«Теміржол
тарландары
»
атты
жігіттер сайысы
1 жүргізуші Ақерке;
1. - Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар мен білімгерлер және бүгінгі кештің көрермендері.
Бүгінгі өткелі отырған “теміржол тарландары ” атты жігіттер сайысына қош
келіпсіздер!.
2
жүргізуші Карина:
Болғалы жатыр сайыс көптен күткен
Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,
Арайлап атса келешектің ақ
таңы
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі
балғын, балауса жастар,
Қазақтың ертеңі, аппағы мақтаны.
Сайыс десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын жігіттерді бүгінгі,
Қарсы алайық
қошаметпен бәріміз,-деп ортаға сайыскер ұландарымызды шақырамыз. (жеребе
суыртады)
1 жүргізуші Ақерке;
Сәлем бердік сіздерге төрағалар,
Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.
Көп күттірмей бастайық сайысымызды,
Нағыз ерді дәл бүгін қолдаңыздар,- деп әділқазы мүшелерін таныстырып өтейік.
1.________________________________________________
2.________________________________________________
3.________________________________________________
4.________________________________________________
5.________________________________________________
2 жүргізуші Карина:
3
Сайыс
шартымен таныстырып өтейік:
1. Таныстыру.
2. Мамандық
жайлы шығармашылық жұмыс жобасын қорғау
3. Қолөнер.
4. Өнер
көрсету.
5. Салт-дәстүрге
байланысты сұрақтар
6. 6. Спорттық
трюк.
7. Қызға
деген өз сезімін жеткізе білу.
8. Сән
үлгісін көрсету.
1 жүргізуші Ақерке;
4
І.
Таныстыру.
5
Өнер
қуып, жігіттер өтер деймін,
6
Бір
басына өнері жетер деймін.
7
Бәсекеге
түскен бүгін ұландар,
8
Таныстырып
өздерін өтер деймін,- деп таныстыру бөліміне кезек береміз.
2кезен Мамандығым
мақтанышым шығармашылық жоба
Мамандық жайлы
шығармашылық жоба
2 жүргізуші Карина:
3.
Қолөнер.
Таныс
болдық ұландар тегіменен,
Туып өскен
мекені, еліменен.
Ендігі
кезде көрейік, тамашалап,
Өзі жасап
әкелген қолөнерін,-деп келесі кезекте жігіттеріміздің өздері дайындаған
қолөнерімен таныс болайық. Неден, қалай жасағанын таныстырып өтсін.
1 жүргізуші Ақерке;
4. Өнер
көрсету.
Ал, кімнің
өнері бар қаншалықты,
Би билеп,
ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі
бұл сайыстан бәйге алуға,
Сарбаздар
аянбай-ақ, жан салыпты,-деп келесі кезекте жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.
2 жүргізуші Карина:
5.
Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
Қазақтың
сан алуан дәстүрі бар,
Оның сырын
біле ме, біздің ұлдар.
Сол
себептен қоятын сұрақтар бар.
Ал,
сұлтандар, сайысқа қалайсыңдар,
Сендер
өтер әлі талай сын бар.
Сұрағыңды
ал қасымнан, қымсынбай кеп,
Жауап
қатсаң сұраққа жарайсыңдар!- деп салт-дәстүрге байланысты сұрақтарды қаншалықты
білетіндеріңізді сынға салу кезегі де келген сияқты.(сұрақтарды суыртады)
1 жүргізуші Ақерке;
№1
1.Жеті
қазынаны атап бер.
1. Ер
жігіт
2.Сұлу
әйел
3.Жүйрік
ат
4.Ақыл,білім
5.Қыран
бүркіт
6.Берен
мылтық
7.Жүйрік
тазы (ит)
2 жүргізуші Карина:
№2
Жеті атаны
атай аласың ба?
1.Әке
2.Бала
3.Немере
4.Шөбере
5.Шөпшек
6.Немене
7.Туажат.
1 жүргізуші Ақерке;
№3
Жігіттің үш жұртын
атап бер.
Өз жұрты,
Нағашы
жұрты,
Қайын
жұрты.
2 жүргізуші Карина:
Мұсылманның бес парызын ата?
Намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, иман
келтіру, қажылыққа бару.
1 жүргізуші Ақерке;
№4
1.Үш би.
Үйсін Төле
би.
Арғын Қаз
дауысты Қазыбек би.
Алшын
Әйтеке би.
2 жүргізуші Карина:
Келесі
кезеңде 6 Спорттық трюк.
Талай-талай бағындырып биіктерді,
Елімнің үзілмеген үміттері.
Шығарып атын көпке таныттырған,
Спорт сүйер қазағымның жігіттері,-деп салауатты өмір салтын ұстанатын жас
өрендеріміздің спорттық өнерін тамашалайық
1
жүргізуші Ақерке;
7кезең Қызға деген өз сезімін
жеткізе білу.
Жігіт бол, жігіт болсаң
бұлғақтамай,
Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.
Аруға жақсы сөзді жаса әуелі,
Өзіңді көңіл бөліп тыңдатқандай,-деп келесі кезекте жігіттеріміз жағдаяттан
қалай шығар екен, соны көрейік.
2
жүргізуші Карина:
Сән
үлгісі. 8Кезең
Сымбатына сән киім жарасады,
Аспандағы айменен таласады.
Өнеріне өзі сай келіп тұрған,
Сұлтандарға қызығып қарасады,-деп келесі кезекті сән үлгісіне береміз.
Жасалған материалын, киім үлгісін таныстырып өтуі қажет.
1
жүргізуші Ақерке;
Келешек қой осылар, барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр,
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп. Әрқайсысы
өз үлесін алғалы тұр.
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Осыменен қоштасамыз сіздерменен,
Сайысы жігіттердің аяқталды,-деп сайыс қорытындысын айту үшін әділқазыларға сөз
кезегін береміз.
(марапаттау, жеңімпазға «Теміржол
тарланы» - лентасын тағу)
Қазақстан
Республикасы білім және ғылым министрлігі
№13 Тараз
теміржол колледжі
СОБЭ апталығына арналған іс –
шаралар.
Апталықа жауаты; Ділдәбектов Т.Ө.
мұғалімі.
Жүргізушілер: СОБЭ – 23 тобының
білімгерлері: Ионова З.. Боранбаев А.
Тараз
қаласы 2017 жыл
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.