Инфоурок Английский язык Научные работыЗерттеу жұмысы-Қашықтықтан оқытудың проблемалары

Зерттеу жұмысы-Қашықтықтан оқытудың проблемалары

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

Зеріттеу жұмысы

 

Тақырыбы: «Қазіргі қашықтықтан оқытудың жай-жапсары»

 

 

Орындаған: Алибек Гүлзира

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2020

 

Мазмұны:

1.Кіріспе .............................................................................................2-3 бет

2.Негізгі бөлім....................................................................................5-30 бет

2.1 Теориялық бөлімше(Жалпы шолу).......................................5-8бет

2.1(2)Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі.8-16бет

2.2 Практикалық бөлімше....................................................................17-

2.2(1) Әңгіме...........................................................................................17-20 бет

2.2(2)Сауалнама.....................................................................................20-27бет

3. Қосымша ........................................................................................28-29 бет

4. Қорытынды.......................................................................................29-30бет

5. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................30 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыбы:Қазіргі қашықтықтан оқытудың  проблематикалары

Өзектілігі: Қазіргі әлемдегі және еліміздегі пандемияға сәйкес аз уақытта қашықтықтан білім алуға өту білім беру саласына көптеген қиындықтар мен өзгерістер алып келді.Осы орайда білім сапасын төмендетпеу өзекті мәселе.Ал ол үшін нақты қандай артықшылқтар мен кемшіліктер бар екенін анықап алу керек

Зерттеу жұмысының болжамы:Сауалнама және әңгіме әдісі бойынша қазіргі ел жағдайындығы қашықтықтан  оқытудың ұстаздар мен оқушылар үшін артықшылықтары мен негізгі проблематикаларды анықтасақ бұл алдағы уақытта оқу сапасын арттыруға жол ашады

Зерттеудің әдіснамалық негізі:Саулнама және Әңгіме әдістері

Мақсаты:

-Білім беруші мен білім алушы Қазіргі қашықтықтан оқытудың жай-жапсары туралы ойларын  білу;

-негізгі қиыншылықтары мен артықшылықтарын анықтау;

- Білім сапасының өзгерсі жайында сұрақтарға жауап алу;

Міндеті:

-Осы мәселе бойынша оқытушы мен білім алушымен әңгіме және сауалнама жүргізу;

-Алынған ақпараттарды анализдеу және топтастыру;

-Математикалық статистикалық қорытынды шығару;

Зеріттеу нысаны:Қашықтықтан  оқытудағы оқытушы мен оқушы үшін негізгі проблематикаларын анықтау

Зеріттеу пәні:Білім алушы мен білім берушіге дәстүрлі білім беру кезеңіне қарағанда қашықтықтан оқытудағы алдарында кездескен қиыншылықтар мен артықшылықтар

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі:

-қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

- интернет ресурстарының көмегімен мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік береді

Курстық  жұмыстың зерттеу әдістері:  Педагогикалық- психологиялық әдебиеттер, Суалнама және Әңгіме әдістері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

  ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері

 Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты                                     сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

·        Дидактикалық жүйе;

·        Технологиялық жүйе;

·        Қамтамасыз ету жүйелері.  

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Әвристикалық;

5. Зерттеу;

Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1.     Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені  (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2.     Жұмыс дәптері.

3.     Анықтама.

4.     Оқу, аудио, бейне материалдары.

5.     Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

-         курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің  бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

-         Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

-         Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

-         Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

-         Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

-         Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

-         Интернет желісін пайдалану;

-         Әлектрондық поштаны пайдалану;

-         Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

-         Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі

Жалпы ережелер

         1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің  2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген.

         2. Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және телекоммуникациялық  құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі  басшылықтың  бір түрі.

         3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

·        тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;

·        контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;

·        тьюторлық сыныптар – компьютерлермен,  бейне мониторлармен және  басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.

         4. Қашықтықтықтан оқыту:

·        ақпараттықкоммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;

·        әлектрондық тасымалдағыштарға арналған  мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);

·        білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.

         5. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге  асырылуы  мүмкін:

·        желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);

·        кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

·        ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.

    6. Қашықтықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан);

7. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері  болып табылады. 

Қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру

·        Қашықтықтықтан  оқыту  технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

a)     оқытуды даралау;

b)    оқытудың тиімділігін  (сапасын) арттыру;

c)     дәстүрлі оқыту нысаны  қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін        білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

·        Білім  беру   ұйымдарында  қашықтықтықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін  мынадай функцияларды орындау қажет:

a)     оқу курстарын қолдау;

b)    білім алушыларға  оқу материалдарын  жеткізу;

c)     кеңестер беру;

d)    білім алушылармен  кері байланысты ұйымдастыру;

e)     білім алушылардың  білімдерін бақылау.

·        Білім беру  ұйымдарында:

a)     білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын  беттері бар білім беру Интернет-порталының;

b)    телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;

c)     әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, әлектрондық оқу залдарының;

d)    CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және/ немесе сатылып алынған);

e)     желілік оқу мультимедиа контентінің  (жеке меншік және сатылып алынатын);

f)      тестілеу кешендерінің;

g)     тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;

h)     жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;

i)       желілік тестілеу кешендерінің;

j)       оқытуды  басқарудың желілік  жүйелері (Learning Management Systems - LMS);

k)     оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады. 

·        Қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың  жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында  мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

a)     оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

b)    қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

c)     ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

·        Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,  қашықтықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.

·        Қашықтықтықтан оқытудың  дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады,  тестілеу жүйелері  мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын,  қашықтықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.

·        Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтықтан оқытудың  бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.

·        Оқу процесі базалық жоғары оқу орнының басшысы бекіткен  қашықтықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес  үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Жоғары оқу орны білім беру процесінде кезінде қашықтықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес  келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін  пайдаланады.

·        Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндерді бөлуді өзгертуге  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келетін таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тізбесінің шеңберінде мүмкіндік беріледі.

·        Қашықтықтықтан оқытудың толық курсы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес  білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мамандықтардан басқа барлық  бағыттар (мамандықтар) бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

·        Тиісті бейін бойынша кәсіптік орта білімі немесе түрлі  деңгейдегі кәсіптік жоғары білімі бар тұлғалар қашықтықтықтан оқыту бойынша жеделдетілген оқу мерзімінің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік жоғары білім алуы мүмкін.

·        Білім беру бағдарламаларын жеделдетілген мерзімде толық көлемде меңгеру қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орнының басшылары бекіткен тиісті оқу жұмыс жоспарлары бойынша  жүргізіледі.

·        Жеке оқу жоспарын білім алушы жасайды,  жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі.

·        Қашықтықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.

·        Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу  мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше  белгілейтін   академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.

·        Базалық жоғары оқу орны  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін  қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.

·        Білім беру ұйымы қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда  қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар   болмаған жағдайда  білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.

·        Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына  өткізу мүмкіндігі  кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін  коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.

·        Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны  күніне 3 сағаттық жұмыс және  2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.

·        Білім беру ұйымы білім алушылардың  мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың  өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік  көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына әлектрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).

·        Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі  бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:

a)     жеке күндізгі  (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);

b)    жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон,  e-mail, чат, форум бойынша);

c)     топпен қашықтықтықтан (чат арқылы,  Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).

·        Қашықтықтықтан оқытудың нысандары:  бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер);  компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.

·        Телеконференцялар   өкізу   үшін   білім беру ұйымының  жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.

·        Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.

·        Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген,  кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.

Білім алушылар  практиканы виртуалды зертханаларда,  кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді.  Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ  жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар  кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде  ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен  практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан  жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде  бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.

·        Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.

·        Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.

 Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары

1.     Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын  білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша  әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.

2.     Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды  үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген,  бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша  курсты әзірлеуші  жүзеге асырады.

3.     Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені  міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.

Міндетті комплект мыналардан:

a)     үлгілік оқу бағдарламасынан;

·        оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі,  қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);

b)    лекциялардың  әлектрондық курсынан;

c)     практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;

·        зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);

d)    студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

·        рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан                (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);

·        қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.

Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.

Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік  бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.

4.     Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын  оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен  қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып,  өзіндік зерделеуді ұсынады.

·        Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік  теледидардың көмегімен  ұжыммен  немесе жеке қолданатын  бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

·        Оқытудың компьютерлік құралдарына  әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.

·        Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ  виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.

5.     Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.

6.     Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды,  еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.

7.     Барлық оқыту қызметінің түрлері:

·        әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен)  педагогикалық қарым-қатынасы;

·        студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Байланыс уақытына кеңестермен  қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.

8.     Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін  қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе  бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.

9.     Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.

11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын,               басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді  жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.

12. Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында әлектронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.

Қауіпсіздікке қойылатын талаптар

1.     Ақпараттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының   шұғыл контентіне, ресурстары мен функцияларына қол жеткізуді ішінара шектеу мен басқарудың мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.

Ақпаратты қорғау және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтықтан оқыту кешені  SSL, PKI сияқты Интернет-коммуникациялары қауіпсіздігі саласындағы өнеркәсіп стандарттарын, 128-1024 бит көлеміндегі кілттері бар күшті шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетімділікті авторландыру үшін сертификатты және  қашықтықтықтан оқыту жүйесімен қорғалған өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қолдау қажет. Жүйенің инфрақұрылымы ішкі аудиттің дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруі керек. 

АЖ аппараттық және бағдарламалық деңгейдегі деректерді жоғалтпау және рұқсат етілмеген кіруден сенімді қорғалуы керек. Базалық жоғары оқу орнында, оның барлық оқу орталықтарында білім алушылар туралы деректерді апаттық орнына келтіру мен резервтік көшірмесінің тетіктерін өңдеу қажет.

2.     Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен  үй-жайлар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына талаптарына, сондай-ақ Санитарлық тәртіптер мен нормаларға  сәйкес келуі керек.

3.     Үй-жайдың ауданына қойылатын талаптар  нормаларына сәйкес белгіленеді. Тьюторлық сыныптар компьютерлермен және                             мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген  нормаларыға сәйкес әргономика мен сәуле шығару деңгейі бойынша бейне мониторлармен жабдықталуы қажет. Олардың құрамын, ережесін  және сапасын сипаттауға талаптар қойылады.

 

 

 

 

 

1-Әңгіме

Уақыты

10мин

Зеріттеу әдісі

Әңгіме

Әңгімелесудің аудио нұсқасы

1-https://cloud.mail.ru/public/3EwF/2QYUMFPRY

2-https://cloud.mail.ru/public/4Fzn/ahbBVX4nF

 Сұрақтар

        

1-аты-жөніңіз

2-жұмыс/оқу орныңыз

3-сабақ беретін пәніңіз/білім алатын мамандығыңыз

4-сабаққа қандай платформаларды немесе қосымшаларды пайдаланасыз?

5-Оқушылармен/ұстаздармен өткізген кері байланысты қалай бағалайсыз?

6-Дәстүрлі білім беру мен қашықтықтағы білім алушының белсенділігін қалай бағалайсыз?

7- білім алушыны/ мұғалімнің сіздің біліміңізді бағалауда айырмашылықтар барма?/қандай?

8-Қашықтықтан оқуда кездескен ең басты қиыншылықтарыңыз

9-Қашықтықтан оқудың дәстүрлімен салыстырғанда өзіңіз кездестірген қандай артықшылықтарын айта алсасыз?

10- Сабаққа дайындық пен сабақ беру/ тапсырма орындауға жұмсалатын уақытыңыздың дәстүрліден айырмашылығы барма? Қаншалықты

Зеріттелуші

Жауаптары

1-білім беруші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Қадылбекқызы Нұржан

2-«Маяковский атындағы орта мектеп»КММ,

3- физика

4-қазіргі кезде сабқты онлайн мектеп платформасында өткіземін. Онда мен жаңа тақырыпты түсіндіру барысында «power point» слайтты және видео сабақтарды, ал есептерді түсіндіруде «paint» бағдарламасын пайдаланамын.

5-Орташа негізі...(Неліктен?)Себебі,Қазіргі кездегі инернет жылдамдығының төмендігінен кейбір оқушыларда жауап беру барысында дауыстың дұрыс естілмей қалуы сынды қиындықтар болып жатады.

6- Ммм...Бәрібірде дәстүрлі білім беруге жетпейді.Себебі,қашықтықтан білім алушыдағы интернент желісіне кей кездері қол жеткізе алмауы. Ал екінші жағдай, мұғалімнің бетпе-бет қадағалауы болмағандықтан оқушылардың сабаққа баса назар аудырмауы әсер етеді

7-Айырмашылықтары өте көп. Кей кездері , мұғалімнің бетпе-бет қадағалауы болмағандықтан  әртүрлі сылтаудар айтады, микрафон істемей қалды, камера ісемей қалды, тапсырмаларды жіберіп едім сақталмай қалыпты сынды. Мысал үшін бізде білім лэнд платформасында тапсырма орындау деңгейі проценттік  жүйемен көрсетіледі, ол арқылы біз формативті  бағалау қоямыз ,сол кезде төмен бал алып қалса кей балалар өтіріктен менде афтоматты түрде қойылып кетті  қайтадан істей алмай отырмын деген тәрізді сылтауларын алға тартады

8-  Ең басты қиыншылық...Балалар үшін негізінен смартфон, ноутбук пен компьютердің алдында ұзақ уақыт өткізуі олардың көздері мен денсаулықтарына зиянды толқындарды солардан қабылдауы және оқушылардың  мүлдем кітаппен жұмыс жасамауы

9-Мм. Артықшылқтары кей жағдайларды бағаларды тексеріп барып қойып жатамыз, мысалы, бір бала тақтады тапсырма орындап жатса қалған балалардың барлығын 40 минһутта бірден бағалап үлгермейміз,ал қашықтықта оқытудың бірден бір артықшылығы  барлық оқушыларды сабақ барысында білімін проценттік дәрежеде тексеріп бағалай аламыз

10-Дайындық уақыты екеуінеде бірдей уақыт алады. Бірақ сабақтың өту барысы екеуінде екі түрлі. Дәстүрліде біз 40минуттың 20 немесе 10 минутын сабақты түсіндіріп ары қарай балалармен практикалық тапсырмалар орындасақ, ал қашықтықта 40минуттың 30минуты толықтай тек тақырыпты түсіндіруге жұмсалады , сонымен қоса,балаларды түгендеуде  біршама уақытты алады

2-білім алушы

1-Нүкешова Ақбота

2-М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

3-Шет тілі пәні мұғалімі

4- Қазіргі таңда сабақтар қашықтыұтан өтіп жатқандықтан мен канвас бағдарламасын қолданамын және сол арқылы тапсырмаларды орындап мұғалімдерге кері байланысқа шығып отырамын

5-Ммм.. Ұстаздардың өткізген кері байланысын жақсы деп бағалаймын. Кейде интернет желілерінің дұрыс істемеуіне байланысты бірқатар қиыншылқтарда кезігіп тұрады

6- Дәстүрлі білім беруді қашықтықтан білім беруге қарағанда әлдеқайда тиімді деп айта алар едім. Себебі,дәстүрлі білім беру кезінде біз мұғаліммен тығыз қатынаста және берпе-бет қарым-қатынас орнатамыз, ал қашықтықтан білім беру кезінде интернет желісінің жетіспеушілігі,әртүрлі техникалық құралдармен толық қамтылмауына байланысты әртүрлі отбасыларының жағдайына қарай біраз қиыншылықтарға алып келетін жағдайлары болады

7- мұғалімнің менің білімімді бағалауында бірқатар айырмашылықтар бар,бірақ айтарлықтай емес. Себебі,дәстүрлі оқу кезінде бізге көбінесе басқа оқытушылар берді жәнеде ол кісілер кімнің қандай деңгейде орындай алатынын білетін еді. Ал қазіргі кезде қашықтықтан оқып жатқандықтан бізде көптеген жаңа мұғалімдер келген,ауысқан ..ааа.. сол мұғалімдермен жұмыс жасау барысында бізде қаншалықты деңгеде білетінімізді толық үйренісіп кете алмай жатырмыз, бірақ, біртіндеп үйрену үстіндеміз

8- Қашықтықтан оқуда кездескен мендегі ең басты қиыншылық бұл- техникалық құралдарымның толық жетіспеушілігі,яғни менде бастапқы кезінде интернет желім дұрыс істемеуі сияқты бірқатар қиыншылықтар орын алды. Қазіргі кезде ноутбук,компьютерімнің жоқтығы болмаса басқа бірқатар қиыншылықтарымды шештім

9-МММ.... Дәстүрлі оқу кезіне қарағанда бізде қашықтықтан оқу кезінде көбінесе үйде отырғандықтан  заттарды, біраз мәліметтерді артығымен өзіміз іздену арқылы көп ізденіс жүргізе алатын жағдайға жеттік деп айта аламын

10-ммм...  Қазіргі кезде оқуға жұмасалатын сақытым дәстүрліге қарағанда әлде қайда,2есе көбейіп кетті деп айталамын. Себебі, дәстүрлі оқу кезңінде сабаққа барып-келгенде сабақта оқығанда кемінде үйге келіп,үй тапсырмасын орындауға 3-4 сағатым кететін.  Ал қазіргі кезде мен телефонда  8-9 ,тіпті оданда көп  сағат отырамын яғни уақытымды көп алады  және денсаулығымада біржағынан зиян деп ойлаймын

Анализ

Білім алушы мен білім берушідегі  ұқсас қиыншылықтыр

             Кесте 1      

Кесте2                       

 

Сонымен қоса, Мектепте оқушылардың кей кездерде төмен баға алмау үшін жалған сылтаудар айтуы мен ал колледждегі студентке жаңа оқытушылармен жұмыс барысы аздап қиындықтар тудырады екен

Қорытынды

  Зеріттеу негізінде 2 білім беру ұйымындағы біліім беруші мен білім алушыдан әңгіме алынып, негізгі проблематикалар анықталды. 2 зеріттелушіде өз кезегінде дәстүрлі білім берудің анағұрлым артық екенін тілге тиек етті.Қазіргі қашықтықтан оқыту барша білім беру ұйымдарына бірдей де , әр түрлі де қиыншылықтар тудыруда

2-Сауалнама

Зеріттеу әдісі

Сауалнама

Сауалнама жүргізуші

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 302-топ студенті Алибек Гүлзира

Қатысушы тұлғалар:

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»ҚМҚК-нің 1-4 курс студенттері

Қатысушылар саны

13

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі әлемдегі және еліміздегі пандемияға сәйкес аз уақытта қашықтықтан білім алуға өту білім беру саласына көптеген қиындықтар мен өзгерістер алып келді.Осы орайда білім сапасын төмендетпеу өзекті мәселе.Ал ол үшін нақты қандай артықшылқтар мен кемшіліктер бар екенін анықап алу керек

Уақыты

3-мин

Түрі

Жартылай ашық сұрақтар

Сауалнамалардың жиынтығы

https://cloud.mail.ru/public/4MpW/VBoX92jds

Сауалнама

        

1-Аты-жөніңіз_________________________

2-Оқу орныңыз___________________________

3-Нешінші курста оқисыз_______________

4-Қашықтықтан білім алуда қандай платформалар немес бағдарламаларды пайдаланасыз?

 

5-Қолданып жатқан программа немес платформа көңіліңізден шығады ма?

A.   Иә

B.    Жоқ

6- Күніне сабаққа қанша уақыт жұмсайсыз? 

A.   1-2 сағат

B.    3-4сағат

C.    4 сағат және оданда көп

7-Берілген үй тапсырмасын қалай орындайсыз?

A.   Оқытушы жіберген материялды қолданамын

B.    Ғаламтор арқылы

C.    Екеуінде пайдаланамын, оқытушының берген материялы тапсырманы  толық орындауға жеткіліксіз

8- Қашықтықтан оқыту студенттердің білім сапасына ықпал етті деп ойлайсыз ба?

A.   Білім сапасы артты

B.    Білім сапасы төмендеді

C.    Өзгерген  жоқ

D.   Әркімге ір түрлі

9-Қазіргі қоғамдағы төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқытуда студент үшін ең күрделі мәселе не деп ойлайсыз?

_________________________________________________

10- Қашықтан оқытуда студенттерге белгілі бір жеңілдіктер жасалуы керек деп ойлайсыз ба?

A.   Иә

B.    Жоқ

C.    Білмеймін

11-Қашықтан оқыту студенттердің өз бетімен білім алуға деген қызығушылығын арттырады деп ойлайсыз ба?

A.   Иә,келімсемін

B.    Жоқ,мүмкіндік аз

C.    Білмеймін

12-Егер болашақта білім алуды ары қарай қашықтан оқумен жалғастыру мүмкіндігі болса қайсысын таңдар едіңіз?

A.   Мен келісемін

B.    Жоқ,оқытушымен бетпе-бет байланысқа не жетсін

C.    Мен мүмкіндігіне қарай екі жолында пайдалану дырыс деп есептеймін

13-Қашықтан оқыту барысында оқытушылардың оқу әдістемелері, білім беру сапасы көңіліңнен шығады ма?

A.   Иә

B.    Жоқ

C.    Білмеймін

Қатысушылардың жауаптары мен анализ

Кесте А1.

Кесте А2.

Кесте А3.

 

 

Кесте А4.

Кесте А5.

Кесте А6.

Кесте А7.

Кесте А8.

Кесте А9.

Қорытынды

  Сауалнама негізінде 13 студенттен ақпарат алынып, негізгі проблематикалар анықталды

Қосымша

Зеріттеу әдістерінің маңыздылығы

Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау  әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі. Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді.

Әңгіме әдісі. Бұл əдiс те ғалым-тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң екеуiнiң де бiрдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жəрдемiн тигiзедi. Соның арқасында ол көрiнiс берген құбылыстардың мəнi мен септерi жөнiнде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады.

Алынған нәтижелер

1-Әңгіме әдісі.

Зеріттеу негізінде 2 білім беру ұйымындағы білім беруші мен білім алушыдан әңгіме алынып, негізгі проблематикалар анықталды. 2 зеріттелушіде өз кезегінде дәстүрлі білім берудің анағұрлым артық екенін тілге тиек етті.Қазіргі қашықтықтан оқыту барша білім беру ұйымдарына бірдей де , әр түрлі де қиыншылықтар тудыруда.

Білім алушы мен білім берушідегі  ұқсас қиыншылықтыр:

1-    Кей кездердегі интернет желісінің қолжетімсіздігі

2-    Мұғалім мен оқушының бір –бірімен тығыз байланысының төмендігі

3-    Тезникалық құралдарды ұзақ пайдаланудың денсаулыққа зияндылығы

4-    Сабаққа жұмсалатын уақыттың әлдеқайда ұзақ болуы

Екі ұйымдағы қашықтықтан білім берудегі негізі айырмашылықтар

1-    Кей оқытушылардың тақырыпты түсіндірмеуі немесе толыққанды ақпаратты оқытушыдан ала алмау

2-    Мектеп оқушыларының жеке ізденісінің болмауы

3-     Сонымен қоса, Мектепте оқушылардың кей кездерде төмен баға алмау үшін жалған сылтаудар айтуы мен ал колледждегі студентке жаңа оқытушылармен жұмыс барысы аздап қиындықтар тудырады екен

2-Сауалнама негізінде 13 студенттен ақпарат алынып, негізгі проблематикалар анықталды:

1-    Сабаққа жұмсалатын уақыттың әлдеқайда ұзақ болуы

2-    Мұғалім берген материялдардың тапсырма орындауға жеткіліксіздігі

3-    Кей кездердегі интернет желісінің қолжетімсіздігі

4-    Мұғалім мен оқушының бір –бірімен тығыз байланысының төмендігі

5-    Тезхникалық құралдарды ұзақ пайдаланудың денсаулыққа зияндылығы

Алынған нәтижені өңдеу тәсілі

Математикалық  жүйе  арқылы сандық бейнелі-бағалау шкаласы қолданылдым,яғни алынған ақпараттар негізінде диаграммалар құрдым

Қорытынды

Зеріттеу мақсатына жетіп білім беруші мен білім алушының қазіргі қашықтықтан оқытудың жай-жапсары туралы ойларын  білдім;негізгі қиыншылықтары мен артықшылықтарын анықтадым;білім сапасының өзгерсі жайында сұрақтарға жауап алдым

Қашықтықтан оқытудың білім беру процесінің алгоритмі білім беру порталына оқу материалдарын орналастыруды, онлайн режимінде сабақтар өткізуді, студенттердің жеке жұмысын дербес жүргізуді, сөйлесу бойынша кеңестерді, тестілеу түріндегі аралық және қорытынды бақылауды қамтиды. Артықшылықтары туралы айтатын болсақ, біріншіден, қашықтықтан оқыту кез-келген уақытта және компьютер мен интернет бар кез-келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Оқу жоспарына сәйкес материал оңай құрастырылады. Мұғалім мен студенттер арасындағы диалог бейнеконференция, топтық чаттар, презентациялар, тесттер, бейнероликтер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сабақты қайта-қайта қарау мүмкіндігі арқасында жоғары тиімділікке қол жеткізіледі. Бұл екінші. Үшіншіден, қашықтықтан оқыту ғылыми кітапханалардың электрондық ресурстарына кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқыту мен нақты білімнің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтатын болсақ, оффлайн режимде студенттер топтарда, дәрістер мен семинарлар түрінде өтеді, студенттер оқытушымен тікелей «оқу - біріктіру - бақылау - нәтиже» сызбасы бойынша байланыс жасайды. Ал қашықтықтан оқыту білім берудің баламалы процесі бола отырып, өздігінен оқуға бейім болады.

Қашықтықтан оқытудың басты проблемасы - шалғай ауылдардағы студенттердің Интернетке қол жетімсіздігі, ал кейбіреулерінде мүлдем компьютер жоқ.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     https://www.tarbie.kz/11207  ;

2.     https://bilimainasy.kz/24-04-08/  ;

3.     http://178.alschool.kz/main/905-ashytytan-oytudy-zhzege-asyrua-arnalan-saualnama-malmder-shn.html ;

4.      http://orleu-uko.kz/?p=13464  ;

5.     https://stud.kz/referat/show/77310  ;

6.     https://bilimdinews.kz/?p=9867  ;

7.     https://cpm.kz/ru/portal/blogs/blog/?page=post&blog=Alimov_Ashat&post_id=ashytan-oytu-turaly-saualnama-orytyndysy ;

8.     https://goo.kz/content/view/22/14463  

9.     Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

10.  Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).

11.  Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)

12.  Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010 ж (11-14

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зерттеу жұмысы-Қашықтықтан оқытудың проблемалары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 143 материала в базе

Материал подходит для УМК

  • «Английский язык. Учебное пособие для общеобразовательных организаций», Кузовлев В.П., Лапа Н.М., Перегудова Э.Ш.

    «Английский язык. Учебное пособие для общеобразовательных организаций», Кузовлев В.П., Лапа Н.М., Перегудова Э.Ш.

    Тема

    Unit 7. Are we overdependent on technology?

    Больше материалов по этой теме
Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.10.2022 921
    • DOCX 197.4 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алибек Гулзира . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алибек Гулзира
    Алибек Гулзира
    • На сайте: 3 года и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3654
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 832 человека

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 233 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе