Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖаңа формат мұғалімі. Баяндама

Жаңа формат мұғалімі. Баяндама

Скачать материал

Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

 

Жаңа формат мұғалімі

 

 

 

 

 

 

                                     Баяндамашы:                          

Химия, биология пәні мұғалімі Атабаев Т.М.

 

 

2012-2013 оқу жылы

Жаңа формат мұғалімі

      Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуге тиісті.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткендей тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.

       Тәуелсіздік  алағалы еліміздің білім жүйесінде көптеген жаңалықтар енгізіліп, көп жобалар алдағы уақыттың жоспарына енгізіліп қойылған болатын. Соның қатарында әлемнің озық үлгілі білім жүйелерінің бірі - 12 жылдық білім жүйесіне көшу жобасын да айтуымызға болады. Осы жоба аясында көптеген қосалқы жаңалықтар да білім жүйесінің бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жолына оң өзгерістер енгізген болатын. Бұл дегеніміз жаһандық сипатта басты рөлге ие болған ақпарат кеңістігінің талаптарының да білім жүйесіне кеңдей енуі. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология ғасырында әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық тіресе алатын, бәсекеге қабілетті мемлекет тұлғаларын дайындау, оларды заманауи өмір талабына икемді етіп тәрбиелеу – қазіргі ұстаз келбетіне біршама өзгерістер енгізді. Жалпы, жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуал­дық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға екендігі барлығыңызға белгілі. Қазіргі уақытта осы талаптарға сай білімді ұрпақ қалыптастыру жолында мектептеріміздің ұстаздар қауымы жаңа оқыту технологияларын меңгеріп, ақпараттық-коммунникативтік технологияларды жете меңгеру мақсатындағы жұмыстарын кеңінен жүргізуде.Оған айғақ ретінде соңғы жылдары өткізіліп жүрген АКТ қолданылған сабақтар, авторлық жобалар сайыстары мен оқушылардың сайыстарын өткізу кезінде олардың шығармашылық жұмыстарына жаңа талаптардың қосылуын көруімізге болады. Бірақ осы жұмыстарды жүргізу үшін көп оқып, көп ізденуге тура келеді. Бір нәрсені оқушыларға үйрету үшін сол нәрсені өзің толық меңгеруің қажет деп ойлаймын. Қытай  философының  «Маған  жәй  айтсаң  –  ұмытамын,  көрсет­сең - есімде  сақтаймын,  ал  өзімді  іс – әрекетке  қатыстырсаң -  үйрене­мін» деген  даналығы  білім   алу­шының білімге  ықыласын  артты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік  технологияларды  пайдалана  отырып, өзіндік  ізденіс  жүргізуді  практикада  жүзеге  асырудың  маңызды  екендігін  көрсетеді. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушыларды оқулық арқылы немесе басқа да мәлімет көздері арқылы жетелеп отыруға тиіс емес. Оқушылардың өз бетінше ізденуіне, жаңа техникалық құралдарды пайдалануда жетік дағдыларды өз бойларында қалыптастыруларына дұрыс бағыт беріп отыруы қажет. Сапалы  білім  негізі – жан – жақты  ақпараттық  материал­дар­ды, көрнекі  құралдар  мен  ұтым­ды  технологияларды,  тиімді  әдіс – тәсілдерді пайдалана  отырып,  білім  алушыға  ешбір  кітаптан  таба  ал­майтын  білім  беру.  Өйткені,  тек  оқулықтағы   білімді  жеткізуші  мұ­ғалімнің  құны  жоқ  деп  ой­лай­мын.  Оқулықтағыны  оқушы  өзі  де  оқып ала алады. Сондықтан  бүгін  білім  бе­ру­дің  сапалы  болуы  үшін:  біріншіден,  ұстаздың  жан – жақты  ака­демиялық  білімінің  бо­луы,  екіншіден,  мұғалімнің  өз  ма­ман­ды­ғы­на  деген  шынайы  сүй­іс­пенші­лігінің  және  ешқан­дай  дипломмен  бірге  берілмейтін  шығар­машылық  қабілеті,  балаға  деген  кіршіксіз  адамгершілік  қа­сиет­тері  болуы  шарт.

    Жалпы жаңа форматтағы ұстаздың жеке бас қасиеттері мен кәсіби шеберлігін біртұтас, тығыз байланысты ұғым ретінде қарастыруымыз қажет. Мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тән мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет:
   сабақ барысында қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі;
   әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі;
   оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жетілдіру іскерлігі;
   жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсаткерлікпен пайдалана білу іскерлігі. Осындай іскерлік дағдылары қалыптасқан жеке бас қасиеттеріне ие болған ұстаз ғана жаңа оқыту технологияларын оқушыларды жаңа білім талаптарына сай оқытуда жетістіктерге қол жеткізеді. Жеке бас қасиеттерімен қатар кәсіби шеберлікті жаңа заманауи деңгейде шыңдау да маңызды орын алады. Мұғалім қызметінде осындай білім іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жүйесін қолдану, оның кәсіби шеберлігін қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталып кеткен қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек. Демек мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. Кәсіби құзіреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі  мен қабілеттілігінің  біртұтастығы. Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық  қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік  дағдылары, өз мамандығына қатысты білім жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық  әдеп т.б жатқызамыз. Жаңаша форматтағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің құрамында келесі мұғалімге тән кәсіби, даралық  қасиеттер болуы керек:
-  іргелі және кіріктірілген білімнің жоғары деңгейінің болуы;
-  түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;
- кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы;
-   инновациялық технологияларды меңгеруі;
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;
- шығармашылық шеберлігі.

 Жаңа форматтағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін төмендегідей етіп ашып айтуға болады:
- іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы- яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, оқу бағдарламасына сәйкес пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;
-  түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі - дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет, ғылыми -зерттеу іс-әрекетімен айналысу;
-  кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы - бұрыннан қалыптасқан "мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс" деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының  басты көмекшісі болуы керек, оқушының  даму деңгейіне қарамастан  оның  жеке тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнына өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса жетістігіне қуана білушілік басты назарда болуы керек. Оқушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз мамандығын сүю;
-  инновациялық технологияларды меңгеруі -  мектеп мұғалімі өзінің шығармашылық іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруы үшін қазіргі таңдағы қолданыстағы  инновациялық технологияларды жете меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіс пен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;
-  педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі-педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім-білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға тиісті білім  жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалімнің жүргізетін диагностикалық іс-әрекеті;
- шығармашылық шеберлігі - мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, мектеп өмірінде небір қиын жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығармашылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тиіс. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып құрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата-аналар үшін, мұғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс-шара өткізе білуі шарт.

     Мектепте білім алу–бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады
     Жаңа форматтағы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзгерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде,оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі - оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы ұстаздардың педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарылатуды талап етуде. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын ұстаздардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады. Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы – оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі ұстаздардың  кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды.

     Жаңа форматты мұғалім - өз ісінің шебері болуы тиіс. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін , ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу мен жаңаша білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Тек осындай қасиеттерге ие болған ұстаз ғана еліміздің жарқын болашағы болып табылатын білімді де тәрбиелі, жаңашыл ұрпақты тәрбиелей алады деп ойлаймын.



 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа формат мұғалімі. Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

      Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуге тиісті.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткендей тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.Тәуелсіздік  алағалы еліміздің білім жүйесінде көптеген жаңалықтар енгізіліп, көп жобалар алдағы уақыттың жоспарына енгізіліп қойылған болатын. Соның қатарында әлемнің озық үлгілі білім жүйелерінің бірі - 12 жылдық білім жүйесіне көшу жобасын да айтуымызға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2015 4099
    • DOCX 20.1 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атабаев Тлеккабыл Максимович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атабаев Тлеккабыл Максимович
    Атабаев Тлеккабыл Максимович
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72426
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 353 человека

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 952 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 702 человека

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе