Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» (Сыныпаралық сайыс)

«Қыздар сұлу көрінер өнерімен» (Сыныпаралық сайыс)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер өнерімен»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.


1-    жүргізуші: Армысыздар ардақты аналар, аппақ арулар, құрметті қонақтар!

2-    Жүргізуші: Табиғаттың оянып, сезімнің шабыттанатын жылдың бір мезгілі көктем де келіп жетті.

1-    жүргізуші:Көктеммен бірге көңілге қуаныш ұялатар мереке, мейрамдарда келіп жетті.

2-  жүргізуші:  Ата- бабамыз сонау ерте заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесін аса ыждағаттылықпен көңіл бөлген. “Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес” деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.

1-жүргізуші:

    Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен

Ендеше, “Қыз сұлу көрінер өнерімен” атты қыз сыны сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

2- жүргізуші:     Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ,

1-жүргізуші: Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:

1 Мектеп кітапханашысы – Шәкібаева Райгүл апай

2 Мектеп пссихологы – Нұрмағамбетова Раушан апай

3. Бейнелеу өнері пәні мұғалімі – Мурзабаева Ақтолқын апай

2-жүргізуші: Жалпы сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтсек:

1.     Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблема)

2.     Даналық сөздер (Тақтадағы сөздердің мағынасын ашу)

3. «Кім шапшаң?» (бисерді жинау)

4. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап.

5. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз» Қолөнер.

6. Шаш өру

7. Тырнақ бояу

8. «Ас-адамның арқауы» салат дайындау

1-шарт. «Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың»- демекші таныстыру.

Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі
2-шарт.Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі даналық сөздер сайысында, Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте даналық сөздерге береміз.

3-шарт. Сайысымыздың келесі шарты «Кім шапшаң?» (бисерді сымға тізу, уақыт)

4-шарт. Білім құйған бойына,

Қанық өмір жайына.

Салт-дәстүрдің әр сөзін,

Сақтап жүрген ойына-деп келесі бөлім «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)

1-топ. 1. Торта дегеніміз не? (сарымай тұнбасы)

2. Тамақ әзірлегенде қандай киім киеді? (Алжапқыш)

3. Шалап дегеніміз не? (Су қосылған айран)

4. Матаның екі бетін бір-бірімен беттестіріп тігу (көктеу)

5. Мақта қалдықтарынан тігілетін бұйым (құрақ)

6. Киіз үйдің қабырғасы? (кереге)

7. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)

8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)

9. Киелі құс (аққу)

10. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).

11. Анаңның інісі (нағашы)

12. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
13. Қазақтың ертедегі кәсібін ата? (егінші, саудагер, емші, ұста,малшы, үйші)

2-топ

  1. Жамау дегеніміз не? (бүтіндеу)

  2. Уыз дегеніміз не? (сүттен)

  3. Салат қандай тағамға жасалады? (салқын)

  4. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі? (шаңырақ)

  5. Көкөністердің қай түрінен крахмал алынады? (картоп)

  6. Анаңның бауырлары (нағашы)

  7. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)

  8. Тігінші құралы ( ине)

  9. Әнші Тамара… (Асар)

  10. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).

  11. Нағашы апаңның балалары (бөле)

  12. Тай, құлынның анасы? (Бие).

  13. Анаңның сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
    Азық-түлікке байланысты өлшем түрлерін тап

Бір асым- (ет) Бір үзім- (нан) Бір жапырақ-(ет,нан)

Бір елі- (қазы) Бір шымшым-(тұз)

Сырмақ ойып, текемет киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан. «Шеше көрген тон пішер»-деген рас. Қыздарым шебер қолға араласқан.

5-шарт. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз»-дегендей қыздардың дайындап әкелген қолөнер бұйымдарын көрейік.

6-шарт. Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,
Бұрымын кейін серпіп тастауымен.
Жарасқан шашбауымен теңгелерім,
Теңгенің кім біліпті дөңгелегін, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. 7-шарт. Келесі шартымыз тырнақ бояу. 8-шарт. «Ас-адамның арқауы» салат дайындау.

Соныменен кезекті әділқазы алқаларына берейік.

Гүл өсірсең терлеп-мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп-мұның аты еңбек. Сабағыңды жөндеп, әзірлесең еңбек, Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек-деп біз бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

































1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.« Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.





























«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»













Мұғалім: Саркулова А.Ж.

Сынып: 6 «А»- 6 «Б»












2014-2015 оқу жылы
































Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер өнерімен»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқыныңқыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

 

1-    жүргізуші: Армысыздар ардақты аналар, аппақ арулар, құрметті қонақтар!

2-    Жүргізуші: Табиғаттың оянып, сезімнің шабыттанатын жылдың бір  мезгілі көктем де келіп жетті.

1-    жүргізуші:Көктеммен бірге көңілге қуаныш ұялатар мереке, мейрамдарда келіп жетті.

2-  жүргізуші:  Ата- бабамыз сонау ерте заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесін аса ыждағаттылықпен көңіл бөлген. “Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес” деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.

1-жүргізуші:

     Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен

Ендеше, “Қыз сұлу көрінер өнерімен” атты қыз сыны сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

2- жүргізуші:    Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ,

1-жүргізуші: Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:

1 Мектеп кітапханашысы – Шәкібаева Райгүл апай

2  Мектеп пссихологы – Нұрмағамбетова Раушан апай3. Бейнелеу өнері пәні мұғалімі – Мурзабаева Ақтолқын апай

Автор
Дата добавления 09.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров968
Номер материала 479185
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх