Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок на тему "Табиғатты аялайық"

Урок на тему "Табиғатты аялайық"

Скачать материал

*                                                                                                Алматы облысы, Балқаш ауданы,

*                                                                                        Береке ауылы,

*                                                                                        «Береке орта мектебі МДШО»                   

*                                                                                        мкм-ң мұғалімі

*                                                                                        Керимбекова Фариза Советбековна

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты аяла» 
Мақсаты: 
1. Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; 
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру 
3. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; 
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар,  өлең шумақтары, қабырға газеті, суреттер. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой-толғау сабағы 
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, әңгімелеу, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар, постермен жұмыс. 
Тәрбие сағатының құрылымы: 

 І. Ұйымдастыру 
ІІ. Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!» - «Мейірімді жүрек» ойыны 
ІІІ. Ой-толғау (Үй тапсырмасы)  
а) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»

ә) «Егер мен суретші болсам...» 
б) «Егер мен ақын болсам...» 

ІV. Постермен жұмыс: ( әр топ «Табиғатты аяла» тақырыбына байланысты постер қорғайды)
V. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту.
VІ. Сабақты қорыту. Ән шашу «Біз Отанның ұланымыз» 
Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру: 
Мұғалім:  Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

                  Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

                  Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

                  О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.

    Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Ерте кездерде халқымыз табиғатымыздың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған.Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып,қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген.Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие-бұлақ», «Әулие- ағаш» деп атап,оларда көзінің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш,аққу,ұлар т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы,бақыттың бастамасы,игіліктің иесі деп ұясын бұзуға,балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

     Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз,   табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

ІІ.Біз бүгінгі сабағымыздың көңілді өтілуі үшін «Мейірімді жүрек» сергіту сәтімен бастайық. Шеңбер құрып, бір-бірлеріңе бойларыңдағы асыл қасиеттеріңді  табиғаттың әсем сұлулығына теңестіріп, мақтау сөздерімізді айтайық.

(жүректегі суреттерді сыйлау)

1.Сенің ойың асқар таудай биік

2. Біздің байтақ жеріміз секілді мінезге өте байсың

3. Сенің көңілің ауадай таза

4. Сенің көзің мөлдір тұнық судай

5. Сенің ажарыңды жайнаған игүлге теңеуге болады.

6. Сенің ойың сұңқардай ұшқыр.

7. Сенің жаның жомарт

8. Сен көк аспандай ажарлысың.

9. Сен табиғаттай көркемсің

10. Сен табиғаттай мейірімдісің

11. Сен табиғаттай кеңсің

ІІІ. Мұғалім: Адамдар табиғат байлығын есепсіз пайдаланып,экологиялық ойсырауға ұшыратты. Ауыл маңындағы ағаштарды кесті,бұлақ көздерімен өзендерді ластады,қоқыс үйінділерін көбейтті,кейбір аңдармен құстардың жойылып кетуіне жол берді.Сол себепті үйге берілген тапсырмалар бойынша ой қозғайық.
 

а) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік: 
1-Оқушы: Егер табиғатқа тіл бітсе, Балқаш ауданының табиғаты, оның бүгінгі хал-жағдайы былай дер еді: «Балқаш ауданының тұрғындары!  Жайқалып өскен ағаштарым, сексеуілім қайда? Оларды есепсіз кестіңдер. Соның салдарынан ауылда азынаған жел соғатын болды. Ал, оның денсаулыққа каншалықты зиян екенін білесің бе? Егер  ұрпағыңның болашағын ойласаң, сексеуілдің түбіне балта шапқаныңды доғар, оны қалпына келтір, табиғатқа қиянат жасағаныңды қой, адамзат!»

 

2-оқушы: Іле өзені туралы былай деп айтар еді: Адамдар, сендер қандай қатыгездік жасағандарыңды білесіңдер ме? Сен маған жасаған қиянаттан  арнам тартылып, жер бетін құрғақшылық басып келеді. Соның салдарынан балығымда қырылды. Ал сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Бұның бәріне кім кінәлі? Күндердің күнінде арнама су толығар, ұрпағыңның денсаулығын қайтадан келтірер алар ма екенсің? –деп айтар еді табиғат.

Көрдіңдер ме балалар табиғатқа зиян келтіретін өзіміз екенбіз. Табиғатқа зиян келмеуі үшін оны қорғау,  мына отырған сендердің міндеттерің. Сондықтан табиғатты аялап, қорғау керек.

 

Ә) «Егер мен суретші болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалады) 

      - «Егер мен суретші болсам, жиі өртеніп, құрып бара жатқан орман даланы, ластанған ауа, бүлінген жеріміздің кескінін суреттер едім. Адамдарға ой салып табиғатты қорғауға шақырар едім».
б) «Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалады. Сонымен қатар басқа ақындардың табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар тебірене оқыды) 

- «Егер мен ақын болсам.  Табиғат сұлулығын түсіне білуге, қорғай білуге үйрететін, табиғат ананы қорғауға шақыратын өлеңдер жазар едім»

1-оқушы:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізіді төгейік.

2-оқушы:

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

ІV. Постермен жұмыс: ( әр топ «Табиғатты аяла» тақырыбына байланысты постер қорғайды)
V. «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа ізгі тілектерін  айтып,  кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі. 
1. Гүлдей бер, Жер-Ана! 
2. Аспаның ашық болсын! 
3. Аспаныңды бұлт торламасын! 
4. Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
5. Суың мөлдір, таза болсын! 
6. Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
7. Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
8. Күнің жарық болсын!
9. Орманың нулы,тоғайың шулы болсын!

10. Әрбір атқан таң шуақты болсын!

11. Ауаң таза болсын!

12. Мәңгі жайнап,гүлдеп,көктей бер!

VI. Сабақты қортындылау кезеңі:

Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді.

Хормен : 

Табиғат сені сүйеміз, 
Басымызды иеміз! 
Ән: «Біз Отанның ұланымыз»

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Табиғатты аялайық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 826 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2017 324
    • DOCX 29.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Керимбекова Фариза Советбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 822
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой