Жамбыл облысы, Мерке ауданы
№20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып
Калыкулова Маншук Еренсизовна
Құрметті ұстаздар!!!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Ұстаз - осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл - айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер – ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады.