Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

библиотека
материалов

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ


Искалиева Айгүл Бисенбайқызы,
Ақпараттық технологиялар бойынша директордың орынбасары

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж


«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».

Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру жолында ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде 2011 жылғы 31 тамыздағы №185 бұйрыққа сай 2011 және 2013 жылдары Edusoft мультимедиялық бағдарламасымен оқыту оқу тренингтері ұйымдастырылуда. Курстан өткен 32 колледж оқытушыларының 12 арнайы пән оқытушылары да, 20 оқытушысы ағылшын тілі пәні оқытушылары болды. Қатысушылардың барлығы да сертификат иеленіп, 11 оқытушы ғана тьютор атанды.


D:\5 форум\ДАНК КИТАБЫ Курманалина Ш.Х\8ФОТОГАЛЛЕРЕЯ\СЕМИНАР С ПРЕДСТАВ. ЕДУСОФТ.JPG

D:\диск 500\ГОСКОЛЛЕДЖ\ФОТОБАЗА\агыншын курс\P8290002.JPG

\\192.168.1.5\d\IMG_0049.JPG

D:\диск 500\ГОСКОЛЛЕДЖ\ФОТОБАЗА\агыншын курс\P8310027.JPG

D:\диск 500\ГОСКОЛЛЕДЖ\ФОТОБАЗА\агыншын курс\P8290014.JPG

\\192.168.1.5\d\IMG_0134.JPG


English Discoveries Online/Offline – бұл әлемнің 15 елінде қолданыстағы ағылшын тілін кешенді оқытудың біріктірілген жүйесі. Құрамында алдыңғы қатарлы оқыту әдістемелері, мультимедиялық программалық жабдықтары және педагогикалық қорлар, яғни баспа материалдары жинақталған.

hello_html_m5ab2ae0.png

Бұл бағдарлама студенттер мен оқытушыларға жаңа технологияны, әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік береді. 2011-2012 оқу жылынан бастап эксперименттік жоспарды жүзеге асыру моделі жасақталып, эксперименттік және бақылау топтары анықталды. Эксперименттік топ ретінде 0111000 “Негізгі орта білім” мамандығының 0111083 “Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі” біліктілігі бойынша 2 топ 50 студент алынды. 1аКШИ тобына оқытушылар – Амандыкова Г.Н., Мухтарова Ш.Е., ал 1аРШИ тобына оқытушылар – Исмагулова А.А., Қуанышкалиева А.Т. бекітілді.

Эксперименттік жоспарды жүзеге асыру моделі

1 жыл – онлайн режимде – Basic 1,2,3

2 жыл – оффлайн режимде - Intermediate 1,2,3

3 жыл – оффлайн режимде - Advanced 1,2,3

Басталуы: 15 қыркүйек 2011 жыл

Аяқталуы: 31 мамыр 2014 жыл

Экспериментке қатысушылар: 0111000 “Негізгі орта білім” мамандығы 0111083 “Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі” біліктілігі бойынша

1аКШИ тобы – 25 студент Оқытушылары – Амандыкова Г.Н., Мухтарова Ш.Е.

1аРШИ тобы – 25 студент Оқытушылары – Исмагулова А.А., Қуанышкалиева А.Т.

Едусофт жүйесінде 10 деңгей бойынша оқыту жүзеге асырылады.

hello_html_5fc1f81e.pnghello_html_db9365b.png

Осы 10 деңгейді толық игеру мақсатында 1 курстан бастап оқытылатын деңгейлер бөлінді. 1 курс студенттерінің ағылшын тілінен базалық білімдері болғандықтан, бастапқы деңгей алынбады. 1 курстан бастап базалық деңгейден басталды. Бүгінгі күні біздің студенттеріміз 7 деңгейді оқуды бастап отыр.

р/с

Деңгей атауы

Курсы

Бастапқы


1-базалық

1-курс


2-базалық

3-базалық

1-орташа

2-курс


2-орташа

3-орташа

1-жоғары

3-курс


2-жоғары

3-жоғары

2011-2012 оқу жылы студенттер онлайн режимде оқыды. Тренер Майкл Уокермен біріге отырып жоба оқытушылары сабақ кестесін құрастырды.

hello_html_m2ff34dcc.pnghello_html_63f67bf0.png


Edusoft бағдарламасы арқылы 5-15 қыркүйек арасында 1 курс студенттерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейі 120 сұрақтан тұратын Placement Test және интервью арқылы анықталды.

hello_html_1139a1c6.png

Бұл диаграммадан студенттердің деңгейлері оқу, тыңдау, грамматика бойынша әртүрлі екендігі анықталды.

Онлайн режимде оқыту 8 бөлімнен, әр бөлім 4 сабақтан тұрды. Әр сабақ мазмұны Талдау, Практика, Тест кезеңдерінен тұрды. Студенттер әр кезеңді бастамас бұрын және аяқтаған соң Exit test (грамматиканы, тілдік жүйені, түсінуді, тыңдауды тексеру тестісі) тапсырып отырды. Оқытушылар да, студенттер де дайын баспа материалдарымен жұмыстанды. Егер бастапқы тестіде студентердің білім сапасы 1а КШИ тобында 62%, 1а РШИ тобында 65%, Basic бөлімінің соңында сапа көрсеткіші 92 пайыз.

hello_html_7ff90b5c.pnghello_html_5e36e791.png

2012-2013 оқу жылы студенттер оффлайн режимде Intermediate 1 деңгейін аяқтап,
2 деңгейін оқуда. Бұл алдыңғы деңгейге қарағанда күрделі деңгей болып табылады. Бұл деңгейдің басында студенттердің сапа көрсеткіші 45%, соңында 89% көтерілді.

hello_html_5a49d3b7.pnghello_html_m5d94f418.png

2013-2014 оқу жылында Advanced 1, Advanced 2, Advanced 3 деңгейін оқып жатыр,
10-шы деңгейді аяқтайды деп жоспарлаудамыз.

Онлайн жүйесінде Интернет жылдамдығын 4мбит/сек дейін көтеруге тура келді, онда да 50 студент біз мезгілде басқа материалдарды еркін қарағанымен, видеоматериал қарауда қиындық болып, сабақ кестесін кезектестіріп қоюға тура келді.

Оффлайн жүйесінде мерзімі шектелмеген 15 жұмыс орны болғандықтан топшамалар сабақтарында уақытты 40 минуттан бөліп алып пайдалануда, бірінші бөлігінде компьютер, екінші бөлігінде баспа материалымен жұмыс жасайды.

Edusoft бағдарламасы студенттерге өзбетімен жұмыстануға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі кафедрасы оқытушылары ағылшын тілінен пәндік олимпиадалар жүргізуде осы бағдарлама мүмкіндіктерін пайдалануда.

Алғашқы эксперимент жұмысының жүру барысын талдай келе, 2012-2013 оқу жылынан басталған көптілділікті енгізу бойынша 7 мамандық бойынша оқу топтарында да тереңдетілген шет тілін оқытуда Edusoft бағдарламасын пайдаланыла бастады. 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі, 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 0111053 Өзін өзі тану мұғалімі, 0111073 Физика мұғалімі, 0111083 Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі, 0111093 Негізгі мектептің информатика мұғалімі, 0102043 Білім беру ұйымының бастаушысы біліктіліктері бойынша ағылшын тілі білім алушының таңдау пәні, факультативтік сабақ есебінен оқытыла бастады. 2013-2014 оқу жылында 20 оқытушы және 175 студент Edusoft бағдарламасы онлайн режимінде оқып, оқу жылы соңында біліктілік емтиханын тапсырып, сертификат иеленеді.

Орал гуманитарлық-техникалық колледждің жанындағы шағын орталықта көптілділікті енгізудің Едуплэй және Мультикид бағдарламалары қолданылуда. Бұл бағдарламалар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілде даярлау және жеке әдістемелер бойынша даярлауға толық мүмкіндік бар. Осы орталықтың тәрбиешілері өз тәжірибелерімен 2012 жылдың 26-27 қыркүйек күндері күндері оздырылған «Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу жағдайында баланы мектептегі оқуға даярлауды қамтамасыз ету» тақырыбындағы республикалық семинарының №34 МКҚК «Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымындаға «Білім беру жүйесінің педагогтерін дарлау. Мектепке дейінгі ұйымдарды, мектепалды даярлық топтары мен жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сыныптарын білікті мамандармен қамтамасыз ету» тақырыбындағы секциялық отырысында бөлісті. Колледждің 100 жылдық мерейтойына өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференцияда шағын орталықта ағылшын тілі оқытушысы, колледж түлегі Сахипова Г.Қ. Едуплэй және Мультикид бағдарламаларын қолдану бойынша тәжірибе класын көрсетті.



Колледжде заманауи технологияларды оқу үрдісінде қолдану, оқытушылар мен студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға жағдай жасалған. Edusoft бағдарламасын оқу үрдісінде қолдану арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл бағдарлама студенттердің сөздік қорын молайтады, тілдік жүйенің сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу компоненттерін дамытуға жағдай жасайды. Оқытушылар мен студенттердің АКТ-құзыреттілігін арттырады. 10 деңгейді толық меңгерген студенттеріміз TOEFL, IELTS т.б. халықаралық деңгейдегі тестілерден өтіп, өз білімдерін дәлелдеуге, ең бастысы 10 сыныпқа дейінгі аралықта тиісті дәрежеде ағылшын тілін сапалы бере алады.

D:\19\100 летие\1\DSC_0103.JPG


Краткое описание документа:

Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру жолында ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. English Discoveries Online/Offline – бұл әлемнің 15 елінде қолданыстағы ағылшын тілін кешенді оқытудың біріктірілген жүйесі. Құрамында алдыңғы қатарлы оқыту әдістемелері, мультимедиялық программалық жабдықтары және педагогикалық қорлар, яғни баспа материалдары жинақталған.

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров516
Номер материала 307028
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх