Инфоурок Другое Рабочие программы"Заманауи мектептерде жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі" коучинг жоспары

"Заманауи мектептерде жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі" коучинг жоспары

Скачать материал

Тақырыбы

Заманауи  мектептерде  жас  ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие  берудегі  отбасының рөлі.

Жалпы  мақсаты:

 Отбасының  рухани-адамгершілік  білім  беру  мен  тәрбиелеудегі  рөлін  насихаттау;

Отбасы,  отбасы  ішіндегі  құндылықтар  жайлы  пікірлесіп,                   ұстаз - ата-ана - бала  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту.

 

Күтілетін  нәтиже

Жас ұрпаққа  рухани-адамгершілік  тәрбие  беруде  отбасының  рөлі  мен  маңызын  түсінеді;сол  жайлы  өз  пікірлерін ортаға салады, постер жасайды,  ата-ана  және оқушы  рөлінде болады,т,б.

Оқыту  құралдары

Интерактивті  тақта, слайд топтамалар, А4, А3 парақтары, маркерлер, бейнеролик, музыка, т.б.

Коучинг барысы

Кезеңдері

    Мұғалімнің  іс әрекеті

Қатысушылардың    іс- әрекеті

І.Ұйымдастыру  кезеңі

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1/Сәлемдесу

2/Ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастыру «Танысу» тренингі:

Жиналыппыз мереке күні бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіздер, қадірлі қоңақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге- демекші, барлықтарыңызды  ортаға  шеңбер құруға  шақырамын.

-«Мыңның  түсін  білгенше,  бірдің  атын  біл»-,   дейді,  ендеше шеңберде  тұрып,бір-бірімізбен  танысайық.

-Менің  атым  Ажар.Сіздермен танысқаныма  өте  қуаныштымын./көршіме  қарап/-Сіз  кім  боласыз?

-Менің  атым Сәуле.Мен Ажармен танысқаныма  қуаныштымын! /келесі көршісіне қарап/-Сіз  кім  боласыз?

-Мен  Жомартпын. Мен Ажармен, Сәулемен танысқаныма қуаныштымын! Сіз кімсіз?-деп  келесі  қатысушыға  сұрақ  қояды.

3/ «Миксер»  ойыны:

-Ойын әдісі –оқыту  үрдісінің  ең  қызықты да  тиімді  әдістерінің  бірі.Ендеше   барлықтарымыз бір-бірімізбен  танысып  болғаннан  кейін  қимыл-қозғалыс  ойынын  ойнап алайық!

*кімнің  1 ғана  жалғыз  досы  бар  орындарыңызбен  ауысыңыздар;

*кімнің  досы  көп, өз  орындарыңызбен  ауысыңыздар;

* бүгінгі күні  кім өзіне  дос  тапса  өз  орындарымен  ауыссын;

*өз  ата-анасын  дос  деп  санайтын  адамдар  өз  орындарымен  аусыңыздар;

*бүгіннен бастап мені де  досым  деп  санайтындар  өз  қолдарыңызды  жоғары көтеріңіздер;

 *Жақсы!Енді  көңіл-күйі  жақсы  болып,  жағымды  қарым-қатынас  жасауға  дайын  болғандар   қол шапалақтаңыздар.

* Рахмет! Ал  енді  бір-бірімізге  күліп  қарайық, енді  шапалақтардан фейерверк  жасайық.

 

-Көп-көп  рахмет!Бәріміздің  достарымыз  көп  екенін  және  де  көңіл-күйіміздің  тамаша  екенін  білдік.Бүгінгі  жасайтын  жұмысымыз  үшін  бұл  өте  маңызды!

4/Топқа  бөлу: «Бас,қол, жүрек»  пазлдары  арқылы  мұғалімдерді  3  топқа  бөлу.

-Құрметті  достар! -Бүгін  сіздер  көп  ойланып, ойлағандарыңыздың бәрін  жақсылап  тұрып  жүректен  өткізіп,  сезінгендеріңізді  іске  асыру  үшін қолдарыңызды  пайдалану  керексіздер. Ол  үшін  сіздерге  Шульманның   үш  көмекшісі, яғни  «бас,қол,  жүрек»  көмекке  келеді.

 Ендеше    үстелде  жатқан  пазлдарды  алып, 3 мозайка  шығарайық.Сөйтіп  үш  топқа  бөлініп отырайық.

5/Алтын  ереже

-Топта  жұмыс  істеудің  өз  ережелері  болуы  тиіс.Ендеше  бәріміз  бағынатын  ережелерімізді  сайлап  алайық.

Қатысушылар  шеңберде   тұрып,  бір-бірімен  танысады,  бір-бірінің  есімдерін  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын  барысында,  тренердің  айтқан  жаттығуларын  орындап,  көңіл-күйлерін  көтереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар  пазлдарды  таңдап,  мозайка  құрып, 3 топқа  бөлінеді.

 

 

 

 

Қатысушылар өз  ережелерін  ұсынады. Барлығы бір дауыспен қабылданады.

ІІ.Мотивациялық-қызығушылық  кезеңі

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1/«Артығын  тап»  ойыны:

Шарты:Қалташалардағы  сөздердің  арасынан  артық  сөзді  табу.

1/Махаббат, мейірім, әке, адалдық,достық.

2/Дарынды,  ана, талантты, шығармашыл, өнерлі.

3/Білім, білік, дағды, қабілет, бала.

 

ӘКЕ                         АНА                       БАЛА

 

ОТБАСЫ

-Қандай  сөздер  артық  екен?

-Бұл  сөздерді  қоссақ  не  шығады?

-Бүгін  қандай  мереке?

Әрине ОТБАСЫ  күні. Ендеше  бүгінгі  коучингіміздің  тақырыбы  отбасы  күнімен  тікелей  байланысты.

2/Ассоциация  құру

-Отбасы  дегеніміз не?

-Отбасы  дегенді  қалай  түсінеміз?

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» ұлы ақын Абай атамыз айтқан екен. Ал адамды сүю адам танудан басталады.Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады.Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік, қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады.

-Айтыңыздаршы, біз кімбіз? Ата-ана  мен ұстазды   біріктіретін не? Бүгінгі  күні  сіздер  ұстаз  да, ата-ана да,  бала  да  боласыздар.

Қатысушылар  қалташадағы  сөздерді  оқып,  топта  талқылап, артық  сөзді  табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар отбасы  туралы  өз ойларын  ортаға  салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Жаттығуларды  орындау кезеңі

 30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Шығармашылық жұмыс

«Құндылық ағашы»

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің құндылық ағашыңыз болады. Сіздер өздеріңізге  қатысты  құндылықтарды ағаштың жапырақтарына  орналастыру  керексіздер.

1-топ-Оқушы бойындағы құндылықтар;

2-топ-Ұстаздың  бойындағы құндылықтар;

3-топ-Ата-ана  бойындағы құндылықтар.

/ «2 жұлдызша  1 тілек»  арқылы  бағалау/

ІІ. Топтық жұмыс:

1-ТОП:ДАНА ҰСТАЗДАР 

"Ертегілер  елінде"

Рухани-адамгершілік  білім берудегі  ертегілердің  орны жайлы  постер  құрады;

2-ТОП:МЕЙІРІМДІ  ҰСТАЗДАР 

"Күн  сәулелері"

Күн  жерге  өз  жылуын  қалай  сыйласа, сіздер де  өз  оқушыларыңызға  қандай іс-әрекеттер  арқылы  жылу  сыйлайтындарыңызды  күн  сәулелеріне  жаза  қойыңыздар.

 3-ТОП:ҚАТАЛ  ҰСТАЗДАР 

"Жылы жүрек-жақсы тілек"                                                Қатал  мұғалім  жылы  сөздер  мен  мадақтауларды  сирек  қолданатынын  білеміз.  Оқушыларыңызды  мадақтау  үшін  қандай  сөздерді  қолдана  аласыздар.

 

ІІІ.Психологиялық тренинг

«Қағазды  бүктеу»

 А4  парағын  алыңыздар.  Сабақ  барысында  оқушыларыңызды  ұрысқан    немесе  қатты  сөз айтқан  кездеріңіз  болған шығар. Ендеше парақты  бүктеген  сайын   сол кездеріңізді естеріңізгүе  түсіріңіз.

Енді бүктеген  бөлігін  ашқан сайын,  оқушыларыңызға  жақсы  сөз  немесе  мадақтау  айтқан  кездеріңізді  естеріңізге  түсіріңіз.

Қорытынды:Бүктелген  парақты  ашып  жайдыңыздар.Не  байқадыңыздар?  Парақтың  бүктелген  жерлері  көрініп тұр.Дәл  осылай  оқушының  жүрегінде  де оған  көрсетілген  жағымсыз  қарым-қатынас  пен  түсінбеушіліктің  іздері   мәңгі  қала  береді. «Нәресте-ақ  парақ. Ол  параққа  не  жазасың,  не  саласың –сенің  қолыңда»-  дейді. Осыны   ұстаз  ретінде  де, ата-ана ретінде  де ұмытпағанымыз  жөн. Әр ісімізде  сабырлы  бола  білейік.

ІҮ.Тыныштық сәті:«Гүлдің оянуы»

/әдемі  баяу  әуен  ойнап  тұрады/
-Құрметті  әріптестер,жайлы  отырып,терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкеледі. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы  кішкентай  дөңгелек  бұл сіздің балаңыз. Бұл жай гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлді  елестетіңіздерші. Ол әлі кіп-кішкентай.Ал сіз-күнсіз. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.Қандай  әдемі, хош иісті! Көзімізді  ашайық. Енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.

Ү. « Ата- ана мейірімі». 

-Құрметті  әріптестер! Ақ параққа өзіміз  жаңа  көрген  немесе елестеткен гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласымызға  немесе  оқушымызға  деген сүйіспеншілігімізді,  тілектерімізді  жазуды  ұсынамын.

Қатысушылар  топта  бірігіп  отырып,  құндылықтарды  таңдап,  ағаш  жапырақтарына  жазады,жұмысты  қорғайды.

Топтар  бір-бірінің  жұмыстарына формативті  баға  береді.

 

 

Дана  ұстаздар ертегілер жайлы постер құрады.

Мейірімді ұстаздар күн суретін сызып, сәулелеріне жағымды  әрекеттерді  жазады,  ал қатал ұстаздар қима жүректерге  жылы сөздерді  жазады.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

 

 

 

 

 

Қатысушылар  А4  парақты  қолдана  отырып, парақты  бүктеу  арқылы берілген  тапсырмаларды  орындайды.

 

 

 

Қатысушылар ойланып, өздері қорытынды  жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар  демалып  отырып, көздерін  жұмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар  ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына  немесе  оқушысына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой-пікірлерін айтады.

Қорытынды  кезеңі

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1/«Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, құрметті  әріптестер! Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамын» бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, коучинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, осы жерде айтып кетулеріңізге болады.

 

2/ «Бақыт»  рецептісі

-Құрметті  әріптестер!Сіздерге бақыт  рецептісін  сыйға  тарту  еткім  келеді.

Сабырлық ыдысын  алыңыздар, оған  махаббат  жірегі  мен 2  қасық  жомарттық  қосыңыздар, үстінен  мейірімділік  ұнтағын сеуіп,  1пиала  әзіл  және 1 пиала   сенім  қосып, бәрін  жақсылап  араластырыңыздар.Қалған  өміріңіздің  бөлігіне  көбірек  жағып, өз  оқушыларыңыз  бен  жақындарыңызға  асатыңыздар.

-Бүгінгі  коучингке  белсенді  қатысқандарыңыз  үшін  алғыс  айтамын! Сіздерге  зор денсаулық, бақыт, еңбектеріңізге  сабырлық  пен сәттілік  және  шығармашылық  табыстар  тілеймін!

Бүгінгі  коучингті  ән  айтумен  аяқтауды  ұсынамын.

3/ Хормен  ән  айту

«Бүгін  қандай тамаша, көңілді  күн!»

 

 

Қатысушылар  шеңберге  тұрып,  рефлексия  жүргізеді. Тілек  шамын қодарына  алып,  коучингтен алған әсерлерімен  бөлісіп, баға  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушыларға  сыйлық  беріледі.

Қатысушылар  тренермен  қосылып,  хормен  ән  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Заманауи мектептерде жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі" коучинг жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

15-мамыр  Халықаралық  Отбасы  күні. Бұл  коучинг  осы  Отбасы  күніне  арналған  өзін-өзі  тану  пәні  мұғалімдерінің  облыстық  семинарында  өткізілген. Коучингке  өзін-өзі  тану  пәнінің  мұғалімдері  қатысты. Коучинг  барысында  әр түрлі  жұмыс  формалары  жүргізілді. Мысалы:психологиялық  тренинг,  ойын,  сергіту  сәті,  тыныштық  сәті,  релаксация,  рефлексия,  хормен  ән  айту,  сыйлық  сыйлау  сияқты  әр түрлі  қызықты  да  тартымды  әдіс-тәсілдер  қолданылған. Коучингке  қатысқан  мұғалімдер  әр түрлі  шығармашылық  топтық  жұмыстарды  орындай  отырып, өздерін  ата-ана  және  ұстаз  және  оқушы  ретінде  де  сезіне  білді. Өте  тартымды. Ата-аналармен де  өткізуге  болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 114 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.06.2015 1348
    • DOCX 75.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боранбаева Ажар Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Боранбаева Ажар Кенесовна
    Боранбаева Ажар Кенесовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70958
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе