Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Туған өлке" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

"Туған өлке" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі Бейсебаева Ж.С.

 

Тақырыбы: Туған өлке.

 

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ауыл өмірі жайлы, яғни өз туған өлкелері жайлы білімдерін толықтыру. Балалардың өз туған өлкелері жайлы еркін әңгімелей білуге және сөздерді дұрыс байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың сұрақтарға жауап беру арқылы, түрлі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін, дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.

Түзетушілік: Оқушылардың дұрыс сөйлеуін, дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.

Тәрбиелік: Балаларды туған жерін қадірлеп-қастерлеуге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер, тірек сызба, керекті сөздер жазылған кеспе қағаздар.

 

Барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

(Балалардың назарын сабаққа аудару.)

 

Жаңа сөздер:

Туған өлке – адамның туып-өскен жері, Атамекен

Көгілдір отын – газ

Күнкөріс – тіршілік, өмір сүру үшін еңбек ету

Төсіңде – бауырында, жанында

Жетістіктер – жағдайдың жақсаруы

Қолайлы – ыңғайлы, жайлы

Дендросаябақ – демалыс бағы

Мәңгі бақи – әрқашан

Перзенті – баласы

Ырысы – байлығы

 

Тәрбиеші:

-         Балалар, тәрбие сағатымызға байланысты, мына бір өлең шумағын бірге оқиық.

Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі де бақи есімде.

 

Тәрбиеші:

-         Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

Оқушылар:

-         Қазақстан Республикасы деп аталады.

 

Тәрбиеші:

-         Ал облысымыз қалай аталады?

Оқушылар:

-         Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы.

 

Тәрбиеші:

-         Дұрыс, балалар. Шымкент қаласында оқисыңдар. Бірақ әрқайсысыңның өз туған өлкелерің бар. Сендер туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушы:

-         Туған өлке – менің туып-өскен жерім.

-         Туған өлке – бұл менің ауылым.

-         Қазақтың ұлы ақыны Абай да ауыл баласы.

 

Тәрбиеші:

-         Міне, қазақтың батырлары мен хандары, ғалымдары да осы ауылын қанат қағып қияға ұшқан. Әрбір адам өз ауылын мақтан тұтады.

-         Ал, сендер өз ауылдарың жайлы не айтасыңдар?

 

Рамазан: - Мен Төлеби ауданында тұрамын.

-         Біздің ауыл таулы, табиғаты көркем, ауасы таза, демалуға жайлы жер.

 

Асқар:

-         Мен Түркістан қаласында тұрамын.

-         Түркістанда Қ.А.Яссауи кесенесі бар.

 

Бекзат:

-         Мен Ордабасы ауданында тұрамын. Біздің аудан егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады.

 

Сүйінбай:

-         Мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылында тұрамын.

-         Біздің аудан егін шаруашылығына қолайлы.

 

 

Бақдәулет:

-         Мен Кентау қаласында тұрамын.

-         Кентауда кен өндіреді.

 

Эльдос:

-         Мен қаланың шетінде тұрамын. Ол жақта зообақ, дендросаябақ, шомылатын демалыс орындары бар.

 

Тәрбиеші:

-         Дұрыс, балалар. Әр аудан, ауылдардың өз күнкөріс, шаруашылығы бар. Қазір Қазақстанның барлық ауылдары да көптеген жетістіктерге жетіп жатыр. Сол жайында не айтасыңдар?

 

Оқушы:

-         Қазіргі кезде барлық ауылдағы үйлерге, мекемелерге көгілдір отын өткізіліп, интернет жүйесі қосылып жатыр.

-         Барлық ауылдарға су жүргізіліп жатыр.

-         Қазіргі заман талабына сай бала-бақша, үлкен мектептер салынып жатыр.

 

Тәрбиеші:

-         Ауыл жетістіктері жайлы да көп мәлімет біледі екенсіңдер. Енді осы ауыл жайлы өлеңдер оқиық.

-         Қане, кім өлең оқиды.

 

Оқушы:

Ауылым – ырысы мол – құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саяңда ойнап-өсіп, білім алып,

Алаңсыз біліп алып, ер жетемін.

 

Оқушы:

Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпаған.

Мен оның өзім ғана сезінетін,

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

 

Оқушы:

Топырағына бабам тері тамған жер,

Перзентінің сағынышы болған жер.

Бәрінен де қымбатсың-ау, бәрінен,

Атамекен, туған жер.

 

Тәрбиеші:

-         Балалар, біз туған өлке дегенде көз алдымызға не елестетеміз?

-         Соны тірек сызба арқылы көрейік.

 

Овал: Ата-анаТірек-сызба:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тәрбиеші:

-         Біздің қазақта ауыл жайында ата-бабаларымыз қалдырған мақал-мәтелдер өте көп. Соған тоқталайық.

 

1.     «Ауылым – алтын бесігім».

2.     «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас».

3.     «Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық».

4.     «Жері байдың – елі бай».

 

Тәрбиеші:

-         Енді балалар, тақырыбымызға байланысты мына сөзжұмбақты шешейік.

 

Сөзжұмбақ «Ауылым»

1.     Қазақстанның бас қаласы.

2.     Киіз үйдің бір бөлігі.

3.     Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.

4.     Бағалы тас.

5.     Бірінші байлық ... .

6.     Мақтарал ауданының негізгі шаруашылығы.

 

Ән: «Ауылым».

 

Би.

 

Сабақты қорытындылау.

-         Балалар, бүгін біз не істедік?

-         Сұрақтарға жауап бердік.

-         Өлең оқыдық.

-         Сызба-тірек арқылы сұрақтарға жауап бердік.

-         Мақал-мәтел оқыдық.

-         Сөзжұмбақ шештік.

-         Ән айттық.

-         Би биледік.

 

Тәрбиеші:

-         Балалар, қоштасыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Туған өлке" тақырыбында ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2017 4792
    • DOCX 18.1 кбайт
    • 107 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсебаева Жибек Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсебаева Жибек Серикбаевна
    Бейсебаева Жибек Серикбаевна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4869
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой