Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты Әліппе, саған мың алғыс

Тәрбие сағаты Әліппе, саған мың алғыс

Скачать материал

       

ТақырыбыӘліппе, саған мың алғыс!

 

Ертеңгілік мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған

                                  білімдерін тиянақтау , өз өнерлерін ортаға

                                  салу. Эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу,

                                  оқу-білім алуға , достық қарым-қатынас орнатуға                                                                                                                                                 .                                  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе деген –алтын жол», «Қош , сүйікті Әліппем!» сөздері жазылған плакат , шарлар, кеспе әріптер.

Мұғалім:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар бүгін сіздер 1«Б» -сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілікке келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!

                    Ата-ана қуанып шаттанады,

                    Оқыды деп баласы мақтанады.

                    Алдарына бұлардың кім шығады,

                    Барлық маман мектептен аттанады.

                    Әліппені бітірді балаларым,

                    Әліппеден нәр алған даналарым.

                    Өзі оқып жазатын халге жетті,

                    Құтты болсын білімі балалардың!

1-жүргізуші:Армысыңдар , аналар!

                      Бармысыңдар,  балалар!

                      Сөзіме құлақ салыңдар,

                      Бір серпіліп қалыңдар!

                      Әліппеге арналмақ,

                      Бүгінгі жыр- әніміз. 

2-жүргізуші:

                     Көз салып қараңызшы бойымызға,

                    Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

                   Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

                     Әліппемен қоштасу тойымызға!

1-жүргізуші: Ендеше, 1-ші  сынып оқушыларын  қарсы  алайық.

2-жүргізуші:    Нұрлы үмітін арқалаған  арқаға

                           Жан сәулесін  тарататын баршаға

                           Шын пейілмен  құрметімізді  көрсетіп,

                           Бүлдіршіндерді   шақырайық  ортаға.

 

Оқушылар екіден қол ұстасып сахна төріне шығады. Музыка ойнап тұрады.

1-жүргізуші:  Өтті оқу сан сабақ

                        Бүгін үлкен салтанат.

                        Оқулықпен достаспақ ,

                        Әліппемен қоштаспақ ,

                        Өсті білім ,бойлары

                        Құтты болсын тойлары.

Мұғалім: Балалар, сендер осыдан төрт ай бұрын ең алғаш осы мектеп табалдырығын аттадыңдар. Ең алғаш әліппе оқулығын қолдарыңа алып, оқуды, жазуды үйрендіңдер. Енді міне сендерге оқуды, жазуды үйреткен ең алғашқы оқулықтарың әліппемен қоштасқалы отырсыңдар.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Балалар, олай болса, бүгінгі әліппемен қоштасу кешінде қонақтарға  өздеріңді таныстырып өтсеңдер

1.

Жақсылықты жаттайтын                         10. Алтынаймын мазасыз

                                                                         Жақсы  оқимын  сабақты      

Бәрін біліп жаттайтын,                                 

Бекзат  жігіт мен болам.                           11.  Аружан  деген мен едім

 2.                                                                       Білім іздеп ,оқу оқып терлеген.

Ай мен күні анамның                              

                                                                     12.  Сүйкімді де ақылды

Ақылдысы атамның                                        Салмақты да сабырлы

Ердос деген мен болам                                   Пынар  боламын  батылды.

3.

Аққу қызбын кең маңдай                         13. Сенім  артқан  ұстазым

Әдемімін мен қандай.                                     Сыныптың  серке, еркесі

Жұмсағанда баратын,                                     Сері жігіт  Мирас  мен болам

Айтқан тілді алатын

 Айсу қызың мен болам

4.                                             

Сәулелі де сымбатты,


Сөйлегені тым тәтті

Сымбат қызың мен болам

5.

Сүйкімдісі  сыныптың

Дарасы болар даланың

 Інкәр қызың мен болам.

6.

Абдулла  деген баламын.

Айтқан тілді аламын

7.

Диас деген баламын

Есепті мен шағамын.

8.

Көп оқитын, көп тоқитын

Сері жігіт Арнұр боламын.

9.

Бармағынан бал тамған

Балдай тәтті Алинамын .

 

14.Мың бұралып билейтін

     Сүйкімді биші Ханшайым

 

15.Салмақты да, сабырлы

     Шындықпен де жүретін

     Медет деген  мен болам

 

16.Сеніп қойған ата-анам

Менің атым Жанарыс

 

17.Көркем жазам жазуды

Нұрасыл  болам батылды.

 

18.Момынмын мен ақылды

Нұрасыл   деп қойған атымды.

 

19

 Айтқан тілді алатын

Арайлым қызың мен болам


 

20.Ата-ананың еркесі                                    21.Күміс көмей, жез таңдай

     Сыныптың да еркесі                                     Аружан қызың мен болам

     Наргиз қызың мен болам

 

22. Білім деген ғажапты                                23.Ерке қызы қазақтың

     Санама мәңгі сіңірген                                   Аружан атты қыз болам

     Ақниет қызың мен болам

 

24. Арым таза ақ көңіл,                                 25.Мың бұралған бишімін

 Дидар балаң  салмақты                                     Мақтанышы сыныптың

                                                                              Гауһар атты қызыңмын

Мұғалім: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Қане, шешімін тауып көріңдерші.

Іші толы әріпке

Білімдіге жарық не?

 

Хормен:                                  Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті, әліппе!

 

 Олай болса , бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға  шақырайық!

Оқушылар:   Әліппе!     Әліппе!     Әліппе!

                

Мұғалім:Қош келдің, әліппе! Төрлетіңіз, той осында. Балалар сізді күтіп отыр. Жоғары шығыңыз.

 

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар,

Армысыңдар ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың

Не үйреніп, не білідк

Қане ортаға салайық!

1-оқушы

Алфавитті біліңдер,

Онда қалып жүйе бар

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар

2-оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба? Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

3-оқушы:

А деген аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

4-оқушы:

 Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны, әліппе                  

5-оқушы:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе

6-оқушы:

Әліппем менің әліппем!

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап, жаза бастадым

Тақылдап, таңба танып мен

7-оқушы:

Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған мың алғыс

8-оқушы:

Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

9-оқушы:

Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет

Хор «Әліппе»

Мұғалім: Балалар, сендер әліппе пәнінен қандай өлең, тақпақтар оқып, жаттадыңдар?

Хормен: Әліппеден жаттаған тақпақтарын айтып шығады.

10-оқушы:

Үйретіп алғаш әліппені

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді

11-оқушы:

Достастырған өзіңмен

Ұстазыма мың алғыс

Иландырған сөзіне

Қамқоршыма мың алғыс

12-оқушы:

Анамыздай аялап

Ақылшы болған ұстазым

Өзіңнің ғана еңбегің

Бүгінде биік ұшқаным

Хор «Жарқын жүзді ұстазым»

2-жүргізуші:

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

 

1-жүргізуші:  Сырлы әріптер сыр түйіп

                         Сабырмен саған қарайды

                         Сырларын білсең бас иіп

                         Керегіңе жарайды.

2-жүргізуші:  

                        Әліппе деген алтын жол

                        Апарар сені алысқа

                        Жеңіл емес ауыр жол

                        Тырысып бақ намысқа.

1-жүргізуші :Балалар, айтыңдаршы, сендер тағы қандай пәндермен доссыңдар?

        1. Дүниетану – табиғат ортасы.       2. Еңбек - бәрін жеңбек.

        3. Шіркін сурет сабағы.                    4. Шынықтырады денені

            Ауылды еске салады.                      Дене шынықтыру сабағы.

       5. Ән айтамыз көңілді                       6. Өзін-өзі тану

           Ұзартамыз өмірді.                             Ұлттық тәрбие алу.

       7. Математика –ғылым анасы.          8. Ағылшын тілі сабағы

                                                                        Қарым-қатынас құралы

          

Хормен:           Барлық пәндер бізге керек

                          Бестік баға алу керек.

 

2-жүргізуші: Балалар, сендер санамақты білесіңдер ме?                                                                       1-10 сандар қатары шығып санамақтар айтылады.

13-оқушы:

Бір дегенім-бесік

Шықтың содан өсіп

Екі деген-елім

Далам, тауым, көгім

Үш дегенім-үміт

Үміт артар жігіт

Төрт дегенім-төзім

Төзе білем өзім

Бес дегенім-бақыт

Бағалайтын уақыт

14-оқушы:

Алты деген-ақыл

Тыңдағаның мақұл

Жеті деген-жалау

Жүректегі алау

Сегіз деген-сөзің

Серт беретін кезің

Тоғыз деген-тоқтау

Елдің жоғын жоқтау

Он дегенім-Отан,

Қорға соны, ботам!

 

1-жүргізуші:

Әліппе  даңғыл жол  ашты

Жанадан пәндер  жалғасты

 Әліппе  сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз   алғашқы.

 

Хор: Мұғалім ол біздің.

 

2-жүргізуші: Иә ,бүгін біздің қуанышымызда   шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды  ашқан «Әліппені»  бітірдік.

Мұғалім: Балалар, әліппеге алғысымызды айтайықшы.

Оқушылар : хормен

 «Әліппе,  саған  мың алғыс»

Мұғалім: Жақсы балалар, олай болса қазір бәріміз слайдқа назар аударайық. Ондағы тапсырмаларды орындайық. Ол үшін алдымен топқа бөлініп алайық. Қазір мен төртке дейін санаймын. Бір деген 1 топ, екі дегенім 2 топ, үш дегенім 3 топ, төрт дегенім 4 топ болып бөліне қалайық.

Тапсырмаларды орындау

1 айналым. «Ұшқыр ой»

Мәтіннен үзінді беріледі. Соны оқып қай мәтіннен үзінді екенін табу.

Мұғалім: “Әліппе” деген алтын жол,

                    Апарады сені алысқа.

                    Жеңіл емес, ауыр жол,

                    Тырысып бақ намысқа.

2 айналым. «Ойлан, тап»

Жұмбақтың шешуін тап.

Мұғалім:Балалар, өздерің тағы қандай жұмбақ білесіңдер? Қане қай топтан жұмбақ айтады.

Ал мақал-мәтел білеміз бе? Қане мақалдар айтайықшы.

Мұғалім: Әліппе даңғыл жол ашты,

                   Жаңадан пәндер жалғасты.

                   Әліппе сырын ұқтырған,

                   Рахмет,ұстаз, алғашқы!

3 айналым. «Құпия сандық»

Математикалық тапсырмалар беріледі. Топ болып шешеді.

4 айналым. «Құпия ұяшықтар »

Барлық пәндер бойынша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап берулері керек.

Жеңген топтарды анықтап, марапаттау.

Әліппе – Ал  достар  ,бүгін сендер  енді  менің жолымды әрі қарай жатғастыратын  ана тілі  пәнімен танысасыңдар.

Мұғалім: Балалар, ана тілі пәнін шақырайық.

Хормен  :  Ана  тілі, ана тілі,   ана тілі

Ана тілі  келеді.

Ана тілі

Балалар, тойларың құтты болсын! Мен ана тілі оқулығымын.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім- ұраным

Ана тілім-  құралым.

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Мұғалім: Құрметті ана тілі, біз әліппеден оқып үйренгенімізді әрі қарай сізден үйренеміз. Сізді құрметтейміз және жақсы оқимыз. Ия, балалар.

Олай болса әліппе пәнімен қоштасайық.

Хормен  :  Әліппемен  қоштастық,

                   Ана тілмен достастық.

 Әліппе: «5» болсын алар бағамыз,

                Біліммен  бақыт  табамыз.

                Өнер білім  көп тоқып,

                Өсе берсін санамыз: 

                Балалар  сабақты  жақсы  оқыңдар!

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

                        Әсем ән мен тәтті күй

                         Көңілге түрлі ой салар,

                         Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әнге берейік. Оқушылардың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әні. Қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші:

Бізді осындай  күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген  әкелерміз, аналарымызға   мың алғыс айтамыз.

Ойын  жүргізу:  (  ата- аналардан  бірнеше  адам   қатысады.)Ата-аналарды екі топқа бөлу.

1 айналым. Сөздер  құрастыру

1-топ. «Құлыншақ» сөзінің ішінен бірнеше сөздер құрау.

2-топ. «Ботақан» сөзінің ішінен бірнеше сөздер құрау.

 

2 айналым.  «Кім тапқыр?» Бірнеше суреттер беріледі. Сол суреттегі бейнені ыммен басқа адамдарға түсіндіру. 

Жеңген топты марапаттау.

1- жүргізуші:

Жиналған қауым таң қалсын.

Ән, бимен шашу шашылсын

Мың бұралған бишілер

Бимен кешті жалғасын . Сахнада «өзбек биі». 

2-жүргізуші:

Балалардың өнерін көрейік

Балғындарға көңіл бөлейік

Өнерге баға берейік

Бәріміз тамашалап көрейік. Алдарыңызда «қазақ биі»

1-жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп

Інжу – маржан шашайық

Қонақтарды таң қалдырып

Өнерден күмбез жасайық

Келесі кезекті «Самбо» биіне берейік.

2-жүргізуші:

Қанаттанды  мектептен  ,

Әкең менен анаңда

Ғылым үшін тер төккен

Ағаң менен анаңда. Алдарыңызда «Қуыршақ биі»

1-жүргізуші:

  Оқу білім ордасы

  Білім  нәрін беретін

  Кең сарайдай  мектебім

  Сол мектепті  сүйемін. деп   «Шығыс биіне» кезекті берейік.

2-жүргізуші:

Туғанда дүние есігін ашады өлең

Өлеңмен жер қойнына кірер денең дегендей кезекті әсем әнге берейік.

Ән  «Көңілді күн». Орындайтын 1б сынып оқушысы Каби Аружан

 

Барлығы ортаға шығып «Флешмоб» биін билейді.

Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен

                Балаларға үйреткен.

                Әліппе мен ұстазға

                Бас иеміз құрметпен

 

Мұғалім:Құрметті  оқушылар!Ата-аналар! Ұстаздар! Осымен «Қош бол, құтты әліппем!» атты тәрбие сағаты аяқталды. Балаларыңыз жақсы  бағалармен  дос болып , жақсы оқып, үлгілі  оқушылар  болуларына  тілектеспіз.

Сөз  кезегі  мектеп  басшыларына,ата-аналарға   беріледі.

 

 

 

Бақытты балалық шағымыз үшін  рахмет  сіздерге,  ата- аналар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты Әліппе, саған мың алғыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 163 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2016 608
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурекеева Альфия Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурекеева Альфия Канатовна
    Нурекеева Альфия Канатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4566
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой