Инфоурок Другое Конспекты"Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!" атты тәрбие сағатының жоспары

"Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!" атты тәрбие сағатының жоспары

Скачать материал

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім

 

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Желтоқсан жаңғырығы  туралы , желтоқсан  көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беру,білімін арттыру.

2.Оқушылардың тіл байлығын байыту .

3. Адамгершілікке, Отаның сүюге, сыйластыққа тәрбиелеу.

 Қолданылатын көрнекіліктер: Әр түрлі оқулықтар, «Қазақ қаһарманы» және  «Желтоқсан құрбандары» тақырыбында шығарылған газет, буклет,т.б.

Сабақтың түрі:   Дөңгелек үстел 

 

Қонақтар:

1.      Желтоқсан оқиғасына қатысушы

2.      Мектеп кітапхана қызметкері-

3.      Мектеп директоры:

4.      Тәрбие ісінің орынбасары

5.      Тарих пәнінің мұғалімі:

Өту барысы:

І бөлім

  Жүргізуші:  Осындан 29 жыл бұрын,яғни 1986 жылы Алматының  бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.

Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген,тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков,Е.Спатаев және Л.Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн,әрі қайғылы,

Әрі бақытты күн.Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістердің бірі.

«Желтоқсан желі»  баяндама

2: КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986жылы  желтоқсанның 16-күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП  РК-нің хатшысы Г.Разумовский жүргізді.

Күн тәртібінде бір ғана –ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына орталық  өкілінің ұсынысы бойынша Г.Колбинді сайлау ұсынылды.

    

3:Ондағы жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер,ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына  түсуге еріксіз алып келді.

 

4: Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін,сас қатыгездікпен және меірімсіздіктен жаппай жазалау басталады.

Оқиғаға қатысқан бірнеше адам мерт болды.Олардың арасынан жалынды жас димократ Қ.Рысқұлбековтің бейнесі  Қазақстан жастарының  еркіндік күресінің рәмізіндей ерекше көзге ілікті.

5: Желтоқсан оқиғалары –Қазақстан  тарихындағы  естен кетпес,аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.

  Жүргізуші:  Бұл  оқиғалар Қазақстан ғана емес,бүкіл Кеңес Одағына жаңа  еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

Сондықтан да оны жүгі ауыр,шығыны көп болды.

Сөйлеушілер:  1. Оқушылар

                       2. Желтоқсан оқиғасына қатысушы-

                      3. Сұрақ - жауап

           

ІІ бөлім

1986  жылғы  оқиға  желтоқсанның  16-ы   Қазақстан  тарихының  ұлы  күні!   1991 жылы Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігін  жариялады. Еліміз егемен мемлекет  болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі білді. Біз  өз ән ұранымызды, туымыз бен ел таңбамызды белгілеп алдық. Тұңғы ел  басшымыз Н.Ә.Назарбаевті сайлап  алдық. Біз ана тілімізді ардақтаймыз,

Міне, оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 24 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 24 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр.
Бяндама: Тәуелсіздіктұғырың, егемендік елдігің! 2 оқушы

Сөйлеушілер:            1. Оқушы

                   2. Ардагер

                   3. Кітапханашы

Сұрақ - жауап

 

Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес еді. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы  беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы - бұл ерліктің тарихы, - республикадағы халқымыздың рухани жеңісі, - демократияға жол ашу, - тәуелсіздіктің алғашқы беті

ІІІ бөлім

Баяндама : Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры 3 оқушы

Сөйлеушілер:    1. Оқушылар

                           2. Мектеп кітапхана қызметкері-

               3. Тарих пәнінің мұғалімі:

 

Сұрақ – жауап

 

Қорытынды: Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанымен, оның мәні мен маңызы енді еш уақытта өшпейді. өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен ел есінде де ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан Коммунистік партияның лаңы ары таза, бүтін бір халыққа күйе болып жағыла жаздады. Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігі ажыратылды. Сөйтіп, біз өзімізді ақтадық. Бұл да ерлік. Халықтық қолдау арқасында желтоқсан құрбындарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге арттарын беріп, құрмет көрсетіліп жатыр. Желтоқсан  қозғалысында жазушылар, әншілер, композиторлар да өз наразылықтарын білдіріп, қасиетті қазағының намысын қорғады.

Сөз метеп директоры: Мектеп директоры:

                   Тәрбие ісінің орынбасары:

   

Қорытынды:  Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!

Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.

Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздік алғанына биыл 24 жыл толып отыр. Бұл елеулі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын келешек ұрпақ- сендерсіңдер. Сәт сапар!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!" атты тәрбие сағатының жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2016 1453
    • DOCX 21.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нысанбаева Галия Тыныштыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нысанбаева Галия Тыныштыковна
    Нысанбаева Галия Тыныштыковна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6722
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой