Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖаратылыстану мен қазақ әдебиеті пәндерін кіріктіре оқытудың педагогикалық маңызы

Жаратылыстану мен қазақ әдебиеті пәндерін кіріктіре оқытудың педагогикалық маңызы

Скачать материал

 

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Садуакасова Назигуль Мухамедсагиевна

 

Қазақ әдебиеті мен жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқытудың педагогикалық маңызы

 

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болуы керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; төртінші ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек» 

  Абай.

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:  Қазақстан Республикасының 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының  басты мақсатының бірінде «Жаңа технология құзірет» өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді –деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогі қажет. Бұл-уақыттың талабы. Білім берудің ескі мазмұның орнына жаңасы келуде. Қазіргі қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті, шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушы өзін құндылық ретінде қабылдауға негіз болатындай қатынас қалыптастыру керек. 12 жылдық білімге көшуде сабақ үрдісіндегі жаңашыл әдістемелердің бірі – пәндерді кіріктіре оқыту. Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.

Р. Декарттың «Барлық  ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай»деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білім берудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді.

 Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Осы талапты орындауға шындап кірістік. Ең маңыздысы оқушылар мамандықты игеру барысында ынтасы жоғары болуы керек. Тек арнаулы пәндерді ғана емес басқа да пәндерді меңгеру қажеттілігін  оқушыға жеткізу, түсіндіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Оқу пәндерін кіріктіру төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі:

- неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;

- кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

- оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

- сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;

- оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

- оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Сонымен, кіріктіру сабақты тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Осы артықшылықтар зерттеу жұмысында басты назарға алынды .

 Зерттеу объектісі:

  Оқу тәрбие үрдісіндегі жаратылыстану бағытындағы пәндер мен қазақ әдебиеті. Кіріктіре оқыту мәселесі. Кіріктіре оқыту әдістемесі.

Зерттеу тақырыбының мақсаты:

  Жаратылыстану мен қазақ әдебиеті пәндерін кіріктіре оқытудың педагогикалық маңызын іс тәжірибеге енгізу арқылы құндылығын көрсету.

 Зерттеу  міндеттері:

- озық педагогикалық технологияларды  таңдау және іс-тәжірибеде қолдану.

- жаратылыстану мен әдебиет сабақтары арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселесін қарау;

- экологиялық тәрбиені жүзеге асыру;

- сабақ процесінде өзіндік іздену, шығармашылықпен еңбек етуді ұйымдастырудың  жолдарын көрсету. 

Күтілетін нәтижелер:            

1.     Кіріктіру сабақтары оқушының ой өрісін, дүниетанымын, қоршаған ортаға деген көз-қарасын кеңейтеді, дамытады.

2.     Оқушылардың  өзіндік іздену, рефлексиялық, болжамдық, ұйымдастырушылық белсенділіктерін арттырды.

3.     Оқушылардың өзіндік білім алу деңгейі артады және вербальды логикалық ойлау жүйесі дамиды.

4.     Ғылыми – танымдылық деңгейі қалыптасады.

5.     Мұғалімдер жұмысының сапасы артады, шығармашылық жұмыстарға қатысу деңгейі жоғарылайды.

 

Болжам:

  Кіріктіре оқыту  әдістемесі сабақ процесінде кіріктіріле оқытылған пәндер арқылы оқушының дүниетанымын кеңейтеді, ғылыми түсініктерін арттырады.  Жаратылыстану бағытындағы  пәндері мен қазақ әдебиеті пәнін кіріктіре оқыту  қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелейді.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1.1  Пәнаралық байланыс-кіріктірілген білім берудің моделі.

Бүгінгі жапппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.

Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы-ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Саналы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасына елеулі әсер етпейтіні даусыз.

   Қазіргі  сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технолгияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер жәнет.б. беріледі. Ал кіріктірлген инновациялық технолгияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығын жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды. Оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

  Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі:

-неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;

-кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық  жағдайлар  үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның  зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға.  Білім берушілік, дамытушылық және танымды қүш бірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:

-         зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;

-         кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;

-         кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Осы арқылы бір дидактикалық мақсатқа негізделген оқу бағдарламаларын жасауға болады. Пәнаралық байланыс құрамдық функционалдық талдау әдісіне сүйенеді, ол әдіс белгілі бір құбылысты тұтастай құрылымдық-бөлшектеу арқылы зерттейді, осы арқылы әрбір элементтің функционалды арнаулы қызметі қарастырылады және кіріктіріліп отырған екі (одан көп) пәннің құрылымдық элементтері анықталады (мөлшері, тақырыбы, бөлімі, дәйегі, ұғымы, заңы, теориясы) т.б. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы қүрылады.

 Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. Өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді. Жүргізілген сараптамалар нәтижесі гимназиялардың оқу жоспарының 48 пайызы танымдық – ақпараттық құзырлылықты қалыптастыратынын көрсеткен.

    Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.

  Яғни оқушы ақыл (таным) арқылы ғылымды игереді. Ғылымды игеру үшін ол тек қабылдаушы ғана емес, өзінің танымдық қызметін ретке келтіруші, танымдық үрдістің өн бойында және оның нәтижесінде рефлексия жасаушы дәрежесіне көтеріледі.

  Артықшылықтар:

-         ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);

-         оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;

-         басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;

-         сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ – Ы, т.б)

   Кемшіліктер:

-         сабақты тек белгілі бір шектеумен түсіндіруге мәжбүрсің;

-         әр мұғалім өзінің сөзін айтады, бірақ байланыстың жоқтығынан оқушылар тек белгілі байланыстармен шектеліп қояды;

-         нәтиже күтпейміз. Сабақ сол сыныпта ғана өткізіледі.

   Қандай  жұмыстар атқарылуы тиіс:

-         кері байланысты орнату, үнемі байланыста болу;

-         кластер түзу, орнату;

-         мамандық пәндеріне күнтізбелік жоспарларын жасау, пән мұғалімдерімен бірге жұмыстар атқару. Өзімізге қажетті тақырыптарға кең көлемде тоқталу;

-         нәтижелерді өңдеу, түзету, дамыту.

Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт – бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

 

 

1.2. Қазақ әдебиеті пәнін басқа пәндермен кіріктіре оқытудың ғылыми практикалық және тәрбиелік маңызы өте зор. 

   Қазақ әдебиетін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ғылыми-практикалық және тәрбиелік маңызы өте зор.

Мектептерде оқытылатын пәндерді бір-бірімен байланыстыра, ұштастыра оқыту оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашады. Олардың білім алу жолындағы саналылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.

Тәжірибенің дәлелдеуінше, оқушылардың әдебиеттен берілетін білім тармақтарын толық меңгеруі тек әдебиет пәні мұғалімі ғана емес, сол мектепте барлық пәннен дәріс беретін мұғалімдерге де байланысты. Өзінің беретін пәні мен оған байланысты түрліше жүргізілетін практикалық жұмыстарды оқушыларға дәл және орнықты меңгертіп отыру үшін мектептегі барлық пәннің мұғалімдері ең алдымен өзінің анна тілін жоғары деңгейде меңгеруі керек, өйткені олар өз пәндерін оқушыларға ана тілін шебер білудің нәтижесінде ғана үйрете алады. Сол арқылы оқушыларды білім алу жолында ойлана білуге, сауатты жазуға, білгегін жүйелі мазмұндап айтып беруге және өмірге шығармашылық тұрғыда пайдалана білу жолдарына дағдыландырады.

Пән мен пәнді бір-бірімен ұштастырып, байланыстырып отыру мұғалімнің алуан түрлі қолданған әдістері мен өз пәнін жан-жақты кеңейтіп үйрете білу шеберлігінен туады. Ол үшін әр мұғалім өзінің білім мен тәрбие беру ісіне ерінбей тәжірибе жасай білу керек.

Пән мен пәнді байланыстыра оқытудың қазіргі кездегі ұстанымдары оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына және оны нақтылы фактілерден  өздері бақылап, саналы меңгеруіне, алған білімін жан-жақты зерттеп кеңейтуіне және ақыл-ойының жан-жақты дамуына жол ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдіс болып отыр.Сондықтан қазақ әдебиетін оқыту жұмыстары барлық пәнмен байланыстырылып отырылады.

Мектеп практикасында әдебиет пәні мен қазақ тілі пәні бір-бірімен ұдайы байланыстырыла оқытылады. Оқушылардың лексикасын байытып, оны молықтырып отыратын тіліміздің ең бай қазынасының бір қоры-қазақ халқының көркем әдебиеті, оның алуан түрлі жанрлары.

Тіл пәнін әдебиет салаларын оқытудаға байланысты орынды пайдаланып отыру оқушыларға эстетикалық тәрбие береді және соған оқушылардың икемділігін арттырып шеберлендіреді. Соның нәтижесінде олар өз өміріне және сол мақсатта істелетін өз ісіне көзқарасын қалыптастырып, сүйіспеншілігін арттырады.Мәселен, мұғалім әдебиет пәнінен мақал-мәтелдерді, жұмбақ пен ертегілерді оқытуда ондағы грамматикалық белгілерді талдаттырып ажырараттыру арқылы, біріншіден, қазақ халқының ескі өмірін, әлеуметтік тарихи жағдайлары мен мүддесін және олардың сол кездегі түрлі көзқарасын білдірсе, екіншіден, тілдік материалдарды меңгеретін болады. Мысалы, мәтіннен мақал-мәтелдерді теріп жазып, одан етістіктерді тауып, құрамына талдау.

Әдебиетті жақсы білетін адам өмірдің шындығын, халықтың тарихы мен тілін жақсы білетін болады.

Әдебиет сабақтарында өнер тақырыптарына жазылған шығармаларды оқытуда түрлі пәндермен байланыстырған қолайлы.

 

 

1.3. Жаратылыстану пәнінің кіріктіре оқытудағы ғылыми-практикалық, тәрбиелік маңызы.

Жаратылыстану ғылымдарытабиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымы адамның іс-әрекетінің жанурлар дүниесіне тікелей және жанама әсерін де зерттейді. Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі бір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір түрі  жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

 Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған. Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі – мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар – атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар т.б.

  Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

 Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаса табиғат байлығын сақтап қаламыз.  

  Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы,      Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 ж. қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің – 155, құстардың – 481, бауырымен жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың – 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам үшін маңызы зор.

 Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған – антропогендік факторлар.

 Қазақстанда біраз аң мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына – қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақұйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, киіктер, т.б. жатады. Ал осы жануарларды сақтап қалуды оқушыларға тәрбие беру арқылы қалай жүзеге асырамыз?                                           Осындай да бізге кіріктіру сабақтары көмекке келеді. Мысалы: 5 сыныпта қазақ әдебиеті сабағында С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» тақырыбын өткенде, кіріктірілген сабақ жоспарын жасауда төмендегі принципті ұстандық:

  Біріншіден, әр пәндегі тақырыптық қайталаушылыққа жол бермеу, жүйелілік, бірізділікті сақтау.

  Екіншіден, әр пәндердегі ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту арқылы келешекте оқушылардың апталық жүктемесін азайтуға, сөйтіп олардың өз бетінше іздене білім алуына мүмкіндік жасау.

  Үшіншіден, оқушыларға туған өлке тарихын және қоршаған орта табиғат заңдылықтарын терең білдіру арқылы олардың шынайы сезімдерін шыңдай түсу.

  Төртіншіден, оқушылардың пән сабақтарында алған теориялық білімдерін туған өлке тарихымен тығыз байланыстыру мүмкіндіктерін ескеру.

  Бесіншіден, бағдарламадағы материалдардың Ұлттық мәдениет пен туған жер табиғатына сәйкестігін қарастыру.

  Алтыншыдан, бағдарлама материалдарының әр сынып оқушыларының жас және жеке бас ерекшеліктеріне сай келуін, яғни олардың білімді психологиялық қабылдау мүмкіндігі тұрғысынан қарастыру.

Сабақтың тақырыбы:С.Сейфуллин ,,Ақсақ киік`` өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

а)ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағ- дай туғызу,``Ақсақ киік``өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;

ә)өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгере отырып автор шеберлігін тануына көмек- тесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

Дамытушылық:

а)шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеті нің дамуына тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә)өзбетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықта- нып,түйінді ой,өзіндік пікір қалып тастыруына жол ашу;

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлеи білуге,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрi: кіріктірілген.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру,тест сұрақтары, сто.

Пәнаралық байланыс: тарих,дүниетану,математика.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті,шығармалары, Қазақстан картасы ,электронды күй дискісі, интерактивті тақта, сто перфокартасы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын  тексеру кезеңі

III Жаңа сабаққа кіріспе. Мақсаты мен таныстыру. -Балалар,біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмірімен "Ақсақ киік "өлеңімен танысамыз.Өлеңімен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз.

 Әдебиет пәні бойынша. -Тарих бойынша біраз мағлұмат алсақ,енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып,талдау жасайық.

 1.Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік” күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. 2.Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап,экраннан жазылған сөздерді көрсету.

-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.

-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.

-Қос-шатыр,күрке. -Бетеге- шөп атауы.

-Киік –аталық жануар. -Бөкен-аналық жануар

3.Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі.Мына жолдарға назар аударайық.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

4.Өлең құрлысына назар аударайық

Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а

Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а

Сол шөл-де ел жоқ ,күн жоқ өс-іп- өн-ген 11 б

Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11 а

Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.

 - Балалар,енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе? Осы киік деп аталатын жануар туралы толық мәліметті жаратылыстану пәнінің мұғалімі түсіндіріп береді.

Жаратылыстану пәні  бойынша. - Киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту.

- Жануардың табиғи ерекшелігі.

- Физиологиялық дамуы, жамылғысы.

- Мекен ететін ортасы туралы.

 - "Киік”сөзінің этимологиясы.

-Тірек схемасы бойынша жұмыс.

 - Экологиялық жүйедегі орны туралы.

киік (Saiga tatarica) – қоныс аударатын тұяқты жануар. Киіктердің бес популяциясы бар, олардың үшеуі Қазақстанда, қалған екеуі Ресей (Қалмық елі) мен Монғолияда мекендейді. Кейбір киіктер Өзбекстанда қыстайды. Монғол киіктері Saiga tatarica mongolica түріне, қалғандары Saiga tatarica tatarica түріне жатады.

Киіктің сыртқы түрі қойға ұқсас. Көздері үлкен, Аяқтары арық. Басын үнемі көлбеу түрде ұстайды, тек қозу не желігу кезінде басын жоғары көтереді. Мүйізі тек еркек киіктерде болады. Құлағы мен құйрығы қысқа. 

Ал енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз? Осы сұрақ төңірегінде математика пәнінің мұғалімі түсінік береді.

 

 Еркек киіктердің орташа салмағы 40-45 кг болса, ірі еркектің салмағы 50 кг жетеді. Ұрғашылардың орташа салмағы 30 кг, кейде 40 кг жетеді. Денесінің ұзындығы 110-150 см. Еркектері 4-5 жыл өмір сүрсе, ұрғашылары 8-9 жылға дейін тіршілігін жалғатырады. Қазіргі уақытта киіктер қауіп төнген жануарлар қатарында. 1996 жылы оны Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізіп, үлкен дәрежеде қауіп төнген түр деп белгіленді. XX ғасырдың соңында Кеңес Одағының ыдырауы кезіндегі экономикалық жағдай киік етіне және мүйізіне сұранысты арттырып, нәтижесінде киік саны күрт төмендеді. Киік саны он жыл ішінде (1992 - 2003) 50 есе кеміген, 1 млн киіктен тек қана 20 мыңнан астам дана қалған. 2004 жылдан бастап киікті қорғауға және сақтауға арналған шаралардың арқасында оның саны өсіп келеді, бүгінгі күні ол 130 мыңды құрайды. 

 

 2013 жылы өткізілген есептеулер қорытындылары бойынша елімізді мекендейтін ақбөкендердің жалпы саны 187 мың басқа жетіп, 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (137,5 мың жануар) 36 пайызға өсті.

Математика бойынша.

-Ойлау шапшаңдығын дамытуға арналған логикалық есептер шығару (слайд)

. -Міне,балалар,біз сендермен ақ бөкендердің өмірі туралы жалпы мағлұматты алып отырмыз енді оқулықтарыңнан "Ақсақ киік” өлеңін ашып мәнерлеп оқимыз.

1.Кітаппен жұмыс.Мәнерлеп оқыту.

2.Дәптермен жұмыс.Сөздік жазу.

VI. Сабақты түсінгенін тексеру.

1.Топтастыру.

2.Сәйкестендіру перфокартасымен жұмыс.

3.Балалар,осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді?Біз нені түсіндік?

VII. Сөз соңында айтарымыз,ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік.Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың "Жез киік” әні,С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады.Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен”өлеңімен толықтырған. Сөзі:Несіпбек Айтовтікі Әні: Жалғас Назаровтың өлеңімен аяқтаймыз. (әнді орындау)

VIII .Үйге тапсырма

1.”Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.

 2.”Біз- табиғат сақшысымыз” ойтолғау жазу.

3.Оқиға желісіне байланысты сурет салу.

Оқушы білімін бағалау.

Сол секілді кіріктіру сабақтарын 8 сыныпта  М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын өтуде С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы» атты поэмасымен салыстыра, талдай,  Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін үнтаспадан тыңдата отырып өткізуге болады.

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»              

Сабақтың мақсаты:                                                                                                                        Білімділік -  ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзиясының өміршеңдігін таныту; дастанның тақырыбы мен идеясын,көремдік тілін ашу.  Қоршаған ортаны қорғауға үйрету.              

  Дамытушылық – оқушының сөйлеу тілін дамыту;өз ойын еркін,жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру;мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.                            Өз бетімен іздене білуге,қосымша материалды іріктей алуына,ой қорытуға үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мәні: туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: жаратылытану, қазақ әдебиеті, музыка,бейнелеу өнері.

Көрнекіліктер: ақын портреті,шығармалары, АКТ,кесте-сызбалар,қосымша газет-журнал материалдары.

І. Ой шақыру. – Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек,ендеше,поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. Іске сәт!

   Енді мына жоспар арқылы поэзия мазмұнын еске түсірейік.

                                                 Жоспар

1. Әлдилеп ақ төсіне бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

2. ... Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз,ол да адамға бола туған.

3. Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

4. ... Қасиетке оқ атып,жойған пақыр.

5. ... Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба?

   (Поэма тақырыбы аталып,оқиғаның басталуы қай бөлімде екендігі анықталады).

ІІ. Топтастыру. – Біз бүгін топпен («Жігер», «Болашақ», «Арман») жұмыс істейміз (слайд)

ІІІ.Кубизм. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.Кубиктің 6 жағы бар.Иіреді,қай жағы түссе,сол жағының сұрағына жауап береді.

Суретте. Туған жер,Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні,қасиеті,айнала қоршаған ортамен үндестігі,ақын сезімі өлеңде қалай берілген?

Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Салыстыр. Поэма оқиғасына немесе тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма? Кіммен немесе кімнің шығармасымен салыстыра аласың? (Венн диаграммасы қолданылады).

Зертте. Мұқағали ақын туралы тағы не білесің?

Қолдан. Ақынның психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. Қандай бейнелі,көркем тіркестерді көріп тұрсың? (Оқулықпен жұмыс).

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.

Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау,сурет) Ақынға хат жазып көр.

Талда,қолдан,қарсы шық. Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүр еткен не? Баласының өлімінен кейінгі ананың күйін ақын қалай жырлайды? (Мәнерлеп жатқа оқу).

IV. Сөздіктер еліне (сұхбат). Таны,есте сақта.Оқушы дастаннан өзі түсінбеген сөздерге белгі қойып отырады.Сұрайды,жауап беремін.

V. Еркін жауап. – Ақын туралы тағы не айтуға болады?

(Оқушы ізденісі.жергілікті жер материалымен байланыстыру)

VI. Болжау. – Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?

VII. Үкім. – Аққуды атуға бола ма? (ия,жоқ)

Оқушы дәлелдемесін тыңдау.

VIII. Бекіту.

Не білдің?  Не білгің келеді?

ІХ. Үйге тапсырма. «Ақын және аққу» тақырыбына шығарма өлең жазып келіңдер.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

  Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Ал сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару - әрбір ұстаздың азаматтық парызы. Өйткені, білім негізі мектепте қаланады.

Қазақ әдебиетін жаратылыстану  пәндерімен байланыстыра оқытудың ғылыми-практикалық және тәрбиелік маңызы өте зор.

Мектептерде оқытылатын пәндерді бір-бірімен байланыстыра, ұштастыра оқыту оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашады. Олардың білім алу жолындағы саналылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.

    Тәжірибенің дәлелдеуінше, оқушылардың әдебиеттен берілетін білім тармақтарын толық меңгеруі тек әдебиет пәні мұғалімі ғана емес, сол мектепте барлық пәннен дәріс беретін мұғалімдерге де байланысты. Өзінің беретін пәні мен оған байланысты түрліше жүргізілетін практикалық жұмыстарды оқушыларға дәл және орнықты меңгертіп отыру үшін мектептегі барлық пәннің мұғалімдері ең алдымен өзінің ана тілін жоғары деңгейде меңгеруі керек, өйткені олар өз пәндерін оқушыларға ана тілін шебер білудің нәтижесінде ғана үйрете алады. Сол арқылы оқушыларды білім алу жолында ойлана білуге, сауатты жазуға, білгегін жүйелі мазмұндап айтып беруге және өмірге шығармашылық тұрғыда пайдалана білу жолдарына дағдыландырады.

Пән мен пәнді бір-бірімен ұштастырып, байланыстырып отыру мұғалімнің алуан түрлі қолданған әдістері мен өз пәнін жан-жақты кеңейтіп үйрете білу шеберлігінен туады. Ол үшін әр мұғалім өзінің білім мен тәрбие беру ісіне ерінбей тәжірибе жасай білу керек.

Пән мен пәнді байланыстыра оқытудың қазіргі кездегі ұстанымдары оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына және оны нақтылы фактілерден  өздері бақылап, саналы меңгеруіне, алған білімін жан-жақты зерттеп кеңейтуіне және ақыл-ойының жан-жақты дамуына жол ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдіс болып отыр.Сондықтан қазақ әдебиетін оқыту жұмыстары барлық пәнмен байланыстырылып отырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007. [1]

 

2.2011-2020 жж. ҚР  білім берудің Мемлекеттік  даму бағдарламасы[2]

 

3. қазақ тілі мен әдебиеті. №7.2013. [3]

 

4.Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 2007. [4]

 

6.     Қазақстан мектебі. № 12, 2012. [5]

7.     Әдебиет  5 сынып . «Атамұра»2005. 153-156-бет

8.  Қазақ әдебиеті 8 сынып. «Мектеп» 2004.  198-208-бет

9. Қазақ тілі мен әдебиеті. №7. 2012. 69-бет

10. Қазақ тілі мен әдебиеті. №7. 2013. 11-бет

10. Қазақ тілі мен әдебиеті. №8. 2013. 15-бет

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаратылыстану мен қазақ әдебиеті пәндерін кіріктіре оқытудың педагогикалық маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 3937
    • DOCX 130.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садуакасова Назигуль Мухамедсагиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14134
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов