Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахскому языку на тему "Қарағанды қаласы - ғылым мен мәдениеттің ошағы"

Урок по казахскому языку на тему "Қарағанды қаласы - ғылым мен мәдениеттің ошағы"

Скачать материал

Өткізуші: Шайлимбекова Куралай Игликовна

Өтілетін күні: 28.10.2015ж.

Сыныбы: 11 А

Сабақ тақырыбы: "Қарағанды қаласы - ғылым мен мәдениеттің ошағы"

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелеу, топпен жұмыс,. өзін-өзі тексеру, бір-бірін бағалау;

Пәнаралық байланыс: география

Сабақ мақсаты:

- мәтін мазмұны арқылы Қарағанды қаласының тарихы, мәдениеті, білім және ғылым ошақтары, өндіріс орны туралы толығырақ мәлімет беру;

- әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындату барысында логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қазақ тілінде тыңдағанын түсініп, қатесіз жазу дағдыларын дамыта түсу, өзара қарым-қатынаста жұмыс істей білуге бағыттау;

- өзінің туған өлкесін, өз Отанын сүйіп, болуға тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Топқа бөлу. Әр оқушының өз есімінің бірінші әрпі бойынша: қатаң, ұяң, дауысты дыбыстар бойынша үш топқа бөлу. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады, өз араларынан спикер таңдайды.

3. Психологиялық көңіл-күй ахуалын қалыптастыру. Оқушылар берілген стикерлерге бір-біріне хабарлама жазады. Хабарламада жылы лебіздер, жақсы тілектер жазылған.

3. Өткен сабақпен байланыстыру кезеңі.

-Балалар, өткен сабақтарда біз қандай қалалардың тарихымен таныстық?

-Түркістан қандай қала?

- Түркістанда қандай кесенелер бар?

- Түркістан қаласы бұрын қалай аталған?

-Семей қаласының негізі қай жылы қаланды?

- Семей облысының салтанатты ашылуы қашан болды?

- "Сарыарқа" аймағы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

- "Сарыарқа" деген сөз қандай ұғым береді?

4. Үй тапсырмасын сұрау. "Сарыарқа" тақырыбына шағын эссе жазып келу. 4-5 оқушы жазған эссесін оқып береді, қалғандары тыңдап, бағалайды.

5. Ассоциация сөздер. Осы сөздермен танысу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

6. Сөздікпен жұмыс. Тақтада жаңа сөздер берілген, оқушылар аудармасын өздері жазып отырады:

ошақ-очаг

өндіріс-производство

мәртебе-статус

кеншілер-горняки

ғимарат-здание

көпес-купец

кәсіпкер-предприниматель

7. Әр топқа тапсырма тарату. Әр топқа Қарағанды қаласының тарихы туралы үзік мәтін беріледі. Әр топ өз тобында мәтінмен танасып, бір-біріне түсіндіреді. Топта түсіндіріп болған соң әр топтың спикері сағат тілі бойынша басқа топқа барып, өз тобында болған мәтінді басқа топтағы оқушыларға түсіндіреді. Әр топ мәтіндегі ең маңызды екі сөйлемді тауып, жазып алады.

I топ

Қарағанды қаласы-ірі өнеркәсіптің, ғылым мен мәдениеттің ошағы. Қала тұрғындарының саны бойынша Алматы, Шымкент, Астанадан кейін төртінші орынды алады. Қаланың аты осы жерде өсетін "қараған" өсімдігіне байланысты шыққан екен. Қарағанды қаласы өзінің қала мәртебесін 1934 жылы 10 ақпанда алды.

II топ

1833 жылы Аппақ Байжанов атты қойшы бала алғашқы көмірді тапқан. Ал XIX ғасырдың аяғында орыс көпестері, француз және ағылшын кәсіпкерлері көмір шығару ісін бастаған. Сол кездерде алғашқы кен орындарында Үлкен Михайловка, Тихоновка, Зеленая балка және Новоузенка поселкелерінің тұрғындары жұмыс істеді. 1930 жылы көмір шығару ісі жақсара түсіп, келген жұмыскерлер мен олардың отбасылары үшін үйлер салына бастады және Майқұдық, Пришахтинск поселкелері пайда болды.

III топ

Ал 1934 жылы Қарағанды поселкесіне қала мәртебесі берілді, қаладағы құрылыс жұмыстары іске аса бастады. Бүгінігі күні Қарағанды өте әсем, үлкен қала. Қалада 50-дей тарихи және мәдени ескерткіштер, Кеншілер мәдениет сарайы, Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, "Чайка" қонақүйі, "Шахтер" стадионы, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры бар.

2014 жылы Қарағанды қаласы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

8. Бұдан кейін мәтін бөліктерін жинап алып, оқушыларға сұрақтар қоямын.

1. Қарағанды қаласында не өндіріледі?

2. Көмірді алғаш тапқан баланың аты кім?

3. Қала неліктен Қарағанды деп аталған?

4. Қарағанды қаласында қандай мәдени орындар бар?

5. Былтыр қала неше жылдық тойын тойлады?

6. Қарағандыға қай жылы қала мәртебесі берілді?

9. Грамматикалық тапсырма. Ереже оқылады, оқушылар бұл ереже қандай грамматикалық түсінікке сай екенін табады.

1. Заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді.

2. Бұл сөздер іс-қимылды білдіреді.

3. Жер, су, өзен, көл, қала, адам аттары болуы мүмкін.

4. Барды, кетті, жүрді, оқыды, жазды, көрді, қарады. Бұл сөздер етістіктің қандай шағында тұр?

5. Тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем.

6. Бұл сөйлемнің соңында сұрақ белгісі қойылады.

7. Аh, паh, уh, шіркін, қап. Бұл қандай сөздер.

8. Жетіге дейін саналатын сан есім.

9. Бұл септік үндестік заңына бағынбайды.

10. Жалғауы жоқ септік.

11. Екі немесе үш сөзден жасалады.

12. Қазақ тілінде оның саны тоғыз.

 

10. ҰБТ сұрақтарымен жұмыс. Тест сұрақтарымен жұмыс жасап, әр оқушы өз жұмысын өзі тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша тексереді, берілген бағалау критерийлері арқылы бағалайды.

11. Қарағанды қаласы туралы видеоролик көрсетілді.

12. Рефлексия кезеңі. Оқушылар таратылған микрофонның суретіне өздерінің бүгінгі сабақ туралы алған әсерлерін жазып, "Оқушы дауысы" плакатына жапсырады.

13. Сабақты қорытындылап, бағаларын айту, үйге тапсырма: "Қарағанды" қаласы туралы слайд дайындап, шағын шығарма жазып келу.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому языку на тему "Қарағанды қаласы - ғылым мен мәдениеттің ошағы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 3009
    • DOCX 31 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайлимбекова Куралай Игликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7378
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе