Инфоурок Другое СтатьиТәрбие сағатының тақырыбы: «Ерлікке толы өмір»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ерлікке толы өмір»

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ерлікке толы өмір»

                                     Шығыс Қазақстан облысы. Курчум ауданы,Монекей орта

                                          мектебі бастауыш сынып мұғалімі:Қасымжанова А.В.

Мақсаты:

1. Оқушыларды Қ.Нұрғалиев өмірі мен қызметімен таныстыра отырып, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.

2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Тәрбие сағат түрі: дәстүрлі емес

Тәрбие сағат әдісі: баяндау, өлеңдер оқу, түсіндіру

Тәрбие сағат көрнекі құралдары: слайд, интербелсенді тақта

Тәрбие сағат барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Кіріспе сөз(мұғалім сөзі)

3.Қ.Нұрғалиев өмірі.

4 .Қ.Нұрғалиев туралы тақпақтар

6. Қорытынды

 

Кіріспе (слайд 1-2)

Адамзаттың ары-бері тарихында қоғам өмірімен, халықпен бірге жасайтын тұғырлы тұлғалар көп болған. Мұның мысал-дерегін алыс-жақын елдер тәжірибесінен, нақтырақ айтсақ қазақ топырағында білім беруде жаңа технологиялар мектебінің қайнар бастауы болған Құмаш Нұрғалиев тұлғасы мектеп тарихының биік шоғырынан берік орын алғаны күн өткен сайын көз көріп келеді. Құмаш Нұрғалиұлының есімі баспасөз бетінде көрініп, жұртқа танылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Құмаш Нұрғалиев – КСРО халық мұғалімі, педагогтар әулетінің негізін салушы, Елбасының «Книги профессиональных династий Республики Казахстан» атты кітабының бірінші бетіне енгізілген. Өмірге деген құштарлықтың керемет үлгісін көрсеткен аңыз-адам аға ұрпақ өкілдерінің есінде. Рухы мықты, қайратты, зор адамгершілік иесі бар өмірін білім беру саласына арнаған.

Ұлы Абайдың «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай көрме» қағидатын өз ғұмырының бағдарламасы санаған, тағдыр тәлкегіне қасарыса қарсы тұрған, өмірден өз орнын тапқан, қаншама шәкірттің бағын ашқан, балаларын сұңқар етіп баулыған, жан жарының ләззатына бөленген, ойлы, зиялы, көкірегі сәулелі, біреуге жасаған жақсылығын міндет етпеген асыл ұстаз Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев артына өшпес із, ұмытылмас өнеге қалдырды.

Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев елін өрге, ұрпағын төрге сүйреген азаматтардың бірі еді. Халық қадір тұтқан оның тағдырына қарап таң қаласың да, таңданасың да. Биік мақсаттарға қол сермеген, туған жерінің игілігіне адал қызмет еткен абзал азамат. Олай болса-бүгінгі сынып сағатымыз Қ. Нұрғалиевқа  арналады.

 

Нұрғалиев Құмаш (слайд 3)

Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлы (1925 – 1988) – педагог, КСРО Халық мұғалімі (1981), 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алғаш Қатонқарағайдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық еткен Шыңғыстай мектебінде білім алған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң тарих факультетін бітірген (1955). 1946 –1957 ж. мұғалім, Марқакөл ауданындағы Сорвенка ұжымдық мектебінің директоры, ал 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Боран орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Құмаш Нұрғалиұлы - Жауынгерлік Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені, 5 медальмен, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған, сонымен қатар «КазКСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», «ҚазКСР-нің халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық Мұғалімі» атақтары мен КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарына ие болды. Өзі негізін салып, білім берудегі озық технологиямен жабдықталған бірден-бір білім ордасы ретінде атағын күллі Кеңестер Одағы көлемінде мәшһүр болған Боран ауылындағы орта мектепке Нұрғалиев Құмаш есімі берілген (1992 22 ақпан). Қ. Нұрғалиұлының жауынгерлік ерлігі мен халыққа сіңірген еңбегі жоғарғы үкімет наградадалары Әскери қызыл Ту, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бес медалмен марапатталған.

 

Өмірбаяны (видео)

«Бұл ғажап адамның өмірінің өзі – ерлік, шәкірттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеуде,олард ың азаматтық болмысын қалыптастыруда ибратты өнеге болып табылады».

                                 Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев

 

Кең жазиралы даласы бар, асқақтаған таулары бар байтақ Қазақ даласының шығыс шетінде асқаралы Алтай тау мен сұлудың көзіндей мөлдіреген Марқакөлдің жағасында Сармөңке атты ауылда 1925 жылы белсенді колхозшы, озат жылқышы Нұрғали мен оның жары Күлдәрінің отбасында Құмаш есімді тұңғыш нәресте дүниеге келеді. Еңбек қайнап, тұрмыс түзеліп, сауатсыздықпен күрес майданы басталады. Баласының білім алып, ұстаз болуын армандаған Нұрғали тұңғышы Құмашты сол кездегі жеті жылдық мектепке жетектеп алып келеді. - Мына тұңғышым Құмашты өзіңе тапсырдым. Өзім байларға жалшы болып, оқи алмап едім. Енді балаларым оқысын, бәлкім, өзің тәрізді мұғалім болып шығар,- деп тапсырды ол баласын мектеп меңгерушісіне. Әкесінің бұл сөзі бала Құмаштың жадында мәңгілікке сақталып қалды. Содан бері ұстаз болу, жас шәкірттерге білім беру ісі – оның аяулы арманына айналды. Құмаш мектепте озат оқушы болды. Жыл өткен сайын мұғалім болу арманы арта түсті. Сегізінші сыныпты бітіріп, педагогикалық училищеге түсемін деген мақсат қойды алдына. Алайда әкесінің мезгілсіз қазасы бозбаланың бар жоспарын өзгертті. Соңынан ерген інілері мен анасына қол ұшын беру мақсатында Құмаш педучилищеге барудан бас тартып, ауылдық Кеңестік хатшысы қызметіне орналасты. Арманына жетуге қол созымдай қалғанда, өмірінің ағысы басқа арнаға ауысқан жас жігіт енді кешкі мектепке жазылып, өз бетімен білім алуға кірісті. Осы орайда Құмаш туралы С.Қалиев: «Құмаш Нұрғалиевтің ерлікке толы өмірінің түп-төркіні, қайнары маған осынау табиғаты қатал да жомарт, жерұйығы Алтайдан, оның қалың ну қарағайлы тау бесігінде тербеліп, балығы таудай тулап жатұан Марқакөлден, осы бір сұлу көлдің жағасындағы кішкен Сармөңке ауылынан басталатын секілді», - деп тебірене жазады.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» (слайд 4-7)1943 жыл. Сұрапыл соғыс басталғалы 3 жыл. Сұрғылт тартқан күздің суық бір күнінде он сегізге жаңа ілінген бозбала Құмаш Отан қорғау мақсатында әскерге аттанып, даңқты 254-нші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында қан майданға араласады. Сол 254-нші полктың құрамында тұңғыш рет Великие Луки қаласы түбінде жаумен айқасқа түседі. Майдан даласында жаумен арпалысқан жауынгер Құмаш анасына жазған бір хатында: Туған жер, айналайын есіміңнен,

 Сен менің туған анам,

 бесігім ең.

 Қайтпаған қалың жаудан кек алмасам,

Несіне он тоғыз жыл өсіріп ең,-деп, Отан-ана алдындағы парызын адал атқаруға серт етеді. 1944 жылдың 13 қарашасы. Латыш жерінде Ауце қаласын босатуда жас жауынгер аса ауыр жараланды. Орысша тақтақ или что-то Жауынгерлік тапсырмамен оқ пен оттың қақ ортасында қалған Құмаштың қақ жанынан жарылған снаряд қара санды қақырата қақ бөледі. Жер-дүние бір мезетте төңкеріліп түскендей болды. Соңғы күшін жинап, жан дәрмен снаряд қопарған орға ұмтылған Құмаш үлгермеді: қардай бораған жау оғы қас пен көздің арасында қалған жалғыз аяқ пен бір қолын тағы да қырқып түсті... Есін жиғанда, дала госпиталінде шала жансар күйде жатқанын сезді. Медбике Валентина Шевелеваның пікірі: «Түннің бір уағында санатарлар бір зембіл әкелді. Зембілде шинелмен жабылған бір орам жатты. Соғыс басталғалы мұндайды көрмегем. Екі аяқ, бір қолы жоқ, қанға бөгіп жатқан, түрі аппақ шүперектей бір бала. Шошып кеттім. Медсестра Лиза қолындағы шприцін түсіріп алды». Құмашқа өте көп қан керек болды. Сондағы қасық қанымен бөліскен қос қарлығаш – медбикелер Валентина Шевелева және Лиза Великановамен Құмаш Нұрғалиев өмірінің соңына дейін жақын туысқандарындай араласып өтті. Өлім мен өмір арасында арпалысқа түскен сол сәттерде Құмашқа алыстағы туған жері, айнадай жарқыраған Марқакөлі, аспанмен тілдескен Алтайы, ондағы алаңсыз күндері, балалық шағы елестеді.

Өмір үшін күрес (слайд 8-9)Алғаш есін жиғанда, ол үшін бүкіл өмір тоқтап қалғандай сезілді. Бірте-бірте талайына жазылған тағдырына мойынсұнып, алға қарай қадам басу керек екендігін түсінді. Оған екі жыл бойына госпитальда бірге жатқан қарулас достары да дем берді. Сол шақтан бастан қайсар жігіт өзін Ұстаз болуға даярлады. Тәнін ғана емес, жанын да сырқыратқан ауыр жарақатына қарамастан, госпитальдағы екі жылын үздіксіз білім алумен өткізді. Орта білім туралы аттестат пен бухгалтерлік курсты аурухана төсегінде жатып алған Құмаштың елге оралар шағы да жетті. 1945 жылдың ортасында аяқсыздарға дайындалған ағаш протезге қос аяқтан нық тұрған Құмашқа госпитальмен қоштасар шақ келіп жетті. Сол сәтте Құмашқа тұңғыш рет «Өмір деген тамаша екен ғой!» деген ой келді. Енді оны қызығы мен шыжығын қатар тосқан ерлікке толы еңбек жолы күтіп тұрды...

1946 жыл. Қанша күндер сағынышпен сарғая аңсаған туған жері Сармөңкесіне оралған Құмаш Нұрғалиев өз ауылындағы мектепке орыс тілінің мұғалімі болып орналасты. Сол күні КСРО Халық мұғалімінің ғасырларға үлгі болып қалар Ұстаздық атты ұлағатты жолының алғашқы қадамы басталған еді. Кейіннен сол мектепке директор болып тағайындалған Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық еңбек жолы Алексеевка орта мектебінде, одан кейін Кеңес Одағы тұсында атағы жер жарған Боран орта мектебінде өз жалғасын тапты. Директор Құмаш Нұрғалиұлы алғашында шағын ғана екі корпусты ескі ғимаратта орналасқан Боран орта мектебін республика көлемінде алғаш рет типтік жобамен қайта салдырады. Бүгінге күнге дейін сол сара жолмен оқу-тәрбие үдерісін жүргізіп келе жатқан гимназия 1992 жылдан бері Құмаш Нұрғалиұлының атымен аталып, қазіргі таңда Ұстаздың ізбасар ұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы Нұрғалиевтің басқаруымен, республика көлемінде танымал, алдыңғы қатарлы білім ордасы санатында қызмет атқарып келеді.

Ғафу Қайырбеков

Адамға кісі – ақ еді Құмаш деген,

Жалғанда енді ондайлар тумас деген,

Жүзіне бүтіндердің татушы еді ау,

Жалғыз қол, екі жанар, бір баспенен,

Ер деген сөз жетпеген бағасына,

Сан ақыл көрік берген санасына,

Тағылған жеке дара жұлдыз еді,

Алтайдың алтын шекпен жағасына.

Қорытынды:Марапаттары Жауынгерлік Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені, 5 медальмен, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің, КСРО БХШЖ (ВДНХ СССР) Қола медалі иегері. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен 1 мәрте және Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен 3 рет марапатталған.

Атақтары: «КазКСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», «ҚазКСР-нің халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық Мұғалімі» атақтарының иегері, КазКСР мұғалімдер сьезінің бірнеше мәрте делегаты

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ерлікке толы өмір»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2016 1936
    • DOCX 58 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымжанова Арай В. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касымжанова Арай В
    Касымжанова Арай В
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6212
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой