Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие біргірлер сайысы "Ғажайып қоржын" 10-сынып

Внеклассное мероприятие біргірлер сайсы "Ғажайып қоржын" 10-сынып

Скачать материал

Білгірлер сайысы «Ғажайып қоржын» 10 – сынып


Мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз еліне, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушының тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуге үйрету. Топта жұмыс істеу арқылы өзгелерді тыңдап, өз ой-пікірін білдіре білетін оқушыны тәрбиелеу. Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру, таным белсенділіктерін дамыту.

Сайыстың барысы:

1-мұғалім: Тіл - өте маңызды қарым-қатынас құралы. Тіл болмаса адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай тіл, әрі көркем тіл. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан республикасының әрбір азаматының парызы.

2-мұғалім:

Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Білгірлері 10-сыныптың шығады.

- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ғажайып қоржын» сайысына 10-сынып оқушылары қатысады. Ортаға 10 А, Б сынып оқушыларынан құралған екі топты өздерін таныстыруға шақырамыз.


Біздің топ: «Жасұлан» 10А - сынып

Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ: «Бәйтерек» 10Б - сынып

Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді – қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

1-мұғалім: Сайысымыз 7 турдан тұрады. Бүгінгі сайысымызды баға беретін әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

І ТУР «Бәйге»

Бірінші сайысымыз «Бәйге». Мына ғажайып қоржын ішінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география пәндері бойынша сұрақтар берілген. Команда мүшелері сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі. Қазақ тілі.

  1. Көп тіл білетін адам кім?

  2. Қазақстан Республикасының елтаңбасында нелер бейнеленген?

  3. «Характеристика» сөзінің қазақша аудармасы қалай?

  4. Жоғары, төмен үстеудің қай түріне жатады?

  5. Сенің анаңның аты кім?

  6. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» -деп

Ата заңның нешінші бабында жазылған?

  1. «Резюме» сөзінің қазақша аудармасы қалай?

  2. Сенің досыңның жасы нешеде?

10. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?


Қазақ әдебиеті

  1. Қазақтың тұңғыш ғалымы кім?

  2. Бес арыстың аттарын атаңдар?

  3. Абай айтқан бес дос пен бес дұшпанды атаңдар?

  4. «Қазақтың мың бір әні» жинағының авторы кім?

  5. Қазақ әдебиет тарихында хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын ең бірінші болып айтқан күрескер ақын кім?

  6. Шоқанның шын аты кім?

  7. Қазақтың тұңғыш мектебі қайда ашылды?

  8. Шәкәрімнің философиялық шығармасы қалай аталады?

  9. Ел ішінде «шешен, тапқыр бала» атанған төкпе ақын кім?

10. «Әдебиет» сөзінің араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?


Қазақстан тарихы

  1. Қазақстан республикасының Ата Заңы қашан қабылданды?

  2. Қазақтың соңғы ханы кім?

  3. Соғыс кезінде майданға ұшақ (самолет) сыйлаған атақты палуан кім?

  4. Маңғыстауда неше әулие бар?

  5. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?

  6. «Алтын адам» қайдан табылды?

  7. Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдырған кім?

  8. Қазақ хандығы нешінші жылы құрылды?

  9. Қазақтың тұңғыш киносы?

10. Алғашқы театр режиссері кім?


География

  1. Зайсан көлі қай облыста орналасқан?

  2. Қазақстандағы ең терең көл?

  3. Мақта қай облыста өседі?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

  5. Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?

  6. Қазақстандағы ең биік шың қалай аталады?

  7. Маңғыстау облысының негізгі пайдалы қазбаларын ата?

  8. Күріш қай облыста өсіріледі?

  9. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?

10. Өлкеміздегі қызыл кітапқа енген қандай аңды білесің?


ІІ ТУР Өнер сайысы «Поэзия минуты»

2-мұғалім:

Қазақ халқы - өнерге бай халық. Өнердің түрі көп. Ендеше ортаға өнер сайысына түсетін топ мүшелерін шақырамыз. Оқушылар мәнерлеп өлең оқу бойынша бақ сынасады. Енді әр команданың өздері дайындаған өнерлерін тамашалаймыз. Өнер сайысының ұпай саны 5 баллдық жүйемен есептелінеді

ІІІ ТУР Капитандар сайысы «Жекпе-жек»

1-мұғалім: - Үшінші турымыз «Жекпе-жек» капитандар сайысы. Әр конвертте 5 сұрақ бар. Капитандар ойланғанша, біз жанкүйерлерді сайысқа шақырамыз. Берілген сұраққа дұрыс жауап берген оқушының ұпай саны, сол сыныпқа қосылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

«Жасұлан» тобы

  1. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы кім?

  2. Ұлттық теңге қашан айналымға енді?

  3. Қазақ жерінде тұңғыш театр қайда ашылды?

  4. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің авторы кім?

  5. «Автобиография» сөзінің қазақша аудармасы қалай?


«Бәйтерек» тобы

  1. 22 – Наурыз қандай мейрам?

  2. Қазақ тілінде род категориясы бар ма?

  3. «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің авторы кім?

  4. «Расписка» сөзінің қазақша аудармасы қалай?

  5. Қазақ хандығын құрған кімдер?


ІY ТУР «Кім тапқыр» жанкүйерлер сайысы

  1. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан?

  2. Үш бәйтерек кімдер?

  3. Ұлы жүздің биі кім?

  4. Алматы қаласының бұрынғы атауы?

  5. «Таңертең» сөзі үстеудің қай түріне жатады?

  6. «Ескендір» поэмасының авторы кім?

  7. Астана қаласындағы «Бәйтеректің» биіктігі неше метр?

  8. Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы?

  9. Абылай ханның кеңесшісі, ХYІІІ ғасырда өмір сүрген жырау?

10. Қазақстандағы ең тұщы көл?

11. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңында неше бап, тарау бар?

12. Сәби дүниеге келгенде берілетін той?

13. Сенің анаңның сіңлісінің баласы саған кім болады?

14. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

15. «Сүйінбай – айтыстың алтын діңгегі» деп айтқан ғалым кім?

16. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

17. Аласа сөзінің антонимін табыңыз?


Y ТУР «Полиглот» сайысы

2-мұғалім: - Келесі сайысымыз «Полиглот» Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ. Көп тіл білудің кілті - өз қолыңда. Бұл сайыста берілген мақалдағы түсіп қалған сөзді тауып, үш тілге аудару керек. Егер сөз бір тілге аударылмаса, онда ұпай берілмейді. Жауаптар жазбаша беріледі.

Керекті сөздер. ( Өмір, алтын, байлық, денсаулық, кітап, өнер, білім) Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

Мақал-мәтелдер

1. ----------- үлкен мектеп. (Өмір, жизнь, Life, das Lebe )

2. Денсаулық - зор ------------ . (Байлық, богатство,

3. Тазалық - ------------- кепілі. ( Денсаулық, здоровье,

4. ------------ алтын қазына. (

5. ----------- алды - қызыл тіл. (Өнер, искусство, art, die, kunst)

6. ----------- өмір шырағы. (Білім, знание, knowledge, das, wissen)

7. ----------- білім бұлағы. (Кітап, книга, Book)

8. Аз сөз - -----------. (Алтын, золото, Gold)

9. Достықта жоқ ----------- . ( Шекара, граница,


Жұмбақтар

1. Жүзіне салсаң көзіңді

Көрсетеді өзіңді. (Айна – зеркало – mirror)

2. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе – верблюд -

3. Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді. (Хат – письмо –

4. Бірі үлкен, бірі кіші,

Туысқан бірге бес кісі. (бес саусақ – пять палец –




YІ ТУР „Суретті әңгіме” Берілген мәтінді түсініп оқып, қағазға

бейнеле. Мәтінге ат қой.

Жасұлан” тобы

Қазір жылдың ең керемет мезгілі. Күн жылына бастады. Күн көзі жарқырайды. Ауа-райы өзгереді. Табиғат ұйқыдан оянады. Жер жылынады. Алғашқы гүл бәйшешек гүлдейді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Қар ериді. Өзендер мен көлдерде мұз ериді. Ағаштарда бүршік пайда болады. Бірінші жапырақ шығады. Күн ұзара бастайды, түн қысқарады. Оңтүстіктен жылы жел соғады. Аспан жиі ашық, таза болады. Кейде жылы жаңбар жауады. Жерден құмырсқалар шыға бастайды.


Бәйтерек” тобы

Қазір жылдың салқын мезгілі. Ауа-райы өзгереді. Күн салқын болады. Салқын жел соғады. Аспанды қара бұлт жабады. Жиі жаңбыр жауады. Ағаштардың жапырақтары солады, сарғаяды. Жапырақтар жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киінеді. Қолдарына жиі қолшатыр ұстайды, жер су болады. Күн қысқара бастайды, түн ұзарады. Қар аралас жаңбыр жауады. Табиғат ұйқыға дайындала бастайды. Бірақ бұл жыл мезгілі - молшылық мезгілі.


YІІ Тур «Мәре»

1-мұғалім: - Бұл сайысқа әрбір топтан үш ойыншы қатысады. Олар берілген сұрақтарға таңдап алған әріптен басталатын жауапты тез, әрі дұрыс берулері шарт.


  1. Бүгін ауа райы қандай?

  2. Досыңның аты кім?

  3. Сен нешінші қабатта тұрасың?

  4. Мектепке немен келдің?

  5. Жеңімпаз болғың келе ме?

  6. Спортпен айналысасың ба?

  7. Қандай музыка тыңдайсың?

  8. Кім болғың келеді?

  9. Базарда не сатады?

  10. Қабырғада не ілулі тұр?

  11. Қазір сағат неше?

  12. Саған кім ұнайды?

  13. Бес жыл мезгілі бар? Дұрыс па?

  14. Түскі аста не жедің?

  15. Домбыра шертіп білесің бе?

  16. Көп ұйықтайсың ба?

  17. Қай топ жеңеді деп ойлайсың?

  18. Қазақ тілі сабағында не істейсің?

  19. Жазғы демалыста қайда барасың?

  20. Арманыңды айт?

  21. Сиыр сүтінен не жасайды?

  22. Қазақша кітап оқисың ба?

  23. Былтыр нешінші сыныпта оқыдың?

  24. Алманың дәмі қандай?

  25. Мұғалім болғың келе ме?








Білгірлер сайысы

«ҒАЖАЙЫП ҚОРЖЫН»


hello_html_m7bff87d2.jpg





Мұғалімі: Узбекова Ж. С.

10 А, Б сыныптар













Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие біргірлер сайысы "Ғажайып қоржын" 10-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 873
    • DOCX 1.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Узбекова Жанар Сисенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Узбекова Жанар Сисенбаевна
    Узбекова Жанар Сисенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14113
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции