Инфоурок ОРКСЭ,ОДНКР СтатьиУрок по религиоведению на тему "Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары. Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани даму кепілі" (9 класс)

Урок по религиоведению на тему "Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары. Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани даму кепілі" (9 класс)

Скачать материал


 

Сабақтың атауы

Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары. Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани даму кепілі.

Мақсаты

. Жаңа  сабақ  бойынша дін туралы танысады сұрақ- жауап арқылы өз ойын, пікірін еркін жеткізе білуге дағдыланады, жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, өзінің оқуына деген жауапкершілік сезімдерін дамытады

 

Күтілетін нәтиже

Тақырып бойынша Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

І топқа- Сұрақ жауаптар

ІІ- топқа  негізгі дін жүйесіндегі маңыздықтар

ІІІ- топқа Дінді неліктен таза ұстау керек?

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

Зайырлылық ұғымының шығу тегі мен тарих көшінде қалдырған ізіне сәйкес аталмыш терминнің анықтамасын жасайтын болсақ, орта ғасырлардағы (схолостика кезеңі) дін өкілдерінің өктемдігінен мемлекет пен қоғамды һәм жеке тұлғаны арашалап алуды көздеген идеялардың жеңіске жетіп, индивидтердің дүниеуи және рухани қажеттіліктерін тең қалыпта қанағаттандырғысы келген жоғары саяси ұйым модернизациясының зайырлылық түсінігін қалыптастырғанына көз жеткіземіз.

Әсілі, діннің үстемдік етуі орта ғасырда өмір сүруші адамдардың сұранысына сай орныққан жүйе еді. Дін насихаты кең етек жайғандықтан, адамдар бұл дүниені өткінші санап, ақыреттік бақытқа қол жеткізуге көбірек мән беретін. Ал, сол кезеңдегі қоғамда мықтап орныққан теократиялық басқару құрылымы негізінен халықты жұмақпен қауыштыруға бағытталған канондық жүйе болатын. Еуропа халықтарының осы діни танымына католик шіркеуіне қарсы орын алған реформациялық қозғалыстар мен «Қайта өрлеу» дәуіріндегі ғылыми дүмпулер күрт өзгеріс әкелді. Дін шырақшыларының дінді өз бас пайдасына жаратуы және христиан догматикасының ғылым ақиқатымен қайшыласуы секілді жағымсыз жайттар халықтың шіркеу билігіне деген наразылығын тудырды. Осы қарама-қайшылықтың әсерінен Еуропада ғасырларға жалғасқан текетірес орын алды. Ақырында 1789 жылғы І Француз буржуазиялық рефолюциясынан кейін шіркеу иерархиясы күйреп, зайырлылық жүйе мемлекеттік басқарудың озық үлгісі ретінде қабылданды.

Десе де, орта ғасырлардағы дін өкілдерінің азаматтық қоғамға жасаған өктемдігі жалпыға ортақ тенденция саналғанымен, әрбір субекті өзіне тән (локальді) мемлекет пен дін қатынастарын реттеу методологиясы мен концепциясын қалыптастырды. Мәселен, зайырлылықтың отаны саналатын Франция мен секуляризмге көбірек басымдық беретін Германияның мемлекет пен дін қатынастарын реттеудегі тәжірибесі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Сондай-ақ, Ұлыбритания мен Скандинавия елдерінің де дін қатынастарын реттеудегі тәжірибесі бір-бірінен бөлек-бөлек сипатқа ие. Зайырлылық қағидаттарын мемлекеттік басқаруға енгізген Түркия, Алжир, Мысыр, Морокка, Малайзия сынды мұсылман елдерінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Яғни, ғалам тарихында зайырлылықтың көптеген локальды тұрпаттары тарих сахнасына шықты. Бұл әлем елдеріне зайырлылықтың бір ғана тұрпатының прецедент бола алмайтынын, әрбір мемлекет өзінің тарихи тәжірибесіне сай дін қатынастарын уникальді түрде реттеу керек екеніне көз жеткізеді.

Жалпы, зайырлылық тақырыбы сөз болғанда, осы терминге қатысты ой-тұжырымдарды да саралаған жөн. Орта ғасырларда Еуропада индивидтер діни ұстанымына байланысты мынадай үш категорияға бөлінетін:

«Клерок» – христиан теологиясы мен канондарына адал әрі шіркеу қызметіндегі ритуалдарды мінсіз атқаратын индивидттер (папа, кардинал, свещенник, поп).

«Лайцо» – Құдайға иланғанмен христиан канондарына әрі шіркеу өткізетін діни ритуалдарға немқұрайлы қарайтын немесе өз еркіндігін шіркеуге тәуелді етпеген индивидтер.

«Еретик» – Құдайға иланбайтын немесе христиан теологиясына сыни көзқараспен қарап, шіркеу қызметкерлерін әжуалайтын индивидтер.

Франциядағы І Буржуазиялық революциядан кейін қабылданған «Адам құқығы декларациясында» дінді ұстанып, ұстанбау еркіндігі «лайцизм» терминімен бекітілді. Яғни бұл термин жоғарыдағы христиан шіркеуінен тәуелсіз саналатын «лайцо» категориясынан нәрленіп, құқықтық ұғымға айналды. Әйткенмен, Еуропада мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлектігін білдіретін «лайцизм», «лайцо», «лайк» терминдерімен бірге «секуляризм» термині де қолданылады. Бұл термин латын тіліндегі «секуляр», яғни «дүниеуи» мағынасын білдіреді. Ал, терминологияда мемлекеттің қоғамдағы діннің рөлін төмендетуі немесе діни тұлғалардың белсенділігіне жол бермейтін жоғары саяси ұйым жүйесін айтамыз.  Осы сөз орыс тілінде «светский» (бұл жарық дүние) деп тәржімаланған. Туыс түркі халықтары «светское государство» ұғымын «дүниеуи мемлекет» деп аударып, сөзбе-сөз мағынасын қолданады.

Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституцияда осы «светское государство» ұғымын «зайырлы мемлекет» деп берді. Түбі араб тіліндегі «әз-заһир» сөзінен шығатын «зайыр» сөзі қазақ тілінде «анық», «айшықты», «белгілі» деген мағыналарды білдіреді. Зайырлы мемлекеттің терминологиялық мағынасына келетін болсақ, жоғары саяси ұйым өз халқының тек бұл дүниедегі мұң-мұқтажымен шұғылданады, тұрғындардың өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеуде бұл фанидің мұраты негізге алынады деген ұғымға саяды. Яғни, зайырлы мемлекет заңдарды қабылдағанда теократиялық жоғары саяси ұйым секілді ақырет бақытын көздемейді, халықтың бұл дүниедегі мәселелерін шешуді негізге алады. Ал, ақыреттік бақытқа (жұмақ) ие болу мәселесін индивидттердің өз еркіне қалдырады.

Біздің еліміз 1991 жылы саяси бостандыққа қол жеткізгеннен кейін Қазақстан азаматтарының дінді ұстанып, ұстанбауына қатысты еркіндік жариялап, оны 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңда ресми түрде бекітті. Қазақстан Республикасы 1995 жылы қабылдаған Атазаңның 1 бабының 1 тармағында:  «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетіп, мемлекет пен дін қатынастары зайырлылық қағидаттары шеңберінде реттеліп, индивидтердің діни-сенім бостандығы қамтамасыз етілетіндігін паш етті.

Әдепкіде, классикалық (laisizm) зайырлылық қағидаттарын басшылыққа алған еліміз кейін келе Қазақстан халқының тарихи һәм діни тәжірибесі ескерілген зайырлылық үлгісін қалыптастыруды жүзеге асыра бастады. Нақтырақ айтар болсақ, 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында «…Ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын…» мойындап, преференциялық зайырлылық немесе халықтың басым көпшілігінің діни ұстанымы ескерілген зайырлылықтың қазақстандық модельін қалыптастыруды қолға алды. Осы заң қабылданған соңғы бес жылда Қазақстан қоғамындағы дін қатынастары мемлекеттілікті нығайту бағытында және халықтың діни сұранысына сай реттелуде.

Әйткенмен, зайырлылық қағидаттарын ұстану барысында кейбір қоғамдық салаларда түсініспеушіліктер орын алып отырғанын жасыра алмаймыз. Мәселен, Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылдаған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда мемлекеттік органдар, қарулы күштер мен басқа да әскери  құрылымдар, сот және құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық сақтау, жазалау мекемелерінде діни салт-жораларды іске асыруға және құлшылық орындарын ашуға жол берілмейтіндігіне кейбір діндар азаматтар түсініспеушілік рай танытты. Тегінде, бұл құқықтық нормалар азаматтардың діни бостандығын шектеуді көздемейді. Әрбір мемлекеттік органның міндетті атқаратын өз функциясы бар. Діни рәсімдер осы мемлекеттің міндетті қызметтердің жүзеге асуына кедергі келтірмеуі тиіс. Аталған құқықтық нормалар осы тұрғыда бекітілген болатын. Ал, мемлекетіміз республика азаматтарының заңда көрсетілген негізде діни сенімді ұстануына һәм салт-жоралар мен ритуалдарды орындауына ешбір кедергі келтірмейді. Әділет басқармасының ресми тіркеуінен өткен жүздеген діни бірлестіктер, оның ішінде ҚМДБ-ның 2500-ден астам мешіттері мен Орыс проваслав шіркеуіне қарасты құлшылық орындары ашық жұмыс істеуде.І топ—

оқимыз, ашамыз, баға қойылады

қызық, әдемі, үлкен

қағаздан жасалған

Топтық жұмыс

І топ-Зайырлық  қағидалары

ашамыз, жазамыз

әдемі, үлкен

қағаздан жасалған  постермен қорғау

ІІ-топ- Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани даму кепілі.-эссе жазу

3 топ әңгіме құрастыру

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

 

 

Мұғалім сабақты қорытындылайды. «Синквейн» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылаймыз.

 

Әр топқа бір сөз беріледі, оқушылар сол сөзге сипаттама береді.

Үйге тапсырма

Өзіңе ұнайтын спорт түрі туралы әңгімеле.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по религиоведению на тему "Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары. Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани даму кепілі" (9 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Разработка классного часа в рамках изучения спецкурса ОРКСЭ "Основы православной культуры"
  • Учебник: «Основы религиозных культур и светской этики», Саплина Е.В., Саплин А.И.
  • Тема: Проекты по теме «Религиозные праздники»
  • 25.04.2018
  • 1151
  • 1
«Основы религиозных культур и светской этики», Саплина Е.В., Саплин А.И.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2018 490
    • DOCX 62 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сонарова Мубаряк Рахметтулаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1202
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель теологии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Курс повышения квалификации

Основы духовно-нравственной культуры народов России как новый предмет в условиях обновленных ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 065 человек

Курс повышения квалификации

Теология: новые религиозные движения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек