 1500 грамм. Ол қызыл - қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Оның секреті - өт. Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады.
ІҮ. Сабақты бекіту:
Арнайы берілген фигуралар арқылы сыныпты екі топқа бөлу.
І - топ
1. Аурудың алғашқы белгілері.
2. «Жаны сауға - күнде той»
ІІ - топ
1Аурудың алғашқы белгілері.
2. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ»
Ситуациялық сұрақ:
Екі топтан екі бала гепатит ауруымен ауырды делік. Бір бала ауруынан тез айықты, екіншісінің жағдайы нашарлап кетті. Неліктен?
Ү. Сабақты қорытындылау:
П. К. Ивановтың «Қарағым» атты ілімнің 6 - ережесі «Айнала қоршаған табиғатты сүй. Төңірегіңе түкірме, жалпы қақырынып - түкірініп, ішіңнен ештеңі шығарма. Осыған әдеттен. Бұл сенің денсаулығың».
Ендеше балалар, ауырмау әрқайсымыздың өз қолымызда екен. Тазалықты сақтап, бір - бірімізге қамқор болып жүрсек, біз бәрін де жеңеміз.
ҮІ. Үйге тапсырма:
«Гепатит ауруының алдын алу» тақырыбына реферат жазу.
ҮІІ. Бағалау:

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты : «Қазақстан Республикасының наградалары»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2018 801
    • DOCX 87 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Бота Абдыкаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Бота Абдыкаримовна
    Калиева Бота Абдыкаримовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72096
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе