Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағатының тақырыбы: «Ата-ананы қадірлеу – парыз»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ата-ананы қадірлеу – парыз»

Скачать материал

        Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

 Бердеева Аида Абатқызы

Батик және «Сиқырлы жіптер» үйірмелерінің жетекшісі

Тәрбие сағатының тақырыбы:             

                       «Ата-ананы қадірлеу – парыз»

Мақсаты:

оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:

оқушылардың ата-анасымен түскен суреттерінен слайдтар, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, цитаталар: «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес».
Тәрбие сағатының барысы:

І бөлім - А. Бақтыгерееваның «Ана жайында аңызы» мәнерлеп оқылады.

ІІ бөлім-бейнеролик

ІІІ бөлім -Ой толғау.

ІҮ бөлім- Аңыз әңгіме

Қорытынды бөлім

    Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
А. Бақтыгерееваның «Ана жайында аңызы» мәнерлеп оқылады.
...Ананың кезі бар ма кекті болған.
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...
- Ата-ананың қандай қасиеті байқалады?
Ата-ана тек аңызда ғана осындай ма? Өз ата-анаң туралы не айтар едің?


3 Ой толғау.
А. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Ә. «Анаңды Меккеге үш рет апарып келсең де ана сүтін ақтай алмайсың» - дегенді қалай түсінесің?
«Жаннат аналардың аяғының астында» деген сөзді білмейтін адам жоқ. Бірақ ешбір адам бұл сөздің мағынасына терең көз жүгірте бермейді. Ата-анаңа қандай жақсылық жасаң да көзі тірісінде жасау керек. Ата-анаң қартайған шағында оларға «түһ» деуші болма, ренжіте көрме және оларға жақсы сөз айт. Екеуіне де зор мейірмен, кіші пейілмен бас иіңдер. Кішкентайыңда сені мәпелеп өсіргеніндей сен оларға рақым ет.

4.Бір күні ардақты пайғамбарымыздың алдына бір әйел келіп:
- Сіздің жақын сахабаңыз әрі сырласыңыз болған Алқама қатты қиналып, өлім төсегінде жатыр, - деп хабар береді. Пайғамбарымыз Әбу Бәкір садық пен Біләл азаншыны жіберіп, Алқамадан хабар алуды бұйырды. Әбу Бәкір келіп, Алқамамен сұхбаттасқанда, Алқама сөйлеп, өзінің жайынан хабардар етеді. Алайда тілін кәлимаға келтіріп: «Лә иләһа иллаллаһ» деп айта алмады.Бұған таңырқаған пайғамбарымыз өзі келіп көреді. Бар жайдан қанық болған соң сахабаларына қарап:
- Бұл Алқаманың анасы бар ма? – деп сұрайды. Сахабалар:
- Әкесі ертеректе дүние салған, анасы болуы керек, - деседі.
- Ол анаға хабар беріңіздер. Егер келе алса, менің құзырыма келсін, келе алмаса, өзім барайын, - дейді. Хабарды алған Алқаманың анасы:
- Пайғамбарымыздың алдына өзім барамын, - дейді. Сыртта көлеңкеде ауырып жатқан баласының жанынан өтіп барып, тіке Пайғамбардың алдына келіп сәлем береді.
Пайғамбарымыз одан:
- Сіздің балаңыз Алқама қандай бала еді? –деп сұрақ қояды.
- Балам жақсы, сіздің маңайыңызда қызмет атқарады, - дейді. Сонда Пайғамбарымыз:
- Жоқ, сізбен мәмлесі қандай еді? – дегенде:
- менің баламнан көңілім қалғаны қашан, бұл баланы балам деп ұмытқалы көп уақыт болды, - дейді де, көз жасын тыя алмайды. Себебін сұрағанда:
- Баламның сәби кезінде әкесі дүние салды. Жесірліктің тауқыметін тарттым. Күйеуге де шықпадым. Осы жалғыз балама өгей әкесі көзін тігіп, қабақ шытып қараса, жүрегім бұл жағдайға шыдай алмайтынына сендім. Балам өсіп, азамат болды. Үй болды. Бірақ сол күннен бастап бар тәтті тамақты әйеліне тасыды., бар жылы сөзді әйеліне арнады. Осы жағдайларды көріп, бір үйде тұра алмайтынымды білген соң, жүгімді жинап, кетуге даярландым. Сонда балам: «анашым, сіз мені бағып-қаққан едіңіз, енді қайда барасыз?» деп сұрауға да шамасы келмей, баратын үйіме жүгімді көтеріп, апарып берді. Міне, сол сәттен бері аналық мейірім - махаббатым бұл балама теріс болды. Пайғамбарымыз:
- Балаңыз жалған дүниемен қош айтысқалы жатыр. Ризалығыңызды білдіріңіз, - дейді.
- Разы емеспін,- деп ана қайталайды. Сол сәтте пайғамбарымыз сахабаларына:
- Отын жиыңдар да, үлкен алау жағыңдар! Анасын нариза еткен баланың отта жануын анасы мен баршаларыңыз көріңіздер! – деп бұйырады. Сонда Алқаманың анасы:
- Ей, Расулалла Пайғамбар, балам жанғанша, сол отта мен жанайын, балама разымын, разымын,- деп бірнеше рет қайталайды. Сол сәтте Алқама «Лә иләһа иллаллаһ» деп жан тапсырады. Пайғамбар:
- Дүниенің азған отына балаңыздың түсуін қаламадыңыз, разылық бермегеніңізде балаңыз мәңгілік тозақ отына түсер еді, - дейді.
Міне, осыдан-ақ дүниедегі ең қымбат жан ана мен әке екенін аңғаруға болады.
 
Қорытынды
–Жаңағы жігіт әкесін үйінен қуып жіберсе, бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне өткізуді үрдіске айналдырған. Бұл – өте үлкен қасірет. Бұған жол бермейік. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы.
Анам маған:
Үлкенді сыйла,- деген.
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем, - деген Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен тәрбие сағатын қорытындылаймыз

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ата-ананы қадірлеу – парыз»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2017 1232
    • DOCX 19.4 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердеева Аида Абатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бердеева Аида Абатовна
    Бердеева Аида Абатовна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5778
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой