Баянбаева Рауан Бейсенбайқызы №2 орта мектепте 2006 жылдан еңбек етеді. Рауан Бейсенбайқызының теориялық білімі, әдістемелік шеберлігі жеткілікті. Ұстаз сабақтарында қазіргі заман талаптарына сай оқыту технологияларының озық тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше білім алуға құштарлығын оятып, шығармашылықпен ізденуге, жүйелі жұмыс жүргізуге ұмтылдырады.