Инфоурок Всеобщая история КонспектыҮйсін мемлекеті, шаруашылығы, мәдениеті.

Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, мәдениеті.

Скачать материал

Қазақстан тарихы

XVI-сабақ                         10 сынып                                    23.10.13ж.

Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер.

&17. Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік-саяси ұйымдасуы, үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы, мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

- Үйсіндердің тарихы, мекендеген орыны, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері жайында қосымша деректерді пайдаланып, үйсіндердің тақырыбын қорытындылау;

- Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылырды өз елінің  тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отангүш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:тематикалық суреттер.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа тарту.

II.                Үй тапсырмасын тексеру: & 16. Археологиялық ескерткіштері.

1.      Шілік-Рабат;

2.      Бәбіш молда;

3.      Бұланды қалашығы.

III.             Жаңа сабақтың жоспары:

1.      Үйсіндердің мекендеген жері.

2.      Шаруашылығы.

3.      Әлеуметтік-саяси ұйымдасуы.

4.      Үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы.

5.      Мәдениеті.

 

1.      Үйсіндер- Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері- б.з.д. III ғасыр- б.з. IV ғасыр. Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяғында пайда болды, олардың шығу тегі туралы мәліметтер қытай тарихшысы Сыма Цяньның «Тарихи жазбалар» («Ши цзи») еңбегінде көп. Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштердің негізінен шоғырланған өңірі- Жетісу. Үйсіндердің иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жаса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы- Іле аңғары, олардың ордасы- «Қызыл Аңғар қаласы» Чигучен Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.

 

2.      Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап қалды. Шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды. Үйсіндердің мал құрамы- қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек.

 Отырықшылық пен егіншілік ертедегі үйсіндерге біздің заманымыздың алғашқы ғасырлалында-ақ болған деуге негіз, ал б.з. III-V ғасырларында, сірә, бау-бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік түрінде оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.  Ақтау қыстас-қонысты қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы- тас кетпендер және егін жинау құралы- қола орақ (сынығы).  Ақтау қонысының төңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығын белгілері байқалды. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді. Жетіуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады.

 

3.      Сыма Цянь дерегі бойынша үйсін мемлекеті басшының лауазымы- гуньмо, тайпа көсемдерінің атауы- бек.

Үйсін қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік фактісін жазба деректерден және археологиялық материалдар аңықтайды. Жетісу аумағындағы үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш тұрпатқа бөлінеді:

1.      Олардың біріншісі- диаметрі- 50-80 м. және биіктігі- 8-10-12 метр. Үлкен обаларда – атақты адамдар, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері жерленген.(Шығыс Жетісу, Батыс Жетісу- Қаракөл мен Буранин обалары).

2.      Диаметрі- 15-20 м, биіктігі 1метрге дейін (Шарын өзеніндегі Қаратұма қорымы). Өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін құрайтын ерікті, қатардағы қауым адамдары жерленген.

3.      Диаметрі- 5-10 м, биіктігі- 30-50 см. Тәуелді ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген (Бір- екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, оқта-текте қола сырғалар мен моншақтар, қару болмайды).

Қоғамдық байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде- мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер, екіншісіне жер жатқызылды.

Сыма Цянь үйсіндердің бай адамдардың 4 мыңнан 5 мыңға дейін жылқысы болады деген мәліметті бірінші рет келтірді.

 

4.      Үйсіндер неке одақтарын жасау арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Үйсіндермен одақ жасауға мүдделі болған Хань империясы мен Ғұндар хань және ғұн ханшаларын үйсін гуньмоларына күйеуге беріп отырған.  Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау шапқан кезде үйсіндерден қорғаныш іздеген. Ежелгі үйсіндердің қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен және үйшүндермен генетикалық жағынан сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.

 

5.      Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өріс алған. Құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызы орын алды. Зергерлік бұйымдары- алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған.

 

IV.             Сабақты бекіту:

1.      Үйсін тайпаларының мекендеген жері?

2.      Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері?

3.      Басқа елдермен қарым қатынасы?

V.                Үйге тапсырма беру: & 17.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан тарихы

XVII-сабақ                         10 сынып                                    29.10.13ж.

Сабақ тақырыбы: &17. Қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, Сырдария бойындағы археологиялық ескерткіштер.

 Сабақтың мақсаты:

- Қаңлылыр тарихы, мекендеген орыны, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері жайында қосымша деректерді пайдаланып, қаңлылыр тақырыбын қорытындылау;

- Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылырды өз елінің  тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отангүш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:тематикалық суреттер.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа тарту.

II.                Үй тапсырмасын тексеру: & 17. Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік-саяси ұйымдасуы, үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы, мәдениеті.

1.      Үйсіндердің мекендеген жері.

2.      Шаруашылығы.

3.      Әлеуметтік-саяси ұйымдасуы.

4.      Үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы.

5.      Мәдениеті

 

III.             Жаңа сабақтың жоспары:

1.      Қаңлылар саяси тарихы.

2.      Археологиялық ескерткіштер.

3.      Шаруашылық, қолөнер, сауда.

 

1.      Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Кангюй мемлекеті қалыптасады. Оңтүстік Қазақстанның аумағында орналасқан, Сырдарияның орта ағысының солтүстік жағы. Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарихи жазбаларында» қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған.

Сырдария бойындағы аймақта «Кан үйі» б.з.б. III, дұрысында, II ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады, ал б.з. V ғасырында мемелекет құлады.

Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр. Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Ежелгі Қытай хроникасы олардың екі астанасы- жазғы және қысқы астанасы болғанын жазады.

Қаңлылардың солтүстіктегі көршілері- сарматтар мен аландар. Қаңлы мемлекетінің шекаралары осы күнгі Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласы тұрған жерден асып, бір шеті Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.

Жазба деректер бойынша қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары-уәзірі көмектесіп отырған. Елдің астанасы- Битянь қаласы.

 

2.      Бір кездерде кангюйлер мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер қауыншы, отырар-қаратау, жетіасар археологиялық мәдениетіне жатқызылды. Біріншісі- Ташкент жазирасына,екіншісі- Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі- Куандария мен Жаңадария аңғарына таралған.

Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауында орналасқан.

Отырар-қаратау мәдениеті ескерткіштері шоғырланған орталықтардың бірі Отырар алқабы болды. Мұнда Арыстың сол жақ жағалауында, 100 шаршы шақырымдай болатын біршама шағын аумақта көлемі әр түрлі жиырма шақты томпақ төбелердің қалдықтары жатыр. Солардың қатарында Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітмантөбе, Ахайтөбе, Шөлтөбе және басқалары бар. Олардың ең ірісі ескерткіштердің көпшілігі шоғырланған алқаптың атымен Көк-Мардан деп аталады.

Б.з.б. I мыңжықтың орта шенінен б.з. I мың жылдықтың ортасына дейін шығыс Арал өңірінде өзіндік ерекшелігі бар жетіасар мәдениеті өркендеген. Бұл мәдениеттің жүз елуден астам бекіністі қала орындарынан, жүздеген обалы қорымдардан тұратын ескерткіштері Сырдарияның ең солтүстектегі ежелгі тармақтары Қуандария, Ежелгі Қуандария бойында шоғырланған.

 

3. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан. Кангюйдің қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дақылдардың (арпа, тары, бидай) қалдықтары,бақша дақылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, өрік және басқалары) дән сүйектері табылды.

Қой, ешкі, сиыр, жылқы ұстаған. Үйрек,  қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін құстар ауланған. Балық аулау дамыған.

 

Қолөнер. Кангюйлердің қалалары мен қоныстары жергілікті базарларды не қажетінің бәрімен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналады. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырылып жасалған. Кангюй үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары  Шаш-Илек аймағындағы қоныстар мен қалалар болды.

 

Сауда. Ішкі базардың дамуын сол кезеңде жергілікті теңгелердің тұрақты соғып шығарыла басталуы дәлелдейді. Қазіргі уақытта мамандарға салмағы әр түрлі, иконографиялық дәстүрі тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі- билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Мұндай теңгелер табылған негізгі аймақ- Ташкент алқабы.

 

IV.             Сабақты бекіту:

1.      Қаңлы мемлекетінің өмір сүру хронологиялық шеңбері?

2.      Мекендеген жері, астанасы?

3.      Шаруашылығы?

 

V.                Үйге тапсырма беру- &17.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан тарихы

18-сабақ                         10 сынып                                    30.10.13ж.

Сабақ тақырыбы: &17. Ғұндар, б.з.б. III-II ғасырдағы ғұндар мемлекеті, көршілермен қарым-қатынасы, ғұндардың Мөде тұсында өрлеуі, ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы, көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, әлеуметтік құрылысы, материалдық мәдениеті.

 Сабақтың мақсаты:

- Ғұндар тарихы, мекендеген орыны, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері жайында қосымша деректерді пайдаланып, оқушыларды таныстыру;

- Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылырды өз елінің  тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отангүш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:тематикалық суреттер.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа тарту.

II.                Үй тапсырмасын тексеру:

1.      Қаңлылар саяси тарихы.

2.      Археологиялық ескерткіштер.

3.      Шаруашылық, қолөнер, сауда.

III.             Жаңа сабақ жоспары:

1.      Этникалық және саяси тарихы.

2.      Шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық қатынастары.

1.      Ғұндар кезенінің қамтитын аралық: б.з.б.IV- б.з. III ғасырлар.  Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген. Б.з.б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну(ғұндар) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды.

Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаньюй деп атайды. Б.з.б. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соққы берді. Шығыста Мөде «шығыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Б.з.б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдейдерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қоластына қаратқан жоқ.

Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық саяси құрылымдар кірген.

Б.з.б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сюнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен бірге «байырғы» құрамында екі топқа- Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік сюннулар өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ығысты, яғни солтүстік пен батысқа қоныс аударды. Б.з.б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әреект жасады. Енді құдіретті Хуханьенің шабуыл жасауынан қорыққан Чжичжи батысқа қашып құтылу жолын іздестірді, оған апаратын жол үйсіндер жерінен өтетін еді. Ол соларға қарсы күресу үшін күш жинап, одан соң Каңлы жерін жаулап алмақшы болды. Қаңлылыр князінің қаңлылармен араз үйсіндерге қарсы күресу үшін кенеттен Чжичжимен бірігуді ұсынуы оның ниетін өзгертті.

 

2.      Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Үй малынан жылқы, ірі қара және қой, ешкі өсіреді, біразы түйе,есек ұстайды. Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл атқарды. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасады, жүннен киіз басылды. Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды.

Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Байқал сыртындағы Нижне Иволгинск қала жұртын қазған кезде тары дәндері, шойын түрендер, темір орақ, тас дәнүккүштер және астық сақтайтын ұралар шықты. Ғұндар өмірінде аң аулау маңызды рөл атқарды. Ғұндардың қабірлерін қазған кезде киіктің, қабанның, құланның, бұғының, таутекенің, еліктің, қоян мен түлкінің сүйектері табылды.

Қабірлерде керамика- құмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар қолддан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалған, мұның өзі қыш-құмырашылықтың дамығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген заттар, жібек маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.

Ғұндарда әскердің негізі тез орын  ауыстыра алатын атты әскер болған. Салт атты жауынгердің қару жарағы- садақ пен жебе. Садақтар екі үлгіде жасалған.

Деректемелерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды рубасшылар (ақсақалдар) басқарған. Рулық құрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институты сақталды. Алайда ғұндардың патриархаттық рулыққұрылысы қойнауында жаңа қоғамдық қатынастар пісіп жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктің болғаны мәліметтер бар.

Қабірлерден шыққан материалдар ғұн қоғамындағы мүліктік теңсіздік жайын айқын сипаттайды.

Ғұндарда соғыс тұтқындарынан және бағынышты өңірлердің халқынан тұратын құлдар болған.

Елді шаньюй басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Одан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әрқайсысының көшіп жүретін өз жері болды. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді. Лауазымдар мен жоғары шендер мұраға қалдырылды. Қарапайым халықтан алынған салықтар тралы мәліметтер бар.

 

 

 

 

IV.             Сабақты бекіту:

1.        Ғұндар тайпаларының өмір сүру хронологиялық шеңбері мен мекендеген жері?

2.      Шаруашылықтың негізгі түрлері қандай болған?

3.      Әлеуметтік құрылысы туралы не айтасындар?

 

V.                Үйге тапсырма беру- & 17.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, мәдениеті."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан тарихы

XVI-сабақ                         10 сынып                                    

Сабақ тақырыбы:  &17. Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

- Үйсіндердің тарихы, мекендеген орыны, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері жайында қосымша деректерді пайдаланып, үйсіндердің тақырыбын қорытындылау;

- Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылырды өз елінің  тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отангүш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:тематикалық суреттер.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа тарту.

II.                Үй тапсырмасын тексеру: & 16. Археологиялық ескерткіштері.

1.      Шілік-Рабат;

2.      Бәбіш молда;

3.      Бұланды қалашығы.

III.             Жаңа сабақтың жоспары:

1.      Үйсіндердің мекендеген жері.

2.      Шаруашылығы.

3.      Әлеуметтік-саяси ұйымдасуы.

4.      Үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы.

5.      Мәдениеті.

 

1.      Үйсіндер- Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері- б.з.д. III ғасыр- б.з. IV ғасыр. Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяғында пайда болды, олардың шығу тегі туралы мәліметтер қытай тарихшысы Сыма Цяньның «Тарихи жазбалар» («Ши цзи») еңбегінде көп. Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштердің негізінен шоғырланған өңірі- Жетісу. Үйсіндердің иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жаса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы- Іле аңғары, олардың ордасы- «Қызыл Аңғар қаласы» Чигучен Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.

 

2.      Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап қалды. Шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды. Үйсіндердің мал құрамы- қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек.

 Отырықшылық пен егіншілік ертедегі үйсіндерге біздің заманымыздың алғашқы ғасырлалында-ақ болған деуге негіз, ал б.з. III-V ғасырларында, сірә, бау-бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік түрінде оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.  Ақтау қыстас-қонысты қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы- тас кетпендер және егін жинау құралы- қола орақ (сынығы).  Ақтау қонысының төңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығын белгілері байқалды. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді. Жетіуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады.

 

3.      Сыма Цянь дерегі бойынша үйсін мемлекеті басшының лауазымы- гуньмо, тайпа көсемдерінің атауы- бек.

Үйсін қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік фактісін жазба деректерден және археологиялық материалдар аңықтайды. Жетісу аумағындағы үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш тұрпатқа бөлінеді:

1.      Олардың біріншісі- диаметрі- 50-80 м. және биіктігі- 8-10-12 метр. Үлкен обаларда – атақты адамдар, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері жерленген.(Шығыс Жетісу, Батыс Жетісу- Қаракөл мен Буранин обалары).

2.      Диаметрі- 15-20 м, биіктігі 1метрге дейін (Шарын өзеніндегі Қаратұма қорымы). Өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін құрайтын ерікті, қатардағы қауым адамдары жерленген.

3.      Диаметрі- 5-10 м, биіктігі- 30-50 см. Тәуелді ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген (Бір- екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, оқта-текте қола сырғалар мен моншақтар, қару болмайды).

Қоғамдық байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде- мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер, екіншісіне жер жатқызылды.

Сыма Цянь үйсіндердің бай адамдардың 4 мыңнан 5 мыңға дейін жылқысы болады деген мәліметті бірінші рет келтірді.

 

4.      Үйсіндер неке одақтарын жасау арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Үйсіндермен одақ жасауға мүдделі болған Хань империясы мен Ғұндар хань және ғұн ханшаларын үйсін гуньмоларына күйеуге беріп отырған.  Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау шапқан кезде үйсіндерден қорғаныш іздеген. Ежелгі үйсіндердің қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен және үйшүндермен генетикалық жағынан сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.

 

5.      Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өріс алған. Құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызы орын алды. Зергерлік бұйымдары- алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған.

 

IV.             Сабақты бекіту:

1.      Үйсін тайпаларының мекендеген жері?

2.      Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері?

3.      Басқа елдермен қарым қатынасы?

V.                Үйге тапсырма беру: & 17.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 685 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2015 29249
    • DOCX 32 кбайт
    • 43 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурушева Айнур Бахитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурушева Айнур Бахитжановна
    Нурушева Айнур Бахитжановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73208
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека