Инфоурок Биология Рабочие программыТөрт түліктің төресі сабақтан тыс жұмыс

Төрт түліктің төресі сабақтан тыс жұмыс

Скачать материал

Тақырыбы:  Төрт түліктің төресі

Мақсаты: Жылқының қазақ тұрмысындағы өзіндік орнын  ұғындыру, оның еті мен сүтінің адам денсаулығына шипалық қасиетін және  халқымыздың жылқыға деген ерекше құрметі мен  киелі жануар екендігі туралы  түсініктерін толықтыру.

Түрі: танымдық сабақ

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Негізгі бөлім

1. «Жылқы тарихы-қазақ тарихы» /постер құру, қорғау/

2. «Жылқы және қазақ рухы» /газет қорғау/

3. «Жылқы – қасиетті жануар»   /жылқы қасиеттері туралы/

4. «Жылқы – киелі жануар»   /жылқы түрлерімен таныстыру/

ІІІ. Қорытынды бөлімі 

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ атаулары туралы айтады. Не  себепті аталғаны, қандай әдеби шығармамен байланысты екені туралы түсінік береді.

1-топ: «Маңмаңгер»              2-топ: «Құлагер»

 

Кіріспе сөз:

Қазаққа қасиетті жылқы малы,

Төгілген сала құлаш құйрық, жалы

Баласындай мәпелеп күткен қазақ

Жорғасын майда жүріс, майталманы.

 - Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына балаған қасиетті түлігінің бірі - жылқы. Жылқы - қазақтың ең қадірлі малы, басты байлығы. Ол – қазақ тұрмысында тек байлықтың ғана емес, сән-салтанаттың, сұлулық пен көркемдіктің идеалы. Жылқы -  қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та тағдырлас айтылады.

 

ІІ.Негізгі бөлім

Көрік берген қазақтың даласына,

Жылқыға көз тоқтатпай қаласың ба?

Әжетке де жарады деген қазақ

Ат жалын тартып мінген баласына.

- Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ.

1. «Жылқы тарихы-қазақ тарихы» /постер құру, қорғау/

        Туған баласын түліктің төліне теңеу де көшпенділердін, әсіресе, қазаққа тән қасиет. Ата-ана баласын «құлыным», «құлыншағым» деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнеледі. Ал қазақ баласы болса құлын болып кісінеп, тай-құнан боп тулап, асау болып алысып, ат болып жарысып ойнап, тарпаң болып ер жетеді.

Біз жылқы туралы не білеміз?

·        Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда 16 түрі өсіріледі.

·        Жылқы тұқымына қарай, арғымақ, қазанат, абы, тобышақ, текежәуміт, қазақы ат, қарабайыр, жырақ, дүлдүл деп бөлінеді.

·        Шабыс аттар: жүйрік, тұлпар, сәйгүлік, саңлақ, бәйге ат

·        Салтанатқа мінетін жорға аттар: су жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалма жорға

·        Жай мініс аттар: аяқылау, жетек ат, қосақ ат, жұп ат, көсем ат

Жылқыны жасына қарай атау

·        1 жас-жабағы

·        2 жас-тай

·        3 жас-құнан

·        4 жас-дөнен

·        5 жас-бесті

·        5 жастан құлындаған аналық жылқы-бие

·        2-3 жастағы аналық жылқы-байтал

 

 

 

2. «Жылқы және қазақ рухы» /газет қорғау/

Көрік берген қазақтың даласына

Жылқыға көз тоқтатпай қаласың ба?

Әжетке де жарады деген қазақ

Ат жалын тартып мінген баласына.

 

3. «Жылқы – қасиетті жануар»   /жылқы қасиеттері туралы/

Қымыз түрлері:

Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;

Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;

Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн  жиналады.

Жылқыға тән  жүріс түрлері:

Жылқы жүрісі табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи жүріс – жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс (аяң, желіс, шабыс, жорға).

Аяң жүріс – жылқының ең жай жүрісі. Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғын кезек басады.

Өгіз аяңда – алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ жетпейді. Аяңшыл жылқыға кәдімгі ат бүкіл желіспен әрең ілеседі, аяңшыл жылқының артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып түсіп отырады (сағатына 5 – 7 км жүреді).

Желіс – аяңнан гөрі өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, сар желіс болып бөлінеді.

бүлкіл – желістің ең жай түрі (сағатына 13 – 15 км);

бөкен желіс ұзақ жолға қолайлы (сағатына 20 км) - жолаушыға да, жылқыға да бөкен желіс тиімді.

сар желіс – желістің ең шапшаң түрі (сағатына 50 км-ге дейін). Мұңдай желіс желгіш жылқы тұқымдарына ғана тән. Бірақ жылқы сар желіске ұзақ төзе алмайды.

Шабыс – жылқының желістен де тез жүрісі. Мұның жай түрін майшоқырақ деп атайды, өйткені адамға тыныш келеді. Мұнан қарқындысын жай шабыс, ал жылқының бар мүмкіншілігінше шабуын ағынды шабыс (мысалы, ағынды жылқы) деп атайды, яғни мұндай жылқы қысқа қашықтықты өте тез алады. Бұл – әсіресе ақалтеке жылқысына тән қасиет.Жылқының өзге жүрісінің бірі жорғалау жарыс және қарғу. Қарғуға жылқыны жаттықтырады. Жаттыққан жылқы 2,47 м биіктіктен, ұзындығы 8,3 м ордан қарғи алады.

4. «Жылқы – киелі жануар»   /жылқы түрлерімен таныстыру/

Тәует бас, қамыс құлақ, құраған жақ,

Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ.

Қоян жон, жазық жая, жауырынды,

Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.

 

Жылқы түрлерін білесің бе?

Араб жылқысы- Ертеден белгілі   жылқы тұқымының бірі. Араб жылқысы

ҮІІ  ғ-дан белгілі. Ол ХҮ ғ-дан бастап  Еуропада көптеген жаңа жылқы тұқымдарының (таза мініс жылқысы, тракенеп, венгр жылқысы, орлов желгіші, т.б.) өсірілуіне себеп болды. Оның  айғырларын қазақ халқы өзінің жылқы тұқымдарын жақсартуға қолданды.  Тұяғы  берік, өте сымбатты, ұзақ жүріске төзімді әрі жүрдек келеді.  Шөлге шыдамды, күтім таңдамайды. Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді.

 

Дон жылқысы- ХҮ-ХІХ ғ-ларда Дон казактарының жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб, түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады.

Ақалтеке жылқысы- Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түрікмен жылқысының ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркмен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.

 

Буденный жылқысы — салт мінілетін жылқы тұқымы. 1921- 48 жылы Ресейдің Ростов  обл.  жылқы зауыттарында таза тұқымды  Дон  мініс жылқысы мен  Қара теңіз  жағалауының жылқыларын  будандасатыру арқылы шығарылған. Буденный жылқысы ірі, дене бітісі мығым келеді. Басы етсіз, қаз мойын, шоқтығы биік, аяғы сіңірлі, тұяғы берік.. Қазақстанда  Буденный  жылқысын  жетілдірумен Алматы  обл. Қызылағаш жылқы зауыты шұғылданады.

 

Қазақы жылқы- Қазақстан табиғатына сай, заман мүддесі мен мүмкіндігіне бейімдей  сұрыптаудың  нәтижесінде қалыптасқан жергілікті тұқым. Салт міну, жүк тасу, ет  пен сүт өңдіру үшін өсіріледі. Ғасырлар бойы халықтың сұрыптау әдісімен шығарылған. Жыл бойы жайылымда  бағуға бейімделген, жал-құйрығы қою, мойны жуан, арқасы берік, жұмыр денелі, жатаған, аяқтары сіңірлі, тұяқтары шымыр. Қазақы жылқының кейбір аймақтардың табиғи ерекшеліктеріне және басқа жылқы тұқымдарының ықпалына байланысты қалыптасқан бірнеше түрлері (Адай жылқысы, Жабы ) бар.

Ат әбзелдерін білеміз бе?

Тебінгі – ердің қос қапталындағы үзенгі бауды басып тұратын жұқа жабылғы. Оны жұмсақ теріден немесе былғарыдан жасайды.  Ол тоқым мен үзенгі бауды терден сақтайды.

Таралғы немесе үзеңгі бау – ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзенгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды.

Үзеңгі – атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал. Үзеңгі негізінен темірден жасалады, әрі оның түрі көп. Қыздар мен әйелдің үзеңгісі жеңіл әрі оюлы әшекейімен көз тартса, ер адамдар үзеңгісі берік қалың темірден жасалған.

Жүген – аттың басына кигізілетін, міндеті – атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің құрлымы: желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық, ауыздық және тізгін-шылбырдан тұрады. Жүгеннің түрі көп. Атап айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген, үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы керек. Сондай-ақ, ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүген қолданатын болған.

Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Өмілдірік -  ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал. Өмілдірік – төсбау және айылбас салпыншақтардан тұрады. Төстаудың міндеті – омыраудағы өмілдірік аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін, бір ұшы төс айылға байланып тұрады. Өмілдірікті жұмсақ қайыстан, сәндеп жасайды. Жасалу үлгісі мен пошымына қарай – өрмелі, шытыралы, түймелі, үзбелі, күмістелген т.б. өмілдірік түрлері бар.

Айыл –аттың үстіндегі ер-тұрманды нық  ұстап тұратын, жалпақтығы екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан өткізіліп, жырымға қосылады. Айылдың міндетіне қарай – төс айыл және шап айыл деп бөледі.

Таға -аттың тұяғына қағылатын ат әбзелі. Таулы -тасты жерлерде жылқының тұяғы мүжілмес үшін және майтабанына тас батпас үшін атты тағалап отырады.

Шідер, тұсамыс, өре- мініс мал немесе сауынды биелер ұзап кетпес үшін жылқылардың аяғына тағылатын әбзел. Тұсамыс не тұсау -жылқының алдыңғы екі аяғына тағылатын арқаннан есілген әбзел.

Қамшы- атқа мінген адамды қамшысыз елестету мүмкін емес. Алда-жалда қамшысыз міне қалсаңыз қамшылар жақ қолыңызбен ауық-ауық аттың сауырын сыйпалап қалатыныңыз анық.Әрине, егер үнемі атқа мініп жүрген жан болсаңыз. Сонымен, қамшы- біріншіден атың жылдамдығын арттыру үшін қажетті құрал болса, екіншіден қару ретінде де пайдаланылған. Басына қорғасын құйылып өрілген бұзаубас қамшылармен дәлдеп ұрғанда қасқырдың тұмсығын қақ бөлуге де болады. Қамшы алты өрім, сегіз өрім, тоғыз өрім болып кете береді.

Жылқыға байланысты мақал-мәтелдер

Ат болатын тай саяққа үйір,                                      Аттың аты үлкен,

Адам болатын бала қонаққа үйір.                             Түйенің табаны үлкен.

 

Бір түлікке бай болғанша,                                         Ат қадірін білмесең,

Әр түлікке сай бол.                                                    Жаяушылық көрерсің.

                                                                                     Ас қадірін білмесең

Жылқы-малдың патшасы,                                         Ашаршылық көрерсің.

Түйе-малдың қасқасы.

 

Тайдың мінгені білінбес,                                          Жылқының көркі құйрық

Баланың жүгіргені білінбес.                                     Үйдің көркі мүлік.

 

 

 

Қорытындылау.

Жылқы-малдың патшасы.

 

Жер апшысын қуырып, илеп келген,

Жылқы малы қазірде сиректеген.

Қайда барсаң, қаптаған машиналар

Жылқы мінген қазақты сирек көрем.

 

Көп нәрсенің қалдық па жазығына

Мән бермей ата-дәстүр азығына.

Жылқыны әкеп байлауым қиялменен

Бүгінгі, ертеңгілік қазығына.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САҒА МЕКТЕП-БАЛА БАҚШАСЫ

 

 

 

 

 

 

          ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ

                 ТӨРЕСІ

                               /ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ/

 

 

БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ 

БАХТЫГЕРЕЕВА ГҮЛНАР

 

 

 

 

 

 

 

2014жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Төрт түліктің төресі сабақтан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:  Төрт түліктің төресі

Мақсаты: Жылқының қазақ тұрмысындағы өзіндік орнын  ұғындыру, оның еті мен сүтінің адам денсаулығына шипалық қасиетін және  халқымыздың жылқыға деген ерекше құрметі мен  киелі жануар екендігі туралы  түсініктерін толықтыру.

Түрі: танымдық сабақ

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Негізгі бөлім

1. «Жылқы тарихы-қазақ тарихы» /постер құру, қорғау/

2. «Жылқы және қазақ рухы» /газет қорғау/

3. «Жылқы – қасиетті жануар»   /жылқы қасиеттері туралы/

4. «Жылқы – киелі жануар»   /жылқы түрлерімен таныстыру/

ІІІ. Қорытынды бөлімі 

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ атаулары туралы айтады. Не  себепті аталғаны, қандай әдеби шығармамен байланысты екені туралы түсінік береді.

 

1-топ: «Маңмаңгер»              2-топ: «Құлагер»

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2015 977
    • DOCX 32.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бахтыгереева Гулнар Ислямовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бахтыгереева Гулнар Ислямовна
    Бахтыгереева Гулнар Ислямовна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 41886
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе