Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Жаңалық жаршысы» кәсіби қоғамдастығының ЕСЕБІ

«Жаңалық жаршысы» кәсіби қоғамдастығының ЕСЕБІ

Скачать материал

«Жаңалық жаршысы» кәсіби қоғамдастығының

ЕСЕБІ

 

Сядыбекова Райхан Қонысбайқызы

химия және биология пәндері мұғалімі,

педагогикалық қоғамдастықта көшбасшы мұғалім

№56 мектеп-лицей

 

Мектептің  жаңашылдық бағытта  дамуына және  оқыту мен  оқуды жақсартудағы мектеп    мұғалімдерінің  үздіксіз білімін жетілдіруге инновациялық заманауи әдістерді  тәжірибеге енгізу және  мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында Деңгейлік курс бағдарламасын мектепке енгізудегі  бастама ретінде «Жаңалық жаршысы» кәсіби қоғамдастығы жұмыс істеуде.

Бүгінгі педагогикада «сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрету қажет» деген ұстаным басым. Қазіргі ұстаз еңбегінің маңызы неде? Бұл жұмыстың қиындығы қандай? Осы сұрақтардың жауабы: әр балаға жол тауып, жеке оқу қабілеттерін құрастыруға жағдай жасау.

Сондықтан казіргі заманда біз бұрыннан келе жатқан тұрақты   педагогикалық әдіс-тәсілде тұрмай, жаңа форматпен  жұмыс істеуіміз керек. Біздің қызметіміз – ол  шексіз кеңістіктегі қозғалмалы инновациялық әдістер.  Көпжылдық қалыптасқан педагогикалық тұрақтылықты өзгертуден қорықпаған жөн, мұғалім өзінің педагогикалық  практикасында алға басу үшін талаптанып, мүмкіндіктерін батыл ашуы қажет. 

 «Жаңалық жаршысы» қоғамдастығы

Мақсаты

Табыс критерийлері

Мұғалімдер бір-бірінің кәсіби дамуына ықпал етеді.

Мұғалімдер қоғамдастықта ынтымақтаса жұмыс істейді.

оқыту мен оқудағы қолданылатын әдіс-тәсілдерді айқындайды.

Оқыту мен оқудағы пәрменді әдіс-тәсілдерді зерттейді, қолданады.

Сабақтты зерттеуді тәжірибеге кеңінен енгізеді.

Сабақты зерттеу арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді

 

Жоспарымызға өзгерту енгізу үшін бір жылға жоспар құрып, сол бойынша жұмыстар ұйымдастырдық.

2015 оқу жылының басында мектеп ұжымын зерттеуден бастадық.

Мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, жас жеткіншектерге ұстаз болып ұлағатын сіңіріп жүрген 104 мұғалім бар. Оның 46%- ы жоғары санатты болса, 22%- ы бірінші санатты, 20%-ы екінші санатты, 12% мұғалімнің санаты жоқ. Өйткені олардың жұмыс өтілі 3 жылдан кем, яғни ұстаздық тәжірибесі аз мұғалімдер болып табылады. Сонымен қатар  мұғалімдердің 97%- ы жоғары, 3%- ының орта арнаулы білімдері бар және 4,8%- ы магистрант. Өтілі тұрғысынан қарағанда, 46% мұғалім 20 жылдан артық еңбек етсе,  30% мұғалім 10 жылдан артық және 27 % мұғалімнің 10 жылдан төмен еңбек өтілімен ұстаздық етіп келеді. Биылғы оқу жылында 19 мұғалім, яғни 18,2% Кембридж бағдарламасы аясында меңгерген әдіс-тәсілдерді қолдануда. Оның ішінде 1,9% бірінші, 3,9% мұғалім екінші деңгей бағдарламасын меңгерген, ал 12,5% мұғалім үшінші деңгей бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүр.

Мектепке өзгеріс енгізу алдында мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың  пікірін білу құнды болып табылады.

Мектептегі жағдайды бағалау үшін мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға сауалнама жасап, ұсындым. Сауалнама алуға қатысатын адамдарды мектеп-психологымен келісе отырып таңдадық. Сауалнамаға барлық пән бірлестіктерінен 44 мұғалім бұл барлық мұғалімдердің 42%-ы, оқушылардан 5-9 сыныптар арасынан 220 оқушы бұл барлық оқушы санының 31%-ы , осы сыныптар арасындағы оқушылардың 105 ата-анасы қатысты, ол 20%.

Мұғалімдерге арналған сауалнама сұрақтары олардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігін шыңдау тетіктерін анықтау мақсатында құрылды. «Мектепте қалыптасқан оқу үдерісі сіздің жұмысқа деген ынтаңызды арттырады ма?» деген алғашқы сұрақтың талдауы төмендегідей көрсеткіш көрсетті:

Толығымен келісемін -82%

Келісемін -10%

Сирек-8%

Мүлдем келіспеймін -0

«Мектептегі «Жаңалық жаршысы» қоғамдастық топ жұмысымен және нәтижелерімен таныссыз ба?» деген сұраққа

Толығымен келісемін -40%

Келісемін -27%

Сирек-22%

Мүлдем келіспеймін -11%

«Өз тәжірибеңізден сабақ алу үшін өзіңізге кері байланыс жасайсыз ба?» деген сұрақ бойынша:

Толығымен келісемін -68%

Келісемін -12%

Сирек-15%

Мүлдем келіспеймін -9%

«Мектепте мұғалімдерге оқытудың мәнін, оны іске асыру жолдарын және қалыптастыратын дағдыларын сыни бағалауға мүмкіндік берілген бе?»

Толығымен келісемін -84%

Келісемін -20%

Сирек-11%

Мүлдем келіспеймін -22%

«Тәжірибе алмасу мақсатында әріптестеріңізбен тікелей қарым-қатынасқа түсесіз бе?» деген келесі сұраққа:

Толығымен келісемін -68%

Келісемін -18%

Сирек-2%

Мүлдем келіспеймін -12%

Сонымен  мұғалімдердің талдауы мынаны көрсетті.

Біздің мектептің күшті жақтары:

·      Пән мұғалімдердің жоғары білімді болуы,

·      Ұстаздар тәжірибесінің молдығы

·      Деңгейлі бағдарлама бойынша мұғалімдердің курстан өтіп келуі, жұмыстар атқаруы

·      Ұжымдағы сыйластық ахуалдың жоғары деңгейде болуы

Біздің мектептің әлсіз жақтары:

·      Өзара тәжірибе алмасуда мұғалімдердің белсенділігінің төмендігі.

 

Оқушылардың сауалнамасы бойынша анықталған мәселелер

·      Оқушылар пікірінің назарға алынбауы

·      Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың жеткіліксіздігі

Жоғарыда аталған мәселерді шешуге менің мектебімнің мүмкіндіктері:

·      Мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруда деңгейлі бағдарлама негізінде педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеру.

·      Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын жаңа деңгейге көтеру, сол арқылы мұғалімдердің белсенділігін арттыру

·      Мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфераны нығайтудың жаңа мүмкіндіктерінің молаюы

 «Жаңалық жаршысы» Өзгерісті енгізу мақсатында қоғамдастық жұмысы реттелінді.

Мeктeптeгi «Жаңалық жаршысы» қoғамдастығының мүшeлeрiмeн дөңгeлeк үстeл аясында  кәсiби қoғамдастықтың жұмыс eрeжeсi құрастырылды:

-         уақытты бағалау;

-         жiгeрлi әрi табанды жұмыс;

-         әрбiр пiкiр құнды;

-         әрiптeсiнiң oйына құрмeтпeн қарау;

-         бiрiн-бiрi бағалай бiлу.

Oсыдан сoң мүшeлeрмeн кeңeсe oтырып, қoғамдастықтың мақсат, мiндeттeрiн анықтап алдық:

·        Oқыту тәжiрибeсiмeн алмасу;

·        Мұғалiмдeрдiң кәсiби бiлiктiлiгiн жeтiлдiрe oтырып, oқыту жәнe oқу үдeрiсiнe ықпал eту;

·         Oқыту сапасының жoғарлауына қoл жeткiзу.

Оқу жылының басында тақырыптық әдістемелік отырыста, әріптестер өздерінің үйренген әдіс-тәсілдерін іс-жүзінде жүзеге асыру мақсатында,   қысқа және орта  мерзімді  жоспардың  жасалу  жолдары бойынша  талдау жасады. Орта және  қысқа мерзімді сабақ  жоспарлары әр ұстаздың  өз шеберлігіне қарай құрастыру туралы ұсыныс жасалды. Әр мұғалімге тәжірибе  алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысу жұмысы жүктелді

 2015-2016 оқу жылындағы «Жаңалық жаршысы» кәсіби қоғамдастығы  құрамы:

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

5 мұғалім

5 мұғалім

12 мұғалім

 

Бұл мектептегі ұжымның 23 пайызын құрады. Ұжымның қалған пайызы коучинг, тәлімгерлік арқылы өзгеріске тартылуда.

            Көріп отырғанымыздай, ұжымның 23 пайызы НЗМ мектептерінің тәжірибесін оқыту үдерісіне енгізуде. Әріптестерінің осы тәжірибені меңгеруіне ат салысуда.

             

Барлық мұғалімдер сабақтарын жаңа форматпен өткізуде.   Алдажарова Қ.А.,Какарманова Р.Ғ., Шалова А.Ө. өздерінің  сабақ барысында жеткен жетістіктері, кездескен қиындықтар және оны шешу жолдарына тоқталды. 

                  

         Описание: D:\Д-ға сақталатын папкалар\Фото цифровой жұмыс\IMG_1443.JPG                   Описание: D:\Д-ға сақталатын папкалар\Фото цифровой жұмыс\IMG_8199.JPG

 

 

Какарманова Р.Ғ.  «Дарынды және талантты  балаларды анықтау жолдары» тақырыпта коучинг-сессия  өткізді.  Дарынды және талантты балаларды анықтау - бұл қазіргі таңда мұғалім алдында тұрған ең бір көкейкесті мәселелердің бірі. Осындай балаларды сыныпта және сыныптан тыс оқытудың тиімді жолдары осы коучинг сабақ барысында ұсынылды.   Ең бастысы, мұғалімдер өздері «Дарынды және талантты  бала деген кім?» деген сұраққа жауап беруге тырысты.

 

 

Описание: D:\Д-ға сақталатын папкалар\Фото цифровой жұмыс\IMG_1710.JPG                          Описание: D:\Д-ға сақталатын папкалар\Фото цифровой жұмыс\2015-09-21\IMG_6985.JPG

 

«Дарынды және талантты  баланын айырмашылығы» презентациясы

 

        Бүгінде шәкірттерді іргелі білімге үйретпей, оны игеретін әдістемеге үйрету керек дегендей,    мектебімізде  мұғалімдерге арналған  «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты коучинг-сессиясын   Жүнісов Д. Қ. өткізді.  Коучингте ұстаздардың өздерінің сүйікті ұстаздарын еске алғыза отырып,  «Оқушылар үні» ұғымына тоқталды. Оқыту үдерісінде оқушылардың пікірін есепке ала отырып, жоспарлау табысты оқытуға әкелетіні түсіндірілді.

          Коучинг сабағын өткізген мұғалімдер проблемалық оқытудың ізденімпаздық, зерттеушілік әдістерін қолданды. Алға қойған мақсаттары дұрыс,  қорыту және тәрбиелеу тәсілдері тиімді, мазмұны мен мақсаттары мұғалімдер ерекшеліктеріне сай. Өмірмен байланысты, өйткені әрбір мұғалімнің бағалау жөнінде көзқарасы бар. Өткізген коучинг сабағының құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыты ұтымды қолданылды. Мұғалімдер әр түрлі білім көздерін  қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізді, мұғалімдердің ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйренуіне ерекше көңіл бөлді. Идеялық және оқытылатын тақырыптың заманға сай деңгейін ашып көрсетті, өмірмен байланысы қаралды.

Топпен жұмыс жасау арқылы ұжымды қалыптастыру, іскерлік қарым – қатынас, бірлік іс-әрекет жасау, әртүрлі  жағдаяттарды шешуге бір-біріне көмектесу  дағдылары қалыптасты.

Описание: D:\Д-ға сақталатын папкалар\Фото цифровой жұмыс\IMG_1719.JPGМұғалімдер орындайтын жаттығуларды           көп түрлі етіп құрастырған . Жаттығудың бірінде іскерлік ойын ойнаса, келесісінде берілген тапсырмаларды ауызша не жазбаша орындап, оның нәтижесін ортаға салып, әрбір қатысушының пікірін тыңдап, сол арқылы жетістіктері мен кемшіліктерін аша білді. Коучинг  сабақ барысында, берілген аз уақыт ішінде әрбір мұғалім ойын еркін айтты, іс-әрекет жүйесін таңдауға мүмкіндік алды. Одан басқа да «Тәлімгерлік үдерісін ұйымдастыру » - Үйсімбаева С.А., мен Сядыбекова Р.Қ., «Табыс критерийлері» - Д.Қ.Жүнісов пен Г.Т.Нуркина коучингтер өткізілді.

                                                                                Описание: D:\Д-ға сақталатын папкалар\Фото цифровой жұмыс\IMG_1721.JPG   Коучинг- сессия  қорытынды бөлімінде оның тиімді жақтарын, жеткен нәтижелерін анықтау мақсаты орындалды.

Мұндай отырыстар мұғалімдерге қазіргі таңда қол жеткізген жетістіктерін сараптауға мол мүмкіндік береді. Сабақ бастан аяқ мұғалімдердің қызу, қарқынды белсенділігімен, іс-әрекеттің  нәтижелілігімен, іскерлік қарым-қатыстың дұрыс құрылуымен ерекшеленді. Сонымен қатар қалалық семинар өткізілді.    

Мектептің басқа ұстаздарына да осы бағдарламамен   сабақ беруді үйретіп жатырмыз. Яғни, Ұстаз әрекеттері «шәкірттер үшін» ұстанымынан «шәкірттермен бірге» форматына ауыстырылуы қажет! Яғни, мұғалім - жаңа форматты, заман талабына сай болуы тиіс.

               

 

 

 

«Жаңалық жаршысы» кәсіби қоғамдастығы  жұмысының нәтижесі

Оқу  жылы

Коучинг-сессия 

Тәлімгерлік

Семинар

Ашық сабақтар (қалалық)

2014-2015

12

5

1

7

2015-2016

18

6

2

11

 

 

Деңгейлік курс өткен мұғалімдер әрқайсы өтпеген әріптестерін жетелеу керек сондықтан біздің қауымдастығымызда жеті модульді толық деп айта алмаймын, бірақ біраз мұғалімдер түсініп қолдануға бет бұрды.   

Жоспар бойынша қазан  айында Lesson Study жүргізілетін болғандықтан мектеп мұғалімдері толық түсінік алу үшін, мектеп ұжымын толығымен қамти отырып, «Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс- әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл» тақырыбында өткізілді.

Описание: G:\LS\лс 5б мат\SAM_0009.JPG       

 

Сұрақтар

 

Саған сабақта бәрінен де не ұнады?

 

Сен нені үйрендің?

 

Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың?

 

 

Нені жақсы істей аласың?

 

Қаншалықты жақсы?

 

Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?

 

 

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің?

 

 

 

Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?

 

 

 

 

    Описание: D:\Д-ға сақталатын папкалар\Фото цифровой\IMG_8218.JPG

 

 

Кері байланыс осы зерттелген оқушылардың ойлары:

 

А

В

С

Өз деңгейімдегі оқушыммен жұмыс істеу маған қызықты болды

Топта менің айтылған ойым құнды болды

Топтың көмегімен сыныпта берілген барлық тапсырманы орындауға қол жеткіздім

5-сыныпта өткен Lesson studу-ден соң мұғалімдермен жүргізілген әңгімеде  таңдалған әдістің оқушыларымызға қаншалықты деңгейде әсер ететінін бақыладым, бұрын сабақ барысында мұғалімнің іс-әрекеті арқылы бағаланып келсе, енді оқушылардың әрекеті негізінде әдіс-тәсілдің тиімділігін анықтады. Бұл мұғалімнің сыналудан қорқуын болдырмай, басқалармен тең серіктестер ретінде жұмыс істеуін ынталандырады» деп өз ойын қорытып өтті. Lesson studу-дің тиімділігін сабақ соңынан оқушылардан алынған сауалнамадан да байқадық. Және келесі Lesson studу сабағына барғанда бақылауға алынған оқушыларға алдына ала табыс өлшемдерін құрып алу нәтижені анықтауға көмек болды. Егер осылай істесек, мұғалімдерде бағалауы бағдарлары болады және сабақ талдауда да қателікке ұрынбайды деп ойлаймыз.

Lesson studyдi өткізу арқылы бiздiң мeктeптe eнгiзудiң бiрнeшe ұтымды жақтары бар екенін қоытындылауға болады:

1.      Мұғалiмдeрдiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруда мeктeптiң iшкi әлeуeтi жұмыс iстeйдi, бiр-бiрiн, өзiн жeтiлдiрeдi.

2.      Мұғалiмдeрдiң тәжiрибe алмасу мақсатындағы қарым-қатынас oрнығады.

3.      Ұжымда бiр-бiрiнe игi ықпал eту нәтижeсiндe ынтымақтастық атмoсфeра қалыптасады.

4.      Ұстаздар eндi тeк сабаққа қатыспайды, сабақты зeрттeйдi.

5.      Oқушылардың iс-әрeкeтiн зeрттeйдi.

6.      Ұстаздар өз iс-әрeкeтiнe, сабаққа рeфлeксия жасайды.

7.      Oсы арқылы мұғалiмдeрдiң кәсiби дeңгeйi жoғарылап, oқыту мeн oқу үдeрiсi жақсарады, бiлiм сапасы артады.    

Біздің әлсіз тұсымыз қандай?

- Жартыжылдық соңында еркін ээсе тәсілімен оқушылардан алынған сауалнама негізінде қалыптастырушы бағалаудың әлсіз тұсымыз екенін байқадық. Оқушылардың жазғанына назар аударсақ «Мұғалімдер ұстаздардың жетістіктерін бағалай білу керек», «Егер оқушы белгілі бір тапсырманы орындаса мақталу керек» деп жазған.

- Бағалау бойынша ұстаздарымыздырда табыс критерийлері бойынша түсінбеушіліктер бар. (Ұстаздармен сұхбаттасу барысында және сабаққа қатыса отырып түйінделген)

Іс-әрекетті зерттеу бойынша жұмыстар тоқырап қалуы.

Біздің даму аймағымыз «мектепті дамыту бойынша ұсыныс»:

- Ұстаздар арасында қалыптастырушы бағалау, оның тиімділігі және оқушыны жетістікке жетелеу құралы бағытында жұмыстар атқару.

- Табыс критерийлері бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

- және Lesson study арқылы сабақты зерттеу жүргізуді жалғастыру.

Оқу жылының соңында ұстаздар арасында  SWOT анализ жүргізілді. Сонымен, анализ талдамасы қандай?

 

Мықты жағы

Мектеп мұғалімдерінің 23% денгейлік курстан өтті. Тәлімгерлік, мұғалімдерді коучинг арқылы үйрету жақсы ұйымдастырылған.

Ортақ ұстанымдар қалыптасқан.

     Әлсіз жағы

Оқушылардың білімі жүйелі құрылған критерийлер арқылы бағаланбауы;

Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасудың жеткіліксіздігі;

Сабақты зерттеу әдісінің тәжірбиеге толық енбеуі

Жою жағы

Оқушылардың білімін  бағалауда, бағалау критерийлерін дұрыс қолдануды ендіру.

Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу бағытында жиі шебер-сыныптар ұйымдастыру. Жас мамандарға әдістемелік көмек беру.

   Күтілетін нәтиже

Мектеп  оқушыларының білім сапасы артады.

Мектеп мұғалімдері жоғарғы  нәтижеге қол жеткізеді.

Тәжірибелерін жетілдіреді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жаңалық жаршысы» кәсіби қоғамдастығының ЕСЕБІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 3417
    • DOCX 686 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сядыбекова Райхан Конусбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сядыбекова Райхан Конусбаевна
    Сядыбекова Райхан Конусбаевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18692
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе