Инфоурок Другое ТестыТәжірибелік тапсырма: "Логика пәні"

Тәжірибелік тапсырма: "Логика пәні"

Скачать материал

  http://sc0005.celinograd.akmoedu.kz/docs/F90FDB939C8FE795/1.JPG

 

Ағашыңыз қандай болса, мінезіңіз де  сондай

1. Тез қозу энергия, жан - жақтылық сіздің өміріңіздің бір белгісі. Сіз көңілсіз, арманшылсыз. Сіздің тез қозатындығыңыз, қатты энтузиазміңіз кейде өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сондықтан да әрекет етпес бұрын ойланып алыңыз.

2. Өте сезімшіл адамсыз, сіз әрдайым да жүрегіңіздің әмірімен әрекет еткіңіз келеді. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шешкіңіз келеді. Сондықтан да ылғи өз- өзіңізді бақытсыз сезініп, алаңдап жүресіз. Сондықтан таңдау мәселесінде ақылға жүгініңіз. 

3. Сіз өзіңіздің адамгершілігіңізге қатты мән бересіз, атаққұмардасыз. Бірақ бұл жаман емес. Өйткені, сіздің үлкен мақсаттарыңыз негізделген. Және жетістіктерге жету үшін айналаңызға зардап жасағыңыз келмейді. 

4. Сіз салмақты, байсалды адамсыз. Содан да шешім қабылдарда әділ болғыңыз келеді. Алайда өз ойыңызды сөзбен жеткізер кезде өз идеяңызды қорқынышсыз сезінгеніңіз дұрыс.  

5. Сізді айналаңыз өз- өзіне сезімді және сенгіш адам деп қабылдайды. Сіз басқалардан қолдау күтесіз. Бірақ, бұні білдірткіңіз келмейді. Сол үшін айналаңызға басқаларда шаруасы жоқ адам болып көрінуге тырысасыз. Жақын жолдастарыңызға сен біліңіз.

6. Сіз өмірді сүйесіз. Сіздің іс- әрекетіңізді алдын- ала жоспарлау мүмкін емес. Ойыңызға не келсе соны айтасыз. Бұл мінездің өзіңізге ұқсамайтын жұмбақ, әсершіл адамдар арасында өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратынын ескеріңіз. Сондықтан да тәртіпке бағынып, өз сөзіңізге мән беріңіз.

7. Сіз толысқан тұлғасыз. Сіз жас болғаныңызбен өте тәртіпті, жауапты,  өз- өзіне және айналасындағыларға сынмен қарайтын адамсыз. Сіздің жолдастарыңыз бен туысқандарыңыз сізге нұсқағысы келмейді. Бірақ, бұл сіздің өз- өзіңізге деген сенімділігіңізге сызат түсірмейді.

8. Сізге керектінің бәрі жаныңызда. Дипломат, сіз адамдарды қабылдай білесіз, оларға қолдау да көрсетесіз. Сіз үшін өмір дегеніңіз мәңгілік көктем. Қарапайым болғанды қалайсыз, және басқалардың сіздің өміріңізге араласқанын қаламайсыз. Өзіңіздің нәзік қалпыңызды сақтай біліңіз. Байсалды және сенімді әрекет етіңіз. Жоқ деп айтуға дағдыланыңыз.

 9. Сіз бейбітшілік және табанды адамсыз. Сіздің өз жолыңыз бар. Жан- жағыңызға сыр шашқанды ұнатпайсыз. Мақсатыңызға тіке тартасыз. Сіз туралы жаныңыздағылар эгоист, адамдарға билік жүргізуге, таптап өтуге құмар деп ойлайды. Сондықтан да шамалы болса да жұмсаруға тырысыңыз.

10. Қорғау- сіз үшін кілт сөзі. Сіз үшін ең бастысы бақытты ошақ. Өз махаббатыңызды білдіре алатын махаббат отаны. Сіздің нәзік сезіміңіздің қайтарымына өзіңізді қорғап жүргенді қалайсыз. Соншалықты тәуелді болмауға тырысыңыз. Өз қанатыңызбен ұшуды үйреніңіз.

І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ

* «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ

Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.

Нұсқау:

Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.

Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.

Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….

 

ІІІ. Психогеометриялық тест

1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;

2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;

3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға

мүмкіндік береді.

Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%!

Нұсқау

 

 

 

 

 

 

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз

Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.

Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.

Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.

Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;

Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.

Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.

Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;

Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.

Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…

Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;

Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!

Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.

Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!

Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.

Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;

Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.

ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізгеұнаған түсіңізді таңдаңыз.

Таңдаған түсін жазады.

АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.

КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.

ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.

САРЫ қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.

КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.

ЖАСЫЛ қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.

 

 

 

“Сіз қандай тәрбиешісіз?”

 

1.Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз?

         а) ызалықпен жазалайсыз

         ә) жөнін сұрап, қай себеппен төбелес шыққанын анықтайсыз, содан кейін шешім қабылдайсыз

         б) ең алдымен сынып жетекшісімен сөйлесесіз

2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды, Сіздің әрекетіңіз:

         а) ең біріншіден, желкеден бір қоясыз

         ә) ашу үстінде: “Жоғал! Сенің көмегіңсіз-ақ істеп аламын”-деп айғайлайсыз

         б) баланы жұбатасыз, ол әдейі істеген жоқ қой

3.Егер Сіз баланы жазаладыңыз, содан кейін өзіңіз дұрыс істемегеніңізді сездіңіз, онда:

         а) өз беделіңізді түсірмейін деп, үндемейсіз

         ә) кешірім сұрайсыз

         б) қатеңізді түсініп, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз

4.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз:

          а) итеріңкіреп: “Бір сәт сенен демалайыншы”

         ә) ойланбастан, амалсыздан жауап бересіз

         б) шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын белгілейсіз

5.Бала Сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз не істейсіз?

         а) жазасыз, оған тек қана шығарманы көшіріп алу қалады

         ә) қатаң айтасыз: “өзің жаз, сонда ғана үйренесің”-деп

         б) мазмұнына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол ұшын бересіз. Одан кейін өз ойымен жазады

6.Бала анасына – “аквариум сатып алып, балық ұстайықшы”-дейді. Сіз не деп жауап бересіз?

а) бірден: “Ол сенің уақытыңды алады”,-дейсіз

         ә) “Жарайды, сен соны қаласаң, мен саған аквариумда балық ұстауға көмектесемін”-дейсіз

         б) “Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде болсын, өзің қарайсың”-дейсіз

 

Тестің кілті:

         Егер Сіз барлық 6 сұраққа да “б” әрпімен жауап берсеңіз, Сіз жақсы тәрбиешісіз.

         Егер Сіздің жауабыңыз “б” әрпінің 3-еуіне ие болса, Сізге өз әдет-қылығыңызға назар аударғаныңыз артық емес.

         Егер одан да аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәжірибелік тапсырма: "Логика пәні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 905
    • DOCX 47.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 140615
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек