Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок Экономика және меншік.

Урок Экономика және меншік.

Скачать материал

Пәні:Адам.Қоғам.Құқық.                 Сыныбы:  9

Сабақтың тақырыбы: Экономика және меншік.Нарықтық қатынастар және ақша

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:

 Экономика,нарық ұғымын, нарықтық қатынас заңдарын, түрлерін түсіндіру.

Жетістіктері мен қайшылықтары, экономиканың нарық жүйесінде дамуына нарық пен мемлекет, нарық пен адам арасындағы өзара байланыстарына тоқталып, нарықтың жетістіктер імен кемшіліктерінің мәнін ашу.

Дамытушылық:

Экономика туралы  білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи азамат тәрбиелеу,оқушылардың бойына адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Пәнаралық байланыс:тарих,география

Сабақтың түрі: пресс-конференция

            Әдісі: Интерактивті, ролдік ойын,ізденіс-зерттеу түрінде.

Жаңа түсініктер, терминдер:Тауар, нарық, ақша,құн және баға, ұсыныс және сұраныс заңы,бәсеке.

Сабақ барысы:

I.                     Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу

2.Құрал-саймандарын дайындау

3.Бүкіл сыныпты журналистер және маман-қонақтар тобына бөлу.

II.                 Жаңа сабақтың мазмұны мен жүйесі.

Сабақ 2 бөлімнен тұрады:

I бөлім-Маман- қонақтар түрлі тақырыпта өз баяндамаларын жасайды

II бөлім-Сұрақ-жауап.Журналистермен сұрақ-жауап арқылы қонақтардың сұхбаттасуы.

 I бөлім Маман- қонақтар түрлі тақырыпта өз баяндамаларын жасайды

1-экономист:Экономика,экономикалық жүйе .

2-тарихшы:Қазақстан экономикасының тарихы

3-сарапшы:Нарықтық экономикаға көшудің кезеңдері

4-бизнес өкілі:Нарықтық экономикада кездесетін    ұғымдар

1-оқушы:Экономика,экономикалық жүйе .

Экономика(грек тілінен аударғанда oironomia-шаруашылықты жүргізу )ұғымы алғашында «үй шаруашылығын жүргізу туралы заң» дегенді білдірген.Қазіргі кезде бұл ұғым кең мағынада қолданылады.

Экономикалық жүйелердің түрлері:

-жоспарлы экономика

-командалық экономика

-нарықтық экономика

-аралас экономика

2-оқушы:Қазақстан экономикасының тарихы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.19 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi.Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.

3-оқушы:Нарықтық экономикаға көшудің кезеңдері Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден бастадық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.

4-оқушы:Нарықтық экономикада кездесетін

Ұғымдар

-Нарық-нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез-келген институт немесе механизм

-Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар

-Тауар-айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім

-Баға-заттың немесе қызмет көрсетудің ақша арқылы көрсетілетін құны

-Сұраныс заңы-тауарға деген сұраным мөлшері мен баға арасындағы кері байланыс

-Ұсыныс-анықталған белгілі бағада оны нарықта сату үшін өндірілген тауарлар мен қызметтер жиынтығы

-Бәсеке-тауар өндірушілер арасындағы өндіріс пен өнім өткізудің экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайы жолындағы бақталастығы

-Монополия-бір адамның,белгілі бір адамдар тобының ,мемлекттің өндіріс,сауда,кәсіпшілікке ие лік етудегі ерекше құқығы

II бөлім-Сұрақ-жауап

1-сұрақ  Жекешелендірудің 2-ші кезеңінде жүргізілген мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің түрлері жайында кеңірек айтып өтсеңіз.

2-сұрақ Адамның жалпы қоғамдық өндірістегі орны,рөлі қандай?

3-сұрақ Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары нарықтық экономикаға көшуде қателіктер болды ма ,әлде бұл жоспар бірден нәтижесін берді ма?

4-сұрақ Жекешелендіру барысында көптеген мемлекеттік мүліктің талан таражға түскені белгілі.Осы жағдайға үкімет уақытында талдау жасап ,шаралар қабылдай алды ма?Осы жөнінде жан-жақты айтып өтсеңіз.

5-сұрақ Нарықтық экономика өзін дәлелдеген экономикалық жүйе деп сенімді айта аламыз ба?

6 сұрақ ЭКСПО-2017 көрмесінен біз не күтеміз?

7-сұрақ Кедендік одақтың құрылуы жөнінде пікіріңізді білдірсеңіз?

8- сұрақ «Кедендік одақ-геосаяси қауіпсіздік кепілі»деген пікірге қалай қарайсыз?

9-сұрақ Үкіметтің жеке секторлардың қызметіне араласуы дұрыс па?Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып ойыңызды нақты айтып өтсеңіз

10-сұрақ Жұмыссыздықпен күрес елімізде қалай жүргізіліп келеді?

11-сұрақ Кәсіпкерлікті дамытуға байланысты үкімет бағдарламалар қабылдады.Оның іске асуы қалай жүруде?

12-сұрақ  Сіз Қазақстанның даму тарихы жөнінде айтып өттіңіз. Ал жалпы дүниежүзілік  Экономиканың даму тарихы қалай басталды ?Осы жөнінде мәлімет беріп өтсеңіз.

13.Әрбір қоғам экономикалық жүйеде бірінші кезекте қандай сұрақтарға жауап бере білуі тиіс?

14-сұрақ Шетелден елімізге тартылып жатқан инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді.Бұл елімізге қаншалықты пайда әкеледі ?

15-сұрақ Қазақстан экономикасының қазіргі даму жағдайы қандай

ІІІ .Қорытындылау

Тәуелсіз еліміздің әкономикасының даму қарқыны жайында бейнематериал көрсету

ІҮ.Үйге тапсырма

Оқу,түсінік.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок Экономика және меншік."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 012 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2017 870
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Култай Рабига Бердихожакызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Култай Рабига Бердихожакызы
    Култай Рабига Бердихожакызы
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4785
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 14 регионов
Сейчас в эфире

Городское фэнтези "Обряд"

Перейти к трансляции