Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәуелсіздік күніне арналған кеш

Тәуелсіздік күніне арналған кеш

Скачать материал

Тақырыбы:  «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан»

Мақсаты:Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне жеткізгендігімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Отанды сүюге,құрметтеуге,желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге  тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:мектеп залың әр түрлі шарлармен безендіру, газеттер,нақыл сөздер.

І-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, құрметті қонақтар мен қадірлі оқушылар!

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған  «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан» мен «Жас Ұлан қырандай қарышта! Нық ұстап, елімнің байрағын» атты      «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңа мүшелерді қадылдау салтанатты рәсімін ашық деп жариялаймыз!

Назар аударыңыздар! Оқушылар сап түзеп тік тұрыңдар.  Бүгінгі салтанатты жиынымызға Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік  Туы енгізілсін.

Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимініміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән,-деп бүгінгі жиынымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастаймыз. 
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимні.

Тойланып мың мереке, ұлыс күні,

Құйылған шаңырақтың ырыс нұры.

Халқымның бақыты үшін аз байлық па,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы

Ішкі жау балағыңның қаппасын кеп,

Сыртқы жау пәле-жала жаппасын тек.

Мен әркез отырамын Тәуелсіздік

Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

Намысың найзағайдай жарқылдап бір,

Өр халқым дүниеге даңқыңды асыр.

Дәуірдің бастау алған жиырма бесі -

Еліме болсын дәйім алтын ғасыр.

Ешкім де көзіне ілмес ноқталыны,

Ешқашан  ондай ұлттың жоқ тамыры.

ІІ-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар.Бүгінгі біз еліміздің сан мыңжылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күніне арналған  «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан» атты мерекелік кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.

  І-жүргізуші: Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі - 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы,қасіретті күн еді.1986 жылы 16 желтоқсанда  қазақ елінің азаттық  көктемі үшін,солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп,құрбан болған ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз.Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

  ІІ-жүргізуші: Олардың көксеген мақсаты: елінің тәуекелсіздігі еді.Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын деген тілек білдірді.

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады,-дей отырып  бүгінгі мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.

Екі жүргізуші: Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығы құтты болсын!-дей отырып, келесі кезекті әуелеген әсем әнге береміз.

Ән: «Жаса Қазақстан »     Орындайтын: Жұпарханқызы Қазына мен Әліпбай Мерей.

1-оқушы:  Шербекұлы Мұхаммеджан

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді

Бізге бұны ешкім аяп бермеді

Тәуелсіздік –Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені

Шала жансар қар астына көмгені,

Тәуелсіздік –ата –баба арманы

Қандай елмін бүгін міне, көр мені

Алаулайды мүмкін емес сөнбегі

2-оқушыАрыстанбекова  Ләйлә

Мұрат еткен бабалар,

Теңдік елес болған шақ

Қалмасын деп балалар

Бостандықта болашақ

Жас Қайраты қазақтың

Шықты алаға құрған сап

Тәуелсіздік!Азаматтық!

Бостандық!-деп ұран сап

Намысшыл сол ұрпақты,

Мақтан тұтып жүр халық

Дербестіктің тұрақты

Мономенті тұр алып

Бас алаңды ел жосқан

Жастар қаны жуған түн

16-шы желтоқсан

Тәуелсіздік туған күн

3-оқушы: Құрмантай Мейірман

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың,

Желтоқсан- Қайрат,Ләззат пен Сабира

Құрбаны болған жаланың

Желтоқсан-жастық қазбалап тегін сұрама

Анартау тектес атылмай бір күн тұра ма

Осылай халқым созылған үш ғасыр

Ойланып бітті драма.

Желтоқсан-жеңіс. Желтоқсан-ұлы жаңалық.

Нахат деп оны нәубетке қойған саналық

Жәнібек,Бұхар,Абылайдан қалған бар болсын

Азаттық! Елдік! Даналық!

ІІ-жүргізуші:

Ғасырлар бойы езгіден діңкеленген  қазақ халқы Мәскеудің кезекті өктемдігіне наразылық білдіріп,табанға тапталып бара жатқан тілі мен дінінің,ұлттық болмысының жүрек бұлқынысын сездірген 1986 жылғы  желтоқсан оқиғасына биыл 21 жыл толады.Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды.Ербол,Ләззәт,,Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.

І-жүргізуші:

Шеруді ұйымдастыруға қатысы бар деген жалған айыппен қазақтың қаншама зиялы азаматтары жазаланды,жұмыстан қуылды. Бірақ,ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.Ал сол қарбалас үстінде қазаболған жасақшы Савицкийдің өлімін елеусіз қалдырмау туралы тапсырма алған тергеушілер жалған фактілер жинап, Жамбыл Тайжұмаевқа және Қайыркелді Күзембаевқа  14-15 жылды,Ертай Көпесбаевқа 4 жылды арқалатып,жас өмірлерін улады.Ал 21 жастағы Қайрат Рысқұлбековты ату жазасына берді.

4-оқушы:Нұрмахан Азиз

Желтоқсан ай естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

Бұрқ етіп қазақ баласы

Кейде де өршіп наласы,

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

5-оқушы:Сәбитқызы Әсем

Желтоқсанның жан түршігер күндері,

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды;

Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді

Қыстың қалай қанқызыл таңғы нұры

Бүр жаратып гүлдердің мәңгі ұрығы

Күйдіргідей кеудемді күйдіреді

Жүректегі желтоқсан жаңғырығы.         

І-жүргізуші: Тойланып мың мереке ұлыс күні,

Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.

Халқымның бақыты үшін азбайлық па?

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Ішкі жау балағыңнан   қаппасын кеп,

Сыртқы жау пәле-жала жаппасын тек

Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,

Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

Келесі кезекті  Қыздар-ай тобының «Шалқыма» биін қарсы алыңыздар.

ІІ-жүргізуші: Қайрат Рысқұлбеков Семей түрмесінің 21-ші камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті.1992 жылы 21 ақпан қайтадан ақталды.Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпытаев,Ләззәт Асанова,Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді. Ендеше сол желтоқсан  құрбандарын бір минут үнсіздікаен еске алайық (Орнымыздан тұрып)

І-жүргізуші:Жазықсыздан жазықсыз сотталып, жазаланған Қайрат Рысқұлбеков туралы .

Көрініс:

Диктор: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті. (Сахнада темір тор).

Тергеуші: Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!

Күзетшілер: Рысқұлбеков тұр! Жауапқа жүр!

Қолы байлаулы. Тұрып алдында түседі.

Тергеуші: Рысқұлов Савицкийді өлтірген сенсің мойында!

 Қайрат: Бұл дегенің қып-қызыл қиянат қой. Мен тышқан да өлтіріп көргем жоқпын.

Тергеуші: Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілденеді.

Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.

Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей-ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады. 

Қайрат:Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.

Тергеушілер: Бұдан ешқандай пайда жоқ, ісін сотқа түсірейік. Содан соң көресің.

Тергеуші:Жарайды өзінен көрсін.

Сот хатшысы: (Сот келеді) Орындарыңыздан тұрыңыздар.

Тергеуші:Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзің не?

Қайрат:Елбең-елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген,

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей гөр!

Қаймана қазақ жері үшін

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Артта қалған ата-анам

Арулап қолдан көмсеші-ай!

Тұтқынға түстім жаутаңдай

Жоламай ешкім қасыма.

«Ақтық сөзің не? Деген

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пейіл менде жасымақ.

Қорлай беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан  айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын,

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбайтын.

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын.

Құлпытасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын.

Тергеуші: Қысқарт тіліңді, жап аузыңды!

Сот:(Орнынан тұрып оқиды) Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қылмыстық Кодексінің 60 бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан айрылсын; Қылмыстық кодекстің 173 бабының 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі-өлім жазасына, атуға кесілсін!

Тергеуші: Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт.

Қайрат: Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар,

«Қазақ» деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдар!

 

Ән: «  Желтоқсан желі» Орындайтын: Малтабар Айзат

7-оқушы: Сабыржанқызы Қарақат

Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан,

Шыбық өлді қырқада өсіп тұрған

Шындық деген жоқ екен сотыңда да,

«Атуға» деп міз бақпай кесік қылған.

Біреу қарғап,дүние-ай  жақ ашпайды.

Қайрат ұлан осылай аласталды

Құрбандыққа күн бұрын белгіленген,

Артық адам сен болдың Алаштағы.

8-оқушы:  Ережеп Мерей

Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны

Желтоқсан-сен азаттықтың жыр әні

Ұмытпайды сені мәңгі ұланың

Желтоқсан-болашағы елімнің

Өгей қозы бір болды елімізге

Келімсектер шықты  ғой төбемізге

Күңірену айқайдан құлақ тынды

Көзге жас ап аналар жылап тұрды.

9-оқушы: Арыстанбек Мейіржан

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

ІІ-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылмағанмен, оның мәні мен маңызы енді еш уақытта өшпейді. Өйткені азаматтық аңсаған теңдікті талап еткен ел есінде  де ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан Коммунистік партияның лаңы ары таза, бүгін біл халыққа күйе болып жағыла жаздады. Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігін ажыратылды. Сөйтіп, біз өзімізді өзіміз ақтады. Бұл да ерлік. Желтоқсан қозғалысының ақ қарасын айыруға  ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді.

М.Шахановтың өлеңі оқылады. Малтабар Айзат

Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңі

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

 

 

І-жүргізуші:

Қазақ елінің рәміздеріне – оның туы, елтаңбасы, асқақты да әулетті ән ұран жатады. Мың өліп, мың тірілген қазақ елінің тұңғыш рет өз түтінін өзі түтетуге қолы жеткен шақта мемлекеттік рәміздерінің дүниеге келуі тарихы ұлы оқиғалардың бірі  болып табылады. Қабылданған аспан көк туымыз, айшықты елтаңбамыздың, ән әуеніміз әнұранымыздың халық көңілінен шығып, егемен еліміздің атынан сөйлейтін ресми  белгілерге айналуда. Олардың басты қасиеті туған халқымыздың  өнер тілінен терең сыр шертіп, ізгі пейілімізді кемел жеткізе алуына, көңіл күйіндегі арайлы асқақ сезімге  бөлек ыстық көрінеді.

Ол алыс пен жақынды қосады. Бүгінгі мен болашақты жалғайды. Жолаушының мақсаты жету. Біз қазақ ғасырлар бойы ел болу  қам-қарекетінің үстіне тікелей  саяси және экономикалық байланыстар нығайып келеді. Ия, осынау тәуелсіздіктің бастауы болған желтоқсан оқиғасы баршаға  Қазақстандықтардың жүрегінде мәңгілікке  орын алып, қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзссіз. Біздің мақтанышымыз ел үшін, жер үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз, желтоқсан құрбандары. Олар да ел жанында мәңгі сақталмақ. Ұрпағы ұлы елдің ешқашан шаңырағы  шайқалмақ емес.

ІІ-жүргізуші: Олай болса,бүгінгі тәуелсіздікпен бірге өткізгелі отырған  «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдаудың мектепшілік рәсіміне  кезек берсек!

25 жыл-елдік пен егемендіктің, кемел  келешектің, патриоттық  рух пен татулықтың, экономикалық өрлеу мен асқақ абыройдың куәсі.

«Жас Ұлан»-біз тәртіпті сүйер айбынбыз!

«Жас Ұлан»-біз кіршіксіз ,таза айдынбыз!

Көк  галстук, төсбелгіні тағынып,

«Жас Ұландар» атануға дайынбыз-дей отырып бүгінгі «Жас Ұлан» және  «Жас Қыран» қатарына қабылданатын оқушыларымызды, қоғамдық  жұмысқа белсене араласып жүрген,олимпиада жүлдегерлері және мектеп мақтаныштарын ортаға шақырамыз.

 

 

«Жас Қыран» ұйымына қабылданатын оқушылар:

 

1

Асылбекқызы Сұлтанай

2

Асан Айбек

3

Бердібек Мади

4

Бейбітшілік Ернар

5

Бижан Досыбақ

6

Жұман Расул

7

Оразгелді Нұрсила

8

Мақаш Асұлан

9

Қалмырза Адина

10

Саламатұлы Мақсат

11

Саламатұлы Мұрат

12

Тұрғанбек Мұхамеджан

13

Тілеухан Шұғыла

14

Сұлтан Бибарыс

15

Үсенбек Айбек

16

Тілеухан Нұрлыбай

 

 І-жүргізуші:

Қадірлі қонақтарымызды « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына  қабылданушыға  төсбелгілер  мен галстуктерді табыстау үшін зор қошеметпен мектебіміздің  «Жас Ұлан» ұйым  мүшелері  Иляс Оңалбай  Тұрғанбек Назым, МақашАсұлу,  Малтабар Айзат, Ережеп Мерей, Сәбитқызы Әсем, Арыстанбек Ләйлә, Мақаш Тоқтарды ортаға шақырамыз.

(Галстуктер тағылады,ант қабылдайды)

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін Көк байрағың сан ғасыр!

Жас Ұландар берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын!

Нық басайық, анығырақ табанды,

Тең ұстайық, ширақ аттап қадамды!

Көтер еңсе, құрыш білек-жауынгер,

Рухты бол, жеңілмейтін, табанды!

Айдай әлем айбарынан қаймыққан,

Өршіл мінез сарбаздарым-Жас Ұлан!

Ел қорғаны-егемендік сақшысы,

Жігерлі бас, жасымайтын Жас Ұлан!-деп келесі кезекті «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын         5-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

 

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар:

 

1

Әліпбай Мерей

2

Бердібек Даниел

3

Бердібек Бахтияр

4

Жұман Мағжан

5

Жұпарханқызы Қазына

6

Тілеген Нәзік

7

Малтабар Нұрай

8

Жұмабек Аяжан

9

Сайынбай Ернар

 

ІІ-жүргізуші:

Қадірлі қонақтарымызды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданушыларға төсбелгілермен галстуктерді табыстау үшін зор қошеметпен  мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағай,Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Назігай апай,Оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан ағай, Бейімді оқыту жөніндегі орынбасары Нысанбаев Бақберсін ағай, Педагог психолог  Сейітова Гүлзада апай, Орыс тілі пәнінің мұғалімі  Жоланова Зура апай, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бердіқожаева Меруерт апайды ортаға шақырамыз.

 

 

 І-жүргізуші:

Қырандай асқар шыңда самғаймыз,

«Жас Ұланның» ұранын біз қолдаймыз!

Патриоты болып,еркін қазақ елінің,

Бейбіт елдің,бейбіт күнін қорғаймыз!

ІІ-жүргізуші:

Желбірейді көгімде Тәуелсіз ел байрағы,

Елтаңба егемен елдігімнің айғағы

Шарықтайды әуелеп әуезде әнұраны,

Біз «Жас Ұланның» айбынды қырандары

І-жүргізуші:

«Біз..........»

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»

ІІ-жүргізуші:

«Ұранымыз.........»

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Қазақстан- Нұрсұлтан-Жас Ұлан»-3 рет.

ІІ-жүргізуші:

Сен неткен, Отан анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер,ұлы Отан ,қазақ елі

«Жас Ұлан» мүшелерін құттықтап,  бүгінгі мерекелік кешімізді қорытындылау үшін  құттықтау сөзді тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апайға беріледі.

Келесі кезекті әсем ән «Көк тудың желбірегені»

Орындайтындар: Мақаш Тоқтар мен Иляс Нұрсұлтан.

Оқушылар сапты түзеп, тік тұрыңдар! «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан» атты мерекелік   жиыннан Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы Тұғырға қайта қойылсын!

 

     

 

І-жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан-Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі-дей келе бүгінгі  мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Көріскенше күн  ашық болсын!Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік күніне арналған кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2017 1507
    • DOCX 755.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанасбаева Назымкул Копирбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9600
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек