Инфоурок Другое ПрезентацииТәрбие сағаты " Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз"

Тәрбие сағаты " Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз"

Скачать материал

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз !

Наурыз құтты болсын !

Ұлыс береке берсін !

Құт-береке мейрамы Наурыз жасасын !

Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

Жақсылыққа жақсылық жай адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық – ер жігіттің ісі

Жыл басы – Наурыз,

Мол болсын дәм – тұз.

1-бастаушы : Уа,қадірменді халайық! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Халқымыз Ұлыс күнді “жыл басы” деп санайды.

Тілімізде наурызға қатысты”жер бетіне жақсылық ұялаған күн”,”ұзақ ұшып келген күн”,“жыл басы”,”жылқышы торғай(нәурізек)келген күн”,”көк құт көзін(өсімдік) ашқан күн”,”жылдың жерге түскен күні”,”Самарқанның көк тасы еріген күн” деген сияқты бейнелі сөздер сақталып келеді.

2-бастаушы:Халқымыздың айтуынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды екен.Қызыр- адамдарға дәулет дарытып,бақ қондыратын,ақсақал кейпінде көрінетін қиял-ғажайып адам.Танымдық әнгімемізді әлі де жалғастырармыз, құрбы-құрдастарымызға кезек берейік.

Ән: Осыдан кейн барлық оқушылар қосылып наурыз туралы ән орындайды.Күй тартылады,өлең жолдары айтылады.

1-оқушы:

Қауышып қайта оралған Наурызға,

Ерніміз әрең тиді сары уызға.

Науалап нәр құйылып,нұр жүгірді,

Ағарып бара жатқан қанымызға.

2-оқушы

Қақ жарып әділдіктің қара қылын,

Келдің бе гүлге оранған Жаңа жылым.

Ақтабан шұбырынды-Алқакөлмен”

Жалғашы Арал, Семей аралығын.

3 – оқушы

Ұлтының мерекесін ұмытқан жұрт,

Жоғалмай басымыздан кіріптарлық.

Намысын Наурызында жанып алсын,

Өте алмай өліарада тұрып қалдық

4-оқушы

Жуанның жіңішкерген бұл шағында,

Қазағым,көп көжеге сусадың ба?

Іңгәләп Наурызым ұзақ жатты ау,

Толғатқан Тарих- ана құрсағында.

5-оқушы

Ардақтап аталардың зиялы атын,

Күн келді дәстүр үшін ту алатын.

Қашан да ата жолын ұмытқандар,

Ұлыстың ұлы күні ұяласын,

6- оқушы

Заманның зауалындай ғасыр өтті,

Жанардың жылай-жылай жасы кепті.

О,Наурыз, өзің ғана жеңілдетер,

Халықтың басындағы қасіретті.

7-оқушы

Ұмытып қалған әнім тәрізді,

Санамда қайта жаңғырдың,

Беу,Наурыз,енді жарылқа бізді,

Нұрындайалтын жаңбырдың.

8-оқушы

Есімде менің есіркегенің-

Былтырғы жиын, былтырғы ән...

Төсіне қырдың өсір көк егін,

Түлкідей түлеп құлпырған.

9-оқушы

Ортамызға келіп Шәкәрім ақын,

Міржақып қайта тірілді.

Қахарлы күндер тқапа қылатын,

Серпідік ескі ұғымды,

10-оқушы

Айтсамда қалай рахметімді,

Сабырым қалмас еш менің.

Жүсіпбек,Мағжан,Ахметімді,

Қайтардың,жанды өшкенім

11-оқушы

Жеңгелер мәз, жылы көже құйып,

Ағаларда мәз ат мініп.

Ән мен жырға біз мезет ұйып,

Қарындастарда шат күліп,

12-оқушы

Тарады даусым әлемге менің

Оянды дала әніммен.

Бас иіп, күнге сәлем беремін,

Қарсы алып Наурыз таңын мен!..


Оқушылар өлеңдерін аяқтай бергенде есік ашылып, өңі алау-далау алқынып бір бала кіреді. Басында кепеш үстінде жамау – жасқаулы ескі шапан,аяғынды қазақы шоқайма етік.

Бала:Ау,амансындар ма,балалар , қадірменді аға , әпкелер. Ұлыстарың оң болсың, қуаныштарың мол болсын!

  1. Бастаушы:Айтсын.Рахмет тілегіңе.Бірақ кім екеніңді танымай тұрғанымыз.”Мыңның жүзін білгенше,бірдің атын біл” деген бар,құрдас. Атыңды нәпсіңді айт, қайдан келесің ?

Тазша бала:Айналайын-ай!Баяғыда Әйтеке би :

Әкемді сұрасаңыз – жетесіз,

Шешемді сұрасаңыз – некесіз.

Туа салған бір баламын

Тегімді сұрап нетесіз ? – деген екен . Сол айтқандай, , түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Кәдімгі,есер ханды мүдірмей қырық өтірік айтып , тәубесіне келтіріп , жарты патшалығын алып байып, қызын алып, күйеу болған шонжарың мен. Жас қусақ , сендердің аталарыңның аталарымаған іні болып келеді.Халқымыз Наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауында шыдап жата алмай жеткенім ғой бұл.Бай қалпымда келсем танымай қалар деп өзімнің сүйікті киімдерімді киіп шығып едім.

  1. Бастаушы: Оу ,Тазша бала , жо-жоқ, баба, жортқанда жолыңыз болсын,жолдасыңыз Қыдыр ата болсын. Әйтсе де сұрауға рұқсат, жалғыз келемісіз ?

Тазша бала:Қайдан жалғыз шығайын. Халқыма асыққан мен ғана емес екенмін.Ел билеген хандар,байрақ ұстаған батырлар,аузы дуалы билер,ертегілер еліндегі өздеріңе таныс кейіпкерлер бірігіп жолға шығыпты.Өздеріңе құт мекен болған бүгінгі даланың,сол далада мекен еткен үрім-бұтағының тіршілігін көрмек.Зәулім шаһарларға беттеп бара жатқан көштен жырылып,сендерге соға кеткелі келгенмін.

Оқушылар:Апыр-ай, сізден өзге ешкім келмес пе екен бізге ?

Тазша бала:(Жымың етіп)Асаларына таянып үш абыз емпендеп келе жатыр еді артымнан, ендігі табалдырыққа жеткен шығар.

Есікті үйсін Төле би, арғын қаз дауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке би ашып кіріп келеді.Оқушылар мәз болып,қол қусырып қарсы алады.Амандық-саулықтан кейін балалар өнерін көрсетеді.Соңынан үш жүзге билігін жүргізген көнекөз билер кетуге рұқсат сұрайды.

1-бастаушы:Ақылы дария, көңіл көл бабалар! Сәтті жол сіздерге де тілейміз. Мына ұрпақтарыңызға ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет айтпас па екенсіздер.

Төле би:

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы...

Өгізді өрге салма,қанатың талар. Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпанға сырыңды ашпа, түбіңе жетер. Жал құрығы жаба деп, жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсынның жагасынан алма,өрісің тарылар.Қару жисаң, мылтық жи,жаяу жүрсең-таяғың,қарның ашса-тамағың.Менен ақыл сұрасаңдар,айтарым осы.

Қаз дауысты Қазыбек:

Ілкі заманда қартайған Бұқар жыраудың көңілін сұрай барып едім, балаларым.Төсекте жатқан Бұқар жырау: Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші - деп сұрады.Мен былай деп жауап бердім: Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.Үш дегеніңіз- үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.Бес дегеніңіз - белсеніп шапқан жау жаман.Алтын дегеніңіз - аймағын билей алмаған адам жаман.Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз.Он дегеніңіз – өткеніңіз о дүниеге жеткеніңіз – дедім . Қарт жырау риза болып қалып еді.Бұл айтылған нақыл сөз - тыңдай білгеннің адастырмас темірқазығы.

Әйтеке би:

Бабаларың тыңдап, кесіміне құлдық ұрған ғибратты сөздердің бірпарасын айтсам,сендерге жаттығы болмас.

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін.,батыр болсаң жауға найзаң тисін.Бай болып елге пайдаң тимесе,батыр болып жауға найзаң тимесе,елден бөтен үйің күйсін.

Суалмайтын суат жоқ,

Таралмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суға тұрса да,

Уақыты жеткенде,

Қуармайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ...

Қазақтың заңғар үш биі ұрпақтарын Наурыз мейрамымен тағы да құттықтап,ақ баталарын береді.Үш оқушы сүйемелдеп,Қалғандары қошемет көрсетіп қол соғып,шығарып салады.Ертегілер елінен келген тазша бала да бірге кетеді.

1 – бастаушы: Ал қадірменді ағайын! Наурыз мерекесімен жалғасқан той бізден басқа жұртта да өтеді.Алғашқы болып білек сыбанғаннан кейін танымдық материалдарға көбірек иек артып едік.Ертеде қазақтардың Наурыз тойын қалай қарсы алғаны сіздерді қызықтыратын болуы керек.

2 – бастаушы:Наурыз қарсаңында халқымыз Қызыр күні жаңа жыл табалдырық аттап,үйге енгенде “жалғыз шала сәуле болмас” деп төрге қос шырақ жағады екен.Үйдің іші кір – қоқыстан ада болса,жыл бойы ауру – сырқаудан аман боламыз деген сеніммен мүліктерін жуып,сүртіп,көрпе,жастықтарын қағып сілкілейтін болған.

1 – бастаушы:Ия,Жаңа жылды қалай қарсы алсаң,жыл бойғы өмірің дәл осылай өтеді деген нақыл әр халықта бар.Халқымыз жыл бойы молшылық болсын деп ыдыстарға бидай,арпа ,сұлы,жүгері толтырып, сүт, айран,шұбат,шалап,уыз құйып қояды екен.

2 – бастаушы:Мұсылман халықтарының көбіне тән Наурыз мейрамы туралы біраз айттық.Әрине,біз қамтымаған рәсімдер көп.Күн мен түн теңелген уақытта тойланатын бұл мейрамымыздың ең басты қасиеті теңдік,адамгершілік,молшылық сияқты абзал қаситтерден тұрады.Алдағы жылы да басымыз аман, жанымыз сау болсын деп тілейік.

Әрі қарай мереке жұмбақ жасыру,жаңылтпаш,өлең,ән айтуға ұласады.Оқушылардың наурыз мейрамына арнап шығарған қабырға газетіне баға беріледі. Соңынан шақырылған қонақтардың үлкені бата береді.

Бата:

Е,падша Құдайым,

Жарылқағанмен жандас ет,

Ораздымен оттас ет,

Кімді жарылқасаң соның

Қасыңда ет,

Алдағым әз ет, шүкір нәуебет

Астыр – тастыр,

Үзілістірмей ұластыр.

Жақсылармен жанастыр,

Жамандардан адастыр.

Дәулетің зиәде болсын,

Құдайым тілегіңді беріп,

Тұсауыңды алсын.

Ерлердің дұғасы,

Жарандардың батасы,

Болмағай менің

Бұл батамның қатасы!





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты " Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 299 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2016 630
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утебалиева Арайлым Самиголлаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8161
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой