Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Тәрбие сағаты "Наурыз- думан" мерекесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тәрбие сағаты "Наурыз- думан" мерекесі

библиотека
материалов

« Наурыз - думан» мерекесі.

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

1-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

2- жүргізуші:Келе жатыр жырымыз

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз .

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Бірге: Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

Домбырашылардың орындауында «Балбырауын» күй.

1-жүргізуші:Қашанда құт- береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Уа, халайық, теріп ал несібеңді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін!

2-жүргізуші: Шашу, шашу, шашу!

Тойларда шашу шашу- салты елімнің.

Көңілім дарқан,

Несібем мол болсын деп,

Дәм тат мынау шашылған көп шашудан!

(Әжелер шашу шашады, күй орындалады)

1-жүргізуші:Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың,

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

2-жүргізуші:Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік біз сізге.

Бүгінгі мерекеміздің қадірлі қонағы Қыдыр атамызды қарсы алайық!

Бірге: Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,

Бізге бата береді.

Қыдыр ата:(Халмұрат қолын жайып)

Армысыздар ,жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле- жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көп болсын,

Қайғы ,уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам

Әумин!

- Балаларым, ата салтын ұмытпай, Ұлыс тойын тойлап жатқандарың өте жақсы екен. Ал, енді, балаларым, осы Ұлыстың Ұлы күні Наурызға арналған сұрақтарыма жауап беріңдерші.

1. Жыл басында нұр жауған түн ... (қызыр түні)

2. Жыл басында алғаш жауған қар ...(ақшақар)

3. Жыл басының алғашқы күні ...(Ұлыс күні)

4. Жыл басының алғашқы сүті...(уыз)

5.Жыл басының алғашқы көгі... (бәйшешек)

6. Жыл басының алғашқы асы..(Наурыз көже)

Қыдыр ата: Өй, бәрекелді! Жарайсыңдар, балаларым! Ата салтымызды әрқашан да осылай қадірлей, қастерлей біліңдер!

1-жүргізуші:

Наурыз-жаңа жылды қарсы алуда, қазағымның ең бірінші салты, таң сәулесі қылаң бере шырақ жағып, үй ішін аластаудан басталады.

1-оқушы :(Адилям)

Ұлыстың Ұлы күні Күн-Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құтын көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырысты болады деп есептеледі. Сондықтан Ұлыстың Ұлы күні атқан таңды, шыққан күнді маңдайын тосып қарсы алған.

(Күй орындалады. Сахнаға екі жақтан ақжаулықты әжелер шығады, сахнада күн өтеріледі. Әжелер күнге тәу етіп, иіліп сәлем береді)

1-ші әже :( Анаида): Интерактивті тақтадан күн көрсетіледі.

Армысың , қайырымды Күн-Ана!

Атар таңға, шығар күнге Тәу-Тәу!

Елімізге амандық,

Жерімізге құт-береке дарыта көр! Тәу-Тәу!

Ғаламдағы бар ғажапты

Құшағыңа алып тұрған қасиетті көк аспан!

Бетіңе жамандықтың бұлты торламасын,

Көгілдір нұрыңмен саулық бере гөр!

2-ші әже .(Әмина): Интерактивті тақтадан ай көрсетіледі.

Қараңғылықты нұрға бөлеп,

Татулықтың ақ нұрындай болған,

Ай-ару, жаманаттардың кесапатынан

Киелі елімді, қасиетті жерімді

Сақтай көр! Тәу-Тәу!

Тіршілік көзі кәусар бұлақ!

Дән тасқыны мол болсын!

Жау-шашынның көп етіп

Нұрыңды төге көр! Тәу-Тәу!



3-ші әже: (Томиля): Интерактивті тақтадан от көрсетіледі.

Қызыуы, жылуы мол

Құдіретті От!

Елімнің тірегі;берекесі

Қара қазанымды қызыл жалынға бөлеп

Ағыл-тегіл молшылыққа кенелт!

Асымыз артылып, ернеуінен май төгіліп жатсын!

Тәу-тәу!

1-жүргізуші: Тамаша екен салтымыз!

Тамаша екен халқымыз!

Наурыздан қалар көңілге,

Өшпестей болып жарқын із!

2-жүргізуші: Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз,

Шыңдалып жеткен бұл күнде

Ел дәстүрін сыйлаймыз!

Бірге: Наурыз тойы құтты болсын, ағайын!

Митрофанова Дарья «Шашу» биін тарту етеді

1-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы

Алатын асулары асқардғы,

Қазақтың кең көсілген даласында

Жайылсын қазағымның дастарқаны.

(Сахнаға қонақтар шығады)

2-жүргізуші:Жоғары шықсын қонақтар,

Келіп тұрған алыстан

Жақсылықтың жолында

Жан аямай алысқан.

Әже: (Карина қонақтарға наурыз көже ұсынады)

Айналайын , балалар!

Тоя ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім.

Оттан қазан түсірдім,

Бал көжеден татыңдар,

11 сынып оқушыларының орындауында « Сарыарқа» күйі

1-жүргізуші:

-Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күнінде жастарымыз бас қосып, шаңырақ құрып жатыр. Жас жұбайларды «Жар-жар» өлеңімен қарсы алайық.

2-жүргізуші:

-Жас келіннің бетін ашу үшін « Беташар» салты жасалады. Беташарда келін болашақ туыстарына, енесіне, атасына, қайын- жұртына сәлем салады.

Жастарды «Жар-жар» өлеңімен қарсы алып, келіннің бетін ашады.

1-жүргізуші:

-Ақсақал жастарға бата беріңіз.


Ақсақал:(Санжар): Қос аққудай көлдегі

Қызғалдақтай белдегі

Жасжұбайлар екенсің,

Бата берем кел бері.

Дәулетті, малды болыңдар,

Жұқармас, жанды болыңдар.

Ел-жұртың мақтан тұтатын

Жастардың алды болыңдар.

Бала: ( Арыстанбек) Сүйінші, сүйінші!

Жас нәресте дүниеге келді.

Сүйінші, әже ,сүйінші!

Бөпе келді дүниеге

Сүйінші, ата, сүйінші,

Батыр келді өмірге!

2-жүргізуші:

Батырымызға арнап 11 сынып оқушыларының орындауында «Бүгін сенің туған күнің» әнін қабыл алыңыздар.

( Сахнаға қолында сәбиі бар жас келіншек шығады)

Ата-баба салты бойынша сәбиге ат қоялық.

Ақсақал: Сенің атың Наурызбай, Наурызбай, Наурызбай!

1-жүргізуші:

  • Қазақ халқының салт- дәстүрі бойынша батырымызды бесікке салайық.

Бесік- қасиетті , киелі мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікке сәбиді елге сыйлы, қызын қияға, ұлын ұяға ұшырған, үбірлі-шүбірлі ақ әже салады.

Әже: (Дария бесікті адраспанмен аластайды)

« Бисмилла рахман рахим, менің қолым емес, Би Фатима пірімнің қолы . Көзі жаманның көзінен алас, тілі жаманның тілінен алас. (Сәбиді қолына алады) Жасың ұзақ, денің сау болсын! Талабың өрге бассын, ата-анаңның адал перзенті ғана емес, халқыңның беделді ұлы бол!

2-жүргізуші:

Ананың сәбиге деген махаббаты « Бесік жырынан» басталады.

« Бесік жыры» әні шырқалады.

1-жүргізуші:

Наурыз мерекесін көпұлтты мемлекетіміз бір атаның баласындай бірігіп қарсы алады. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

«Қара жорға» биін қатысушылар, көрермендер билей











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров350
Номер материала ДВ-473195
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх